Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстар



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР

1.1 Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
1.2 Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
1.3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары

1.1 Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы

Барлық технологиялық процестің басты элементі - шикізат. Ол өнеркәсіптік өнім өндірісінде қолданылатын табиғи және синтетикалық жаратылған заттар.
Шикізат, материал, отын және энергия кәсіпорынның қалыпты жұмыс атқаруы мен жалпы мемлекет экономикасының негізі болып табылады. Мәселен Жапония үшін шикізат пен отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету - ең маңызды, бірінші кезектегі мәселе, өйткені Жапонияда шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шын мәнісінде Жапониядағы барлық қайта өңдеу өнеркәсіптері сырттан келетін шикізат пен отын негізінде жұмыс жасайды. Егерде қандай да бір себептің негізінен Жапонияға шикізат пен ОЭР тоқтатылатын болса, ол Жапония экономикасы үшін - апат. Осының салдарынан болар, жапондық тауарлар әлемдік нарықта анағұрлым сапалы және бәсекеге қабілетті, ал мемлекеттің өзі дайын және ғылыми сыйымдылықты өнім шығару жағынан қуатты экспорттық улеуетті болып келеді. Бұл процесс оның үздіксіз шикізат пен ОЭР-ды қажетті көлемде сатып алуына мүмкіндік береді.
Ресей бұл жағынан алғанда әлдеқайда ұтымды жағдайда. Оның иелігінде шикізат пен ОЭР қоры көп, сондықтан да олар тек қана ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, оның бір бөлігін экспортқа шығарып та отырады.
Қазақстанға келетін болсақ, ол қуатты жылу-энергетикалық кешенге ие. Жылу-энергетикалық кешен дегеніміз ОЭР қазып алу мен алғашқы өңдеуді қамтамасыз ететін, оларды қайта түрлендіретін және тұтынушыларға қажетті пайдалану формасында жеткізетін кәсіпорындар, құрылғылар жиынтығы.
Сондықтан, материалдық ресурстар - өндіріс процесінде қолданылатын еңбек құралдары, яғни негізгі және көмекші материалдар, жартылай фабрикаттар және қосалқы бұйымдар, технологиялық қажеттілікті қанағаттандыратын отын мен энергия.
Материалдық ресурстардың мәнін, құрамы мен жіктелуін анықтау үшін, алдымен оны оңтайлы және тиімді пайдаланудың өзекті проблемаларын айқындайтын бірқатар теориялық және әдістемелік аспектісін қарастырайық.
Материалдық ресурстарды рационалды және тиімді пайдалану ұғымдарын біріктіріп қарастыруға болмайды.
Материалдық ресурстарды тиімді пайдалану қоғамдық өндірістің материалдық шығынын қысқартуға және әртүрлі ысырапты болдырмауға бағытталған санамен жүзеге асырылатын шаралар жүйесі.
Үнемдеу категориясы ұқыптылық категориясына қарағанда құбылыстың өлшенетін, сандық жағын көрсетеді. Ұқыптылық үнемділікке қол жеткізудің құралы немесе әдісі болып табылады. Демек, материалдық ресурстарды үнемдеу дегеніміз өнімнің берілген сапалық деңгейін қамтамасыз ету барысында немесе оны жақсарту барысында, әлеуметтік және экологиялық талаптарды сақтай отырып, өнімнің бір данасына немесе көлеміне жұмсалатын материалдық шығынды қысқарту.
Демек, материалдық ресурстарды оңтайлы пайдалану дегеніміз - халық шаруашылығы тұрғысынан алғанда мақсатты бағытталған, материалдық ресурстардың барлық пайдалы құраушыларын максималды пайдалану. Ол міндетті түрде өнімнің материал сыйымдылығын төмендетумен байланысты емес, бірақ ол үнемі қоғамдық еңбек жиынтығының шығынын үнемдеуді және оның тиімділігін арттыруын білдіреді.
Экономикада материалдық ресурстардың абсолюттік және салыстырмалы шектеулері де қолданылады. Ресурстардың салыстырмалы шектелуі оларды тұтыну қарқынының өсуінің, оның өндірісі мен ұдайы өндірісінің өсу қарқынынан артуымен байланысты. Материалдық ресурстардың бірқатар бөлігі қайтып қалпына келмейтін көздерден келіп түседі. Бұл қазіргі уақыттағы шикізатты қазып алу мен пайдаға асыру әдістері кезіндегі шикізаттың дәстүрлі түрлерінің тозуына, сондай-ақ, қоршаған ортаны ластау көлемімен де байланысты.
Сондықтан да, қазіргі уақытта еліміздің экономикасы үшін шикізат пен ОЭР маңызы мынада:
- елімізді өзіндік шикізат пен ОЭР-мен қамтамасыз ету - мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және мемлекет экономикасының қалыпты жұмыс жасауы мен дамуына қажетті жағдай жасайды;
- материалдық, соның ішінде шикізат пен ОЭР өндіріс шығыны мен өнеркәсіптік өнімді сатуда үлестері зор болғандықтан, оларды оңтайлы пайдалану, өнімнің бір данасының өзіндік құнын төмендедетеді, сәйкесінше оның сатылу бағасын төмендетіп, бәсеке қабілеттілігін арттырады;
- бұл ресурстарды экспортқа шығару, өкінішке орай, шетел валютасын алудың негізгі көзі;
- шикізат пен ОЭР - ауыр индустрия салалары мен ұдайы өндіріс процесін дамытудың негізгі көзі.

1.2 Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі

Халық шаруашылық кешенінде қолданылатын барлық материалдық ресурстар шикізаттық және отын-энергетикалық болып жіктеледі.
Шикізаттық ресурстар дегеніміз мемлекеттегі бар әртүрлі өндіріске тікелей қажетті еңбек затының жиынтығы.
Шикізат (шикі материал) дегеніміз оны қазып алу мен өндірісіне еңбек жұмсалатын, өңдеу кезінде өзінің натуралдық формасын өзгертетін, яғни жаңа сапалық қасиеттерге ие болатын әртүрлі еңбек заты.
Шикізатқа көбінесе қазбалы өнеркәсіптік (руда, мұнай, көмір және т.б.) және ауылшаруашылық (бидай, картоп, қызылша және т.б.) өнімдер жатады.
Шикізаттық ресурстар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
- өнімді дайындауға қатысу сипаты бойынша, яғни өнімді жасаудағы атқаратын қызметіне байланысты: негізгі және қосалқы. Шикізаттың негізгі түріне дайын өнімді жасауға және оның негізгі мазмұнын құрайтын еңбек материалдары жатса, ал қосалқы түріне өндіріске қызмет көрсету процесінде тұтынылатын немесе негізгі материалдарға олардың сыртқы пішіні мен кейбір қасиеттерін өзгерту үшін қосылатын материалдар жатады.
- Еңбек шығынының мөлшері мен сипатына байланысты шикізаттар біріншілік және екіншілік болып жіктеледі. Біріншілікке - өндіріс процесіне бірінші рет қатысып тұрған шикізаттар жатса, ал екіншілік шикізатқа бастапқы шикізат ретінде өндірісте қайта қолданылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтары жатады.
- Пайда болу белгісіне байланысты шикізаттар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық болып бөлінеді. Өнеркәсіптік: қазбалы және өндеу өнеркәсіптік шикізаттар болып жіктеледі. Ауыл шаруашылық шикізаттар - бұл ауыл шаруашылық салаларының өнімдері мен ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу нәтижесінде алынған өңдеу өнеркәсібі салаларының өнімдері.
- Шикізаттың пайда болу сипатына байланысты минералды, органикалық және химиялық болып жіктеледі. Минералды шикізаттың оның басқа түрлерінен ерекшелігі, орны толтырылмайды және жер бетінде және оның қойнауында бірқалыпсыз орналасуында.
- Шикізаттың ұдайы өндірілу дәрежесіне байланысты ұдайы өндірілмейтін және ұдайы өндірілетін (бұл көп жағдайда табиғи ресурстармен байланысты) болып бөлінеді.
Барлық шикізаттық ресурстар сапалық белгісіне байланысты келесі түрлерге жіктеледі:
- құрамындағы негізгі пайдалы компоненттеріне;
- тереңдікте жатуына;
- сортына;
- талшықтардың ұзындығы мен мықтылығына;
- тұқымына және т.б.
Шикізаттың сапалық сипаттамасы қолданылатын техниканың, жабдықтың, технологияның, өндіріс көлемінің, өнімнің бәсеке қабілеттілігінің, яғни өндірістің барлық технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтайды, сәйкесінше өндірістің тиімділік деңгейіне әсерін тигізеді.
Материал дегеніміз - алдын ала өңдеудің бір немесе бірнеше кезеңінен өткен және дайын өнімді шығару процесінде ары қарай өңделетін еңбек өнімі. Материалдарға материалдық ресурстың құрамдас элементі ретінде оларды алу мен өндіру үшін қазып алу және өңдеу салаларында шығындалған еңбек заттары жатады.
Отын мен электроэнергия материалдық ресурстың ерекше түрі болып саналады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты отын қосалқы шикізатқа жатады, бірақ экономикадағы маңыздылығы жағынан ол жеке топ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат қорларының экономикалық бағалануы
Халықаралық қатынастардың басты формалары
Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттарының теориялық негіздері
Қайнар-акб кәсіпорнының материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің қалыптасқан түрлері мен әдістерін зерттеу және өндірісті матариалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің тиімді жұмыс істеуінің жолдарын ұсыну
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының қазіргі жағдайы
Қазақстанның істейтін және болашақтық кен орындар қорларының сипаттамасы және көмір шығару көлемдері
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша әдістемелік нұсқау
ОА елдеріндегі экономикалық реформалары
Минералды отын мен шикізаттың дүниежізілік ресурстары
Пәндер