Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәні


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәні.

2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудағы ұйымдық факторлар.

3. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процессі.

1. Жоспар - кәсіпкерлік қызметтегі жоспарлау дегеніміз - кәсіпкерлік қызмет алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін қызметтің әр түрі бойынша жасалынатын зерттеу нәтижесі. Жоспарды жүзеге асыру үшін болжамдау көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпкерлік қызметтің айналысатын шаруашылығына байланысты жоспарлау мынадай түрлерге жіктеледі:

• өнім көлемін жоспарлау

• өндіріс көлемін жоспарлау

• Кадрларды жоспарлау

• Техникалық жарақтар жоспарлау

• Кадрлардың біліктілігін жоспарлау

• Еңбек ақы құнын жоспарлау және т. б.

Жоспарлану мерзіміне қарай 3 - ке бөлеміз.

1. Ұзақ мерзімге жоспарлау (стратегия) 5 - жыл

2. орта мерзімді жоспарлау 2-5 ж. ж

3. қысқа мерзімді ( оперативті) 1 жылға дейін

Кәсіпкерлік қызмете жоспарға мынадай факторлар әсер етеді

• Сыртқы факторлар

• Ішкі факторлар

Сыртқы факторға мыналар жатады:

1. мемлекетін саяси жағдайы

2. инфляция денгейі

3. жұмысыздық

4. валюта бағамының ауытқуы

5. халықтық табыс деңгейі

6. сыртқы факторлар

7. жабдықтаушылармен мен есеп айысыру

8. нарықтың инфрақұрылым

9. салықтық ставкалардың ауытқуы.

Ішкі факторға мынылар жатады

1. өнімнін өзіндік құнының денгейі

2. 1 жұмысшыға

3. негізгі қордың аммортизациясы

4. жұмысшылардың біліктілігі арттыруы

5. сұраныстың

6. инновацияны еңгізу процесі

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі кәсіпкерлік дамуының жақын арадағы және болашақтағы күйін көре алудың сенбімділігіне байланысты болады. Кәсіпкерпліктің жоспарлау процесі оның саясаты қалыптастырудан, қызметінінің күтілетін нәтижелерін нақтылаудан, негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштерін есептеуден тұрады.

Жоспарлау әдістемесі - деп кәсіперліктің жоспарын дайындаудын әдістері мен тәсілдердің жиынтығын айтады. Жоспарлау әдістемесі жетілдіру жоспардың дәйектігін жоғарлатуды, прогрессивті нормалармен нормативтерді, баланстық есептеулерді қолдануды, көрсеткіштер жүйесін жақсартуды білдіреді.

Жоспарларды дәйектеу прогресивті нормалармен нормативтер жүйесінің негізінде жүргізіледі.

Норма - өнім немесе жұмыс бірлігіне шикізаттын, материалдардың, жаңар маймен энергияның, еңбектің және т. б. абсолюттік шығындардың максималдық рұқсат етілетін шамасы.

Норматив - еңбек қаруларын, еңбек заттарын қолдану дәрежесін, оларды бөме, көлем, салмақ бірлігіне шығындау дәрежесіне сипаттайтын салыстырмалы шама.

Нормалар мен нормативтер келесі топтарға бөлінеді:

- тірі еңбек шығындарының нормалары мен нормативтері (бір өнім бірлігіне жұмыс уақыт, уақыт бірлігіне өнім нормасы, қызмет ету нормасы, сан нормативі;

- материалдық шығындардың нормалары мен нормативтер;

- еңбек құралдарын пайдалану нормативтері;

- өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері ( өндіріс цикілінің ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс көлемі, шикізат қоры) .

Жосапрдың көрсеткіштерінің жүйесіне келесі көрсеркіштер кіреді:

- сандық ( абсолюттік өлшегіш - тауар өнімі, жұмыскерлер саны, еңбек ақы қоры, пайда т. б. ) .

- сапалық (салыстырмалы шама өндіріс тиімділігін және оның факторлар еңбек өнімділігі, қор қайтару, материал сиымдылық, рентабельділікті көрсетеді), көлемдік үлестік. Көрсеткіштерді санау үшін натуралдық және шартты натуралдық, еңбектік, құндық өлшегіштер қорлданылады.

1. Бизнес- жоспарды құрудың қажеттілігі

2. Бизнес-жоспар стратегиялық жоспарлау формасы ретінде: мақсаттары мен міндеттері

3. Бизнес-жоспарды бағалау құрылымы мен критериялары

1. Нарықтық экономикалы дамыған шетел елдерде кәсіпорында бизнес - жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес - жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес - жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай - ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.

Бизнес - жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.

Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес - жоспар негізінде жаңа бизнесті құқру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.

Бизнес - жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең ауқымды болып келеді.

Осыдан бизнес - жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.

Бизнес - жоспарға ұқсас құжат болып техника - экономикалық негіз болып табылады, өйткені мұның бағыты бизнес жоспардағыдай, бірақ технико - экономикалық негіз шағын негіз болып келеді. Бизнес - жоспар - бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.

Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес - жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бизнес - жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады.

Бизнес - жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бизнес - жоспардың құрылымы, мақсаты мен міндеті.

Бизнес - жоспар негізгі мақсаты берілген бизнестің негізін салу және нақты кезеңге нәтижелерді бағалау. Осы тұрғыда бизнес - жоспар табысқа жету жолы болып табылады; Бизнес - жоспар бизнесті басқару және іс - әрекеттер бағытын анықтайтын құжат болып табылады. Бұл аспектіде бизнес - жоспар стратегиялық жоспардың және басқарудың орындалуы мен бақылаудың қажетті элементі.

Бизнес - жоспарды жоспарлау процесі және фирманың ішкі басқару инструменті ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да бизнес - жоспар ылғи да өзгеріп отыратын құжат, ол фирманың жаңа еңгізулерге бағыттайды.

Бизнес - жоспар өзін - өзі үйрету құралы. Бұл аспектіде бизнес - жоспар бұл үзіліссіз тану мен өзін - өзін тану процессі құралы. Осыдан бизнес - жоспар шығармашылық процесс деп бекітуге болады.

Нарықтық экономикада еске алатын жайт бизнес - жоспардың құрылымы, формасы, мәні бойынша әр түрлі типте қолдануы мүмкін.

Бизнес - жоспар келесідей жіктеледі:

- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес -жоспары;

- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес -жоспары және тұжырымдамасы;

- Құрылымдық бөлімдердің бизнес - жоспары;

- Бизнес - жоспар несиеге сұраныс;

- Бизнес - жоспар - грантқа сұраныс;

- Аумақтық даму бизнес жоспары;

Берілген технология бойынша бизнес жоспар әртүрлі қолдануына байланысты атқарылады.

Айта кететін жайт, қаржылық толықтандыру бизнес - жоспары төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорындарға арналған, оның құрылымы өзгеше болып келеді.

Отандық және шетелдік мамандар бизнес - жоспардың әртүрлі құрылымдарын ұсынады. Мысалы «менеджменттің жеті нотасы» кітабында бизнес - жоспардың құрылымы менеджменттің компонентері тұрғысынан беріледі. Құрылым үш блоктан тұрады:

1. Жобаның барлық басқару анализі.

2. Іс шаралардың тізімі мен жоспары.

3. Қаржылық жоспар.

Бизнес - жоспардың типіне байланысты, оның құрылымда барлық блогы болуы мүмкін немесе жеке блоктар мүмкін.

Бизнес - жоспардың әртүрлі құрылымдарын қарастыра отырып, бизнес - жоспардың келесідей тиімді - оптимальді түрін ұсынамыз:

1. Бизнес концепциясы

2. Ұсынылған бизнес туралы ақпарат пен оның қазіргі жағдайы.

3. Бизнес объектісінің мінездемесі

4. нарықты зеттеуі мен анализі

5. Ұйымдық жоспар және құқықтық қамтылу

6. Персонал және қамтылу

7. Өндіріс жоспары

8. Маркетингтік іс - әрекеттер жоспары

9. Тәуекел шамасы

10. Қаржылық жоспар және қаржылық стратегия

Бизнес-жоспар

Коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.

2. Бизнес-жоспар стратегиялық жоспарлаудың ерекше формасы болып табылады. Ресейдің нарықтық қатынастарға негізделген экономикаға өтуі өзге елдерде кеңінен қолданылатын инвестициялауға арналған кәсіпкерлік жобаларын алға жылжытудың тәжірибесін пайдалану қажеттілігін туындатты. Іскерлік жоспарлау идеядан бастап өмірде жүзеге асыруға дейінгі кәсіпкерлік жобаның барлық кезеңдерін біріктіреді. Ірі жобаны мысалға алатын болсақ, іскерлік жоспарлау келесілерді қамтиды: идеяларды жүзеге асырудың мүмкін болатын жобаларын таңдау; неғұрлым нақты жобаны айқындау және технико-экономикалық негіздеу арқылы оның жүзеге асырылуын бағалау; бөлшектелген бизнес-жоспарды өңдеу; енгізудің нақты тиімділігін бағалау; қызмет ету тиімділігін арттыру мақсатында жоспарға түзетулер енгізу.

Бизнес-жоспар - бұл бизнесті ұйымдастыру жоспары, бұл әрекет ету алдында ойлану. Дәл оның өзі іске кірісіп, ресурстар іздемес бұрын барлығының оңы мен солын тексеруге мүмкіндік береді. Компанияға өзгерістер қажет болып, компанияның әрекет етуі үшін компания ресурстары жеткіліксіз болғанда бизнес-жоспар қолданылады.

Ол стратегиялық және әдеттегі ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардың сипаттарын, сондай-ақ мақсатті кешенді бағдарламалардың сипаттарын қамтиды. Бұл жоспар әдетте не ұйымды құру барысында немесе оның әрекет етуінің маңызды кезеңдерінде, мысалы, іс-әрекет ауқымдарын арттыру, құнды қағаздарды шығару, ірі қарыздар тарту кезінде құрылады. Көбінесе аталмыш шаралар сыртқы жағдайдағы күрделі өзгерістер алдында жүзеге асырылып, оларды өмірге енгізу мақсатына ие болады. Бизнес-жоспардың көптеген бағдарлары бес жылға дейінгі мерзімге есептелгенімен, олар айтарлықтай шамада ықтималды сипатқа ие болып, оны қолданатын ұйым ісіндегі сәттілікке еш кепіл жоқ. Ұйымның философиясын, болашағы мен нәтиженің анықсыздығын сипаттайтын стратегиялық мәселелерді шешу бизнес-жоспарды стратегиялықтар қатарына жатқызуға негіз болады.

Бизнес-жоспарда ұйым мен бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктерге талдау жасалады. Қазетті есептеулері бар нақты өңделген бизнес-жоспар ұйымның нақты мәселелерін шешу үшін қолда бар мүмкіндіктерді қалай пайдалану, тәуекел дәрежесін төмендетуге нақты жауап беріп, болашақтағы мүмкін болатын өзгерістерді болжап, ағымдық операцияларды бақылап, ақшалай ресурстарды резервтеуге мүмкіндік береді. Бизнес-жоспардың өңделуіне ғылыми болжамдау негіз болуы тиіс.

Жоспарлардың өзге түрлерімен салыстырғанда бизнес-жоспар екі айрықша ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол тартымды болуы керек, яғни нақты жобаны жүзеге асыруға қатыса отырып барлық қызығушылық тудыратын тұлғаларға көрнекі түрде бейнелеу. Бизнес-жоспардың тартымдылығына қандай да бір жобаның сенімді де аргументтелген дәлелі арқылы қол жеткізуге болады.

Бизнес-жоспар - бұл белгілі стандартта бейнеленген ұсынылатын іс табыстылығынң дәлелдеме жүйесі. Дәлелдемеге ненің аса қажеттілік тудыратынына қатысты сұрақ сондай қарапайы емес, және ол бизнес-жоспардың неге тағайындалғанынан тәуелді болады. Егер ішкі тұтынуға арналған болса, онда идеяның жүзеге асырылу дәрежесін нақты тексеру қажет. Егер де потенциалды инвестор туралы сөз қозғалатын болса, онда оны қызықтыратын мәселелер:

- бизнестегі оңтайлы тәжірибе;

- кәсіпорынның нарықтық перспективасы;

- бизнесті ұйымдастырудың құқықтық формасы мен меншік, персоналды басқару мәселелері;

- өндірісті ұйымдастыру, шикізат және материалмен қамтамасыз ету;

- жобаны қаржыландыру графигі;

- ақша қаражаттарын қайтару графигі;

- жобаның коммерциялық тиімділігі;

- жобаның мүмкін болатын тәуекелдері, себебі соңғы есепте олардың барлығы - қаражаттарды қайтармау тәуекелдері;

- ұсынылатын кепілдіктер.

Бизнес-жоспар - айтарлықтай ерекше құжат. Онда экономикалық көзқарас тұрғысынан инвесторлардың салған ақшалай қаражаттары оған пайдамен қайтарылады деген теорема дәлелденген. Екінші жағынан, бұл фирманың айнасы, оның мәртебесінің элементі. Потенциалды инвестормен әңгімелесе отырып, американдықтар айтқандай, «таза аяқ-киіммен аяғыңды алдыға шығарып қою қажет». Әрине, материалды бейнелеудің нақты тәсілдері, жекелеген тарауларды өңдеу дәрежесі потенциалды инвесторларға қойылатын талаптарға сәйкес күрделі түрде өзгереді.

Дегенмен де бизнес-жоспардың құндылығы инвесторларды кәсіпорында қолдауға лайықты бизнес-идея бар екеніне сендіру қажеттілігімен шектелмейді. Ол фирманың басқарушы персоналы үшін де аса маңызды, себебі кәсіпорын мақсаттарының мазмұнын, сондай-ақ оларға қол жеткізу уақыты мен жолдарын нақты анықтайды. Бизнес-жоспар ең алдымен, бизнесіне өзгерістер енгізгісі келетіндер мен өзіне сырттан қарау үшін қажет. Жаңа іс - бұл оқиғаларды дамытудың қандай да бір болжамы. Мұнда бизнестің негізгі бағыттарын, оның әлді және әлсіз жақтарын айқындау міндетті. Бизнес-жоспарсыз инвестицияларды тарту мүмкін емес.

Екіншіден, бизнес-жоспар бірнеше нұсқаларда өңделеді: негізгі және неғұрлым толық - іштей тұтыну үшін, бекітілген бизнес-жоспарды ағымдық жоспарлау мен басқаруға қолдану мақсатымен фирманың жетекшілері мен оның жоспарлы бөлімі үшін; бірлескен бизнеске қатысатын сыртқы қолданушылар үшін (инвесторлар, акционерлер мен әріптестер) . Әрине, сыртқы қолданушылардың әрбәреуін олардың жеке мүдделеріне сенімділік тудыратын көрсеткіштер ғана қызығушылық тудыратыны анық. Банктер, сақтандыру компаниялары мен инвесторлар үшін, бұл, ең алдымен, ұйымның қаржылық тұрақтылығы; өткізу фирмалары үшін - сапасы, жаңашылдығы, өнімнің арзандығы; жабдықтаушылар үшін - шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, қызметтерге деген қажеттілік көлемі; кәсіподақтар үшін - әлеуметтік жағдайлар.

Осыған байланысты бизнес-жоспар екі нұсқада өңделе алады деген қорытындыға келуге болады. Бірінші нұсқасы құпия мәліметтерді қамтыса, ал екіншісі ашық ақпаратты қамтиды.

Бизнес-жоспар - бұл кәсіпорынмен танысудың стандартты құжаты және нарық тарапынан қойылатын міндетті талап. Бизнес-жоспар - бұл кәсіпорын мәртебесінің элементі, бақылау мен басқару құралы, кәсіпорынның жоспарлы және атқарушы іс-әрекетінің негізі, ол жайлы стратегиялық ақпараттың жалғыз ғана көзі. Таяу жылдары өзінің фирмасы қандай жағдайда болатынын білмейтінін адамға қарағанда ондай сұраққа жауабы бар адам неғұрлым сенімді көрінеді.

Бизнес-жоспар кәсіпорын жұмысының барлық нәтижелеріне тікелей ықпал етеді. Компания әрекет ететін жағдайлардың үнемі өзгеруі бизнес-жоспарды нақтылау мен қайта қарауды талап етеді. Бұл, өз кезегінде, басқарушылық персоналды бизнес-жоспардыүнемі қайта қарау мен жетілдіруге тарту механизмін өңдеуді талап етеді.

Кәсіпкер қақтығысатын мәселелер неғұрлым кәсіби тұрғыда талданатын болса, соғұрлым осы мәселелерді шешу бойынша мәселелер тиімдірек болады. Әріптестер және инвесторлармен келісу кезеңіндегі жақсы бизнес-жоспар мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс: іс қаншалықты шынайы ойластырылған, материалды-техникалық база жетілген бе, кейінгі жылдары аталмыш өнім мен көрсетілген қызметке сұраныс бола ма, отандық және шетелдік нарықтардағы ұқсас тауарға сұраныс пен бағалар қарқыны қандай, жоспарланатын шығындар қажетті пайда әкеле ме.

Кәсіпкердің дербес қатысуымен жұмыс істейтін болса, бизнес-жоспар бар күшімен тәуекелді төмендетуге ықпал ететін болады. Өзінің болашақ іс-әрекетінің процесін модельдей отырып, барлық жағымды және жағымсыз жақтарды өлшей, бизнес-жоспарды өңдеу барысында өз идеясының дұрыстығын тексере отырып, кәсіпкер өзінің саналы тәуекелге бел буып, жоғары, бірақ қол жетерлік мақсаттарды алға қою қабілеттігін, шығындар мен соңғы нәтижелерге жедел есеп жүргізу ептілігін бағалайды.

