ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ


ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
1. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау. Еңбек уақыты қорын пайдалануын талдау. Еңбек өнімділігін талдау. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын талдау
2. Өндірістің негізіг қоррлармен қамтамасыз етілуін талдау. Негізгі қорлардын пайдалану тиімділігі мен интенсивтілігін талдау
3. Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау
1. Еңбек ресурстары пайдаланылуын талдау әдістемесі.
Еңбек ресурстарының ауқымды пайдаланылуын уақыттың талданатын кезеңі аралығында бір жұмыскермен істелінген күндер мен сағаттарының саны бойынша, сонымен қатар, жұмыс уақыты қорының пайдаланылу дәрежесі бойынша бағалауға болады. Бұндай талдау жұмыскерлердің әрбір категориясы бойынша, әрбір өндірістік бөлімше бойынша және бүкіл кәсіпорын бойынша өткізіледі.
Жұмыс уақытының қоры (ЖУҚ) жұмысшылардың санына (ЖС), бір жыл ішінде бір жұмысшымен істелінген күндерінің орташа санына (К) және жұмыс күнінің орташа ұзақтылығына (Ұ) тәуелді болады: ЖУҚ = ЖС × К × Ұ.
Егер нақты алғанда бір жұмыскер жоспармен көзделгеннен азырақ күндер мен сағаттарды істесе, онда жұмыс уақытының жоспардан артық: бүкіл күндік (БКЖ) және ауысым ішіндегі (АІЖ) жоғалтуларын анықтауға болады:
БКЖ = (Кн - Кж) × ЖСн × Ұж;
АІЖ = (Ұн - Ұж) × Кн × ЖСж.
Еңбектің өнімді емес шығындары.
Жұмыс уақытының жоғалтуларын зерделегеннен соң, еңбектің өнімді емес шығындарын анықтау керек. Олар ақауландырылған өнімді даярлау және ақауды түзету нәтижесінде, сонымен бірге, технологиялық үрдістен ауытқу есебінен жұмыс уақыты шығындарынан пайда болады. Жұмыс уақытының өнімді емес шығындарын анықтау үшін ақаудан болатын жоғалтулар жөніндегі деректер пайдаланылады.
Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты жұмыс уақытының жоғалтулары осындай себеппен үстеме ақылардың сомасын 1 сағат ішіндегі орташа жалақыға бөлу арқылы анықталады.
Жұмыс уақытының жоғалтуларын қысқарту - өнім шығарылымын көбейту резервтерінің бірі. Оны есептеу үшін кәсіпорынның кесірінен жұмыс уақытының жоғалтуларын (ЖУЖ) өнімнің жоспарлық орташа сағаттық өндіріміне (ОӨж) көбейту керек:
∆ТӨ = ЖУЖ × ОӨж.
Дегенмен, жұмыс уақытының шығындары әрдайым өнім өндірісі көлемінің азаюына әкелмейтінін ескерген жөн, себебі олар жұмыскерлер еңбегі қарқындылығының жоғарылауымен өтелуі мүмкін. Сондықтан да, еңбек ресурстардың пайдаланылуын талдаған кезде көп көңіл еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің зерделенуіне бөлінеді.
Жалақы қоры бойынша абсолюттік және салыстырмалы ауытқуды анықтау.
Жалақы қорының пайдаланылуын талдамас бұрын, ең алдымен, оның нақты шамасының жоспарлық шамасынан абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын есептеу керек.
Абсолюттік ауытқу (∆ЖҚабс) - бүкіл кәсіпорын бойынша, өндірістік бөлімшелер бойынша және жұмыскерлер категориялары бойынша еңбекке ақы төлеуге пайдаланылған нақты қаражаттарды (ЖҚн) жоспарлық жалақы қорымен (ЖҚж) салыстыру арқылы анықталады:
∆ЖҚабс = ЖҚн - ЖҚж .
Дегенмен, абсолюттік ауытқудың өзі жалақы қорының пайдаланылуын сипаттамайтынын ескерген жөн, себебі бұл көрсеткіш өнімнің өндірісі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін ескермей анықталады.
Салыстырмалы ауытқу нақты есептелінген жалақы сомасы және өнімнің өндірісі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жоспарлық қор арасындағы айырым ретінде есептелінеді.
Айнымалы және тұрақты жалақының өзгеру себептері.
Еңбекке ақы төлеудің тұрақты бөлігінің өзгеру себептерін талдау керек. Оған мерзімді-жұмысшылардың, қызметкерлердің, балабақшалар, санаторийлер және т. с. с. жұмыскерлерінің жалақылары, сонымен қатар үстеме ақылардың барлық түрлері кіреді. Жұмыскерлердің бұл категориясының жалақы қоры олардың орташа тізімдік санына және уақыттың сәйкес аралығындағы орташа табысына тәуелді болады. Мерзімді-жұмысшылардың орташа жылдық жалақысы, бұдан басқа, бір жылдағы бір жұмысшының істеген күндерінің орташа санына, жұмыс ауысымының орташа ұзақтылығына және орташа сағаттық табысқа тәуелді болады.
Мерзімді жалақының қоры бойынша абсолюттік ауытқуды детерминирленген факторлық талдау үшін келесі үлгілер пайдаланылуы мүмкін:
ЖҚ = ЖС × ЖЖ,
ЖҚ = ЖС × К × КЖ,
ЖҚ = ЖС × К × Ұ × СЖ.
Бұл факторлардың ықпалы абсолюттік айырымдар тәсілі арқылы есептелуі мүмкін. Орташа жылдық табыстың, сонымен қатар, еңбекке ақы төлеу қорының төмендеуі бір жылдағы бір жұмысшымен істелінген уақыт мөлшерінің азаюымен түсіндіріледі. Орташа сағаттық ақы төлеудің өсуі құнсыздануға байланысты тарифтік мөлшерлемелердің жоғарылауы нәтижесінде жүзеге асты.
Құнсыздануды ескере отырып, кәсіпорын персоналы еңбегіне ақы төлеудің деңгейін талдау.
Қызметкерлердің жалақы қоры басқарушылық персоналдың саны және орташа жылдық жалақы есебінен өзгеруі мүмкін.
Жалақы қоры пайдаланылуын талдау кезінде кәсіпорын қызметкерлерінің орташа табыстары, оның өзгерісі, оның деңгейін анықтайтын факторлар жөніндегі деректердің маңызы зор болады.
Сондықтан да, кейінгі талдау категориялар мен мамандықтар бойынша, сонымен бірге, бүкіл кәсіпорын бойынша бір жұмыскердің орташа жалақысының өзгеру себептерін зерделеуге бағытталуы тиіс. Бұнда орташа жылдық жалақы бір жылдағы бір жұмыскермен істелінген күндер санына, жұмыс ауысымы ұзақтылығына және орташа сағаттық жалақыға тәуелді болатынын ескеру керек:
ЖЖҚ = К × Ұ × СЖ.
Бұл факторлардың жұмыскерлердің категориялары бойынша орташа жылдық жалақы деңгейінің өзгеруіне ықпалын есептеу абсолюттік айырымдар тәсілі арқылы жүзеге асады.
Еңбек өнімділігінің өсу қарқындары мен оған ақы төлеудің деңгейі арасындағы қатынасты зерделеу.
Талдау барысында орташа жалақының өсу қарқындары мен еңбек өнімділігі арасындағы сәйкестікті орнату керек. Кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін, қажетті пайда мен пайдалылықты (рентабельділікті) алу үшін еңбек өнімділігінің өсу қарқындары оған ақы төлеудің өсу қарқындарын озуы керек. Егер бұл принцип ұсталынбаса, онда жалақы қорының артық шығындалуы, өнімнің өзіндік құнының жоғарылауы және, сәйкесінше, пайда сомасының азаюы пайда болады.
Уақыттың қандай-да бір аралығындағы (жыл, ай, күн, сағат) жұмыс істейтіндердің орташа табысының өзгеруі оның Iот индексімен сипатталады. Ол есеп беру кезеңіндегі орташа жалақының (ОЖ1) базистік кезеңдегі орташа жалақыға (ОЖ0) қатынасы ретінде табылады.
Осыған ұқсас еңбек өнімділігінің индексі (Iеө) есептелінеді.
Еңбек өнімділігі қарқындарының еңбекке ақы төлеудің қарқындарын озу коэффициенті (Козу) мынаған тең болады:
Козу = Iеө / Iож.
Еңбек өнімділігінің өсу қарқындары мен оған ақы төлеудің өсу қарқындары арасындағы қатынастың өзгеруі есебінен болатын жалақының үнемдеу (-Ү) немесе артық шығындау (+Ү) сомасын табу үшін келесі формуланы қолдануға болады:
±Ү = ЖҚн × (Iож - Iеө) - Iож.
Құнсыздану жағдайында орташа жалақының өсу индексін талдаған кезде тұтынушылық тауарлар мен қызметтерге талданатын кезеңдегі бағалардың өсу индексін (Iб) ескерген жөн:
I = (ОЖ1 / ОЖ0) × Iб.
Еңбекке ақы төлеудің қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін бағалау үшін қолданыстағы бағалармен берілген жалпы, тауарлық өнімнің көлемі, жалақының 1 теңгесіне келетін пайда сомасы және т. б. сияқты көрсеткіштерді пайдалану керек.
Еңбек өнімділігін талдау.
Еңбек өнімділігінің жалпылама, дербес және қосалқы көрсеткіштерінің жүйесі. Оларды есептеудің реті. Орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өндірімнің өзгеру факторлары. Олардың ықпалын есептеу әдістемесі. Еңбек өнімділігінің өсу резервтерінің көздері және реті.
Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жалпылама, дербес және қосалқы көрсеткіштердің жүйесі пайдаланылады.
Жалпылама көрсеткіштерге бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндірімі, сонымен қатар, құндық түрдегі бір жұмыс істейтінге шаққандағы орташа жылдық өнім өндірімі.
Дербес көрсеткіштер - бұл белгілі бір түрдегі өнімнің бірлігін өндіру үшін уақыт шығындары (өнімнің еңбек сиымдылығы) немесе бір адам-күні не адам-сағаты ішінде табиғи түрде өрнектелген өнімнің белгілі бір түрінің шығарылымы жатады.
Қосалқы көрсеткіштер жұмыстардың белгілі бір түрінің бірлігін орындау үшін уақыт шығындарын немесе уақыттың бірлігі ішіндегі көлемді сипаттайды.
Еңбек өнімділігінің ең жалпылаушы көрсеткіші - бұл бір жұмыс істейтіннің орташа жылдық өнім өндірімі. Оның шамасы жұмысшылардың өндіріміне ғана байланысты емес, сонымен қатар, соңғылардың өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жалпы санындағы үлес салмағына, олардың істеп қойған күндер санына және жұмыс күнінің ұзақтылығына тәуелді болады. Бұдан бір жұмыс істейтіннің орташа жылдық өнім өндірімін келесідей факторлардың көбейтіндісі ретінде келтіруге болады:
ЕӨ = ҮС × К × Ұ × СӨ.
Орташа сағаттық өндірімнің өзгерісі еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі және жұмысшылардың орташа күндік және орташа жылдық өндірім деңгейі тәуелді болатын фактор ретінде міндетті түрде талданады. Бұл көрсеткіштің шамасы өнім еңбек сиымдылығының және оның бағалану құнының өзгерісімен байланысты факторларға тәуелді болады. Факторлардың бірінші тобына мынадай көрсеткіштер жатады: өндірістің техникалық деңгейі, өндірістің ұйымдастырылуы, ақаумен және оны түзетумен байланысты уақыттың өнімді емес шығындары. Екінші топқа өнім құрылымының және кооперацияланған жеткізілімдердің өзгерісі есебінен өнім өндірісінің құндық бағамен берілген өзгерісімен байланысты факторлар жатады. Бұндай факторлардың орташа сағаттық өндірімге ықпалын есептеу үшін тізбекті қойылымдар тәсілі пайдаланылады. Орташа сағаттық өндірімнің жоспарлық және нақты деңгейінен басқа, оның шамасының үш шартты көрсеткішін есептеу керек.
Орташа сағаттық өндірімнің шартты көрсеткіштері.
Орташа сағаттық өндірімнің бірінші шартты көрсеткіші жоспармен салғастырылған жағдайларда (өнімді істелген уақыт үшін, өнімнің жоспарлық құрылымы кезінде және өндірістің жоспарлық техникалық деңгейі кезінде) есептелуі керек. Бұл көрсеткішті алу үшін тауарлық өнім өндірісінің нақты көлемін құрылымдық ығысулар және кооперацияланған жеткізілімдер нәтижесінде оның өзгеріс шамасына (∆ЖӨқұр) түзету керек, ал істеліп қойылған күндердің санын - уақыттың өнімді емес шығындарына (Төн. емес) және ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) алдынала анықтап алынатын шарасын енгізуден болатын уақыттың жоспардан артық үнемделуіне (Тү) түзету керек. Есептеу алгоритмі:
ОСӨш1 = (ЖӨн ± ∆ЖӨқұр) / (Тн - Төн. емес ± Тү) .
Егер алынған нәтижені жоспарлықпен салыстыратын болсақ, онда оның еңбек ұйымдастырылуына байланысты еңбек қарқындылығы есебінен қалайша өзгергендігін білеміз, себебі басқа барлық жағдайлар бірдей.
Екінші шартты көрсеткіш біріншіден оны есептеген кезде еңбек шығындары Тү көрсеткішіне түзетілмейтінімен өзгешеленеді:
ОСӨш2 = (ЖӨн ± ∆ЖӨқұр) / (Тн - Төн. емес) .
Алынған және алдыңғы нәтиже арасындағы айырым орташа сағаттық өндірімнің ҒТП шараларын енгізумен байланысты уақыттың жоспардан артық үнемдеу есебінен өзгеруін көрсетеді.
Үшінші шартты көрсеткіш екіншіден бөлімі уақыттың өнімді емес шығындарына түзетілмейтіндігімен өзгешеленеді:
ОСӨш3 = (ЖӨн ± ∆ЖӨқұр) / Тн.
Үшінші мен екінші шартты көрсеткіштер арасындағы айырым уақыттың өнімді емес шығындарының орташа сағаттық өндірім деңгейіне ықпалын бейнелейді.
Егер үшінші шартты көрсеткішті нақты көрсеткішпен салыстыратын болсақ, өнім өндірісінің құрылдымдық ығысулары есебінен орташа сағаттық өндірім қалайша өзгергендігін білеміз.
Факторлардың орташа сағаттық өндірім деңгейіне ықпалын зерделеуде корреляциялық-регрессиялық талдау тәсілдері үлкен рөл атқарады.
Орташа сағаттық өндірімнің көп факторлық корреляциялық үлгісіне келесідей факторларды кіргізуге болады: еңбектің қормен қарулануы және энергиямен қарулануы; жоғары біліктілігі бар жұмысшылардың пайызы; жабдық қызмет етуінің орташа мерзімі; жабдықтың жалпы құнындағы прогрессивті жабдықтың үлесі және т. с. с. Көпшілік регрессия теңдеуінің коэффициенттері абсолюттік түрде өрнектелген бірлікке келетін әрбір факторлық көрсеткіштің өзгерістері кезінде орташа сағаттық өндірім қанша теңгеге өзгеретінін көрсетеді. Осы факторлардың есебінен жұмысшылардың орташа сағаттық өндірімі қалай өзгеретінін білу үшін орташа сағаттық өндірімнің алынған өсімдерін бір жұмысшымен істелініп қойған адам-сағаттарының нақты санына көбейту керек:
∆ЕӨ'xi = ∆СӨxi × Кн × Ұн.
Олардың жұмыскердің орташа сағаттық өндіріміне ықпалын анықтау үшін жұмысшылардың орташа сағаттық өндірімінің алынған өсімдерін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жалпы санындағы жұмысшылардың нақты үлес салмағына көбейту керек:
∆ЕӨxi = ∆ЕӨ'xi × ҮСн.
Бұл факторлардың өнім шығарылымы көлеміне ықпалын есептеу үшін i-ші фактордың есебінен жұмыскердің орташа сағаттық өндірімінің өсімін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың нақты орташа тізімдік санына көбейту керек:
∆ЖӨxi = ∆ЕӨxi × ӨӨПн,
немесе i-ші фактордың есебінен жұмыскердің орташа сағаттық өндірімінің өзгерісін жұмыс күні ұзақтылығының, бір жылда бір жұмысшымен істелінген күндер санының, жұмыскерлердің жалпы санындағы және кәсіпорын жұмыскерлерінің орташа тізімдік санындағы жұмысшылардың үлес салмағының нақты шамасына көбейту керек:
∆ЖӨxi = ∆СӨxi × Ұн × Кн × ҮСн × ӨӨПн.
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz