ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КӨЛЕМІН ТАЛДАУ


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КӨЛЕМІН ТАЛДАУ

1. Өндірістік нәтижелерін талдаудың міндеттері және көздері

2. Өнім өндіру және жүзеге асыру көлемінің динамикасы, ассортименті және түрлері бойынша талдау

3. Өнім көлеміне факторлардың әсерін талдау және құрылымның қозғаласын талау. Өнімнің төлемқабілеттілікті талдау

1. Өнімнің өзіндік құны өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Оның деңгейіне кәсіпорын қызмет етуінің қаржылық нәтижелері, кеңейтілген ұдайы өндіріс қарқындары, шаруашылық жүргізетін субъекттердің қаржылық жағдайы тәуелді болады.

Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын талдау аса маңызды мәселе болып табылады. Оның арқасында берілген көрсеткіштердің, оның деңгейі бойынша жоспар орындалуының өзгеру тенденцияларын айқындауға, оның өсіміне факторлардың ықпалын анықтауға болады және осының негізінде мүмкіндіктерді пайдалануы жөніндегі кәсіпорын жұмысына баға беруге және өнімнің өзіндік құнын төмендетудің резервтерін орнатуға болады.

Келесі көрсеткіштер өнімнің өзіндік құнын талдаудың объекттері болып табылады:

 тауарлық өнімнің жалпы алғанда және шығындар элементтері бойынша толық өзіндік құны;

 тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар;

 салыстырылатын тауарлық өнімнің өзіндік құны;

 жеке бұйымдардың өзіндік құны;

 шығындардың жеке элементтері және баптары

2. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі мәселесі - бұл халық сұранысын жоғары сапалы өніммен мүмкіндігінше толығырақ қамтамасыз ету. Өнім өндірісі көлемінің өсу қарқындары, оның сапасының жоғарылауы кәсіпорын шығындарының, пайдасының және пайдалылығының (рентабельділігінің) шамасына тікелей ықпалын тигізеді.

Сондықтан, өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысының талдауын өнім шығарылымының көрсеткіштерін зерделеуден бастайды . Оның негізгі мәселелері:

 жоспардың орындалу деңгейін және өнімді өндіру мен сатып өткізу динамикасын бағалау;

 бұл көрсеткіштер шамаларының өзгерісіне факторлардың ықпалын анықтау;

 өнім шығарылымы мен сатып өткізілуін жоғарылатудың шаруашылық ішіндегі резервтерін айқындау;

 айқындалған резервтерді меңгеру бойынша шараларды жасап шығару.

Өнеркәсіптік өнімнің өндіріс көлемі табиғи, шартты-табиғи және құндық өлшеуіштер арқылы өрнектелуі мүмкін. Өнім көлемінің жалпылама көрсеткіштерін құндық бағалау арқылы көтерме баға түрінде алады. Өндіріс көлемінің негізгі көрсеткіштері - бұл тауарлық және жалпы өнім.

Жалпы өнім - бұл аяқталмаған өндірісті ескергендегі барлық өндірілген өнім мен орындалған жұмыстардың құны. Әдетте салыстырмалы бағалармен өрнектеледі.

Тауарлық өнім - жалпы өнімнен оған аяқталмаған өнімнің қалдықтары мен шаруашылық ішіндегі айналым кірмейтінімен айырықшалынады. Есеп беру жылындағы қолданыстағы көтерме бағалармен өрнектеледі. Өзінің құрамы бойынша көптеген кәсіпорындарда егер шаруашылық ішіндегі айналым мен аяқталмаған өндіріс жоқ болған жағдайда, тауарлық өніммен сәйкес келеді.

Өнімді сатып өткізу көлемі қолданыстағы бағалармен (көтерме, келісімді) анықталады. Тиеліп қойылған және сатып алушылармен ақысы өтелген сатып өткізілген өнімнің құнын құрайды.

Өндірістік бағдарламаның орындалуын бағалау үшін өндіріс көлемінің табиғи көрсеткіштерінің (даналар, метрлер, тонналар және т. с. с. ) де маңызы зор. Оларды өндіріс көлемін біртекті өнімнің жеке түрлері бойынша талдаған кезде қолданады.

Шартты-табиғи көрсеткіштер, құндық көрсеткіштер секілді, өнім өндірісінің көлемдеріне жалпылама сипаттама беру үшін қолданылады. Мысалға, консервтік зауыттарда мың шартты банкі, жөндеу кәсіпорындарында - шартты жөндеулер саны сияқты көрсеткіштер қолданыс тапқан.

Өнімнің өндірілуі мен сатып өткізілуін талдау үшін ақпарат көздері - бұл кәсіпорынның бизнес-жоспары, жедел жоспар-графиктер, нысан №1-п (жылдық) «Өнім бойынша есеп беру» есеп беру қағазы, нысан №1-п (тоқсандық) «Өнеркәсіптік кәсіпорынның (бірлестіктің) ассортимент бойынша өнімнің жеке түрлерін шығару жөніндегі кварталдық есеп беруі», нысан №1-п (айлық) «Өнеркәсіптік кәсіпорынның (бірлестіктің) өнім бойынша жедел есеп беруі», нысан №2 «Пайда мен залал жөніндегі есеп беру», №16 ведомосы «Дайын бұйымдардың қозғалысы, оларды тиеу және сатып өткізу» және т. б.

Өндіріс көлемін талдау жалпы және тауарлық өнімнің динамикасын зерделеуден, базистік және тізбекті өсу мен өсімднің қарқындарын есептеуден басталады.

Өсудің (өсімнің) орташа жылдық қарқынын орташа геометриялық және орташа арифметикалық көрсеткіш бойынша есептеуге болады.

Аса көрнектілік үшін тауарлық өнімнің динамикасын график түрінде бейнелеуге болады.

Есеп беру кезеңіндегі (ай, квартал, жыл) жоспардың орындалуын бағалау деректер бойынша жүргізіледі. Өнім шығарылымын жедел талдау көлем, ассортимент, сапа бойынша өнім шығарылымы жөніндегі ай басынан бастап қорытындысы өсетін түрде бір күндік жоспарлық және нақты мәліметтер, сонымен қатар, жоспардан болған ауытқулар көрсетілетін есептеудің негізінде жүзеге асады.

Диаграмма 1 - 2000 жылдан 2004 жылға дейінгі аралықта тауарлық өнімнің динамикасы

Халықтың қажеттіліктерін одан да толығырақ деңгейде қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын өзінің жоспарын өнімнің жалпы көлемі бойынша ғана емес, сонымен қатар, ассортимент ( номенклатура) бойынша да орындауы тиіс. Кәсіпорын үшін мемлекеттік қажеттіліктерге тауарларды жеткізу жөніндегі келісімдерді орындаудың маңызы аса зор. Бұл кәсіпорынға өнімнің сатып өткізілуіне, ақысының дер кезіндегі өтелуіне, салықтар, несиелер бойынша жеңілдіктерге және т. с. с. кепілдік береді.

Номенклатура - ТМД аймағында қолданыс тапқан өнеркәсіптік өнімнің одақтық классификатордағы (ӨӨОК-дағы) тауарлар түрлеріне сәйкес келетін бұйымдар және олардың кодтары атауларының тізімі.

Ассортимент - әрбір түрі бойынша шығарылым көлемін ескерілген өнім атауларының тізімі. Ол толық, топтық және топ ішіндегі болуы мүмкін.

Номенклатура бойынша жоспардың орныдалуын талдау негізгі тізімге (мемлкеттік тапсырыс) енгізілген бұйымдар боцынша өнімнің нақты және жоспарлық шығарылымын салыстыруға негізделген.

Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау келесі белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін:

а) ең аз пайыз тәсілі бойынша;

ә) өнімнің шығарылым жоспары жасалған бұйымдар атауларының жалпы тізіміндегі үлес салмағы бойынша;

б) жоспар шеңберіндегі өнімнің жалпы нақты шығарылымын өнімнің жалпы жоспарлық шығарылымына бөлу арқылы табылатын орташа пайыз көмегімен (жоспардан артық даярланған өнім немесе жоспармен ескерілмеген өнім ассортимент бойынша жоспардың орындалуына жатпайды) .

Ассортимент бойынша жоспардың жеткіліксіз орындалу себептері ішкі және сыртқы болуы мүмкін.

Сыртқыларға жататындар: нарықтың конъюнктурасы, өнімнің жеке түрлеріне сұраныстың өзгеруі, материалдық-техникалық қамсыздандырудың жағдайы, кәсіпорынға тәуелді емес себептер есебінен өндірістік қуаттарының уақытында іске қосылмауы.

Ішкі себептер: өндірістің ұйымдастырылуындағы кемшіліктер, жабдықтардың нашар техникалық жағдайы, оның тұрып қалулары, апаттар, электроэнергияның жетіспеушілігі, өндірістің мәдениетінің төмендігі, басқару және материалдық ынталандыру жүйесіндегі кемшіліктер.

Өнім құрылымын талдау.