Бизнес-жоспар кәсіпкерге тек негізделген шешім ғана қабылдамай, сондай-ақ жобаның тиімділігіне қатысты күтілістер ақталуы үшін ненің қашан және қаншалықты жүзеге асырылуын болжамдауға мүмкіндік береді. Осындай мақсатта кредиторлар үшін басты құжат және кәсіпкер үшін негізгі құрал болып табылатын бизнес-жоспар құрылады. Осы құжаттың құрылу дұрыстығынан жобаның қолдауға ие болу немесе одан бас тарту тәуелді болады.

Бизнес-жоспар фирма ішіндегі және одан тыс болашақтағы жағдайды бағалайды. Ол фирма басқармасына акционерлік меншік жағдайында бағдарлану үшін және серіктестікті құру барысында да қажет. Дәл осы бизнес-жоспардың көмегімен фирма басқармасы пайданың қаншалықты бөлігі істе жинақтау үшін қалады, ал қандай бөлігі акционерлер арасында бөлінеді деген шешім қабылдайды. Бизнес-жоспар фирманың ұйымдық-өндірістік құрылымын жетілдіру мен дамыту бойынша шараларды негіздеу барысында қолданылады, жекелей алғанда, орталықтандыру мен жауапкершілік деңгейін негіздеу үшін.

Бизнес-жоспар әріптестік фирмалардың іс-әрекетін координаиялауға, бір немесе өзара толықтырушы өнімдерді дайындаумен байланысқан фирма топтарының дамуын бірлесіп жоспарлауды ұйымдастыруға жәрдемдеседі.

Бизнес-жоспар инвесторлар, кредиторлар, демеушілік салымдарды іздестіру барысында белсенді қолданылады. Бизнес-жоспар, сондай-ақ әрекет етуші фирманың акцияларын сатып ала отырып, немесе жаңа ұйымдық-өндірістік құрылымын ұйымдастыра отырып, ісін кеңейтуді жоспарлайтын ірі кәсіпорындар мен фирмаларға да жәрдемдеседі.

Өтпелі кезең жағдайында бизнес-жоспар мынадай болуы тиіс: нарық пен бәсекелестерді зерттеу жоспары; тәуекелді өндірістік, шаруашылық және қаржылық іс-әрекет пен сату жоспары.

3. Бизнес-жоспарды бағалау құрылымы мен критериялары

Бизнес-жоспардың құрылымы канондалған емес, әр компания бизнес-жоспарды өздігінше құрайды. Әлемдік тәжірибеде осы жоспарды құрудың бірегей немесе қатаң шектелген нұсқасы жоқ. Елдің бас банкілерінің несиені рәсімдеу үшін сұрататын жоспардың бірнеше нұсқаларын салыстыру оларды рәсімдеуге қатысты талаптардың әртүрлілігін көрсетеді. Алайда айырмашылықтар да мазмұны бойынша маңызды емес.

Жоспарды құру және оның құрылымына қатысты нақты тәсілдемелер бизнес сипаты, жоспар мақсаттары мен потенциалды инвесторлардың талаптарына байланысты өзгеріп отырады. Осылайша, мысалы, белгілі аймақта белгілі компанияның филиалын ашу үшін бизнес-жоспар дәл осы компанияның жергілікті сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша жоспарынан айрықшаланатын болады. Бизнес-жоспардың негізгі элементтері оның коммерциялық банктен несие алуды көздеу немесе басқармамен жаңа акционерлік капиталды тарту үшін қолданылуна байланысты өзгеріп отырады.

Алайда құрылатын бизнес-жоспардың формаларынан тәуелсіз түрде онда болуға тиісті кілтті мәселелер болады: ұйымның өзі мен оның болашақ жобасын сипаттайтын тараулар мен көрсеткіштердің белгілі жиыны. Бизнес жоспар үнемі кәсіпорынның құрылу кезеңінде нарықты зерттеуден бастап инвестициялар тиімділігі мен тәуекелін бағалаумен аяқталады. Бизнес-жоспардың мазмұны мен рәсімделуі оның пайдаланылуын қамтамасыз етіп, оның тәжірибеде қолданыс табуы үшін шынайы ақпаратты ұсынуы тиіс.

1. Резюме. Бизнес-жоспардың осы алғашқы да қысқа тарауы кейінгі тараулардан жалпы қорытындыларды қамтиды. Резюменің дұрыс құрылу маңыздылығы потенциалды инвесторлардың ұсынылатын жобаның қысқаша сипатталуының алғашқы сөздерінен бастап-ақ оның экономикалық тиімділігі мен ойластырылған жобаны жүзеге асыру маңыздығын түсіну қажеттілігінен тұрады. Резюмеде келесілер қысқаша сипатталады:

- жобаның мәні; оның мақсаттары мен потенциалдың тиімділігі;

- нақты нарықтық жағдайларда жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі;

- жобаны кім және қалай жүзеге асырады;

- жобаны қаржыландыру көздері;

- жобаға инвестиция салудың потенциалды тиімділігі: сату көлемі, өндіру мен өткізу шығындары, пайда нормасы, ақталу мерзімі, инвестицияланған қаражаттардың оралуы.

Резюмені бизнес-жоспардың арнайы тарауларының атқарушы-қызметкерлерімен бизнес-жоспардың барлық тарауларын жанжақты талқылағаннан кейін оныымен жұмыс жасаудың соңында жобаның жетекшісі құрайды.

2. Кәсіпорынның атауы, оның меншік формасы, ұйымдық-құқықтық формасы, тіркеу мерзімі, тіркеу туралы куәліктің нөмірі.

Кәсіпорын іс-әрекетінің профилі, оның нарықтағы жағдайының сипаттамасы.

Жарғылық капиталы, құрылтайшылар мен жарғылық капиталдағы олардың үлестері.

Негізгі технико-кономикалық көрсеткіштер (өндіріс көлемі, жұмыскерлер саны, активтер құны мен құрылымы) .

Аудиторлар атауы мен соңғы аудиторлық тексеріс күні.

Өнімнің (немесе қызмет) сипатталуы, оның тағайындалуы, тұтыну қасиеттерінің сипаттамасы, өнімнің ұқсас тауарлардан айырмашылығы.

Саладағы іс жағдайына шолу (өткізу көлемінің қарқыны, жаңа өнімдерді меңгеру, жаңа кәсіпорындардың пайда болуы) .

Кәсіпорынның орналасқан жері.

Қажетті жұмыскерлер мен мамандар (мамандығы, біліктілік деңгейі) .

3. Тауар (өнім немесе қызмет түрлері) . Тарау сатып алушыларға ұсынылатын жоспарланатын өнімнің толық сипатталуына арналған. Ол келесілерді қамтиды:

- тауардың (бұйымның) техникалық сипаттамасы және оны ең жақсы әлемдік үлгілермен салыстыру, оны ішінде сапа көрсеткіштері бойынша;

- өндіріске ұсынылатын өнім ( немесе қызмет) қандай қажеттіліктерді қанағаттандырады;

- нарықта әрекет ететін осындай өнімне оны не айрықшалайды;

- ұсынылатын өнім немесе қызмет қандай авторлық құқықтармен қорғалған;

- олардың бағасы қандай болады және ол қаншалықты бәсекеқабілетті;

- тауарда экологиялық талаптар қалайша жүзеге асырылған;

- өзге елдерге экспорттау көзделетін болса, жаңа өнімде қандай ұлттық және діни ерекшеліктерді ескерген жөн.

Жалпылама түрде осы тараудың оқырманы тауардың пайдалылығы мен жаңашылдығына көз жеткізеді.

3. Өткізу нарығы. Мұнда тауардың «сатылушылығы» сияқты басты қасиеті қарастырылып, қандай нарықтық жағдайларда оның тиімді болатыны қарастырылғандықтан, бұл аса маңызды тараулардың бірі. Онда келесі мәселелер қамтылады:

- өнімнің немесе қызметтің негізгі тұтынушылар кім;

- қазіргі уақытта және болашақта өткізу көлемі қандай болуы мүмкін;

- негізгі бәсекелестер кім, олардың сату көлемі, маркетинг стратегиясы, өткізуден түсетін табыстары (соңғы ақпаратты жинау аса күрделі, себебі оны бәсекелестер құпияда ұстайды) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің жауапкершілігі. Кәсіпкерліктің өсу стратегиясы. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігі ретінде. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және оның инфрақұрылымы
Кәсіпкерліктің бизнес - жоспары
Нарықтық экономикадағы кәсіпорын және оның
Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Бизнес-жоспардың маңызы мен баптары
Кәсіпорынның бизнес - жоспарын құрудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz