Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпорынның қаржы ортасы


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
1. Кәсіпорынның қаржы ортасы
2. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
3. Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялары
1 . Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды мемлекеттік қолдау «Кәсіпкерліктің даму қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл қор Қ. Р - да 1997 жылдан бастап кәіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру үшін ұйымдастырылған. Қордың негізгі мақсаты кәсіпкерлік субъектілерін тікелей және екінші деңгейлі коммерциялық банктер арқылы қаржыландыру.
Қор Қ. Р - ң барлық 14 облысының орталықтарын және Астана, Жезқазған, Семей және Арқалық қалаларын қамтиды. Осы қордың арқасында 25 ж басында Қ. Р - ң кәсіпкерлік қызметінде 25 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. Қ. Р -да кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың аталмыш қордан басқа мынадай көздері бар:
- кәсіпкерлік үшін даму мен қайта қалыптастырудың Еуропалық банкінің несиелік жүйесі;
- ауылшаруашылық секторы үшін дамудың Азия банкінің заемдік бағдарламасы;
- мемлекеттік бюджеттен бөлінетін кәсіпкерлік субъектілерінің несиелеу бағдарламасы;
- Қ. Р - ң микронесиелеудің дамыту бағдарламасы;
- Қаржылық жобаларды қаржыландыру бағдарламасы.
Бұл бағдарлама бойынша несиелеу 2 - ші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Несиелеу шарты қатысушы банктермен ерікті анықталады.
Несиелеудің негізгі шарттары:
- несие валютасы АҚШ доллары
- несиелеу мерзімі 5 жылға дейін, несиелеу қарыздың лготалық мерзіміне байланысты 2 жылға дейін. сыйақы мөлшерлемесі 11 % жылына
- несие сомасы 60 % дейін жоба бойынша айналым қорларын пайдалануы мүмкін.
ҚР - ғы қор нарығы қызмет жасаған жылдары құқықтық, техникалық, ақпараттық, и нститутционалдық инфрақұрылымда қалыптасты. Ірі инвесторлар бөлініп шықты:
1. жинақтау зейнетақы қорлары
2. сақтандыру ұйымдары.
Акционерлік қоғамды құру және акцияларды сату кезінде бағалы қағаздар сонын ішінде облигация шығару кәсіпорын шағын бизнесін банктік несиенің альтернативасы ретінде айналымға бағалы қағаздарды шығару жүзеге асырылады:
қосымша акциялар шығару жолымен жарғылық капиталды алғашқы көлемін ұлғайту;
шаруашылық субъектісі облигация шығару жолымен зайымдық капиталды тарту.
Әлемдік тәжәрибеде акция шығарудын әр түрлі тәсілдері белгілі:
1. Көп тараған эмиссия тәсілі болып акцияларды, инвестициялық институттарды орналастыру. Осы тәсіл кәсіпорында жекешелендіру кезінде жиі қолданылады.
2. акцияларды инвестициялық институтқа сатпауы. Өз акцияларын орналастыратын компания осы жағдайда тек өз күшіне сенеді. Жақсы проспект дайындар көлемді жарнама жүргізеді. Бұл тәсілді гүлденген компаниялар ғана қолдана алады.
3. Кең таралған тәсіл тендрләк қолдау. Бұл жағдайда бір нвестициялар институт зйым алушыдан барлық шығарылымды берілген бағамен алып және аукцион жасайды.
Қазіргі таңда орта және кіші бизнес кәсіпорындары бағалы қағаздар нарығының қатысушы ретінде қарастыруға болады.
2. Қажетті капиталды тартудың басқа эффектік механизімі венчурлік инвестиция болып табылады. Венчурлық инвестициялау шағын жеке кәсіпорынға банктік несиелендіруден өзгеше түрде беріледі. Инвестициялар жабық және ашық акционерлік капиталға акциялар пакеті және бөлігіне айырбастауға немесе инвестициялық несиелеу түрінде беріледі. Бірақ әлемдік тәжірибеде венчурлік инвестициялаудың аралас түрі кездеседі. Жалпы айтқанда қор нарығы мен шағын бизнес арасындағы қатынасынын келесі қорытынды шығады:
1. шағын бизнес субъектілерінің формалары мен шағын бизнес тәсілдері жеткіліксіз.
2. ХБЖ дамуына қарамастан бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының шағын бизнес субъектілеріне қызығушылықтын болмауы.
3. қор нарығын активизациялау және осы нарыққа шағын бизнес субъектісіне тарту үшін жеке ережелерді шығару қажет. Бұл ережелер шағын бизнес субъектісіне жақсы жағдайлар тудыру қажет.
4. Бағалы қағаздар нарығы ХБЖ субъектілерінің көбінесе таныс емес, сонымен қатар салалық реттеуші және заң шығарушы базасы болып тұрады. Сондықтан эмитенттер тәжірибесін беруді ұйымдастыру бағалы қағаздар нарығының білікті қатысушылары шақырылуымен, семинарлар, дөңгелек столдар өткізу. Құқықтық және консультациялық көмек.
3. Лизинг - ұғымы шетел мен отандық әдебиеттерде және кәсіпкерлік қызметте кең қолданыста. Лизингтік байланысты қалыптастыратын қатынастардың күрделігі көп деген концепциялардың туындауына себеп болады.
Лизинг - бұл машиналар мен құрал жабдықтардың ұзақ мерзімге жалға беру - жалғы беруші мен жалгер арасында келісім шарт негізінде уақытша пайдалану. Лизинг капитал салымдарды, банктік несиеге альтернативтік және өзіндік қаржылық ресурстарын пайдалану спецификалық формамен қаржыландыру болып табылады. Ол кәсіпорынға қажет құрал жабдықтарды шығынсыз алуға мүмкіндік береді. Сонымен лизинг көп жылдық жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалға беру мен сипатталады. Ол қызметті қаржыландырудың жанама түрі және кәсіпорындарға берілген негізгі қаражаттарды алуға немесе қаржылық мүмкіндігі болмағандықтан қолданылады.
Лизигтің үш формасы бар:
1. Тік - жалға алу уақытынын соңында меншік құқығы лизинг жалға берушіге өтінуін қарастырады.
2. Қайтарымды - кәсіпорын өзінің мүлкін фирмаға сатады және оны қайта ұзақ мерзімге жалға алады. Лизингтік келісім шарт аяқталумен байланысты меншік құқығы жалға беруші кәсіпорынға қайтарылады. Мұндай жағдай кәсіпорынның айналым қаражаты жетіспегенде туындауы мүмкін.
3. Аралас - жалға беруші мен лизингтік объектісіне өз қарамағына алуда пайда болатын шығындар екі жақты бөлшектін қойсу қарастырылады.
Лизинг объектілері құрал жабдықтар болып табылатын лизингтік операциялардын субъектілері әдетте үш жақты болады: жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы. Бұл жағдайда лизингтік келісімде келесі шарттар қарастырылады:
Лизинг алушыны жабдықтау
Жабдықтаушының тауар сапасына жауапкершілігі
Лизинг берушіге құрал жабдықтар үшін төлем ақы
Лизинг алушының лизинг берушіге жалпы қарызы
Лизинг алушының бұзылған және субъектілерінің құлдырауымен байланысты тәуекелге баруы.
Меншік құқығы лизинг алушыға жалға беру уақыты өтелген кезде және лизинг берушіге алуын ала қарызды өтелген кезде беріледі.
4. Лизингтік тәжірибеде жиі қолданылатын екі формасы:
Қаржылық
Операциялық және эксплуатациялық лизинг қолданылады.
Осы 2 форманың қайсысы қолданатының лизинг алушы өзі шешеді. Екі форманың бір бірінен айырмашылығы мынада:
Лизингтік операциясының субъектісінің алдына қойған мақсатына байланысты.
Олардың міндеттемелеріне байланысты.
Мүлікті пайдалану мерзіміне байланысты.
Операциялық лизинг дегеніміз - жабдықтық құнының тек бір бөлігі ғана жалгерлерлік төлем арқылы қызқа мерзімде амортизацияланатын келісім операциялық лизинг бойынша алынған жабдық жалға алушының балансына қойылмайды. Сондықтан лизингті беруші техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, меншік салығын төлеу және т. б. шығындарды өз мойынына алады.
Қаржылық лизинг - экономикалық мәні бойынша жалға алушы мүлікті өмірлік циклінің үлкен бөлігін немесе толық мерзімде мойынына алады. Жалгерлік төлемде толығымен лизингті берушіге аударылады, ал техникалық жауапкершілік жолдары жалға берушінің мойынында болады.
5. Қазақстанда лизингтін дамуы үш кезеннен тұрады:
1989 - 1992 ж. ж. республикада лизингтік бизнестің жаңадан қалыптасу кезеңі. 1992 жылдын ортасында экономикада мемлекеттік емес секторда 120 коммерциялық банктер мен 20 лизингтік фирмалар әрекет еткен. Олар мыналар « Алма - ата лизингі», «Техника - лизинг», «Туран - лизинг»
1995 - 1997 ж. ж Республикада лизингтік қатынастардың жаңа бетбұрысқа даму кезеңі. Бұл кезенде лизингтің нормативтік, әдістемелік базасы, лизингті мемлекеттік қолдау бағдарламалары өңделді. Осы кезеңде лизингтер аймақтарға бөлініп дамыды. Мәселен «Азия - лизинг», «Кең дала», «Агролизинг» және т. б. аграрлық секторда лизингтік негізде бірі инвесторлық жобалар жүзеге асырылды.
2000 жылдан бүгінгі күнге дейін. 2000 жылы Қазақстанда қаржы лизингі туралы Қ. Р - сы Заңы қабылданды. Осы заңның арқасында АО «Туран Әлем Банк», «Халық Банк», «АТФ Банк» және басқа да коммерциялық банктер коммерциялық лизингтік коммрциямен халықаралық тәжірибемен алмасып лизингтік қызмет көрсетуде.
Лизингтің жалға беруден, яғни «арендадан» айырмашылығы:
1) . Қатысушы субъектілеріне байланысты болады, яғни аренда екі қатысушы (жалға алушы және жалға беруші), ал лизигте кемінде үш қатысушы болады (лизинг беруші, лизинг алушы, жабдықтаушы, несие беруші (банк) ) .
2) . Жалға беру объектілеріне байланысты болады, яғни лизингте көбінесе құрал-жабдықтар болса, арендада - кез келген кемшіліктегі мүліктер (тұрған үйлер) болады.
Лизинг дегеніміз - лизингтік фирмалармен жүзеге асырылатын машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алуды білдіріп, тауарға меншік құқығын жалға берушіге қалдыратын инвестициялаудың ерекше әдісі болып табылады.
Көптеген ғылымдардың ой-пікірлері бойынша қазіргі лизингтің мағынасы 1952 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында ең бірінші «Лизинг компаниясының» ашылуымен тұспа-тұс келеді.
Босх деген кісі Калифорния штатындағы азық-түлік өндірісімен айналысатын кішігірім фирмасының басшысы болады. Әскери ведомствоның үлкен тапсырмасын орындау үшін оған автокөлік паркін ұлғайту керек болады. Бұл фирманың капиталы шағын болғандықтан бұл мақсатта қолдану үшін қаржы көздері болмаған.
Босх керекті машиналарды арендалауды жөн көреді, сонымен оларды алу процесін қаржыландырады. Мұндай операцияның өте тиімді екенін байқап және кейбір фирмалар оның жасаған операциясын қайталап келетіндігін естіп, Босх 20 мың доллар капиталы бар «U. S. Leasing» фирмасын құрды.
Екі жылдан кейін бұл фирманың құны 3 млн. доллардан асатын машиналар мен құрал-жабдықтарды арендаға беріп отырды. Осыдан кейін Босх акциялар шығарып, қорында 400 мың доллар бар екінші «Bothe Leasing Corporation» фирмасын ашты.
Ал кейбір мамандар «лизинг» сөзінің өзі пайдалануға ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде енгізілген деп есептейді. Мұндай тұжырымға келуге 1877 жылы «Бели» телефон компаниясы тұтынушыларға телефон аппараттарын сатпай, оларды уақытша пайдалануға беру туралы қабылдаған шешімі себеп болған.
Лизинг келісім шарты ұйымдастыру және оны іске асыру әрбір елдің заң базасының ерекшеліктеріне байланысты.
Біздің елімізде лизингтік қатынастар 2000 жылдың 5 шілдесінде қабылданған «Қаржылық лизинг туралы» Заңға сәйкес жүргізіліп, реттеледі.
Лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингті беруші, лизинг алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Лизинг беруші - бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражат есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизинг алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизинг беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизинг алушы лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік мақсаты үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы тұлға болып табылады.
Лизинг беруші лизинг алушыға негізгі капитал элементтерін келісім-шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлем ақымен беріле отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемжілік қағидаларын іске асырады. Бірақ екінші жағынан лизинг беруші мен лизинг алушы өндірістік формадағы капиталмен жұмыс жасайды. Мұндай жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастыратын және лизингтің халық шаруашылықтағы мағынасын арттырады.
Жалпы айтқанда, банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Әсіресе несие түрлерінен коммерциялық несиеге жақын. Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында өтіледі. Лизингтік келісім негізінде несие-тауар формасында беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім объектісі лизинг берушіге қайтадан лизинг берушіге заттай формада қайтарылады.
Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің балама түрі болып табылатын күрделі қаржыны қаржылаудың ерекше формасы. Ол өндірісті компанияларға көп шығын жұмсай-ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік құрал-жабдықтарды ескеруімен байланысты тәуекелділіктерден сақтауға мүмкіндік береді. Яғни, лизинг - уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар болып табылады.
Сонымен қатар, лизингтің жалпы қызметіне байланысты оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыруға болады.
1) Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге мүмкіндік береді;
2) Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни ірі қаржылық ресурстарды жинақтамай-ақ жаңа өндірісті ұйымдастыруға көмектеседі;
3) Салықты лизинг беруші төлейтіндіктен, лизинг алушы салықтан босатылады. Яғни, ол тек қана амортизациялық аударымдарын жасайды (егер ол қаржылық лизинг болса) және лизингтік келісім-шартында көрсетілгендей сәйкес төлемдерін жүргізеді;
4) Маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелері шешудің жеделділігі;
5) Банк мекемесі лизинг бойынша көрсеткен қызметі үшін белгілі бір мөлшерде комиссиондық төлемдерді алады.
Ал кемшіліктері:
1) Лизинг алушы құрал-жабдықтан қалдық құнының жоғарылауына (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
2) Ұйымдастырудың күрделілігі;
3) Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескерген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Жалпы лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банктердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банктердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операцияар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелері мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті.
Қазіргі кезде Қазақстанда лизинг 4 жолмен дамып отыр:
1. Аймақтың көтерме-делдал фирмалар мен Қазақстан келісім-шарт корпорацияларындағы компаниялардың басқаруындағы техникалық құралдарын жалға берумен айналысатын кәсіпорындар мен пункттер; (қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан лизингтік компанияардың «Лизинг-центр» ЖШС, «Жалын-лизинг» ЖАҚ, «Спутник» ЖШС, «Казтехлизинг», «Инвестлизинг» ААҚ, «Астана-инвест» ААҚ, «Агролизинг» ЖАҚ сияқты компанияларды ерекше айтып кетуге болады. Сонымен қатар, «БТА Лизинг», «Валют-Транзит Банк», «АТФ банк», «Тексака банк», «Лариба банк» сынды банктер де лизингтік қызметтерді ұсынады. )
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;
3. Жаңадан құрылып жатқан маманданған лизингтік фирмалар;
4. Халықаралық лизинг формаларының дамуы.
Тағы да бір айта кететін жағдай республикамызда көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл ең алдымен, лизингтің ұйымдық-экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың тапшылығына, осы саладағы мамандардың білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанды, шағын және орта кәсіпорындар мен банктердің үлесі бар компаниялар лизингтік қызметтерді ұсынады. Ал жеткілікті потенциалы, күші бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингтік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.
Тағы да қоса айта кететін - бұл лизингтің біздің елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету үшін халықаралық тәжірибеде қолданылатын лизингтік мәмілелерінің келесі формаларын қолдануын ұсыныс ретінде қарастыруға болады:
1. «Стандарт» лизинг, яғни жабдықтаушы қаржыландырушы қоғамға мәміле субъектісін сақтауда сатады, ал бұл қоғам, өз кезегінде, оны лизингтік компаниясы арқылы тұтынушыларға жалға береді;
2. Қайтарылатын лизинг (lease-back), яғни құрал-жабдықтардың немесе қондырғылардың иесі оларды лизингтік фирмаға сатады және соларды қайтадан бір жалға алады;
3. Компенсациялық лизинг, яғни лизинг алушы арендалық төлемақысын жалға алынған мәміле объектісіне өндірілген өнімдерді төлеуі;
4. Қайта қамтамасыз етілетін лизинг, яғни лизингтік мәмілеге алдын ала ескерілетін лизинг алушының тапсырмасы бойынша мерзім ішінде жалға алынған қондырғыларды жаңа үлгілеріне ауыстыруды білдіреді;
5. Экспорттық лизинг, яғни лизингтік фирма қондырғыларды ұлттық фирмадан сатып алады да, шетел лизинг алушыға жалға береді;
6. Импорттық лизинг, яғни лизингтік фирма қондырғыларды шетел фирмасынан сатып алып ұлттық лизинг алушыға жалға береді.
Қорыта келгенде лизинг ұғымы Қазақстан экономикасына жаңадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен байланыстырамыз. Жоғарыда атап өткеніміздей, отандық өндірушілер үлкен тоқырауда тұрған кезде лизинг инвестициялар тартудың тиімді құралы ретінде еліміздің экономикасына инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Яғни, автопарктардағы тозығы жеткен көлік құралдарын, аэропорттардың ұшуға жарамай қалған ұшақтарды жаңаландыру үшін лизинг операцияларды сауатты пайдалана білуіміз керек.
1. Кәсіпкердің қаржы жоспарын құрастыру әдістемесі
2. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау жөнінде
1. Кәсіпкерлік қызметтің меншікті және қарызды қоры саналады. Кәсіпкерлікте қаржы қорының көздерін жіктеудің бірнеше түрлері бар: сонын ішінде анағұрлым кеңінен тараған 2 түрі:
қызметті меншікті қаржыландыру көздері
авансталған капитал
Кәсіпкерлік қызметтің қаржысы туралы әңгіме қозғағанда капитал термині жиі қолданылады. Капиталды 2 түрге бөліп қарастырамыз:
мәрелі капитал
айналым капиталы
Кәсіпкерлікті ашу немесе әрі қарай дамыту мәселелері тек Қазақстан үшін ғана емес басқа да нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер үшін де басты мәселе. Капиталды тәжірибеде 2 көзі қолданылады:
1. меншікті қор
2. қарызды қор.
Меншікті қордың негізгі көзіне мыналар жатады:
1. жарғылық капитал - акцияларды немесе қатысушылардың кіру жарнасының қоры.
2. кәсіпорын жинақталған резервтік қор.
3. заңды және жеке тұлғалардың басқа да төлемдері.
Қарыздық қордың негізгі көздеріне мыналар жатады:
1. банктің ссудалары
2. қарыздық қор
3. облигацияларды және басқа құнды қағаздардың жасалған қоры.
4. тікелей инвестициялар.
Меншікті және қарызды қор көздері арасындағы айырмашылық мынада: Егер де кәсіпкерлік қызмет қандай да бір себептермен қызметін тоқтатқан жағдайда жабылған жағдайда кәсіпорын иелері үш жақпен есеп айырысқанан кейін қалған кәсіпорын мүлкінің бөлігіне құқылы.
2. Латынның «licentia» сөзін аударғанда, «еркіндік, бостандық» деген мағыналарды білдіреді. Әлемдік тәжірбиеде «лицензия» ұғымының бірнеше мағынасы бар:
1) бұл күшіндегі заңдылыққа сәйкес лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыруға өкілетті мемлекет органдарының беретін рұқсаты;
2) жекелеген тауарларды импортау мен экспорттау үшін жекелеген ұйымдар мен адамдарға берілетін рұқсат;
3) ойлап табуларды, техникалы білімдерді, сауда белгілерін пайдалануға берілетін рұқсат;
«Лицензиялау туралы» ҚР күшіндегі Заңына (2-бап) сәйкес «лицензия - дегеніміз, қызметтік белгілі бір түрімен немесе белгілі бір әрекетті жасау үшін азаматқа немесе заңды тұлғаға өкліетті органның беретін рұқсаты»
Лицензия мынадай ерекшеліктерімен бөлінеді:
1. Мынадай субъектілер бойынша:
а) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берілетін лицензия;
б) азаматтығы жоқ шет ел азаматына, шет елдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін лицензия;
2. Қызметінің көлемі бойынша:
а) негізгі лицензиялар - мерзімі шектеусіз қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға беріледі, егер олар бірыңғай технологиялық жинаққа кіретін болса, бұл лицензиялар қызметтің бірнеше түрлеріне беріледі;
б) бір жолғы лицензиялар - рұқсат етілген көлем, салмақ немесе санның шеңберінде білгілі бір шаруашылық операцияларын атқаруға беріледі;
в) операциялық лицензиялар - банк қызметтерінде белгілі бір операцияларды және валюталық құндылықты пайдалануға қатысты операцияларды атқаруға беріледі.
3. Әрекеттің аймақтық саласы бойынша:
а) әрекеттері Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағымен шектелетін лицензиялар;
б) әрекеттері Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында жүретін лицензиялар;
в) әрекеттері Қазақстан Республиксынан тыс жерлерде жүретін лицензиялар.
Алушыға (лицензиат) лицензияларды беруді заң актілерімен және де Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мемлекеттік органдар (лицензиар) жүргізеді. Лицеензияны өзге бір тұлғаға беруге болмайды.
Қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензия беруді сондай қызметтердің жүзеге асыратын субъектілерге ешқандай да байланыссыз бір ғана орган жүргізеді, яғни банк заңдылықтарымен көзделмеген жағдайларды қоспағанда. Мемлекеттік органдарға тиісті аймақтық бөлімшелерді лицензиялау жөніндег өкілетті беруге рұқсат етіледі. Мысалыға алар болсақ, Алматы қаласы бойынша, оның мәртебесіне сәйкес Әкім аппаратының экономикасы жөніндегі Комитет сондай орган болып табылады. Оған медициналық, ветеринарлық тәрізді қызмет түрлерін лицензиялау бойынша рұқсат берілген. Мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге бергені үшін мемлекеттік органдардың лауазымдық қызметкерлері белгіленген заңмен жауап береді.
Шетелдік мекемелер немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар лицензияны тек Қазақстан Республикаының жеке және заңды тұлғасы болған жағдайда, егер заңмен өзге де нәрселер қарастырылмаса алады.
Лицензия алу. Лицензиялық алым
Әдетте күшіндегі заңға сәйкес лицензия алу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
- Қазақстан Республикасының Үкімті бекіткен белгіленген қалып үлгісіндегі өтініш;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz