ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ. Өнімнің өзіндік құның талдау міндеттері мен маңызы



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

1. Өнімнің өзіндік құның талдау міндеттері мен маңызы
2. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен құрамы
3. Өнім өндіру мен өткізуге кеткен шығындарды талдау. Өзіндік құнды калькуляция баптары бойынша талдау. Жеке өнім түрлері бойынша өзіндік құнды талдау

1. Өнімнің өзіндік құнын зерделеудің ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі үшін маңызы аса зор. Басқарушылық шешімдерді жасап шығару және жүзеге асыру ұйым қызметінің қандай-да бір саласындағы іс-қимылдарының жағдайы жөніндегі сәйкес ақпаратқа негізделеді. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтарын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттайтын аса маңызды сапалық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өзіндік құнның деңгейі өнімнің көлемі мен сапасымен, жұмыс уақытының, шикізаттың, материалдардың, жабдықтардың пайдаланылуымен, еңбекке ақы төлеу қорының шығындалуымен және т.с.с. байланысты.

2.Ақпарат көздері: Кәсіпорынның (ұйымның) өнім (жұмыстар, қызметтер) өндірісі және сатып өткізілуіне кеткен шығындары жөніндегі есеп беру, өнімнің өзіндік құнының жоспарлық және есептік калькуляциялары, негізгі және қосалқы өндірістер бойынша шығындарды синтетикалық және аналитикалық есепке алу деректері және т.с.с.
Кәсіпорындардағы өзіндік құнды жоспарлау және есепке алу шығындар элементтері және шығындардың калькуляциялық баптары бойынша жүргізіледі.
Шығындар элементтері: материалдық шығындар (шикізат пен материалдар, сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдары және жартылай фабрикаттар, отын, электр энергиясы, жылу энергиясы және т.с.с.), еңбекке ақы төлеу шығындары, әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер, негізгі қорлардың амортизациясы және басқа да шығындар (материалды емес активтердің тозуы, жалгерлік төлем, міндетті сақтандыру төлемдері, банк несиелері бойынша пайыздар, өнімнің өзіндік құнына кіргізілетін салықтар, бюджеттен тыс қорларға төлемдер және т.б.).
Элементтер бойынша шығындардың топтастырылуы материал сиымдылығын, энергия сиымдылығын, еңбек сиымдылығын, қор сиымдылығын зерделеу үшін және техникалық прогрестің шығындар құрылымына ықпалын анықтау үшін қажет. Егер жалақының үлесі азайса, ал амортизация үлесі көбейсе, онда бұл кәсіпорынның техникалық деңгейінің жоғарылағаны, еңбек өнімділігінің өсуі туралы білдіреді. Жалақының үлес салмағы азаяды, егер де сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдардың, жартылай фабрикаттардың үлес салмағы көбейетін болса, себебі бұл жағдай кооперация мен мамандандырылу деңгейінің жоғарылағандығын көрсетеді.
Тағайындалуы бойынша, яғни калькуляция баптары бойынша шығындардың топтастырылуы ресурстар қайда, қандай мақсаттарға және қандай мөлшерде шығындалғанын бейнелейді. Ол көп номенклатуралы өндірісте бұйымдардың жеке түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін, шығындардың шоғырлану орталықтарын анықтау және оларды қысқарту резервтерін іздестіру үшін қажет.

3.Калькуляцияның негізгі баптары: шикізат пен материалдар, қайтарыланатын қалдықтар (алып тасталынады), сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, технологиялық мақсаттарға отын мен энергия, өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы, өндірістік жұмысшылардың әлеуметтік және дәрігерлік сақтандыруға төлемдер, машиналар мен жабдықтарды күту мен пайдалануға кететін шығындар, жалпы өндірістік шығындар, жалпы шаруашылық шығындар, ақаудан болатын жоғалтулар, басқа да өндірістік шығындар, коммерциялық шығындар.
Сонымен қатар, тікелей және жанама шығындарды айруға болады. Тікелей шығындар өнімнің белгілі бір түрлерін өндірумен байланысты (шикізат, материалдар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы және т.б.). Олар калькуляцияның қандай-да бір объектіне тікелей жатады. Жанама шығындар өнімнің бірнеше түрлерін өндірумен байланысты және калькуляция объекттеріне сәйкес базаға (жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысына немесе бүкіл тікелей шығындарға, өндірістік алаңға және т.с.с.) пропорционалды түрде үлестірілу арқылы жатқызылады. Жанама шығындардың мысалы ретінде жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындарды, негізгі қорларды күту шығындарын және т.б. келтіруге болады.
Нарықтық экономикада шығындарды айқын және айқын емес (имплициттік) етіп жіктейді. Айқын шығындар - бұл өндіріс факторларының және аралық бұйымдардың жеткізушілеріне тікелей төлемдер нысанын қабылдайтын баламалық (альтернативтік) шығындар. Айқын шығындарға жұмысшылардың, менеджерлердің, қызметкерлердің жалақылары, сауда фирмаларына комиссиялық төлемдер, банктерге, сонымен бірге, қаржылық және материалдық қызметтердің басқа да жеткізушілеріне төлемдер, көлік шығындарын өтеу және көптеген басқа да шығындар. Айқын емес (имплициттік) шығындар - фирма иелері меншіктенетін немесе заңдық тұлға ретіндегі фирма меншігінде болатын ресурстарды пайдаланудың баламалық (альтернативтік) шығындар. Бұндай шығындар айқын шығындарға міндетті болатын келісім-шарттарда ескерілмейді және бухгалтерлік есепте бейнеленбейді, әйтсе де, бұған қарамастан олар өзінің нақтылығын жоғалтпайды. Мысалы, фирма оның иесіне меншіктенген үй-жайды пайдаланады, және осы жағдайда ол ешкімге ештеңені төлемейді. Яғни, имплициттік шығындар бұл ғимаратты кімге болмасын жалға беруден түсетін ақшалай төлемдерін алу мүмкіндіктеріне тең болады.
Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның барлық шығындарын тұрақты және айнымалы қылып бөлуге болады. Тұрақты шығындар (амортизация, үй-жайлардың жалы, мүлікке салынатын салық, жұмысшылар еңбегінің мерзімдік ақысы, әкімшілік-шаруашылық аппаратының жалақысы және сақтандыруы) өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде тұрақты болып қалады, ал айнымалы шығындар болса (өндірістік жұмысшылардың кесімді жалақысы, шикізат, материалдар, технологиялық отын, электр энергиясы) өнім өндірісінің көлеміне пропорционалды өзгереді.
Тұрақты және айнымалы шығындардың кезіндегі шығындар желісі (линиясы) - бұл бірінші дәрежедегі теңдеу:

Y = a + bx,

мұндағы Y - өнім өндірісіне шығындар сомасы;
a - тұрақты шығындардың абсолюттік сомасы;
b - өнім (қызмет) бірлігіне айнымалы шығындардың мөлшерлемесі;
x - өнім өндірісінің көлемі.

Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындарды талда
Өнімнің өзіндік құнының маңызды жалпылама көрсеткіші - тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындары. Бұл көрсеткіш тің тиімді жақтары мынадай: біріншіден, ол өте әмбебап, яғни өндірістің кезкелген саласында есептеліне алады, екіншіден, ол өзіндік құн мен пайда арасындағы байланысты аса көрнекі түрде көрсетеді. Оны санау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы
Басқарушылық есеб
Нақты бір ұйымдағы өнім өндірісі шығындарының есебін, оған әсер ететін факторларды анықтап, талдау жүргізу
Сомасы ағаш шығыны опилка шығыны
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі
Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Көмекші өндіріс шығындарының есебі
Шығындар есебінің аудиті
Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы туралы
Пәндер