ӨНДІРІСКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ НОРМАЛАУ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЕҢБЕГІН НОРМАЛАУ


ӨНДІРІСКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ НОРМАЛАУ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЕҢБЕГІН НОРМАЛАУ
1. Өндіріске қызмет көрсетумен айналысатын жұысшылардың еңбегін нормалау ерекшеліктері
2. Нормалар түрлері және оларды есептеу әдістері
3. Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің еңбегі ерекшелігі
4. Қызметкерлер еңбегін нормалауда қоданылатын нормалар мен нормативтер түрлері
Экономиканың нарықтық моделі бар елдерде жұмыскер мен жұмыс берушінің өзара әрекеттесудің 2 деңгейін ажыратады. Бірінші деңгейі-олардың еңбекнарығында әрекеттесуі. Бұл әрекеттесудің нәтижесінде еңбекақы мөлшері анықталады және жұмысқа қабылдау жөнінде келісім-шартқа отырады. Екіншідеңгей-өндірістік үрдісте жұмыскерді пайдалану жөніндегі және жұмысқа қабылдау келісім-шартына сәйкес оның атқарған жұмысының құны жөніндегікәсіпорын ішіндегі жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы әрекеттесу. Екінші деңгейдегі әрекеттесудің нәтижесі бұл-әр бір жұмыс орнындағы жұмыскердіңеңбек нормасымен берілген еңбекақы мөлшерін және жұмыскер атқарған жұмысқа сәйкес еңбекақыны тағайындауды көрсететін еңбекақы төлеу жүйесінқалыптастырады.
Еңбекақы төлеу нысандары және жүйе көп жағдайда кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі нысаны қолданылады: кесімді-жұмысшылардың еңбегінеолардың белгіленген сапада өндірілген өнім өлшемінің санына қарай ақы төлеу нысаны және мерзімдік-жұмысшылардың атқарған жұмыс уақытына қарай ақытөлеу нысаны. Кесімді және мерзімді еңбекақы төлеу нысандарын жүйе ретінде келтіруге болады. Еңбекақы төлеудің кесімді және мерзімдік нысандарынмақсатты түрде қолданудың бірнеше шарттары бар.
Еңбекақы төлеудің кесімді нысанын қолдану шарттары:
- нақты жұмыскерге байланысты еңбектің сандық көрсеткіштерінің болуы;
- атқарылған жұмыс көлемінің нақты есебінің мүмкіндігі;
- нақты учаскідегі жұмыскерлердің атқарылған жұмыс көлемін көбейту мүмкіндігі;
- алдағы уақытта атқарылатын жұмыс көлемі мен өнім көлемін жоғарлату мақсатында нақты өндірістік учаскідегі жұмыскерлерді ;
- еңбекті техникалық нормалау мүмкіндігі.
Сурет 1. Еңбекақы төлеу нысандары
Өндірілген өнім сипатына, технологиялық үрдістердің болуына, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру деңгейіне байланысты әр бір нақты кәсіпорындаеңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімдік жүйесі қолданылады. Мысалы, егер тек қана кесімді-сыйақыны немесе үнемі кесімді нұсқаларын қолданса, ондаеңбекақы төлеудің кесімді нысаны тиімсіз болуы мүмкін. Ал егер аккорттық жүйені қолданса, онда оның тиімділігі жоғарлай түседі. Өнімнің нақты бір түрініңшығарылуына байлынысты бір кәсіпорында цехтар бойынша еңбекақы төлеудің нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін.
Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны төменде көрсетілген жағдайларға әкеп соқтырса, оны қолдануға ұсынбайды:
- өнім сапасының төмендеуінге;
- технологиялық режимдердің бұзылуына;
- құрал-жабдықтың қызмет етуі төмендесе;
- қауіпсіздік техникасының талаптары бұзылса;
- шикізат және материалдар көп шығындалса.
- Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысанын қолдану шарттары:
- өнім шығарудыжоғарлату мүмкіндігінің болмауы;
- қатал регламенттенбеген өндірістік үрдіс;
- жұмыскердің функциясы технологиялық үрдістің жүруін бақылауына негізделуі;
- өнім шығаруды жоғарлату оның сапасының төмендеуіне немесе ақауға әкеліп соғады.
Нарық жағдайында, жоспарлы экономикаға тән қатал регламенттеу жоқ, сондықтан кәсіпкер немесе кәсіпорын басшысы еңбекақы төлеудің әрбір нысандарын тексеру мүмкіндігіне ие, соған сәйкес олкәсіпорын мақсаттарына көп жағдайда сәйкес келетін нұсқасын таңдай алады.
Тікелей кесімді жүйе немесе жай кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы өндірілген өнім бірлігіне байланысты төленеді. Өнім немесе жұмыс бірлігі үшін жеке кесімді бағалау мына формуламен анықталады:
мұндағы: 3с - атқарылған жұмыс разрядына сәйкес анықталатын сағаттық тарифтік мөлшерлемесі; сан/сағ.
Вс - берілген өнімді дайындаудың сағаттық нормасы;
Tн - өнім (жұмыс) бірлігіне кеткен уақыт нормасы, сағ.
Жұмыскердің жалпы еңбекақысы кесімді бағалауды есептік кезеңдегі өндірілген өнім санына көбейткенде анықталады.
Кесімді-сыйақылы жүйе кезінде жұмыскер өз еңбегіне ақыны тікелей кесімді бағалау бойынша және қосымша сыйақы алады. Бірақ, ол үшін сыйақыландыру жүзеге асырылатын себебі әрбір орындаушы нақты көрсеткіштерге жетуі керек. Жаңа қабылданған жұмыскерлер ол туралы ақпаратталған болуы керек. Бұл көрсеткіштер: еңбек өнімділігінің өсімі; өндіріс көлемінің жоғарлауы; техникалық негізделген жұмыс нормаларының және нормаланған еңбек сиымдылығының төмендеуі; өндірістік міндеттердің, жеке жоспарлардың орындалуы; өнім сапасын жоғарлату; ақаусыз өнім өндіру; ақауды болдыртпау; нормативті- техникалық құжаттарды, стандарттарды сақтау; шикізатты, материалдарды, инструменттерді және т. б. материалдық құндылықтарды үнемді пайдалану.
Жанама-кесімді жүйе кезінде еңбекақы төлеу көбінесе қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлерге қолданылады.
Жанама-кесімді бағалау 3к (өнімге немесе еңбек бірлігіне кеткен тг. ) төмендегі формула бойынша анықталады:
мұндағы: Зс - жанама- кесімді жүйе бойынша төленетін, қызмет көрсетілетін жұмыскердің тарифтік сағаттың мөлшерлемесі, тг.
Вс - өнім бірлігіндегі бір қызмет көрсетілетін жұмыскердің (обьектінің, агрегаттың) жұмысының (өнімділігінің) сағаттың нормасы;
Р - қызмет көрсетілетін жұмыскерлер (обьектілер, агрегаттар) саны - қызмет көрсету нормасы.
Жалпы табыс қосымша жұмысшы мөлшерлемесінің қызмет көрсетілетін кесімді жұмыскерлердің орындау нормасының орташа пайызына көбейту арқылы немесе жанама-кесімді бағалауды қызмет көрсетілетін қызметкерлердің нақты шығарылған өнім көлеміне көбейту арқылы анықталады.
мұндағы: Зжт - жұмыскердің жалпы табысы, тг.
Зс - еңбекақы төлеудің жанама кесімді нысанына ауыстырылған қосалқы жұмыскердің сағаттық тарифтік мөлшерлемесі, тг.
Ф - қосалқы жұмыскердің нақты істеген адам, сағат саны;
у - берілген жұмыскердің барлық қызмет көрсететіндердің істеген жұмыс нормаларды орындаудың орташа пайызы.
мұндағы: Зк - j-қызмет көрсетілетін жұмыскердің өндіретін өнім бірлі жанама кесінді бағасы, тг.
Bфj - өлшем бірліктеріне сәйкес j- қызмет көрсетілетін жұмыскердің белгілі бір кезеңде өндірген нақты өнім саны.
Еңбекақы төлеудің кесімді жұмыскер жалақысы жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды, жұмыстық жеке элементке арналған нормалармен бағаларды қосып барлық жұмыстың құнын анықтайды
Еңбекақы төлеудің бұл жүйесінде жұмыскерлер жұмыс атқару мерзімдерінің ынталандырушы рөлді күшейте түседі.
Еңбекақы төлеудің үнемі кесімді жүйесінде жұмыскер еңбегі нормаларды орындау шегі бойынша тікелей кесімді бағаланады, ал аса тыс нормаларды орындағанда жоғары бағаланады.
Еңбекақы төлеудің үнемі кесімді жүйесінде жұмыскер табысы Зс. п. төменде келтірілген формулалармен, қабылданған прогрессивті төлеу жүйесіне сәйкес ( нормадан аса орындалған жұмыстың толық көлеміне немесе жұмыс көлемінің бөлігіне ) анықталады:
мұндағы: З - тікелей кесімді бағалау бойынша есептелген жұмыскердің негізгі табысының сапасы;
Зп. т. - прогрессивті төлем жүйесі бойынша төленетін жұмыс (өнім) бөлігі үшін тікелей кесімді бағалау бойынша есептелген кесімді жұмыскердің кесімді табысының сапасы;
Jн - жұмыскердің жұмыс нормасын орындауы, % ;
Jбаз - жоғары бағалау бойынша төленетін жұмыс нормасының базалық деңгейі, % ;
Qп. р. - бекітілген нормадан асатын өнім өндіруге кесімді бағалаудың қаншалықты өсетінін көрсететін коэффицент;
Qп. р. - прогрессивті кесімді бағалаудың қатынасын көрсететін коэффицент (бұл коэффицент негізгі кесімді бағалау шкаласы бойынша бірден жоғары)
Еңбкақы төлеудің үнемі кесімді жүйесінде нормативті шығыс базасының анықталуына, бағалауды жоғарлатудың тиімді шкаласын жасауға, жасалған өнімнің және нақты істелген уақыттың есебіне аса зор көңіл бөлінуі қажет.
Еңбекақы төлеудің кесімді нысанын әрбір нақты жұмыскерге жеке қолдануға болады, сонымен қоса ол ұжымдық нысанды да иеленеді.
Еңбекақы төлеудің кең тараған нысандарының бірі-мердігерлік нысан.
Оның мәні келісім-шартқа отыруда. Ол келісім бойынша бір жақ белгілі бір жұмысты атқаруға міндеттеніп, мердігерлік алады, ал екінші жақ, яғни тапсырыс беруші, ол жұмыс аяқталғаннан кейін оған ақы төлеуге міндеттенеді. Жұмыскерлер бригадасының жалақысы Збр бригадалық кесімді бағалауды бригада атқарған нақты жұмыс көлемі Вбр бойынша өндірілген өнім бірлігіне Збр көбейту арқылы анықталады.
Егер бригада әртүрлі бағалау бойынша бағалынатынтүрлі жұмыстар жүргізсе, онда бригаданың бригаданың жалпы табысы мына формуламен анықталынады:
Мұнда берілгендер жоғары көрсетілген формуланың берілгендеріне тең, ал i индексі бұл- жұмыстың нақты түрі және осы жұмыс түрінің нақты бағасы.
Мерзімдік еңбекақы төлеу бойынша жұмыскер істеген уақыт көлемінебайланысты ақшалай сыйақы алады, бірақ еңбек жай және қиын, төмен және жоғары квалификациялы болуына сәйкес еңбекақы төлеудің дифференциациясы қажет. Ол тарифтік жүйе бойынша жүзеге асады. Тарифтік жүйенің құраушы элементтері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz