ҚАРЖЫ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІ ӘДІСТЕРІ


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАРЖЫ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІ ӘДІСТЕРІ

1. Қаржы коэффициенттері

2. Пайда және пайдалылық коэффициенттері

1. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, олардың есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл - қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

2. Баланстық пайдаға - өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатып өткізуден, басқа да сатып өткізулерден түскен пайда, сатып өткізуден тыс операциялардың табыстары мен шығындары кіреді.

Салық салынатын пайда - бұл банастық пайда мен табыс салығы салынатын пайда сомасының (құнды қағаздар бойынша және бірлескен кәсіпорындарға үлестік қатысу бойынша) және пайда салығына жеңілдіктер сомасының айырымы.

Таза пайда - бұл барлық салықтарды төлегеннен соң және экономикалық санкциялардан кейін кәсіпорын қарауында қалатын пайда.

Баланстық, салық салынатын және таза пайданың шамасы көптеген факторларға және қолданылып жатқан есеп саясатына тәуелді болады.

Қаржылық нәтижелерді талдау барысында кәсіпорынның қабылданған есеп саясатының бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкестігін айқындау керек.

Осыған қоса, есеп саясатындағы өзгерістердің баланстық, салық салынатын және таза пайдаға, сонымен қатар салықтардың өлшеміне, кәсіпорын қорларына төлемдердің сомасына және акционерлерге төленген дивидендтердің сомасына ықпалын анықтап алу қажет.

Өнімді, жұмыстарды, қызметтерді сатып өткізудің қаржылық нәтижелерін талдау әдістемесі.

Кәсіпорындар пайдасының негізгі бөлігін өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатып өткізуден түсіреді.

Қаржылық нәтижелерді талдаған кезде өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатып өткізудің динамикасы зерделеніледі және оның сомасының өзгеріс факторлары анықталады.

Факторлар:

 Сатып өткізу көлемі - СӨӨV;

 Құрылым - ҮСі;

 Өзіндік құн - ӨҚі;

 Орташа сатып өткізу бағаларының деңгейі - Бі.

Факторлар ықпалының сипаттамасы

Фактордың атауы
Ықпалдың сипаттамасы
:

1.

Фактордың атауы: Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сатып өткізу көлемі
Ықпалдың сипаттамасы: Пайда сомасына оң және теріс ықпалын тигізеді. Пайдалы (рентабельді) өнімнің сатылым көлемінің көбеюі пайданың пропорционалды көбеюіне әкеледі. Егер өнім залалдық болса, онда сатып өткізудің көлемі көбейген кезде пайда сомасының азаюы болады.
:

2.

Фактордың атауы: Тауарлық өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құрылымы
Ықпалдың сипаттамасы: Пайда сомасына оң және теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Егер өнімді сатып өткізудің жалпы көлемінде пайдалырақ (рентабельділігі жоғарырақ) өнім түрлерінің үлесі көбейсе, онда пайда сомасы өседі, және, керісінше де, пайдалылығы (рентабельділігі) төмен немесе залалдық өнімнің үлес салмағы көбейгент кезде пайданың жалпы сомасы азая түседі.
:

3.

Фактордың атауы: Өзіндік құн
Ықпалдың сипаттамасы: Өзіндік құн мен пайда бір-бірімен кері пропорционалды қатынаста болады: өзіндік құнның төмендеуі пайда сомасының сәйкес өсуіне әкеледі, және керісінше де.
:

4.

Фактордың атауы: Орташа сатып өткізу бағаларының деңгейі
Ықпалдың сипаттамасы: Орташа сатып өткізу бағаларының деңгейінің өзгерісі мен пайда шамасы бір-бірімен тура пропорционалды қатынаста болады: бағалардың деңгейі өскен кезде пайда сомасы өседі, және керісінше де.

Кәсіпорын қызмет етуінің нәтижелілігі және экономикалық орындылығы тек абсолюттік көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар, салыстырымалы көрсеткіштермен де бағаланады. Кең ауқымды мағынада пайдалылық (рентабельділік) дегеніміз табыстылықты білдіреді. Кәсіпорын пайдалы (рентабельді) болып саналады, егер өнімді сату нәтижелері өндіріс шығындарын өтесе және кәсіпорынның қалыпты қызмет етуі үшін жеткілікті пайда сомасын қалыптастырса.

Пайдалылықтың (рентабельділіктің) экономикалық мәні көрсеткіштер жүйесінің сипаттамасы арқылы айқындалуы мүмкін. Олардың жалпы мағынасы - капиталға салынған бір теңгеден пайда мөлшерін анықтау. Ал бұл салыстырмалы көрсеткіштер болғандықтан, олар шың мәнінде құнсызданудың ықпалына түспейді.

Пайдалылық (рентабельділік) көрсеткіштерін бірнеше топқа біріктіруге болады:

 өндіріс шығындарының және инвестициялық жобалардың өтелімділігін сипаттайтын көрсеткіштер;

 сатылымдардың пайдалылығын сипаттайтын көрсеткіштер;

 капиталдың және оның бөліктерінің табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер.

Директ-костинг жүйесі бойынша пайданы факторлық талдау әдістемесі.

Шығындарды айнымалы және тұрақты ғылып және маржиналдық табыс категорияларына бөлуге негізделген пайданы талдау әдістемесінің маңызы зор. Бұл әдістеме дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде қолданылады. Ол пайда мен ең маңызды факторлардың кішігірім шеңберінің тәуелділігін зерделеуге және осының арқасында оның шамасын қалыптастыру үрдісін басқаруға мүмкіндік береді. Берілген жүйе көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстарды ауқымдырақ ескеруге және факторлардың ықпалын дәлірек өлшеуге мүмкіндік жасайды.

Пайданы талдаған кезде әдетте келесі үлгіні пайдаланады:

П = С × (Б - ӨҚ),

бұндағы П - пайда сомасы;

Б - бұйымның бағасы;

С- сатып өткізілген өнімнің саны;

ӨҚ - өнім бірлігінің өзіндік құны.

Берілген жағдайда барлық факторлар өздігінен, бір-біріне тәуелсіз өзгереді деген көзқарасға негізделеді. Егер пайдалы (рентабельді) өнім сатылып өткізілсе, онда пайда сатып өткізу көлеміне тура пропорционалды өзгереді. Ал егер өнім залалды болса, онда пайда сатылымдар көлеміне кері пропорционалды түрде өзгереді. Айтылып кеткендей, «директ-костинг» жүйесі - бұл шығындар жіктелуіне (тұрақты, яғни мерзімдік және айнымалы, яғни өнім бірлігіне келетін) негізделген және шығындардың түрлері, пайда болу орындары және ұстаушылары бойынша олардың есепке алынуынан, өндірістік қызметтің нәтижелерінің есепке алынуынан, сонымен қатар, шығындар мен нәтижелерді талдаудан және басқарушылық шешімдерді қабылдаудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есепке алу жүйесі.

Біздің теориямыз бен тәжірибемізде көбінесе жеке-жеке қарастырылатын есепке алудың және талдаудың әртүрлі бағыттары Батыста басқарушылық (өндірістік) есепке алудың біртұтас жүйесіне біріктіріліп жіберілген.

«Директ-костинг» жүйесін өндіріске кететін шығындарды есепке алу әдістеріне де, калькуляция әдістеріне де жатқызуға болмайды. Отандық кәсіпорындардың тәжірибесінде оның қолдану мүмкіндігі өндіріске кететін шығындарды есепке алу, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, өндірістік нәтижелерді есепке алу, шығындар мен нәтижелерді талдау және басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістерінің басқарушылық (өндірістік) есепке алудың бірыңғай жүйесіне интеграциясын болжайды. Дақ осы элементтер батыстағы басқарушылық (өндірістік) есепке алудың «директ-костинг» жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады.

Шетт елдерде пайданың өзгеріс факторларын зерделеген кезде және оның шамасын болжаған кезде жүйелік қатынасты қамтамасыз ету үшін негізінде маржиналдық табыс жатқан маржиналдық талдау қолданылады.

Маржиналдық табыс (МТ) - бұл кәсіпорынның тұрақты шығындарын (ТШ) қосқандағы пайда:

МТ = П + ТШ.

Бұдан:

П = МТ - ТШ.

Бұл формуланың көмегімен маржиналдық табыс пен тұрақты шығындардың шамалары белгілі болған жағдайда пайда сомасын есептеп алуға болады.

Пайда сомасын анықтаған кезде көп жағдайларда маржиналдық табыстың орнына түсім (Түсім) және ондағы маржиналдық табыстың үлес салмағы (Ү) қолданылады:

МТ = Түсім × Ү;

П = Түсім × Ү - ТШ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі
Банк клиенттерінің несиеқабілетігін бағалайтын қаржылық коэффициенттер
Банктік қарыз тартуды басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде меншікті несиелік қабілетін бақылау
Ағымдағы активтер ұзақ мерзімді активтер
Қысқа мерзімді қарыздар және оны ұйымдастыру
Банктік тәуекел түрлері. Функционалдық тәуекел: стратегиялық, технологиялық
Математикалық бағдарламалау
Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері
Банктердің халықаралық операциялары
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz