ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІ


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІ

1. 1 Кәсіпорынның өндіріс процесімен байланысы, өндірістік құрылым түрлері

1. 2 Өндірісті ұйымдастыру түрлері

1. 3 Өндірістік құрылымды дамыту жолдары

1. 4 Экономикалық және әлеуметтік тиімділік және оның көрсеткіштері

1. 1 Кәсіпорынның өндіріс процесімен байланысы, өндірістік құрылым түрлері

Өндіріс - қоғамдық өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті материалды өнімдер мен көрсетілетін кызметтердің өндіруісіне адамдардың әсер ету процесі.

Өнімді дайындау әдеттегідей мақсатты бағытталған процесс және нарықтағы коммерциялық жұмысқа сәйкес ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Өндірістік процесс өзінің кұрамына дайын өнім өндіру үшін шикізаттар мен материалдардың формасын, қасиетін, параметрлерін және тағы басқа сипатын өзгерту мақсатында технологиялық операциялардан тұрады. Өндірістік процесс бұйымның мәндік сипатына және оны өндіру технологиясына байланысты болады. Соңғысы сәйкес өндірістік элементтер жиынын білдіреді (негізгі және қосымша өндіріс, оған қызмет көрсету және басқару) . Олардың әртүрлі комбинациясы өнімнің қозғалысын анықтайтын кәсіпорынды құрудың өндірістік құрылымын білдіреді.

Өндірістік бөлімнің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастарын және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың санын, кәсіпорынның жалпы құрылымын білдіреді. Ал өндірістің тікелей өнім өндіру процесіне қатысатын бөлімдеріне: цех, участок және қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.

Бұл құрылым еңбек өнімінің деңгейін, өндіріс шығынын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған жай өндіріс процесінде белгілі жұмыс түрін атқаратын буын. Цехтар жалпы 3 түрге бөлінеді.

1. Негізгі цех - сатуға әзірленетін дайын өнім жасалады.

2. Көмекші цех (құрал-жабдық жөндейтін, көлік және энергетикалық цех жатады) .

3. Қосалқы цех - қайта өндеу цехтары жатады. Олар өнімге қораптар жасаумен, орау, жіктеу, тасымалдау және түсіру жұмыстарын атқарады.

Өндірістік кәсіпорын өнімдерінің құрылымының 3 типі бар.

1. Заттай - қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелері белгілі бір өнімді не болмаса, белгілі бір бөлшекті өндіруге мамандандырылады.

2. Технологиялық - қолданған жұмыс техникалық процестің ретіне байланысты болады. Цехтар мен учаскелерде басқару оңайлатылады және өндірістің бір наменклатуралы өнім шығаруы, келесі номенклатуралы өнім шығаруға ықпал етеді. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастың күрделенуі жоғары сапалы өнімді құрал-жабдықтармен құралдар құрудың мүмкіншілігінің жоқтығы.

3. Аралас - оған заттай және технологиялық құрылымның ең тиімді элементтерін кіргізеді. Басты артықшылығы: цехаралық тасымалдаудың азаюына, өнім өндірудің өндірістік цикілінің қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және өзіндік құнды қысқартуға өз әсерін тигізеді.

1. 2 Өндірісті ұйымдастыру түрлері

Өндірісті ұйымдастырудың түрі - өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктерімен, техника жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Оған келесі факторлар әсер етеді:

1. мамамдандыру деңгейі

2. өндіріс көлемі

3. шығарылатын өнім наменклатурасының күрделілігі мен төзімділігіне байланысты. Өндірістің негізгі үш түрі болады.

Жеке-дара өндіріс ол алуан түрлі және тұрақты емес наменклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі (кеме, металлургиялық, кен жабдықтары), сонымен қатар жеке тапсырыс бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелі зауыттар, кәсіпорындар жеке-дара өндіріске жатады. Оның ерекшеліктері:

1. Әртүрлі наменклатуралы өнімдердің шығарылуы;

2. Жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдас-тыру;

2. Әмбебап құрал-жабдықтар, технологияны қолдану;

3. Қолмен жинау жұмыстарының көлемінің үлкендігі;

4. Жоғары білікті әмбебап жұмыстар санының көп болуы;

5. Өндіріс циклының ұзақтығы;

6. Аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.

Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы біртектес өнімді бір уақытта, сериямен шығаруды көздейді. Оның негізгі ерекшеліктері:

1. біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шоғырланып тұруы;

2. жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;

3. бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;

4. маманданған кұралдар мен технологиялық жабдықтарды көп колданылуы;

5. қолмен жинау еңбегінің аз болуы;

6. орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;

7. өндірістік циклдың қысқаруы.

8. өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.

Жаппай өндіріс - бұл өндірісті мамандандырудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мұнда әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырады. Мысалы: (автомобиль, трактор зауыты) . Ерекшеліктері:

1. тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;

2. жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;

3. жұмыс орны атқарылатын операция ретіне қарай орналасады;

4. арнайы және мамандандырылған техникалық кұрал-жабдықтардың үлкен көлемі;

5. механикаландырылған, автоматтандырылған техникалық процестерді көп қолдану;

6. операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы қолмен жинау жұмыстарының көлемінің аздығы;

төменгі білікті жұмысшылар еңбегін қолдану;

өңдіріс процесінің қысқаруы;

10. өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландырумен автоматтандыруды енгізу.

1. 3 Өндірістік құрылымды дамыту жолдары

Өндірістік құрылымға әсер ететін факторлар:

1. Кәсіпорының халық шаруашылығының қай саласына жататындығына байланысты;

2. Шығарылатын өнім номенклатурасы мен конструкциялық ерекшелігі;

3. Қолданылатын материалдар мен шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;

4. Өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы мен технологиялық төзімділігі;

5. Өнім сапасына қойылатын талаптар;

6. Өндірісте қолданылатын техникалық құралдар мен жабдықтардың құрамы;

7. Жаңа өнім шығаруға бейімделу қабілеті;

8. Өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтарындағы ерекшеліктері

Өндіріс құрылымын әрі қарай дамыту жолдарына мыналар жатады:

1. Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру;

2. Негізгі көмекші және қосалқы цехтар арасындағы тиімді байланысты сақтау;

3. Кәсіпорынды жоспарлау тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;

4. Өндірісті ірілендіру арқылы қуатты ғылыми-техникалық өндірістік ұйымдарды құру;

5. Техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту және өндірісті ұйымдаструды жетілдіру;

6. Өңдірістің тиімділігін арттыру, яғни кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туғызады. Технологияны дамыту - өндірісті ұйымдастыруды жақсартады.

Сонымен өндіріс құрылымын жетілдіру өндірістік процесті тиімді жүзеге асырып, өндіріс шығындарын төмендетіп, пайда мөлшерін арттырады.

1. 4 Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Нарық жағдайында экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыру - өндіріс тиімділігін арттыру бағытын, олардың өсу факторы мен тиімділікті анықтаудың әдістерін таңдау маңызды міндет болып табылады.

Экономикалық тиімділік - бұл өндіріске жұмсаған шығындар мен одан шыққан нәтижелер арасындағы байланыс, яғни шығын мен табыстың ара қатынасы. Ол біз өз қажеттілігімізді қанағаттандыру үшін шығынды қаншалықты тиімді пайдаланып, нәтиже ала алатынымызды көрсетеді.

Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийлеріне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Ол ұлттық табысты материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін адамдардың орташа санына бөлу арқылы анықтайды. Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіші ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы алынады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы - материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Материал сыйымдылығы - шикізат, материал, отын, энергия және т. б. шығындардың көлемін өндірілген өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Капитал сыйымдылығы - нарық шаруашылығы капитал салымының көлемін шығарған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады.

Өнімнің қор сыйымдылығы - негізгі қордың орташа жылдық кұнын шығарылған өнімнің жалпы кұнына бөлу арқылы анықталады.

Тиімділік жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.

Жалпы тиімділік - шығынды жұмсау арқылы пайда әкелетін әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестицияның әрбір объектісіне қатысты есептеуге болады. Ол тиімділіктің капитал салымына қатынасымен анықталады.

Салыстырмалы тиімділік - белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде екі немесе бірнеше шешім нұсқаларының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір нұсқаны екінші нұсқамен салыстырғанда, оның экономикалық қолайлысын көрсетеді.

Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы есептеуге болады. Солардың ішінде ең маңыздысы пайда көрсеткіші. Осы пайда көрсеткішке қатысты тиімділікті сипаттайтын ең негізгі көрсеткіш рентабельділік болып табылады. Оның келесі түрлері болады:

Сату рентабельділігі = есеп беру негізінде пайда /өнім өткізуден түсетін түсімі * 100%.

Актив рентабельділігі = есеп беру кезіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінін сонындағы активтер * 100 %.

Негізгі капиталдың рентабельдігі = есеп беру кезендегі таза пайда / есеп беру кезінің соңындағы корлар - амортизация * 100 %.

Меншік капиталының рентабелдігі = есеп беру уақытының соңындағы меншікті капитал * 100 %.

Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері :

Активтердің айналымдылығы = сату көлемі / активтердің орташа жылдық құны * 100 %.

Негізгі капиталдың айналымдылығы = сату көлемі / айналым капиталы * 100%.

Материалдық өндірістік қордың айналым коэффициенті = сату көлемі / материалдық өндірістік қорлар * 100 %.

Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті = сату көлемі / айналым капиталы.

Өтімділік көрсеткіштері :

Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымдағы активтер /ағымды міндеттемелер) . Кәсіпорынның меншік капиталының қай бөлігі ағымды активтерді жабу көзі болып табылатының сипаттайды.

Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары / таза айналым капиталы) . Меншіктік айналым каражаттарыныңақша түріндегі нысанын, яғни абсолютті өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды;

Жабу коэффициенті (ағымдағы активтер / ағымдағы міндеттемелер) . Активтердің өтімділігінің жалпы бағасын береді.

Тез өтімділік коэффициенті жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымдағы активтерден өндірістің сақтаулы қоры алынып тасталады:

Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымдағы міндеттемелер) . Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі тез арада өтеле алатынын көрсетеді.

Сақтаулы қорды жабуда мешіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / сақтаулы қор мен шығындар) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері
Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz