Тойымсыздыққа тосқауыл керек



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тойымсыздыққа тосқауыл керек

Соңғы уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы мәселе жиі көтеріліп, бұл қылмыстардың жаңа деректері ұдайы хабарланып жүр. Тек бір жарым жыл ішінде ғана ашылған қылмыстар бойынша залал 15 млрд. теңгеге жетті. Мұның бұдан бұрынғы жылдардан өзгешелігі сол, басты назар парақорлыққа қарсы күреске аударылып, қазір бюджет қаражаттарын жымқыруға қарсы күрес жандана бастады.
Халықаралық сарапшылардың деректері бойын - ша, жемқорлыққа қарсы күресте жақсаруына қарай оң ілгерілеудің нышандары аңғарылады. Сыбайлас жемқорлық әзірге ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп отырған жоқ, билік органдары бізбен көрші мемлекеттердегі сияқты азаматтардың мүдделерімен байланысты қиын жанжалға бара қоймады, алайда егер бұл індетке тосқауыл қойылмаса, біздің мем - лекетіміздің өмір сүруіне қатер төнуі әбден ықтимал.
Нарықтық реформалардың ілгері басуымен бар - ған сайын жиі ретте еліктіргіш қылмыстар бой көр - се - тіп отырғанда одан тізгін тартудың сәті бола бер - мейді.
Мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаевтың сы - бай - лас жемқорлықты қоғамның өміріне және ре - фор - малардың тиімділігіне елеулі дәрежеде әсер ете - тін факті деп есептеуінің өзі көп жәйтті аңғартса керек.
Азаматтар да бұл проблемаға жемқорлықтың өсуіне, осыншалықты назар аударудың немен байланысты болып отырғаны жөнінде сұрақтар қойып алаң - даулы, ал ендігі жерде оны неме - се бұл құбылыстың шы - найы қауіпті - лігін бүркемелеу мүмкін де емес. Қайсыбір адам - дар жеке - леген қылмыс - кер - лерді той - ындыру жұртшы - лықты жемқорлыққа қарсы күрес аяусыз жүргізіліп жатыр-мыс деген желеумен сабасына түсіру үшін көзге түсу мен тапсырысты тапжылмай орындаудың сипатына айналған деп ойлайды.
Жемқорлыққа қарсы кескілескен күрестің қажет - тілігі қандай да бір сәттілік мүдделерге байла - нысты бол - мауы керек, қайта ол бүгінгі таңда біздің мем - ле - кетіміз шешіп отырған проблемалар кеше - нінен туындайды. Елімізде саяси тұрақтылық, эко - номи - ка - мыз бен халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуі және елімізде әлеуметтік-психологиялық ахуалдың өзгеруі жағдайларында жемқорлық экономикалық өсуіміздің, сондай-ақ қоғамымызды демократия - лан - дыру жолындағы елеулі кедергіге айналып отыр. Экономикасы барынша бәсекеге қабілетті деп танылған Финляндия сияқты елдер жемқорлық аз дамыған елдер деп есептеледі.
Жер-жаһанды жайлаған жегі құрт
Әдетте, жемқорлықты адамзаттың өзімен бірге, оның алғашқы мемлекеттерді құрумен туындаған, барлық елдерге тән құбылыс дейтін қағида да қа - лып - тасқан. Ортақ әмбебап белгілерімен қатар ха - лық - тың мәдениетімен, дәстүрлерімен және тарихы - мен байланысты жергілікті жағдайлар да баршылық. Бірақ оны қандай да бір қатып қалған ұлттық ерекшеліктер деп айтудың жөні болмас. Мысалы, батыстық және шығыстық өркениеттің ділі туралы тілге тиек болатын пайым да ұшырасады. Батыс ді - лінің неғұрлым индустриялық сипаты болғандықтан, мұнда жеке мүдденің басымдығы болуға тиіс және жемқорлық көбірек белең беруі тиіс деп те ойлайды. Соған қарамастан, оның да жөні жоқ. Мәселе батыс елдері тұрғындарының заңды құрметтеуінде болса керек. Ал қытайлықтар заңды неғұрлым құрмет тұтады, алайда сыбайлас жемқорлықтың батпағына бел - шесінен батқан ғой. Сонымен бірге заңды құр - мет - тейтін елдердің бәрінде жоғары басшылардың жем - қорлығы тіпті жоғары. Бұдан мынадай қоры - тынды жасауға болады: әрбір ел үшін бұл кеселге қарсы күрестің әдістері мен тактикасы да айрықша болуы мүмкін.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеген кезде кез келген мемлекет мына тұғырларды: жемқорлықтың мәнін анықтауды; халық арасында оның кеңінен таралу деңгейін; жемқорлыққа жәрдемдесетін себептерді анықтауды; алдын алу шараларын және жемқорлыққа қарсы күресті әзірлеуді негізге алады.
Егер жемқорлық қоғамдық өмірдің барлық салаларында: экономикада, әлеуетті құрылымдарда, білім беруде, ғылым мен мәдениетте және т.с.с. пайда болса, онда оның Қазақстанда да жүйелі түр - дегі көрінісімен бетпе-бет келгеніміз деп есептеуге бо - лады. Біз осындай жүйелі түрдегі ерекше құбы - лыс - қа тап болып отырмыз. Бірақ, Н.Назарбаев атап көр - сеткендей, айқын көрініп отырған бұл кеселді бірқатар министрліктер мен ведомстволардың бас - шылары кейде жоққа шығарады, өздерінің күнәдан пәктігіне ант-су ішетін фактісі де алаңдатады.
Билік органдарындағы жемқорлық проблемасы жеке адамның проблемасы емес, бұл, сайып келгенде, біздің тәуелсіздігіміздің, өз аумағымызда билікті жүзеге асыру қабілетіміздің мәселесі және осы тұрғыда шындыққа тура қарауымыз да маңыз - ды. Жемқорлық қылмыстары бөгде көзден таса, жасырын мәмілелесу түрінде жасалатын "құр - бан - дықсыз қылмыстар" деп аталатын жең ұшынан жал - ға - суларға жатады, сондықтан тек ашылған қыл - мыс - тар бойынша ғана таралу деңгейі туралы төрелік жасау тым үстірт болар еді. Оның нақты көлемі мей - лін - ше кең. Осыдан да кейбір адамдардың бәрі де: мәртебелі жұмыс, басшының лауазымы, әлеуетті құ - рылымдарда, кеденде қызмет атқару, ғылыми дә - ре - же, дипломдар, пайдалы мәмілелер және басқалары да сатылады, сатылып алынады деп есептейді. Басқа біреулері жемқорлық басқа салаларды жайлап кеткендіктен бүкіл халық еңсесін көтере алмауда, жем - қорлықтың көлемін ұлғайтпау керек деп ойлай - ды. Бірақ, қалай дегенмен де, жемқорлықтың мәні айқын көрінуде. Егер халықтың бір бөлігі, бір жа - ғынан байлыққа батып өмір кешіп, жолдарда жайлы автомобильдер жосылып, жаңа мырзамаркеттер, мейрамханалар, казинолар ашылып, астатөк үйлену, мерейтойлар, ас берулер өткізіліп жүрсе, екінші жағынан, көпбалалы аналардың, мұгедектердің, оралмандардың және басқаларының проблемалары - осындай өткір кереғарлықтар жүйелі жемқор - лықтың дәлелі бола алады.

"Береген қолым -- алаған..."
ТМД-ның, соның ішінде Ресейдің әлеуметтану - шы - лары бұрынғы кеңестік кеңістіктегі жемқорлыққа қарсы бағдарламалар тиімділігінің әлсіз болуын жемірліктің әлеуметтік және әлеуметтік-пси - хо - ло - гиялық тетіктерінің нашар зерттелуімен түсіндіреді. Мәселен, Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықтың ру-тайпалық, отбасы-туысжақиялық байланыстарды зерттеудің маңызы зор. Қалай дегенмен де, Ресей ғалымдары тұрмыстық жемқорлыққа ел халқының кемінде жартысы тартылған деп есептейді. Жемқорлық - қаскөйлік кесел деп біледі, бірақ оған қатысуға келгенде өздеріне шаң жуытпайды және өздерінің өмірлік мұқтаж проблемаларын шешуге кел - генде ештеңеден де жиіркенбейді. Ал қайсы - біреулері шенеуніктерді өздерінің зәру жұмыстарына құрдай жорғалатып қоятынын қанағат етеді. Көптеген адамдар параны ісі түскен тәуелді адаммен арадағы қатынастарының нормасы деп ұғынады, әралуан проблемаларын шешу үшін оған "бара бермей, пара беруге" иығын бұрып тұрады. Халық мұны жемқорлық туралы билік пен бизнес және халық арасындағы "майлау" деп тегін айтпаған ғой.
Кеңестік заманда да олардың аты жүріп тұрды. Осындайда В.Шукшиннің "Сот" дейтін әңгіме - сін - дегі кейуана бейнесі еске түседі. "Пима басу - шы Великов жаңа көршілерін сотқа береді"... оның себебі, жаңағы көршілері салақтықтарынан оның моншасын өртеп жіберген екен. Ефим Великов үйіне келгеннен кейін кемпірмен соттың шешімін талқылайды да, оған кемпір: ізгі ниеті үшін қалайда қайырымы болу керек қой, судьяға бір килограмм шошқаның сүр сүбе майын апарып берсе болар еді деп кеңес береді. Нәтижесінде Ефим бұдан үзілді-кесілді бас тартады. Бұл әңгіменің тағылымы мынада: қарттар үшін сот шешімінің - сот төрелігінің табиғи кесімі емес, қайта ретін тауып қандай да бір сый-сияпат жасау, өйткені сот басқаша шешім қабылдаған да болар еді ғой. Солай болған соң да алғыс айту керек. Бұл -- кең тараған психология. Бізде көп жағдайда параны алмайды, керісінше береді, сөйтіп іс жүзінде жемқорлыққа қарсылық көрсету болмай келеді.
Қатынастар жүйесіне негізделген, сатып-алу-сатуға негізделген нарықтық экономика жағдайды бұдан да бетер күшейтіп жіберді.
Содан да нарықтық психология дамып, ол бойын - ша шенеуніктердің өкілеттіктерін сатып алатын болды.
Көптеген зерттеушілер былай деп есептейді: бұрынғы кеңестік кеңістіктегі сыбайлас жемқорлықтың себептері биліктің, меншіктің дәстүрлі бөлінбеуімен байланысты болып отыр. Қазір мемлекеттік меншіктен жеке меншік бөлінсе де, бүгінге дейін оған бюрократияның бақылауынан босануының сәті түсе қойған жоқ. Буыны бекіген кәсіпкерлер билікпен тең құқықта әріптестікке мүдделі және жемқорлықты көңіл-қошы қаламайды, бірақ олардың көп бөлігі әлі де болса жаппай жемқорлықтың шырмауына маталған және өздерінің мүдделерін қорғауға әманда батыл емес.
Президент Н.Назарбаев айтқандай, "мемлекеттік органдардың өздері де сыбайлас жемқорлыққа бейім тұрады". Мұның болуының себебі, бір жағынан, көпте - ген азаматтардың санасына өздерінің салықтары ар - қасында күн көріп отырған қызметшіден мемлекеттің өкілін көру үйреншікті жәйт емес. Шенеуніктердің қыз - меттері мен еңбегі сол салықтардан ертерек төленген. Екінші жағынан, лауазымды адамдар да азаматтарға қызметтер көрсете отырып, олар сыйақыға лайықты жақсылық мезіретін жасайды. Құжаттарды тіркеу мен лицензиялаудан бастап, медициналық қызмет көрсетуге дейін алым-салықтар практикасы жайлаған. Мейлінше жоғары деңгейде тиісінше жария және жария емес уағдаластықтар негізінде патрон деп аталатын - клиенттік қатынастар, халықта "ша - тыр - лар" деп аталғандар қалыптасқан. Жоғары қызметтегі шенеуніктердің клиенті тұтас аймақ немесе облыс болуы да мүмкін. Біздің көршілеріміздің сыбайлас жемқорлық істеріне жасалған талдау мынаны көрсетті: билік жүйесіндегі пара алу жемқорлықтың негізгі көзі болуынан қалып отыр және жемқорлық жүйелері деп аталатын жаңа жолдары ойлап табылуда. Бір ведом - ство - да тігінен және көлденеңінен әр түрлі ведом - ство - лар арасында өзара байланыстар мен өзара тәуел - ділік - тің жеке қатынастарының өзіндік жүйелері қалып - тасуда. Бұдан Қазақстан да қалысып отырған жоқ. "Қазтеңізкөлікфлоты" теңіз компаниясы мен бас - қа - лары туралы Қазақстан Республикасының экономи - калық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы С.Қалмырзаев айтқан "қулық схемалар" осының дәлелі бола алады.
Әлеуетті құрылымдар туралы ерекше айту керек. Нарықтық экономикаға көшу олардың идеологиялық ұс - танымдарын түбірінен өзгертті. Бұрында қыл - мыс - кер - лер - алыпсатарлар, саудагерлер т. с. с. деп есептел - ген - дер жаңа жағдайларда іскер адамдар, яғни қоғам - ның артықшылықты топтарының біріне айналып шыға келді. Ал керісінше, кеңестік режимді және социа - лис - тік меншікті қорғаушылар өздерінің бұрынғы мәнінен, жоғары беделінен айырылды. Ол ол ма, меншікті кеше ғана талан-таражға салушылардан күзетіп, қорғаған олар жаңа қожайындарына, бизнесмендерге, артық - шы - лықты жіктерге қарай жылыстап кетті. Жаңа жағдай - ларда әлеуетті құрылымдар өздерінің қажет болмаға - нын сезініп, олардың коммерциялық құрылымдарға қарай сырғуы басталды. Біртіндеп олардың коммер - циялануы басталды. Кафелерді, мейрамханаларды күзете жүріп табыс тапты, соңғы мысалдар көрсет - кен - дей, заңсыз ұрлық-қарлыққа дейін барды. Кейбіреулері іскерлік жанжалдарды шешуде делдалдардың рөлін де атқара отырып, әр түрлі экономикалық рөлдерді игере бастады, біртіндеп қылмыстық құрылымдарды шатыр - ларының астына ала бастады. Осылайша сыбайлас жемқорлық қылмыстарына тартылды. Майор жиырма - дан астам коммерциялық ұйымға алым-салық салып, аса жоғары шендегілер басқа да мәселелерді шешетін болды. Сөйтіп, кездейсоқ, "сенің погоның бар, басың істейді - бар да табыс тап" дейтін нарықтық әдеп пайда болды. Кейбір полиция қызметкерлерінің өзінің кәсі - би міндеттерімен айналысуына уақыты да болмай - ды. Сондықтан адамдар кейде дөрекілікке, енжарлыққа тап болып, депутаттарға хаттар тасқыны түсе бастады. Нақ осыдан да адамдардың билік органдарына сенім деңгейі төмендеді. Біздің Президентіміздің жоғары рейтингіне қарап атқарушы немесе өкілдік билік орындарының рейтингі жоғары деп айтуға болмас. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үлкен күдікшілдік туғызады. Адамдар жемқорлар өте көп деп ойлайды, ал жеке өзіндік және басқа да ниеттерді негіз - ге ала отырып, таңдап-талғап жаза қолданылады. Заңға сенімді, әділеттілікті ең алдымен судьялар, прокурорлар, арнайы қызметтер мен полиция қалпына кел - тіруге тиіс. Әзірге қоғамдық санада жемқорлықты түбірімен жою, оны жеңу мүмкін емес деген түсінік берік орныққан, сондықтан оны бизнес пен азамат - тар - дың проблемаларын шешу үшін пайдалану керек, сыбайлас жемқорлық өркен жая беретін болады. Ал жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мамандардың ара - сында тым кеңінен таралған сенім бар: оны емдеуден гөрі, оған көндігу керек деседі, өйткені оның тамыры адамның табиғатында терең жайылған. Сондықтан әңгіме тек сыбайлас жемқорлықты мемлекетке қауіп төндіру көлеміне жеткізбей төзімділік ауқымында тежеп тұру туралы ғана болуы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз негізінен билікті ақшаға айырбастау, оны қоғам өмірінен бүтіндей аластау мүмкін емес. Мүдделерді қылмыс, парақорлық жа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім рух туралы
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) өмірбаяны
Шортанбай Қанайұлы
Шортанбай Қанайұлы туралы
Қазақ халқының мерекелері
Зар Заман Ақындары туралы ақпарат
Әл-Фарабидің саяси көзқарастары
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Сопы Аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі
Орта ғасырдағы педагогикалық ойлардың дамуы
Пәндер