ТАБЫС ЖӘНЕ ӨНДІРІС РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ


ТАБЫС ЖӘНЕ ӨНДІРІС РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ
1. 1 Табыс - кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде
1. 2 Кәсіпорын пайдасының мәні, жіктелуі және оған әсер ететін факторлары
1. 3 Өндіріс рентабельділігі - кәсіпорын жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіші
1. 1 Табыс - кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіші ретінде
Кәсіпорын табысы дегеніміз - ақша қорының, басқа да мүліктің түсу және (немесе) капиталдың артуына алып келетін міндеттемелерді жабу нәтижесінен экономикалық пайданың артуы.
Табыс шығын сияқты келесі түрлерге бөлінеді: қарапайым қызмет түрінен түскен табыс; операциялық; сатудан тыс; кездейсоқ;
Қарапайым қызмет түрінен түскен табысқа тауар мен өнімді сатудан түскен түсім, жұмыстың орындалуы мен көрсетілген қызметке байланысты түсімдер жатады.
Операциялық табысқа мыналар қатысады:
- кәсіпорын активтерін уақытша қолданғаны үшін (уақытша иелік ету мен қолдану) төлемақы;
- интеллектуалды меншіктің ойлап табу, өнеркәсіптік үлгілеріне және басқа да түрлеріне патент құқығын беру төлемақысы;
- жарғылық капиталдың басқа кәсіпорынға қатысуымен байланысты түсімдер (пайыздар мен басқа да құнды қағаздар бойынша табысты қосқанда)
- бірлескен қызмет нәтижесінде кәсіпорынмен алынған пайда (жай серіктестік келісім-шарт бойынша) ;
- негізгі құралдар мен өзге активтерді сатудан түскен түсім;
- кәсіпорын ақша қорын ұсынғаны мен пайдаланғаны үшін алынатын пайызы, сондай-ақ банкте сол кәсіпорынның шотында жатқан ақша қорын банк пайдаланғаны үшін пайызы жатады.
Сатудан тыс табыс - бұл:
- келісім-шартты бұзылғаны мен тұрақсыздығы үшін айыппұлдар, өсімдер;
- қайтарымсыз алынған және сыйға тарту келім-шарты бойынша активтер;
- кәсіпорынға тигізілген залалдың орнын толтыру түсімдері;
- есепті жылда анықталған алдыңғы жылдың пайдасы;
- мерзімінің өтуі бойынша кредиторлық және депозиттік берешек сомасы;
- курстық айырмашылықтар;
- басқа да өткізуден тыс табыстар.
Кездейсоқ табыс деп шаруашылық қызметтің кездейсоқ жағдайының салдарынан пайда болған түсімдер: сақтандыру төлемдері, келешекте пайдалану мен қайтып қалпына келтіруге жарамайтын активтерді өндірістен шығарудан қалған материалдық құндылық құны және т. б.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағытына байланысты табыстар: негізгі, инвестициялық және қаржылық болып жіктеледі. Осының әрқайсысына тоқталайық:
1. Негізгі қызметтен түскен табыс - бұл өнімді сатудан (көрсетілген қызметтен, орындалған жұмыстан) түскен түсім.
2. Инвестициялық қызметтен түскен табыс - айналыстан тыс активтерді сатудың, құнды қағазды өткізудің қаржылық қорытындысы.
3. Қаржылық қызметтен түскен табыс инвесторлар арасында кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын орналастыру нәтижесінен тұрады.
Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім кәсіпорынның қаржы ағымының негізгі көзі болып табылады.
Шағын кәсіпорыннан басқа кәсіпорынның барлығы көрсетілген өнімді, тауарды, атқарылған жұмысты, көрсетілген қызметті артуы бойынша өнімді сатудан түскен түсімді ескере отырып есептеу әдісін дұрыс қолдануы қажет. Тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында, құрылыс салаларында дайын болу кезеңдері бойынша ұзақ мерзімді өндірістік циклмен атқарылған жұмыстың кезеңдік төлемақысы түсім деп саналады. Шағын кәсіпорын өнімді сатудан түскен түсімді оны төлеу жағдайына байланысты есепке ала алады. Сатудан түскен түсімге сатылған тауардың бағасы мен натуралды түрдегі сату көлемі сияқты факторлар әсер етеді.
1. 2 Кәсіпорын пайдасының мәні, жіктелуі және оған әсер ететін факторлары
Пайда дегеніміз - кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі және жалпы алғанда ол өнім бағасы мен оның өзіндік құны арасындағы айырмашылық, ал жалпы кәсіпорын үшін өнімді сатудан түскен түсім мен сатылған өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмашылық.
Пайда экономикалық кактегория ретінде кәсіпкерлік қызмет процесінде материалдық өндіріс аясында пайда болған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейінде таза табыс пайда формасында болады. Пайда кәсіпкерлік қызметтің негізгі нәтижесі ретінде кәсіпорынның өзінің, оның жұмыскерлерінің және жалпы мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандырады.
Пайда нарықтық қатынастың негізгі категориясы ретінде бірқатар фунцияларды атқарады:
1) пайда кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып табылады немесе пайдалы жұмыс істеу фактісінің өзі оның қызметінің тиімді екендігін куәландырады;
2) пайда ынталандырушы функция атқарады, ол өзіндік капиталдың негізгі өсім көзі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында капитал иелері мен менеджерлер, кәсіпорын иелігінде қалатын пайда мөлшеріне байланысты кәсіпорынның даму болашағын ескере отырып дивидендтік және инвестициялық саясат жөнінде шешім қабылдайды. Нарықтық экономикадағы пайда - өндірістік қор мен шығарылатын өнімді жаңарту көзі және қозғаушы күші болып табылады.
3) Пайда ұжым мүшелері үшін әлеуметтік игілік көзі болып табылады. Салықты, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорын иелігінде қалған пайда есебінен материалдық марапаттаулар, жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады, әлеуметтік аяның объектілері қаржыландырылады.
4) Пайда әртүрлі деңгейдегі бюджеттің табыс бөлігін қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Ол бюджетке салық, экономикалық санкциялар түрінде келіп түседі және бюджеттің шығыс бөлігімен анықталатын әртүрлі мақсатқа жұмсалады.
Демек, кәсіпорын пайдасы дегеніміз - оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы. Сондықтан, кәсіпорында пайданың қалыптасу механизмін, натуралдық көріністегі оның көлемін, пайданың түрлері мен оларды пайдалану аясын анықтау қажет. Осыған байланысты пайданы екіге бөлеміз: жалпы және таза пайда.
Жалпы пайда тауарды (жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім мен сатылған өнімнің толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Таза пайда (бөлінбейтін пайда) кәсіпорын иелігінде қалатын пайда, ол төтенше шығыс пен табыстың сальдосын ескере отырып анықталады.
Еңбек ұжымы еңбекақыны көтеруге және пайданы арттыруға ынталы, өйткені бәсеке жағдайында пайда тек күн көру көзі ғана емес, сондай-ақ өндірісті кеңейту, сәйкесінше кәсіпорын жұмыскерлерінің әл-ауқатын, олардың өмірлік деңгейін арттыру болып саналады. Демек, жалпы табыс пен пайда көлемі кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінен алынатын әсер мөлшерін сипаттайды.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелік көрсеткіші болып баланстық пайда саналады. Баланстық пайда дегеніміз - бұл кәсіпорынның өнімді сатудан түскен және оның өндірісі мен сатуымен байланыссыз табыстан (шығыннан) түскен пайда (шығын) сомасы. Өнімді сату дегеніміз - тек натуралды-заттай формадағы өндірістік тауарларды сату ғана емес, сондай-ақ жұмысты атқару мен қызмет көрсету де жатады. Баланстық пайда соңғы қаржылық нәтиже ретінде кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі мен баланс баптарын бағалау негізінде анықталады. «Баланстық пайда» терминін пайдалану кәсіпорын жұмысының соңғы қаржылық нәтижесі тоқсан, жыл қорытындысы бойынша құрылатын баланста көрсетіледі.
Пайда көлеміне әсер ететін факторлар. Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру үшін өндіріс пен сату көлемін арттыру, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын төмендету, пайданың өсу резервтерін анықтау жатады. Пайданы арттыру резервтерін іздестірудің негізгі бағытын анықтау үшін оны алуға әсер ететін факторларды зерттеу қажет. Оған әсер ететін факторларды төмендегідей жіктейміз.
Сыртқы факторларға табиғат жағдайы, бағаны, тарифті, пайыздық ставкаларды, салық ставкаларын және жеңілдіктерді, айыппұл санкцияларын мемлекеттік реттеу және т. б. жатады. Бұл факторлар кәсіпорын қызметіне тәуелді емес, бірақ пайда көлеміне айтарлықтай әсерін тигізе алады.
Ішкі факторлар өндірістік және өндірістік емес болып жіктеледі. Өндірстік факторлар еңбек құралдары мен аспаптарының, еңбек және қаржы ресурстарының әрекет етуі мен пайдалануын сипаттайды. Олардың өзі екіге жіктеліп көрсетіледі: экстенсивті және интенсивті. Экстенсивтік фактор пайда алу процесіне сандық өзгерістер арқылы әрекет етеді: еңбек құралдары мен аспаптарының көлемі, қаржы ресурсы, жабдықтың жұмыс істеу уақыты, персонал саны, жұмыс уақытының қоры және т. б. Интенсивті фактор пайда алу процесіне «сапалық» өзгерістер арқылы әсер етеді: жабдықтың өнімділігін және оның сапасын арттыру, материалдық үдемелі түрлерін пайдалану мен оларды өңдейтін техноголияларды жетілдіру, айналым қорының айналымдылығын жылдамдату, персоналдың еңбек өнімділігі мен біліктіілгін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру мен қаржы ресурстарын анағұрлым тиімді пайдалану және басқалары. Өндірістік емес факторға мәселен, өткізу-жабдықтау және табиғатты қорғау қызметі, еңбек пен тұрмыстың әлеуметтік жағдайы және т. б. жатады.
1. 3 Өндіріс рентабельділігі - кәсіпорын жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіші
Жалпы рентабельділік - ресурстарды пайдалану дәрежесі мен шығынның орнын толтыру деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.
Рентабельділік коэффициентінің негізінде жұмсалған құжаттың немесе сатудан түскен түсімнің немесе кәсіпорын активінің пайдаға қатынасы (көбінесе рентабельділік көрсеткішін есептеуге таза пайданы қолданады) жатыр. Осылайша, рентабельділік коэффициенті компания қызметінің тиімділік дәрежесін көрсетеді.
Кәсіпорын рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштердің көмегімен жүргізіледі:
1. Өнім рентабельділігі (Рөн) - өнімнің толық өзіндік құнының сол өнімді сатудан түскен пайдаға қатынасы ретінде анықталады. Рентабельділіктің осы көрсеткішін қолдану ішкі шаруашылық анатикалық есептеулерде, бұйымның жеке түрінің пайдалығын (шығынын) бақылауда, өндіріске өнімнің жаңа түрін енгізуде және өндірістен тиімсіз өнімдерді шығаруда анағұрлым оңтайлы. Өнім рентабельділігі мына формула бойынша анықталады:
Рөн = (Псат / Қт) * 100% (1. 1)
Мұндағы, Псат - өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен пайда, тенге;
Қт - сатылған өнімнің толық өзіндік құны, тенге
Пайда өнімнің өзіндік құнымен қалай байланысты болса, сол өнімнің сатылу бағасымен де солай байланысты болады. Сондықтан, өнім рентабельділігі еркін немесе реттелген баға бойынша сатылған өнім құнының, яғни сатудан түскен түсімнің пайдаға қатынасы арқылы анықталады. Сондықтан рентабельділіктің келесі көрсеткіші сату рентабельділігі деп аталады.
2. Сату (айналым) рентабельділігі - Рс:
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz