БАЛАНС ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ. Ағымдағы төлем қабілеттілік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

БАЛАНС ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

1. Төлем қабілеттілік және өтімділік түсінігінің экономикалық мазмұны Төлем қабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері

2. Ағымдағы төлем қабілеттілік. Перспективалық төлем қабілетілік

3. Мәнді өтімділік көрсеткіштерін экономикалық интерпретация жасау

Аралық көрсеткіштердің динамикасы

Баланс өтімділігін талдау міндеті нарық жағдайында қаржылық шектеулердің қатаңдығын нығайту және кәсіпорын кредит төлем қабілеттігіне баға беру қажеттілігімен, яғни оның барлық міндеттерін уақытында өтеу қабілетімен байланысты туындайды.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын қысқамерзімді және ұзақмерзімді болашақ жағынан бағалауға болады. Бірінші жағдайда баға критериі -кәсіпорынның өтімділігі және төлем қабілеттігі, яғни қысқамерзімді міндеттер бойынша уақытында және толық көлемде есеп айырысу қабілеттігі.

Қай-бір активтің өтімділігі деп оны ақшалай қаражатқа ауыстыру мүмкіндігін санайды, ал өтімділік деңгейі бұл трансформация болған уақыт мерзімінің ұзақтығымен анықталады. Мерзім қасқа болса, активтің бұл түрінің өтімділігі биік болады.

Өтімділік - құндылықтардың ақшаға жеңіл айналу қабілеттігі, яғни өтімділік қаражат. Өтімділікті екі жақтан қарауға болады:активті сатуға керек уақыт және активті сатудан алынған ақша ретінде. ӨЗара екі жақ тығыз байланысты: көбінесе активті қысқа мерзімде сатуға болады, бірақ бағасын тым жеңілдете.

Өтімділік деп кәсіпорын міндеттерін оның активтерімен жабу деңгейі саналады. Олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттерді өтеу мерзіміне сай. Кәсіпорынның төлем және кредит алу қабілеттігі бұл айналым қалай тез өтуіне тәуелді. Өтімділіктің екі ұғымын айыру қажет - баланс өтімділігі және кәсіпорын өтімділігі.

Өтімділік қаражаттарды және тез өткізілетін активтерді ең шұғыл және қысқамерзімді міндеттермен салыстыру ағымды өтімділікті білуге көмектеседі. Баяу өткізілетін активтерді ұзақмерзімді міндеттермен салыстыру болашақ өтімділікті көрсетеді. Ағымды өтімділік қарастырылған сәтке жақын уақытта кәсіпорынның төлем қабілеттігі (немесе төлем қабілетсіздігі) туралы мәлімдейді. Болашақ өтімділік болашақ түсімдерді салыстыру негізінде (олардың ішінен актив және пассивтердің сәйкес топтарында жармысы ғана көрсетілген, сондықтан болжам шамамен алынған) төлем қабілетінің болжамы ретінде көрсетілген.

Өтімділік көрсеткіштері кәсіпорынның өз қысқамерзімді міндеттерін орындау қабілеттігін бағалау үшін қолданылады. Олар кәсіпорынның төлем қабілеті туралы бұл сәтте ғана емес, төтенше жағдайда да түсінік береді.

Төлем қабілетінің жалпы бағасын ағымды өтімділік (төлем қабілеттігі, жабу) коэффициенті береді. Егер ағымды өтімділік коэффициенті бірден кем болса, бұл проблема барын көрсетеді. Бұл көрсеткіш үшін қалыпты маңызы екіден артық немесе тең.

Тез өтімділік коэффициенті (қатал өтімділік, ауыспалы баға) . Маңызы бойынша алдыңғы көрсеткішке ұқсас, бірақ бұл коэффициент ағымды активтердің тар шеңберімен, есептен оның аз өтімділік жағы - өндіріс қоры шығарылғанда есептеледі. Осындай шығарудың логикасы қорлардың аз өтімділігінде ғана емес, өндіріс қорын амалсыз өткізу жағдайда алынатын ақшалай қаражат, оларды сатып алғандағы шығындардан өте төмен болуы. Коэффициенттің төменгі қалыпты шегінің бағасы бірден көп немесе тең. Бұл коэффициент динамикасын талдаған кезде, оның өзгеру факторларына назар аудару қажет. Солай, егер ауыспалы өтіділік коэффициентінің өсуі негізінде ақталмаған дебиторлық қарыздың өсуімен байланысты болса, кәсіпорын әрекеті жағымсыз жағынан сипатталады.

Ауыспалы өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және дебиторлық қарыздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ең қатаң өтімділік критериі деп саналады; қысқамерзімді несиелік міндеттердің қай бөлігі керегінде шұғыл төлене алатынын көрсетеді. Талданған көрсеткіштің қалыпты шектеуі 0, 2-ден артық немесе тең.

Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау

Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызды кезеңдерінің бірі төлем қабілетін талдау. Төлем қабілетін талдау қаржының барын және түсуін бірінші қажетті төлемдермен салыстыру жолымен өткізіледі. Төлем қабілеті қысқа мерзім ішінде (апта, ай) талдаған кезде анық көрінеді.

Төлем қабілеті қолда бар ақшаның белгілі мерзімге және келесі мерзімге жедел төлем қосындыларына қатысумен анықталатын төлем қабілеті коэффициенті арқылы айқындалады. Егер Ктқ ≥ 1, бұл кәсіпорынның төлем қабілеттігін көрсетеді. Егер Ктқ < 1, төлем қаражатының жетпеушілік себептерін табу қажет. Төлем қабілетінің төмендігі кездейсоқ, уақытша, ұзақ, созылмалы болуы мүмкін. Оның себептері:

- қаржы ресурстарымен толық емес қамту;

- өнім өткізу жоспарын орындамау;

- айналым қаражаттың тиімсіз құрылымы;

- контракттардан уақытында төлем алмау;

- жауапты сақтауда тұрған, тиеп қойылған тауар үшін төлемнің жоқтығы.

Төлем қабілеті ағымды және күтулі (болашақ) болады. Ағымды төлем қабілеті баланс құру датасына анықталады. Кәсіпорын төлем төлеуге қабілетті, егер жабдықтаушыларға, банктік несиелер және басқа есептер бойынша уақытында төленбеген қарыздары болмаса. Күтілу (болашақ) төлем қабілеті белгілі датаға оның төлем қаражатының қосындысын кәсіпорынның бұл датаға деген жедел міндеттерімен салыстыру жолымен анықталады.

Төлем қабілеті бар қаражатқа біріншіден ақшалай қаражат, қысқамерзімді бағалы қағаздар, оның кәсіпорынның есеп-шотына түсу сенімділігі бар дебиторлық қарыздың жартысы жатады.

Ағымды міндеттерге ағымды пассивтер, яғни өтеуге тиісті міндеттер және қарыздар кіреді: банктің қысқамерзімді кредиттері, қысқамерзімді несиелер, кредиторлық қарыз және басқа пассивтер.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау

Кәсіпорынның төлем қабілетін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі - оның кредит төлеу қабілеті.

Нарық экономика жағдайында кәсіпорын несие қаражатының маңызды көзі болып банктік кредит саналады. Банктар кредитті коммерциялық негізде, әрекетті заң шығарушылықпен ескерілген және жақтармен келісілген қайтару, жеделдік, ақылық, несиені мақсатты міндет пен қамтуға пайдалану принциптерін қатал сақтау шартымен береді. Несиелендіруге қатысты барлық сұрақтар банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорынмен келісім негізінде банк арасындағы несие келісім-шарттармен реттеледі.

Несие келісім-шартында міндетті түрде келесілер қарастырылады:

- несиелеу объектілері;

- жоспарланған несие мөлшері, оның міндеті;

- несие беру шарты және өтеу мерзімдері;

- несие бойынша пайыздық ставкалар, оларды өзгерту және төлеу тәртібі;

- қарыз алушы міндеттерін қамту формалары (кепілдер, кепілдемелер, кепілдік) ;

- ТМШ жабудың өзіндік айналым қаражаттарының нормативі;

- несиені беру және өтеу бойынша жақтардың міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері;

- құжаттар тізімі және оларды банкқа ұсыну мерзімділігі.

Несие берілетін мерзімге қарай, олар қысқамерзімді (1 жылға дейін) және ұзақмерзімді (1 жылдан астам) несиелерге бөлінеді.

Қысқамерзімді несие - кәсіпорынның айналым қаражаты көздерінің бірі. Ол кәсіпорынның ағымды әрекет процесінде туындайтын жетпеген ақша қаражат қажеттігін толтыруға көмектеседі.

Ұзақмерзімді несие капиталдық шығындарға берілуі мүмкін. Ол кәсіпорынның оның дамуына бағытталатын (өндірісті кеңейту, жаңадан салу, жаңа техниканы енгізу және т. б. ) несиелік қаржы ресурстарының көзі болады.

Несиелеу объектісі осындай болуы мүмкін: тауар импорты мен экспорты, сыртқы экономикалық әрекет шығындары, жеке жұмыс әрекетімен шұғылданатын азаматтар сатып алатын шикізат, материал және басқа мүлік.

Қарыз алушыларға банк алдында берілген несиесінде уақыты өткен қарызы болмаған жағдайда береді.

Несиелендіруге қабылданбайды:

- транспортировка салдарынан өнімді арту кешігуімен байланысты жиналған мерзімділерден басқа нормадан артық дайын өнім қалдықтары;

- мерзімді қалдықтардан басқа нормадан артық бітпеген өндіріс қалдықтары;

- өндірістің жылдық қажеттігінен артық, бір жылдан астам қозғалмай сақталған ТМШ;

- артық, керегі жоқ, қиын өткізілетін және пайдаланбайтын ТМҚ;

- құндылықтардыңқұруына немесе бүлінуіне әкелетін, сақталуды қамтымайтын сақтау шарттарыдағы ТМҚ;

- несие келісім-шартында қарастырылған мерзімнен артық жолдағы МҚ;

- шығын сметасынан асқан және өнімнің өзіндік құнына қатыстырылмаған шығындар;

- объектті пайдалануға берілгеннен кейін жасалатын іске қосу жұмыстары;

- уақытында өңделмеген алдыңғы жылдар астығының бітпеген өндірісі және ауыл шаруашылық шикізат қалдықтары;

- мөлшері оны өндіретін кәсіпорынның өндіріс қуатынан асатын ауыл шаруашылық шикізат қорлары, дайындықтың жаңа маусымына дейін;

- тием қойылған тауарларға, дайын өнімге және бітпеген өндіріске жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.

Несие алу үшін қарыз алушы несиенің мақсаты, сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімдері жазылған негізделген жазба өтінішпен (3 данада) банкқа барады.

Қарыз алушы белгілі құжаттар тізімін береді. Қажетінше банк қарыз алушының қаржылық жағдайын тексеруі мүмкін.

Кәсіпорын кредит төлеу қабілеті деп кәсіпорынның толық және уақытында өз қарыз міндеттерін өтеуге және жаңа несие алуға алғышарт болу қабілеттігін түсінеді. Басқаша, кредит төлеу қабілеті - бұл кредит алу құқығы және мүмкіндігі. Ол алдында алынған кредитті төлегенде ұқыптылықпен, ағымды қаржы жағдаймен және керегінде түрлі көздерден ақша қаражаттарын жинау мүмкіндігімен сипатталады.

Кредит төлеу қабілетін талдау мақсаты - банкпен кредит беру шарты мен мүмкіндігі туралы мәселені шешуге дейін анықталатын қарыз алушының сапалық бағасы, банк клиенттің қарызға алынған қаражатты кредит келісім-шартына сәйкес қайтару қабілетін және дайындығын алдынан ала көруі керек, сонымен бірге кредиттік салымдардың мақсатқа лайықтығын және негізділігін бағалау қажет.

Кәсіпорын кредит төлеу қабілетін талдаудың негізгі міндеттері:

- кәсіпорынның қаржы жағдайын анықтау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қаржылық талдау» пәні бойынша дәріс тезистері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері
АвтоДом Павлодар» ЖШС
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Ұзақ мерзімді міндеттемелер ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Кәсіпорынның активтерін талдау
Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдаудың негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін, төлем қабілеттілігін және несие қайтару қабілеттілігін талдау
Ағымдағы активтер ұзақ мерзімді активтер
Баланс өтімділігін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz