ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ


ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ
1. Қаржылық талдау мақсаты және міндеттері
2. Басқарушылық шешім қабылдауда қаржылық талдаудың ролі
3. Қаржы талдау мен басқарушылық талдау арасындағы өзара байланыс. Қаржы талдаудың әдістері
1. Қаржылық талдау қаржылық ресурстармен және ақша құралдарының ағынын қалыптастыру және қолдануға әсер ететін кәсіпорынның жоғарғы басқарушы буындарының шексіз құқығы болып табылады. Өнімнің бағасына, материалдар мен шикізат партиясын сатып алу мөлшеріне, технологияны және құралдарды ауыстыру қорларының көлеміне, бағаларды анықтаумен байланысты жеке басқарушылық шешеімдердің нәтижелілігі жалпы кәсіпорынның және оның экономикалық өсуі тұрғысынан алғанда бағалануы тиіс.
Қаржылық талдаудың негізгі қызметіне төмендегілер жатады:
- шаруашылық жүргізуші субъекттің нраықтық және іскерлік белсенділігіндегі қаржылық нәтижелердің, қаржылық жағдайлардың объективті бағасы;
- қаржылық жағдайға әсер ететін факторлрды анықтау және болашақта оған болжам жасау;
- қаржылық және инвестициялық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді негіздеу және әзірлеу;
- кәсіпорынның қаржылық қызметін жақсартудағы қорларды іздеу және жұмылдыру;
- жоғарыда айтып өтілген қызметтер ұйымның қаржылық басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын қаржылық талдаудың негізгі сипатын білдіреді. Ол ұтымды басқару құрылымын қалыптастыру, ақша құралдарының қозғалысын және қаржылық нәтижелерді басқару және жоспарлаудағы іс-әрекеттердің реттелген үрдісін білдіреді.
Айтып өту қажет, жалпы басқару жүйесін құрайтын барлық тәсілдер кәсіпорынның құны мен табысын ұлғайту және коммерциялық тәуекелдерді азайтуды ұтымды етіп жүргізуі керек.
Кәсіпорынмен қабылданатын қаржылық стратегия қаржылық талдаудың барлық бағыттарын қамтиды: ішкі, сыртқы, инвестициялық және қоржындық, сонымен бірге табыс әкелетін жылжымайтын мүлікті талдау. Мұнда талдаудың барлық циклдері қолданылуы мүмкін: ретроспективті (тарихи), ағымдағы, оперативті (жедел) және болашақтағы талдау.
Бюджеттік басқару жүйесін құру үрдісінде құрылымдық бөлімшелер, қаржылық жауаптылық орталықтары (шығындар, табыстар, пайда мен инвестициялар), бизнес түрлері (тауар өндіру, сату, делдалдық және тағы басқалар), сонымен бірге қызмет бағыттары (ағымдағы, инвестициялық және қаржылық) бойынша талдамалық ақпараттар қолданылады.
Қаржылық талдаудың мазмұнын кәсіпорын басшылығы (қаржылық директор, экономика және қаржы бойынша бас директордың орынбасарымен) кәсіпорын қызметінің шаруашылық - қаржылық мақсаты және талдамалық ақпаратқа деген қажеттілікке байланысты анықтайды.
Кәсіпорын қызметіне толық талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бір жылдық нәтижесіне сай жүргізіледі. Онда ұйымның, кәсіпорын немесе компанияның бірігуі және қосылу жағдайындағы банкроттыққа ұшырауына баға беріледі.
Желілік талдау қаржылық жауаптылық орталықтарының (қаржылық есептілік орталықтары), кәсіпорынның рентабельсіз бөлімшелерінің жойылуы жағдайында бюджеттендіру және бақылау жүйесінің тиімділігіне баға беру арқылы жүргізіледі.
Қаржылық талдау әдістері кәсіпорынның басшылығының алға қойған мақсатына сәйкес талдамашылар тарапынан таңдап алынады.
Әр түрлі талдау әдістерін қолдану кезінде көп түрлі факторлардың әсерлерін де есепке алу керек. Ол факторларға жоспарлау және бақылау әдістерінің қолданылу тиімділігі, бухгалтерлік есепке сенімділігі, активтер және міндеттемелерді есептеудің әртүрлі нұсқаларын қолдану шаруашылық қызметті әртараптандыру факторлары жатады.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіштер санына ие болу табылады, яғни:
- активтер мен пассивтер құрылымының өзгеруіне;
- дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысу серпініне;
- активтердің, меншікті капитал және сату көлемінің рентабельділік деңгейі және табыстар мен шығындар мөлшеріне;
- объектінің ақша ағының құрылымындағы өзгерістерге және тағы басқалар.
Бұл жағдайда талдаушы мен басқарушыны (менеджерді) кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайы және оған жақын болашақта болжам жасау мәселелері ең қызықты болып саналады.
Қаржылық талдаудың бастапқы негізі болып бухгалтерлік есеп пен есептілік көрсеткіштері табылады. Оларды зерттеу коммерциялық қызметтің барлықаспектілерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді және жиынтық түрде жүзеге асырылған операциялар талдаушы үшін қажетті агрегатталған ақпараттарды жинақтауға жағдай жасайды.
3. Тәжірибе қаржылық талдаудың негізгі әдістерін өндіріліп шығарды. Олардың арасында келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- есептілікті үйрену;
- деңгейлес талдау (горизонталды) ;
- сатылас талдау (вертикалды) ;
- трендік талдау;
- салыстармалы (кеңістікті) талдау;
- факторлы (интегралды) талдау;
- қаржылық коэффициенттер әдісі.
Бухгалтерлік есептілікті үйрену - бұл баланс көрсеткіштері бойынша, балансқа қосымшалар және табыстар мен шығындар туралы есептер бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайымен танысу болып табылады. Есептілікті үйрену - бұл талдаушының талдау субъектісі мен алдын ала танысу кезеңі болып табылады.
Ол есептілік көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның мүліктік жағдайын кәсіпорын қызметінің сипаттамасын, активтер мен пассивтер құрылымы мен құрамын білдіреді. Есептілікті үйрену үрдісінде түрлі есептілік формаларымен, олардың басқа есептілік формаларымен өзара байланысын қарастыру қажет. Сонымен, активтердің өзгерісі сату көлемімен мақсатты түрде байланысуы керек. Айтып өту керек, түрлі есептілік формалары талдау субъектісі туралы ақпаратты теңдестік болмаған күйде білдіруі мүмкін. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның есептік кезең соңындағы мүліктік жағдайын, ал табыстар мен шығындар туралы есеп есептік кезеңдегі (ширек, жылдық) өсіп отыратын қаржылық нәтижелерді көрсетеді. Сондықтан баланс бойынша басқаша беталыстар (мысалы, көрсеткіштердің төмендеуі) ал табыстар мен шығындар туралы есепте басқаша беталыстар (мысалы, сатылу көлемі мен табыстар) белгіленуі мүмкін. Көрсеткіштер серпінінің әр түрлі бағытта болуы бухгалтерлік есептілікті құру әдістемесімен немесе талдаушының талдау жүргізу барысында анықтайтын басқада ішкі және сыртқы сипаттағы факторлармен шарттасылған болу керек
Деңгейлес талдау (уақыттық) бухгалтерлік, есептіліктегі көрсеткіштерді өткен кезеңдегі көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі
Деңгейлес талдаудағы кең таралған әдістерге төмендегілер жаттады:
- есептілік статьяларын қарпайым салыстыру және олардың өзгерісін үйрену;
- басқа статьиялардың ауытқуларымен салыстыру және олардың өзгерісін үйрену.
Мұнда бір көрсетіштің өзгерісінің басқа көрсеткіштер өзгерісіне сәйкес келмеу жағдайы болатын болса көбіне назар соған аударылады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz