ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - бұл нақты нарықта және белгілі бір уақыт аралығында оған бәсекені ұстауға мүмкіндік беретін өндірілетін өнімнің тұтынушылық және құндық сипаттамасының жиынтығы.

Бұл өнімнің әлеуетті қасиетінің серпінді сипаттамасы, ол біржолғы және мәңгіге алынған қасиет емес: ол бір нарыққа және нақты уақытқа есептелген. Бір географиялық нарықта өнім бәсекеге қабілетті болса, онда басқасында ол мұндай қасиетке ие болуы мүмкін емес. Және керісінше, белгілі уақыттан кейін бір нарықтан ығыстырылып шыққан өнім, екіншісінде жетістікке жетуі мүмкін. Бұны әртүрлі себептермен түсіндіруге болады, мәселен негізгі бәсекелестің кетуі, жарнамалық компанияның тиімді әрекетінен, ауыстырмалы өнім бағасының өсуі және т. б. . Бәсекеге қабілетті өнім туралы айтқанда, біз нақты нарықтық жағдайды назарға алуымыз қажет. «Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы әмбебап болуы мүмкін емес.

Бәсекеге қабілеттіліктің маңызды құраушы элементі - өнімнің сапасы, бірақ бұл жеке ұғым емес. Егер сапа өнімнің тұтынушылық қасиетінің жиынтығы болып түсіндірілсе, онда бәсеке қабілеттілік оның нақты қоғамдық қажеттілікке сәйкестігімен сипатталады. Бәсекеге қабілеттік деңгейін бағалау барысында, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын әртүрлі өнімдер салыстыруы мүмкін.

Сапа т ұтыну қасиетінің белгілі сипаты ретінде «бәсекеге қабілеттілік» ұғымының басты құрушысы болып саналады. Сапа көлемі өндірушінің нақты мүмкіндігі мен көзқарасынан, ал бәсекеге қабілеттіліктің көлемі - тұтынушының мүмкіндігі мен көзқарасынан тұрады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі болып оның бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру мен қамтамаксыз ету саналады. Экономикалық әдебиеттерде бәсекелестік артықшылықты көбінесе бәсекеге қабілеттікпен сәйкестендіреді. Бірақ бұл ұғым арасында айырмашылық та бар.

Өнімнің бәсекелестік артықшылығы - бұл әртүрлі облыста бәсекелестерден артықшылығының ашық түрде асып түсуі. Бәсекелестік артықшылыққа төмендетілген өзіндік құн, өндірілген өнімнің технологиялық деңгейі мен сапасы, дамыған өткізу желісінің болуы жатады. Бәсекелестік артықшылықты әлеуетті мүмкіндіктен айыруға болады. Мүмкіндікке қарағанда, бәсекелестік артықшылық - бұл тұтынушының қалауының негізінде анықталатын факт. Біз ССРО кезінде әскери кешеннің үлкен технологиялық және кадрлық әлеуеті туралы айттық. Қазіргі уақытта осы әлеуетті мүмкіндіктер бәсекелестік артықшылыққа айналмай, маңызды дәрежеде сақталған. Сонда да қолда бар бәсекелестік артықшылық автоматты түрде қалауды білдермейді. Өнімнің бәсекеге қабілеттігіне кәсіпорын қызметімен байланысты емес, нарықтағы өзгерістер әсер етуі мүмкін.

Бәсекелес ортаның мониторингі бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату бағытын анықтайды. Тәжірибеде бәсекелестерді бағалау өте маңызды: олар қаншалықты агрессивті, бәсекелестің тауарды өткізу желілерінің артықшылықтары неде, олар өнімді сатуды қалай ынталандырған. Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің жоғары деңгейде болуы, оның өндірісінің мақсаттылығы мен оны тиімді сату мүмкіндігін куәләндырады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін салыстыру үшін параметрін қалыптастыру, өнімнің бәсекеге қабілеттік факторын анықтауды болжамдайды.

Бәсекеге қабілеттілік факторы бәсекені жүзеге асыру әдістерінен туындайды. Осы әдістер бойынша бәсекені бағалық және бағалық емес деп бөледі . Бағалық бәсеке бәсекелестерге қарағанда өнімді арзан бағамен сатуды ұйғарады. Бағалық емес бәсеке бәсекелестерге қарағанда өнімнің ерекшелігімен негізделеді. 13, 1 - суретте кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттігін анықтайтын факторлар көрсетілген.

Бәсекенің әдістеріне сәйкес олар да бағалық және бағалық емес болып жіктеледі.

Өнім шығынын төмендетуге ықпал ететін, демек оның бағасын төмендететін келесі фактор - кәсіпорында логистиканы ұйымдастыру саналады. Соңғы уақытта, логистикаға назар көп бөлінуде және оның себебі - бәсекеде.

Компания жетістігіне, оны басқару мен жабдықтаудың жақсы өңделген логистикалық тізбегісіз қол жеткізу мүмкін емес: өйткені бәсеке талаптары күнен-күнге күшейіп барады.

Тиімді құрылған логистикалық тізбек қажет емес материалдар мен қор қозғалысының кезеңдерін төмендетеді. Мәселен, қоймадағы өндірушілердегі немесе көтерме сатушылардағы дайын өнімнің артық қорын болдырмайды, яғни өнім сатылғанға дейінгі ақша санын азайтады.

Бағалық бәсеке туралы айтқанда, сатып алушыны өнімді сатып алу мен эксплуатациялаумен байланысты кететін толық шығын қызықтырады, яғни берілген өнімді сатып алу бағасы мен оның қызмет етуінің барлық мерзіміндегі эксплуатациялық шығынының тұтыну құны қызықтырады.

Бәсекеге қабілеттіктің бағалық емес факторына мыналар жатады: өнім сапасын қамтамасыз ету, сату маркасы (бренд), өнімді сату каналын ұйымдастыру, жарнама, сатудан кейінгі қызмет көрсету, өнімнің жаңалығы. Қазіргі нарықтық экономикада өнімнің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуде ерекше мәнге сату, логистика, тауар қозғалысы мен сатудан кейін қызмет көрсету шығынын төмендету процесімен байланысты параметрлер ие болады. Өнімнің бәсекеге қабілеттігі фирманың имиджі арқылы көрінеді, яғни оның іскерлік абыройына негізделген сатып алушының осы фирма туралы көзқарасы.

Өнімнің сапасы туралы айтқанда, біз техникалық, эстетикалық және нормативтік параметрлерін ерекшелейміз.

Бәсеке қабілеттілікті талдау кезінде қолданылатын техникалық параметрлер тобына арналу және эргономикалық критерилер параметрі жатады.

Арналу параметрі өнімнің атқаруға арналған функциясы мен оны қолдану облысының техникалық қасиетін анықтайды. Олар арқылы тұтынудың нақты жағдайында белгілі бір бұйымды қолдану арқылы қол жеткізген пайдалы әсердің мазмұнын анықтауға болады. Тауардың техникалық деңгейінің бағасы әсіресе өндірістік-техникалық мақсаттағы тауар мен ұзақ уақыт қолданатын тауар үшін өте маңызды. Жалпы арналу параметрі нақты мемлекетте өнімді пайдалану мүмкіндіктерін толығымен сипаттайды.

Эргономикалық критерилер өнімнің еңбек операциялары мен машинамен өзара байланысын атқару процесінде адам ағзасының қасиетіне сәйкес келуін сипаттайды. Олар гигиеналық, физиологиялық, психологиялық болып бөлінеді.

Эстетикалық параметрлер тұтынушы үшін анағұрлым маңызды, бұйымның сыртқы қасиетін сипаттайтын, оның сыртқы пішінін моделдеу жатады.

Әрбір жеке тұтынушымен ұсынылатын талаптан басқа, барлық өнім үшін ортақ, міндетті түрде орындалуға тиіс талаптар да бар. Бұл нормативтік параметрлер қолданыстағы халықаралық (ИСО, ХЭК және т. б) және аймақтық стандарттармен, ұлттық, шетелдік және отандық стандарттармен, заңнамалық және нормативтік актілермен, экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттің техникалық регламентімен іске асатын, мемлекетке кіргізілетін өнімге қойылатын талаптармен, өнім өндіруші фирманың стандартымен, патенттік құжаттармен жүзеге асырылады. Мысалы, электрлік құралдар желіге жіберілетін қуат мөлшерінде жұмыс істеуі қажет және олар өрт пен жарылыс қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болуы керек, ал олардың құрылымы жүргізіліп жатқан процестің шарттарымен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсеке қәбілеттілігін арттыр
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілерін зерттеп, оның бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын зерттеу
«Фудмастер» өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау
Бәсекелестіктің нарықтағы қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz