ӨНДІРІС ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНЫ



Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӨНДІРІС ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

1.1 Шығын түсінігі, құрамы мен түрлері
1.2 Өнімнің өзіндік құнының құрамы мен оның өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы ерекшелігі
1.3 Калькуляция түсінігі және қағидалары
1.4 Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың шетел тәжірибесі

1.1 Шығын түсінігі, құрамы мен түрлері
Шығын - белгілі-бір уақыт кезеңіндегі өнімді өндіру және сатуға кеткен материалдың, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурс түрінің құндылығының ақшалай бағасы. Осы анықтамадан көрініп тұрғандай шығындар былайша сипатталады:
1) әртүрлі ресурстарды өлшеу принципін қамтамасыз ететін ресурстың ақшалай бағасын;
2) мақсатты қойылымы (жалпы өнімнің өндірісі мен оны сатумен немесе осы процестің қандай-да бір кезеңімен байланысты);
3) белгілі бір уақыт кезеңімен, яғни белгілі бір уақыт кезеңіндегі өнімге бөлінген кезең. Шығынның тағы да бір негізгі қасиеті: егерде шығын өндіріске қатыстырылмаса және сол өнімге жұмсалмаса, онда шығын шикізат, материал және басқа да қорға, аяқталмаған өндіріс қорына, дайын өнім және т.б. қорына айналады. Сондықтан да шығынның қорсыйымдылық қасиеті болады және мұндай жағдайда ол кәсіпорынның активіне жатқызылады.
Шығыс - берілген кезеңдегі өнімнің сатылуына өз құнын толық аударатын экономикалық негізделген, құжатпен бекітілген белгілі бір уақыт кезеңінің шығыны. Шығынға қарағанда шығыстың ерекшелігі - кәсіпорын активіне жатпайды және қорсыйымдылығы күйінде бола алмайды. Шығыстар тек кәсіпорын пайдасын есептеу кезінде пайда мен шығын есебінде көрініс табады.
Шығын - жалпы өнімнің өндірісі мен оның жеке элементтерін немесе өзін сатуға кеткен әртүрлі шығынның жиынтығы. Мәселен, өндіріс шығыны бұл - өндірістің материалдық, еңбек, қаржылық және басқа да ресурс түрлерінің, сондай-ақ өнімді сату шығындары. Бұдан басқа шығын ұғымына мамандандырылған шығын түрлері де жатады: әлеуметтік салық, ақаулық шығын, кепілдемелік жөндеулер және т.б.
Кәсіпорын шығысының жіктелуі. Бухгалтерлік есепте кәсіпорын шығыны мынадай түрде қарастырылады:
1) Қызметтің қарапайым түрі бойынша шығыстар;
2) Басқа да шығыстар (оның ішінде операциялық, сатудан тыс, төтенше шығыстар). Шығыстың жіктелуі мен олардың құрамы төмендегі кестеде берілген. (Кесте 11.1)
Қызметтің қарапайым түрі бойынша шығысты қалыптастырған жағдайда, оны топтастыру барлық саладағы ұйымдар үшін ортақ және міндетті келесі элементтер бойынша қамтамасыз етілуі қажет:
Кесте 1.1 - Кәсіпорын шығысының жіктелуі мен олардың құрамы

Шығыс түрлері
Шығыс құрамы
1
Қарапайым түрдегі шығыстар
- Шикізатты, материалды, тауарды және басқа да материалды-өндірістік қорды (МӨҚ) сатып алуға кеткен шығыстар;
- Өнімді өндіру, жұмысты атқару және қызмет көрсету, сондай-ақ тауарды сату мақсатындағы МӨҚ-ды өңдеу бойынша шығыстар (негізгі қорды ұстап тұру мен эксплуатациясы жөніндегі және басқа да айналыстан тыс активтерді төлеу шығыстары;
- Кепілдік қорына аударымдар;
- Амортизациялық аударымдар.
2
Операция-лық шығыстар
- Төлемді уақытша пайдаланғаны үшін ұйымдық активті ұсынумен байланысты шығыстар
- Интеллектуалдық меншіктің ойлап табу, өнеркәсіптік үлгілер және басқа да түріне патент негізінде пайда болған құқықтық төлем берумен байланысты шығыстар;
- Басқа ұйымның жарғылық капиталына қатысумен байланысты шығыстар;
- Ақшалай қор, тауар, өнімнен ерекшеленетін негізі қор мен басқа да активтерді сатумен және басқа да өндірістен шығарумен байланысты шығыстар;
- Ақша қорын (несие, займдар) пайдаланғаны үшін ұйыммен төленетін пайыздар;
- Несиелік ұйымдар көрсететін қызметті төлеумен байланысты шығыстар,
- Басқа да операциялық шығыстар.
3
Сатудан тыс шығыстар
- Ұйымға жасалған зардапты қайтару, келісім шартын бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
- Есептегі жылы анықталған, өткен жылдың ысырабы;
- Курстық айырмашылық;
- Активтің арзандатылған сомасы (айналыстан тыс активтерді қоспағандағы);
- Басқа да сатудан тыс шығыстар.
4

Төтенше шығыстар
Төтенше жағдаймен (аппатық жағдай, өрт және т.б.) байланысты туындаған шығыстар
1) материалдық шығындар;
2) еңбек ақы төлеу шығыны;
3) әлеуметтік қажеттілікке аударымдар;
4) амортизация;
5) басқа да шығындар (пошталық-телеграфтық, телефондық, іс-сапарлық және басқа).
Жоғарыда аталып өткендей, салық салу жағдайындағы шығыс құрамы, бухгалтерлік есептегі шығыс құрамынан ерекшеленеді. Жоғарыда атап өткен ұйым шығысынан ерекшелігі салықты есептеумен байланысты шығыстар мынадай түрлерге топтастырылады:
1) өнім өндірісі мен оны сатумен байланысты шығыстар;
2) сатудан басқа шығыстар.
Өнім өндірісі мен оны сатумен байланысты шығыстар мынадай түрлерге жіктеледі:
1) материалдық шығыстар;
2) еңбек ақы төлеу шығыстары;
3) аударылған амортизация сомасы;
4) басқа да шығыстар.
ҚР Салық кодексінің осыған сәйкес баптарында өнім өндірісі мен оны сатумен байланысты шығыстарға жататын шығындардың тізімі бекітілген.

1.2 Өнімнің өзіндік құнының құрамы мен оның өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы ерекшелігі

Шығын ұғымымен өнімнің өзіндік құны көрсеткіші қатар қолданылады. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз - кәсіпорынның өнімді өндіру мен оны сатуға кеткен ақшалай формадағы ағымдық шығынының жиынтығы. Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде өндіріс шығынын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау кәсіпорынның басқару есебінде, өнімнің өзіндік құнын басқару үшін мамандарға, әкімшілік-басқару персоналына және оның бөлімшелеріне ақпарат беруі үшін айрықша көрсетілген. Мұндай шығындарды жіктеу бірқатар белгілері бойынша жіктеледі.
Материалдық шығын элементі шикізаттың, негізгі материалдың (қайтарылатын қалдықты алып тастағандағы), өнім өндірісі үшін сырттан сатып алынған кешен бұйымдары мен жартылай фабрикаттар, әрі өндіріске қызмет көрсету үшін, әрі технологиялық мақсаттағы сырттан сатып алынған отын мен энергияның барлық түрлерінің шығынынан тұрады.
Еңбек ақы төлеу шығыны элементі өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың барлығының, сондай-ақ, кәсіпорын штатында тұрмайтын жұмыскерлердің негізгі және қосымша еңбек ақы төлеу шығынынан тұрады. Әлеуметтік қажеттілікке аударымдар бекітілген норма бойынша зейнетақы қорына, медициналық және әлеуметтік сақтандыру қорларына аударымдарды көрсетеді.
Негізгі қордың амортизациясына кәсіпорынның өндірістік негізгі қорының бастапқы құнына бекітілген норма бойынша амортизациялық аударымдар жатады.
Басқа да шығындар элементі осы аталған шығын элементтерінің ешқайсысына да жатқызылмайды (іс-сапарлық шығындар, салықтар мен алымдар, байланыс қызметін төлеу және т.б.). Жалпыға бірдей қабылданған аталмыш элементтердің әрқайсысы оларды қолдану жеріне және өндірістің бағытталуына қарамастан, сипаты бойынша бірдей шығындар. Сондықтан да экономикалық элементтері бойынша жіктеу кәсіпорынның өнім өндірісінің жалпы шығын сметасын анықтау негізінде жатқандықтан, осы бөлім кәсіпорынның бизнес-жоспарының басқа бөлімдерімен тығыз байланыста.
Шығындарды калькуляция баптары бойынша жіктеу дегеніміз - өнімді өндіру мен сату процесіндегі шығындарды пайда болған орны мен өндірістік бағыты бойынша бөлу. Шығысты калькуляциялық баптары бойынша жіктеу кәсіпорынның барлық тауар өнімінің, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) жеке түрінің өзіндік құнын калькуляциялауын өңдеу үшін негіз болып табылады.

1.3 Калькуляция түсінігі және қағидалары

Калькуляциялау - есептесу жүйесінің көмегімен барлық сатылған өнімнің және оның элементтерінің өзіндік құны анықталатын, нақты тауар түрінің өзіндік құны, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатуға кеткен жеке бөлімшесінің шығынының сомасы.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау процесіне - аяқталған өнім мен аяқталмаған өндіріс арасындағы өндіріске шығындарды шектеу жатады; ақаулы өнім шығынын есептеу; өндіріс қалдығы мен қосымша өнімді бағалау; дайын өнімге қатысты шығыс сомасын анықтау; өнім түрі арасында шығынды бөлу; өнімнің бір данасының өзіндік құнын анықтау.
Жоспарлық калькуляцияны есептеу. Өзіндік құнның калькуляциясы өнімнің бір данасының бағасын анықтау үшін, кәсіпорын шығынын оның өндірістік-шаруашылық қызметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Шешімдерді қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі
Бизнес жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау
Корпорацияның өнімді сатуда және өндірудегі шығыны
Кәсіпорынның шығынының жалпы сипаттамасы
Қазіргі кездегі экономикадағы шығындар туралы
Кәсіпорынның өндіріске, жұмысқа, өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындары
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебі
Алматы қаласының ішкі нарығын жоғары сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету - бизнес жоспар
Дайын өнімнің өзіндік құн есебі
Пәндер