4 БЕС стандарты бойынша ақша ағымын талдау: ақша қозғалысы туралы есептің құрылымы және тікелей мен жанама әдістері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

АҚША АҒЫСЫН ТАЛДАУ

1. Ақша және оның эквивалеттері туралы түсінік. Ақша қаржыларын талдау. Ақша қозғалысы туралы есеп беру, оның талдаулық мәні. Ақша қозғалысы туралы есеп берудің тура және жана түрлері

2. Ақша қозғалысы туралы есеп берудің құрылымы

Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

4 БЕС стандартына сай субъекттер жасаған «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.

Операциондық қызмететегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық қызметет тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер - бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің қкөрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

Таза табысты түзететін операциялар
Түзетуді жүргізудің тәртібі
Таза табысты түзететін операциялар: Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойыншаесептелген амортизациясы
Түзетуді жүргізудің тәртібі: Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді
Таза табысты түзететін операциялар: Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер
Түзетуді жүргізудің тәртібі: Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетіледі
Таза табысты түзететін операциялар: Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер
Түзетуді жүргізудің тәртібі: Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді

Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтерді саиып алу, сату және берілген несиені өтеу және алу.

Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

- Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;

- Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;

- Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Инвестицяилық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.

Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады:

Оған мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік: мақсаттары, жалпы құрылымы және тікелей мен жанама әдістер
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп: 7 ҚЕХС бойынша есептеу әдістері және дисконтталған ақша ағымдары
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті дайындау және ұсынудың теориясы мен әдістері
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп: тұжырымдама, есептілік және құрастыру әдістері
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті құру тәсілдері мен мазмұны
Ұйымдағы ақша қаражаттарының есебі және ақша ағымын талдауға әдеби шолу
Ақша қаражаттарының қозғалысы: есеп, бақылау және талдау әдістері
Кәсіпорынның ақша ағымын жоспарлау жүйесін талдау (ЖШС Денус-Астана мысалында)
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік: теориялық негіздер, құру әдістері және КазФосфат кәсіпорнының есебі
IAS 7: Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп - мақсат, қолданылу саласы, жіктелу және есептеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz