Экономиканы мемлекеттік реттеу объектісі


ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
1. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері
1. 2 Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу
1. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) - нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі . Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. XVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм - елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттігін тануға негізделген.
Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер тобы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негіздеген және оның көптеген жақтаушылары болды.
А. Смиттің көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүдде көзделген нарық жүйесі өзін-езі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы күші ретінде көрінеді.
А. Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық еркіндік беру қажет, - деп есептеді.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы» барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж. М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің кептеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көмектеседі деп есептелінді.
Сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болады. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
ЭМР-дің объектілері - бұл автоматты түрде шешілмейтін немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті.
ЭМР-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; коршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланысты жатқызады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды объектісі - капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвестор үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу - бұл нарықтық экономика көзқарасы түрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынасты қалыпты қолдау. Бұл қатынастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы катынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының, салық түсімінің төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеуметтік нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта бағамының көтерілуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау), халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
ЭМР-дің құралдары . Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет үкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табысты реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т. б. жатады.
ЭМР-дің мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық кұрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсаттар тікелей ЭМР-дің объектілерімен байланысты болады. Мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
ЭМР құралдары . Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік кұралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты) . Мемлекет өндірістік кәсіпорынды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланылады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршаған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
- қазыналық саясат, яғни шығын мен салықтың құқықтық аумағындағы саясат;
- ақша саясаты;
- табысты реттеу саясаты;
- әлеуметтік саясат;
- баға белгіленімін мемлекеттік реттеу;
-сыртқы экономикалық реттеу.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық кұралдары ақша-несие қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін, дисконттық саясат) ;
- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
- мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.
ЭМР-дің экономикалық қызметі. Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
- экономиканың қызмет етуі үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
- монополияға қарсы реттеу;
- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурсты орналастыруға ықпал ету;
- табысты бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Заңдық базаны құру - бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс-әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың зандық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатынасты анықтайтын заңдар мен нормативтік актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етілумен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурсты қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрі қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т. б. - құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қабылданған, табысты, салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік - сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
1. 2 Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу
Қазақстанда нарық проблемасы бойынша зерттеулер салыстырмалы түрде жуырда басталды және оған деген қызығушылық ұдайы өсуде. Отандық экономикалық әдебиеттерде зерттелген проблема бойынша кейбір жарияланымдар пайда болды, алайда олардағы барлық берілген анықмамалар оны бір жақты мағынада түсіндіреді. Бұл жұмыстарда «мемлекет», «нарық» ұғымдарының мәні және олардың өндіріс категорияларымен байланысты қарастырылған. Олардың арасындағы теория-әдіснамалақ мәселелердің арақатысы бұл саладағы ғылыми танымда маңызды рөл атқарады. Бірақ, «мемлекет-нарық-экономика» қатынастарын зерттеу, әдеттегідей, олардың мәні мен мазмұнын тануға негізделетіндіктен, онда олар ерікті немесе еріксіз түрде тек жеке аймақтармен шектеледі. Осы себептен көптеген аспектілер әлсіз әзірленген болып шықты. Кейбір экономистер, нарық бұл тауар мен көрсетілетін қызметті сатып алушылар, сатушылар мен жеткізушілер арасындағы байланысты жүзеге асыратын тетік деген тұжырымға келіп отыр. Бұл анықтама дұрыс болып есептеледі, өйткені мұнда нарық элементтерінің үйлесімі айқын. Басқа да пікірлер бар. Мысалы, ғалым-экономист Я. Корнаи нарық бұл тұрақты түрлендіруді сынап көретін тарихи даму өнімі деп санайды.
Ғылыми әдебиетте бұл туралы әзірге біркелкі пікірлер жоқ. Біз нарық (рынок) деп барлық халықтың мүддесіне қызмет етуге қабілетті және мемлекеттен тәуелсіз өз қажеттілігін қанағаттандыратын және өздері ұйымдастыра алатын жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық бөлімшелері деп түсінеміз. Басқаша сөзбен айтқанда, нарық дегеніміз мемлекеттің қатысынсыз өз дамуын өзі басқаруға қабілетті қоғамның бір бөлігі.
Эқономикалық дамудағы нарықтың рөлі жөніндегі мәселе өте күрделі. Жаһандандыру жағдайындағы оның мәнін дұрыс түсіну үшін соңғысы экономикаға қатынасты дербес категория бола ма немесе оның құрамына ене ме, басқаша айтқанда, экономика мен нарық қандай арақатынаста болады. Күрделі экономикалық үдерістер жүйесінде нарық атқарымы: өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу-сату тікелей жүзеге асырылады. Мұнда «экономика» ұғымы «нарық» ұғымына қарағанда кеңірек, ол экономиканың бөлігі және оның дамуының табиғи негізі болып есептеледі. Ол экономиканың ең серпінді құрамдас бөлігі болып табылады, экономикалық үдерістің барысы көбінесе оның әсер етуіне байланысты. Демек, нарық пен экономика - бір бүтіннің екі өзара байланысты құбылысы.
Экономиканың өзі нарықтың әсерімен дамиды, алайда, өз кезегінде, нарықтық қатынастың қалыптасуы бірқатар субъективтік және объективтік себептерге байланысты. Нарық дербес дамуға тиіс емес әрі дами да алмайды, оны басқару қажет, бірақ қалай басқару керек? Нарық адамның өміріне барлық жағынан да ықпал жасай алады. Онымен өнімдерді өндірудің артуы немесе төмендеуі, өндіріс құрылымы құрамындағы өзгерістер байланысты. Ол экономиканың экономикалық базисі мен материалдық негізі, табыс пен алуан түрлі өнімдердің көзі болып табылады. Нарық - бұл өмір сүрудің өзіндік ортасы. Ол қоғамда өмір сүруге жағдай тудыруда, инфляция мен тоқыраушылықты ескертуде, тамақ өнімдеріндегі тұтыну балансын реттеуде үлкен рол атқарады. Сөйтіп, экономиканың қызмет етуі мен оның дамуының негізі болып табылады, бірақ мұнда ол нормалар, құндылықтар мен тыйым салулар жүйесі ретінде экономикаға қарсы тұра алады.
Бұл нарықтық экономикалық дамудағы атқаратын рөлін трансформациялық экономика жағдайындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жолдарын дұрыс анықтау ушін қажеттілікті көрсетеді.
Атап айтқанда, неге нарық өндірістің ұйымдық формасы болып қалды, ол арқылы экономиканың міндеттерін шешкен дұрыс емес пе? Өйткені ол атап айтқанда өндірушінің мүдделерін бейімдеуге мүмкіндік береді және қажетті шарада тұтынуды қажеттілігіне бағындырады.
Жоғарыда баяндалған әдіснамалық алғышарттарға сүйене отырып, мемлекет пен нарықтың арасындағы қатынастарды қарастыруға әрекет жасайық. Соңғысы оқшаулау, өндіріушілер мен тұтынушылардың толық оқшауланған ұжымы болып есептелмейді, өйткені өз қызметінде мемлекетке сүйенеді және өз өндірісін ұйымдастыра отырып, тек өз мүддесін ғана көздеп әрекет ете алмайды, ең алдымен өз қызметін өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыруға бағындыра отырып, мемлекеттің барлық құрылымдарымен келісе жұмыс істеуге тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz