ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ, ОБЪЕКТІСІ, ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ, ОБЪЕКТІСІ, ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
1. Экономикалық талдаудың мазмұны, индукция және дедукция әдістері, себеп сылтау байланыстары
2. Экономикалық талдаудың пәні және объектісі
3. Экономикалық талдаудың мақсаты, міндеттері және көрсеткіштері

1. 2014 жылғы 17 қаңтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауыyында Үкімет пен Ұлттық банкке осы жылға арналған нақты тапсырмалар берді.
Бірінші. Үкімет биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс.
Екінші. Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4 пайызға дейін төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын.
Үшінші. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеуі қажет.
Төртінші. Үкімет Самұрық-Қазына қорымен бірлесіп, мемлекеттің қатысы бар барлық компанияларға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорындар тізімін анықтауы керек. Тура осындай жұмысты қалған мемлекеттік секторларда да жүргізу қажет. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылдануға тиіс.
Бесінші. Үкімет жылдың соңына дейін Астана және Алматы қалаларында агломерациялар қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы жобасын әзірлеуі керек.
Алтыншы. Үкімет халықаралық сауданы іске асыру кезіндегі кедергілерді алып тастау мәселелерін қарастыра отырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлесін.
Жетінші. Төртінші мұнай өңдеу зауыты мен атом электрстансасының орны, инвестициялар көзі мен құрылыс мерзіміне қатысты мәселелерді Үкімет биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін шешкені жөн.

Экономикалық талду басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қзмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.
Шаруашылық субъектінің статусының жоғарылауы олардың адында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көзін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау қажет.
Табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді зерттеуді талдаусыз жүргізу мүмкін емес. Талдау терминінің өзі гректің analyzis деген сөзінен шыққан, аудармасында бөлшектерге бөлемін дегенді білдіреді. Демек, талдау шағын мағынада құбылыстар мен заттарды зерттеу үшін оларды құраушы бөлшектерге бөлемін дегенді білдіреді. Мұндай бөлшектеу зерттелетін заттың, құбылыстың, процестің ішіне үңілуге, оның әр бөлшегінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, өнімнің өзіндік құнының мәнін ұғу үшін оның тек қандай элементтерден құралатынын ғана емес, сондай-ақ әр шығын бабы мөлшерінің неге байланыстылығын білу керек. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен оған әсер ететін факторлар дәлірек қарастырылған сайын, біз бұл экономикалық құбылыс жайында көбірек білетін боламыз және өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын анағұрлым жақсы басқара аламыз.
Сонымен қатар, қоршаған ортаның көптеген құбылыстары мен процестері тек анализ көмегімен ғана таныла алады деп айта алмаймыз. Кей кездерде адамның ойлау қабілеттілігіне сай келетін басқа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл мағынада талдауға зерттелетін заттың әртүрлі бөлшектері арасындағы байланысты табатын синтез жақын келеді. Қазіргі кездегі диалектика шындықты зерттеудің ғылыми әдістері ретінде талдау мен синтездің бірлігінен шығады. Тек талдау мен синтез ғана біріккен күйде құбылыстардың жан-жақты диалектикалық байланысының ғылыми зерттелуін қамтамасыз етеді.
Сонымен, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.
Ғылым мен тәжірибеде талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б. Олар тәсіл, мақсат және объектілері бойынша ерекшеленеді. Физикалық, химиялық және басқа да талдауларға қарағанда экономикалық талдау экономикалық құбылыстардың абстракті-логикалық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдану мүмкін емес, тек абстракция күші ғана қолданыла алады.
Экономикалық талдау пәні осы қойылған тапсырмаларды оындауға керекті әдістемелік соның ішінде қолайлы әдістер мен тәсілдерді қарастырады.
Экономикалық талдау ақпарат жинақтау мен шешім қабылдау арасындағы орын алады. Ақпарат мұқтаждығы мен талдау арасында өзара байланыстылық бар. Ақпарат мазмұны мен көлемі талдаудың міндеттері мен көлемін анықтайды. Талдау барысында алынған мәліметтер жаңа ақпараттарға мұқтаждықты пайда етеді. Басқарушылық шешімдерді қабылдауға негіз жоспарлық, есептік және басқа да ақпарат ұстаушылары болады. Талдау нітижелері бойынша қызметке баға беріледі, оның кемшіліктері, резервтері анықталады, оларды жою жолдары көрсетіледі. Осы істің сәттілігі басқарушылық шешімдердің дұрыстығы мен уақыттылығына байланысты болады. Өндіріс дамуының себептік-факторлық байланыстары туралы ақпарат неғұрлым сапалы болған сайын, оның пайдалануы неғұрлым дер кезінде болған сайын талдау ықпалы соғұрлым жоғары болады.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің бүкіл кешенін қамти отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны. Факторлық талдау әдісі
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі
Экономикалық талдау әдістері
Реферат жазу және өңдеу әдістері
Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Ұйым қаржысының қызметтері
Экономиклық талдаудың теориялық негіздері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
Пәндер