Өнім өндірісі құрылымының құндық түрдегі оның шығарылым көлеміне және басқа да экономикалық көрсеткіштерге ықпал ету механизмі. Өндіріс құрылымының әртүрлі тәсілдермен шығарылған өнім құнының өзгеруіне ықпал етуін есептеу әдістемесі.

Өнімнің жеке түрлері бойынша жоспар орындалуының біртекті болмауы оның құрылымының, яғни жалпы шығарылымдағы жеке бұйымдар қатынастарының өзгеруіне әкеп соғады. Құрылым бойынша жоспарды орындау - яғни өнімнің нақты шығарылымында оның жеке түрлерінің жоспарланып қойылған қатынастарын сақтау.

Өндіріс құрылымының өзгеруі барлық экономикалық көрсеткіштерге: құндық бағамен берілген шығарылым көлеміне, материал сиымдылығына, тауарлық өнімнің өзіндік құнына, пайдаға, пайдалылыққа (рентабельділікке) үлкен ықпалын тигізеді. Егер қымбатырақ өнімнің үлес салмағы көбейсе, онда оның құнмен берілген шығарылым көлемі өседі және керісінше. Тура осындай жағдай пайдалылығы (рентабельділігі) жоғары өнімнің үлес салмағы көбейген кезде, және, сәйкесінше, пайдалылығы (рентабельділігі) төмен өнімнің үлесі азайған кезде пайданың мөлшеріне де қатысты қайталанады.

Өндіріс құрылымының атап өтілген көрсеткіштердің деңгейіне ықпалын тізбекті қойылым тәсілі арқылы есептеуге болады.

Тура осындай нәтижені бұдан қарапайымырақ тәсілмен алуға болады, егер құндық және шартты-табиғи түрде (норма-сағатпен көрсетілуі мүмкін) өрнектелген өнім өндірісі бойынша жоспардың орындалу деңгейлері арасында айырымды алып, оны құндық түрде өрнектелген жалпы өнімнің жоспарланып қойылған шығарылымына көбейтсе.

Құндық түрдегі өнім өндірісінің көлеміне құрылымдық фактордың ықпал етуін есептеу үшін абсолюттік айырымдар тәсілін де пайдалануға болады. Алдымен, 1 туба бағасының орташа деңгейі (∆Бқұр) құрылым есебінен қалайша өзгеретінің анықтау керек. Алынған нәтижені табиғи түрдегі өнім өндірісінің жалпы нақты көлеміне көбейту арқылы құндық түрдегі тауарлық өнім көлемінің өзгерісін анықтаймыз:

∆Бқұр = (∑(ҮСнi - ҮСжi) × Бжi) / 100%;

∆ЖӨқұр = ∆Бқұр × Vн. жал

Құрылымдық фактордың өнім өндірісі көлеміне ықпалының есептелуі орташаландырылған бағалар арқылы да жасалына алады. Бұл үшін өнімнің нақты құрылымы кезіндегі орташаландырылған баға анықталып алынады, содан кейін, жоспарлық құрылым кезіндегісі анықталады және олардың арасындағы айырым шартты-табиғи түрдегі өнім өндірісінің нақты жалпы көлеміне көбейтіледі:

∆Бқұр = (∑(Бжi × ҮСнi) ) / 100% - (∑(Бжi × ҮСжi) ) / 100%.

Өндірілген өнімнің сапасын талдау.

Өнім сапасы өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Оның жоғарылауы еңбек және материалдық ресурстардың үнемделуін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, қоғам қажеттіліктерін толығырақ мөлшерде қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Өнім сапасының жоғары деңгейі оған сұраныстың жоғарылауына және пайда сомасының сатылым көлемдерінің есебінен ғана есем, биік бағалардың есебінен де көбеюіне жәрдемдеседі.

Өнім сапасы - бұл бұйымның параметрлік, пайдаланушылық, тұтынушылық, технологиялық, дизайнерлік қасиеттерін, оның стандартизациялану және унификациялану деңгейін, беріктілігін және төзімділігін сипаттайтын түсінік. Өнім сапасының жалпылама, жеке (индивидуалдық) және жанама көрсеткіштерін айыруға болады.

Жалпылама көрсеткіштер бүкіл өндірілген өнімнің сапасын оның түрі мен тағайындалуына тәуелсіз сипаттайды:

а) жалпы шығарылымындағы жаңа өнімнің үлес салмағы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы және жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Нарықтық экономика жағдайында Бизнес-жоспардың тиімділігін анықтау ТШО ЖШС мысалында
Кәсіпорын қызметіне экономикалық талдау
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялар
Шешімдерді қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі
Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы
Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz