Экономикалық теория пәнін әртүрлі мектеп экономистерінің талдауы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан РЕспубликасы білім және ғылым министрлігі
а.Байтурсынов атындағы қостанай мемлекеттік университеті
Экономика кафедрасы
Тақырыбы: Экономикалық теория пәнін әртүрлі мектеп экономистерінің талдауы

Орындаған: Садыбекова Галия
1курс студенті
Группа 16-700-31
Тексерген: Байзакова Г.Г

Жоспар:

Кіріспе.

Негізгі бөлім
Экономикалық теорияның негізгі қалыптастыру кезеңдері
Мерканталистер ілімі
Физиократтар ілімі
Петтидің ілімі
Классикалық экономикалық ілімдер
А.Смиттің экономика ілімдері
Д.Рикардоның классикалық ілімі
Маркстің классикалық теориясы
Қазіргі таңдағы экономикалық ілімнің даму бағыттары
Маржиналистер теориясы
Кейнсияндық өкілдер
Институциянализм бағыты

Әдебиеттер тізімі

Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істеу беруге болмайтындай кедергілерге кездеседі.
Әрқашанда адамдардың көңіл қалаулары мен сол көңіл қалауларын қанағаттандыруға қажетті ресурстар арасында айтарлықтай айырымдар болады.
Алайда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты қанағаттандыруға қажетті ресурстар ( жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) шектеулі.
Осылардың бәрін ескере отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар жағдайында тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сипаттап әрі талдап береді.
Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. Экономикалық білімнің элементтері, оның әртүрлі формалар мен шаруашылық қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәурімізге дейінгі IX-V ғ.ғ. Көне Қытайда, Индияда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар ( Ксенофонт, Аристотель, Конфуций және басқалар ) эпизодтық пікірлерін баяндап өткен.
Экономика термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Аристотель. Термин гректің екі сөзінен тұрады: ойкос - үй, шаруашылық, номос - заң. Яғни шаруашылықты ( үйлерді ) жүргізудің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері.
Экономика ғылымы ұланғайыр. Ол қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған әртүрлі мектеп, бағыт, адамдар арқылы қалыптасқан. Және сол мектеп, бағыт, адамдардың әрқайсысы экономикалық теорияның пәні мен оның зерттеу мақсаттары туралы өз анықтамаларын беріп келген.
Экономика ғылымы пәнінің даму процесі өте қиын жолдардан өткен. Француз дворянині А. Монкретьен бұл ғылымға - саяси экономика деп жаңа атау берген. Ол өз ғылымның пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған.

Экономикалық ойлар тарихынан

Аристотель ( б.д.д. 384-322 жылдар ) - ежелгі грек философы, энциклопедиялық оқымысты, логика ғылымының, сондай-ақ көптеген арнайы білімдер салаларының негізін салушы.
Ксенофонт ( б.д.д. 430-355 ) - ежелгі грек тарихшысы және саяси қайраткер, өзінің саяси көзқарасы бойынша - агриндік демократияның қарсыласы, аристократиялық Спартаның жақтаушысы.
Конфуций ( б.д.д. 551-479 жылдар ) - Көне Қытайдың алғы лектігі идеялық ағымдарының біріне негіз қалаушы, оның көзқарасы "Лунь юй "( "Сұқпаттар мен пайымдаулар" ) деген кітапты баяндаған. Оның ілімі адамдарды сүю тұжырымдамаларына құрылған.
Шерман Дж. - сенатор, Шерман заңы деп аталатын заң жобасының авторы, жұмысшылар мен фермерлердің антимонополистік қозғалысының қысымымен қабылданған "Антитрест заңы" трест формасында немесе басқадай формалардғы бірлестіктерді, сондай-ақ сауданы шектеуге бағытталған қандай да болмасын келісімдердің заңсыз деп жариялады.
Маршалл Альфред ( 1842-1924 ж.ж. ) - баға теориясының авторы және негізін салушы, экономика ғылымының классигі, Кембридж мектебінің негізін қалаушы. Шекті тиімділік теорияларының принциптерін жасаушы. "Сұраныстың икемділігі" терминінің авторы.
Гэлбрейт Джон Кеннет ( 1908 ж.т. ) - америка экономикісі, теңгеру күштері тұжырымын шығарушы, "Жаңа индустриальды қоғам" ( 1697 ) деген еңбегінде монополистік капитализмге сипаттама береді. Ол корпорациялар мемлекеттік қызметтің реттеушілігін қажет етеді деп санаған.
Шумпетер Иозеф ( 1883-1950 ж.ж. ) - көрнекті экономист. Тиімді бәсекелестік тұжырымдамасын шығарған, ол өндірістік цикл экономикалық өсу моделіндегі табиғи құбылыс деп санаған, экономикалық дамуда инноваторлардың рөлін айрықша бағалап отырған.
Фридмен Милтон ( 1912 ж.т. ) - көрнекті экономист. Мемлекеттің экономикаға араласпауын жақтаушы. Қазіргі монетаризмнің чикаголық мектебінің өкілі. Экономика жөнінде Нобель сыйлығының лауреаты ( 1976 ж. ).

Экономикалық теорияның пәні мен мақсаттарына өз зерттеулерімен анықтамалар бергендер:
Физиократтар мектебі - Ф. Кенэ, Тюрго, Д.де Немур XVII ғ. ортасы.
Шотландия ғалымы А.Смит өзінің "Табиғат туралы зерттеу және халықтар байлығының сепептері" деген атақты еңбегінде.
Неміс ғалымы К.Маркс - " капиталдың" авторы, онда ол саяси экономиканың пәні деп өндіріс, материалдық игіліктерді өзара бөлісу, айырбастау жәнетұтыну процесінде адам арасында қалыптасатын обьективтік экономикалық қатынастарды айтқан.
Экономикалық теорияның австриялық, ағылшындық, тарихи және т.б. мектептері бар. XIX ғасырдың аяғы мен бүгінгі күнге дейін А.Маршалл, Дж, М. Кейнс және М.Фридман экономика ғылымының жарқын өкілдері болып табылады. "Экономика ғылымының принциптері" деген еңбектің авторы А.Маршалл "economics" деген атауды қолдана отырып, экономикалық ғылым деп анықтайды. Ғалым өз еңбегінде адамдардың қоғамдағы әрекетін байқататын, олардың өз тұтынушылықтарын қанағаттандыруға күш салатын жақтарын қозғап, ол күш салушылықтың байлық единицасын қай өлшеміне жататындығын, оның жалпығы бірдей байлық өлшемі - ақшамен мөлшерленетіндігін пайымдайды.
Экономиканы реттеудегі ақшаның рөлін темен ұстаған кейнс теориясына 50 -- 60-жылдары монетаризмнің негізін қалаушы, Чикаго университетінің профессоры М. Фридмен белсенді түрде қарсы шықты. Ол 1950 жылы АҚШ-тың Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының бастамасымен іскер циклдағы ақшаның ролін зерттеу жобасын басқарды. М. Фридменнің және оның жетекшілігімен Чикаго университетінің студенттер тобының қарқынды тәжірибелік зерттеулері нәтижесінде ақша айналысының тарихы мен теориясы туралы іргелі еңбектер жарық көрді. М. Фридмен өзінің зерттеулерінде ақшаның белсенді ролін теріске шығаратын ортодаксальды кейнс теориясына қарама-қарсы - ақшаның сандық теориясына сүйенді.
Өзінің теориясын монетаризм деп атап, М. Фридмен ақшаның классикалық сандық теориясын қайта жандандырды және экономикадағы ұзақ мерзімді тепе-теңдікке сүйенетін ерте монетаризмнің негізін қалады. Монетаризм - XX ғасырдағы экономикадағы теңдесі жоқ ірі құбылыс, біртүтас экономикалық ағым. Ол көптеген мемлекеттерді дағдарыстан шығарды, экономикасын сауықтыруға мүмкіндік берді.
Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. Монетаризмнің басты стратегиясы - экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру. Монетаристер ақшаның сандық теориясын бұрынғы қалпында жандандыру мүмкін еместігін түсініп, оның негізінде ақшаға сұраныс теориясын ұсынды. Ақшаның сандық теориясының жаңа нұсқасында ақшаға сұраныстың мынадай функциясы ұсынылды:
M = Pf (rb, re, p, h, Y, u)
мұнда M - атаулы ақша қалдығына жоспарлы сұраныс; Р - бағаның абсолюттік деңгейі; r - облигациялар мен акцияларға сәйкес пайыздың нарықтық нормасы; p - бағаның деңгейінің өзгеру қарқыны, пайызбен; Y - ұлттық табыс, тұрақты бағамен; h - ұлттық байлықтың нақты компонентінің үлесі (доля физического компопента); u - сұранысқа (ақшаға) әсер ететін басқа да факторлар.
Монетаристік теория 50 жылдардың ортасында АҚШ-та чикаго мектебі ретінде қалыптасып, оның негізін қалаушы М. Фридмен болды. Оның ойынша кездейсоқ тауарлы шарушылық нарықтық бәсеке тетіктері (мехнизмдері) мен баға белгілеудің іс-әрекетіне негізделген ерекше ішкі тұрақтылыққа байланысты. Бұл теорияның жақтаушылары шаруашылық үдерістерге мемелекеттің араласуының қажеттігі туралы кейнстік тұжырымдардың қарсыластары болып табылады. Олар кейнсшілердің ұсынған сұранысты ынталандыруға байланысты мемлекеттік шаралардың тек қана экономика жағдайын жақсартып қоймай, сонымен бірге жаңа дипропорциялары және дағдарыстарды туындататынын айтады. Монетаризм 70 жылдары үкіметтік ұйымдардың оны стагфляциямен күресте пайдаланғандықтан кеңінен тарайды және ол экономиканы ақша-несиелік реттеудің мемлекеттік бағдарламаларының теориялық негізіне айналады. Монтеризмнің бірнеше бағыттары мен өкілдері (К. Бруннер, А. Мельцер, Д. Лейдлер және т.б.) болғанымен де М. Фридменнің мынадай тұжырымдары кеңінен тарайды: ақшаның сандық теориясы бойынша айналыстағы ақша саны мен тауар бағаларының деңгейі арасындағы себепті байланысты негіздейді;
Ұлыбритания, АҚШ, Германия және өзге мемлекеттердің үкіметтерінің монетаристік идеяларды тәжірибеде қолдануы инфляциялық үдерістердің тежелуіне ықпал еткенімен, экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың дамуына жол беріп, осы елдерде жұмыссыздықтың өсуін ынталандыра түсті. Қазіргі кезде Қазақстан да осы монетаристік тұжырымдар пайдаланушы елдердің қатарына жатады. Бізде де ондай идеяларды экономиканы ақша-несиелік реттеу барысында қолданып отыр. Ақша айналысы -- шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы. Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады.
Зерттеу пәнінің ерекшелектеріне орай бүгінгі заманғы экономикалық ғылымнан бірнеше бағытта таратуға болады.
- саяси экономика ( мракстік, батыс саяси экономикасы, "жаңа саяси экономика"; )
- экономика ( экономикс ); а) микроэкономика, б) макроэкономика.

Экономикалық ойлар тарихынан

"Экономистер мен саяси
философтардың дұрыс та, бұрыс та
идеяларда біздің ойлағандарымыздан
гөрі үлкен ықпалды болады"

Джон Мейнард Кейнс

Экономика ілімінің басты бағыты меркантилизм болды.Қысқагһша бұл бағыттың мәнін былайшы қорытындыауға болады: экономикалық саясатта - ел ішіндегі және мемлекеттік қазынады бағалы метелдарды жаппай қорландыру . Теорияда экономикалық заңдылықтарды айналыс саласынан іздестіру. Сауда капиталының басты принціпі - қымбатқа сату үшін сатып алу, айырмасы бағалы сары метелл формасында көрініс алады. Меркентилизмнің мемлекеттен де данагөйлігі шеттен тасып алғаннан гөрі шетке көбірек сатуды уағыздауы. Меркантилизмнің буржуазиялық политэкономияның алғашқы мектебі ретінде, экономикалық саясат жүйесін теориялық негіздеуге ұмтылыс жасады. Теория мен практиканың бірліг ретінде меркантилизм мынадай екі бағытпен сипатталады:
І. Байлық ақшамен шатастырылды. Меркантилистер ақшаның тауармен байланысын жете білмегендіктен байлықты айырбас құнына қарама - қарсы қойды
ІІ. Ақшалай байлықты қорлануы үкімет көмегімен жүзеге асырылады, өйткені уақыт өткен сайн армияны нығайту, Сарй маңындағы тәртіпті күшейту үшін ақшаға деген қажеттілік те өсе түседі. Осылармен байланысты мемлекет тиісінше экономикалық саясатты ұстанады, оны жүзеге асырудың тетіктерін ойластырады.
Сауда буржуазиясының мүддесіне ерте меркантилизинің көрнекті өкілі Стаффорд былайша сипаттайды: Шетелдіктермен саудаласқанда бізден сатып алғандардың барлығы бізден біржолата кетеді (әкелетін тауарлары үшін ақшалай төлем) , қайта, біз ағылшындықтар бір - бірімізден сатып алғанымыз үйде ел ішінде қалады. Ерте меркантилизм шығармаларының орталықты мәселесі ақша балансы, жүйесі., ол болса таза заңдық жолмен ақшалай байлықты молайтуға бағытталған саясатты жақтайды.
Мемлекеттің сол кездегі басты шаралары мынадай болды:
І. Айналыстағы алтын мен күмістің аздығымен байланысты, шетелге ақша шығаруға тыйым салынды. Валютамен сауда жасау мемлекет монополиясы деп жарияланады.
ІІ.Шетелден ақшаны көп түсіру мақсатымен шетелдіктер сатқан тауарларына түскен ақшалай соманы жергілікті тауарларды сатып алу міндеттілікке айналды. Меркантилизмнің өзекті мәселесі ротенционистік экономикалық саясатты қолдайтын сауда балансы жүйесі болды. Осы мемлекеттің ірі өкілдерінің бірі Томас Мэн былай деп үйретті: біздер мынадай бір ережені қатаң сақтауымыз керек: шетелдіктерге жыл сайынғы сататынымыз олардан сатып алатынымыздан көп болуы керек.
Томас Мэн ұсынған қағида сол кезде қандай маңызды болса бүгінде осыны ескеру керек. 90 жылдардың басында тіпті 2000 жылға дайін республика бойынша сыртқы айналымда импорт экспорт импорттан 1,5 есе асып түсіп Жалпы сыртқы айналым 21,5 млрд долларға жетті.Активті сауда балансының қамтамасыз етудің тарихы белгілі болғандай екі үрдісі ұсынылды: Сыртқа шығару жүйесінің шаралары.
Ал біріншіден баж салығын қайтару, жергілікті тауарларды сыртқа шығарумен байланысты шығындар және реэкспорт, яғни сырттане әкеліп, қайта шетке шығарудан оны әкелу шығындарын қайтару.
Екіншіден, мемлекет шет мемлекеттермен келісім шартқа отырады, онда аралық сауданы баж салығынсыз жүргізу немесе өз тауарын сатуда басқа елден әкеліп қайтадан шетке шығарумен салыстырғанда үлкен ұтысқа ие болады.
Үшіншіден,Сыртқы рынокта үлкен сұраынысқа ие болатын тауарларды өндіруші кәсіпорындарға мемлекет сый - ақы беріп олтырады. Ал шеттен әкелетін тауарларды реттеуді үкімет өте жоғары салықты белгілеу арқылы немесе қажетсіз деп танылған тауарларды әкелуге заң жолымен тыйым салынады.
Меркантилистер, экономикалық категориялардың қандай болатыны туралы міндеттер қойған емес. Буржуазиялық өндіріс тәсілінің теориялық негізінде меркантелистік жүйе экономикалық құбылыстарды айналыс саласындағы сауда қозғалысын қарастырады, бұл шектеулікті зерттеу әдісінің үлгі жетілмегенің көрсетеді.
Кейінгі дамыған меркантилмимдердің методологиясы мен экономикалық көзқрастары ерте меркантилизм мен даму дәрежесінің тереңдігімен , жоғарлылығымен, өзгеше.
Кейінгі дамыған меркантилизм өкілдерні ақшалай байлықтың қорлануын коммерциялық және монофактуралық қызметпен байланыстықарастырды. Сондықтан байлықты олар елдің қажеттілігін өтегеннен артылыпқалған өнімдерді түсінді,соңғысы сыртықы рынокта ақшаға айналады. Томас Мэн бұл туралы: жақсы тұру, гүлдену, баю үшін біз артық өнімдерді сатудың әдістерін табуымаз керек. Жалпы меркантилистер Тауар құының мөлшері сол тауарға беретін ақша санымен анықталатыны туралы айтты.
Экономикалық өмірдің бүтіндей теориялық концепциясын құрушы алғашқы идеялардың жиынтығын ұсынғанфизиократтар мектебі. Осы мектептің негізін қалаушы француз ғалымы Франсуа Кенэ болды. Кенэ осы ілімнің негізін салып қана қоймай оның экономикалық және саяси бағыттарын да қалыптастырды. ХVІІІ ғасырдың ортасында Англия өнеркәсіп өндірісінде төңкерістер жүріп , әлемдік рынокты жаулап алу деңгейінде болғанда Францияда әлі феодалдық аграрлы елдердің қатарында еді. Ауыл шаруашылығы бұл кезде ауыр салықтар әсерінен дағдарыс жағдайында болды. Сондықтан экономикалық көзқарастырдың, пікірталастар мен қайшылықтардың назарында ауыл шаруашылығы ел байлығын қамтамасыз етуші жалғыз өндіруші сала ретінде түсінді. Ал өнеркәсіп саласын физиократтар өнім бермейтін салаға жатқызды.
Физиократтар мектебінің негізін қалаушы Т.Кенэ жайлы айтсақ ,Кенэ алғашқы рет таза өнімді есептеудің жолын және ол өнімнің ауыл шаруашылығында өндірілетінін көрсетті. Ол өндіріс шығындарын есептей отырып өндірілген өнімнің құнымен басқа да шығындардың айырмасан таза өнім екендігін анықтады. Сонымен қатар ол таза өнімді иеленуші кластан табыс салығын алу туралы идеяны ұсынушы. Ағылшынның классикалық буржуазыялық саяси экономикасының айырмашылығы Кенэ ең бірінші кезекте өнеркәсіп өндірісін, соның ішінде ауыл шаруашылығын талдады, әрі бұл саланы өнімді саланың жалғыз түріне жатқызады. Меркантилистерден айырмашылығы ол ақшаны байлық көзіне жатқызбады, оны айырбастың делдалы ретінде түсінді.
Физиократтардың теориялық ілімінің негізінде табиғи тәртіптілік жатыр. Табиғи тәртіпті орнататын, нақты заңдар адамдар үшін пайдалы, олар адамның табиғи құқығын дәл анықтайды, олар мәңгі әрі тұрақты, олардан басқа қандай заңдар болуы мүмкін - дейді Ф. Кенэ. Ол сонымен қатар, адамдардың табиғи құқығы шамамен адамның өзінің пайдалануына жарайтын заттарына деген құқығымен анықталуы мүмкін - деген пікірді айтады. Бұдан туындайтыны физиократтар қоғамды тірі организм , ал экономикалық өмірді ішкі заңдылықтарға толы табиғи процесс түрінде қарастырады. Физиократтардың экономикалық теориясында маңызды орындардың бірін таза өнім немесе қосымша өнім туралы ілім алады. Меркантилистерден айырмашылығы таза өнімнің айналыс саласында емес, маериялдық өндіріс саласында жасалатндығына көз жеткізіп оның экономикалық талдануын сол салаға көшіру арқылы капиталистік өндірісті талдаудың негізін салды. Бұл туралы Кенэ сауда бар болғаны заттардың алмасуы, ол еш уақытта байлық көзі бола алмайды - дей отырып, егін шаруашылығында жоғары еңбек өнімділігін енегіздеді. Қосымша құнды тудыратын еңбек қана өнімді еңбек бола алады деген дұрыс шешімге келді.
Кенэ айналысқан басты проблема қазіргі тілмен айтатын болсақ, экономиканың дамуын қамтамасыз ететін негізгі халық шаруашылығының проблемасы.Кенэ идеялары рыноктік экономика тұсында да біздің еліміз үшін, басқа да мемлекеттердің сала аралық байланысының негізін қалайтындығында ешбір күман жоқ. Бұл баланстар өндірістік сала аралық байланыстарды дәл сипаттап, экономиканы басқарып ұйымдастыруда аса маңызды рөль атқарады.
Анн Робер, Жак тюрго физиократтардың ішінде маңызды орынға ие. Тюргоның өндірістік қатынастарындағы таптық құрылым түсінігде Кенэге қарағанда ілгерілейшілік байқалды. Ең бастысы ол Кеэнің қоғамды үш тапқа бөлген идеясын одан әрі дамытты. Мұндағы ерекшелік Тюрго фермерлермен өнеркәсіп өкілдерінің құрамын жұмысшылар мен капиталистерге бөліп қарастырды. Сонымен қатар Тюрго фермерлер тобын осындай екі деңгейге бөліп қарастырады.
Бес топтан тұратын бұл қоғамның модельі Кенэ құрған үш топтың модельіне қарағанда шынайылылыққа жақын. Себебі бұл модель Тюргоны қоғамның байлық көзін тек қана ауыл шаруашылығынан іздеген физиократтармен салыстырғанда осы байлықты жалпы материялдық өндіріс пен байланыстырған ағылшын классиктеріне жалғастыратын көпір секілді болды. Бұл тұрғыдан оның басты жетістігі өнімсіз топқа жататын жалдамалы еңбекке талдау жасады. Яғни қарапайым еңбек иелері өндіріс құрал - жабдықтарынан айырылған, ал олардың жалғыз табыс көзі тек алатын жалақысымен шектелген. Жұмысшылардың жалғыз күнкөріс көзінің бір түрі жалақыны Тюрго өндіріс құрал жабдықтарын меншіктеуші мен жұмысшылардың арасындағы айырбас процесін реттеуші зеңдылық тұрғысынан көрсетеді.
Тюрго нарықтағы бағаның қалаптасу процесін зерттеген ол бағаны негізгі және ағымдағы деп бөледі. Алғашқыс, жұмысшының затты бағалау құнынына тең, ал одан әрі төмен бола алмайды. Ал ағымдағы баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арқатынасына байланысты қалыптасады.
Тюрго ақшаны тауар желісімен байланыстыра білді. Әсіресе алтын мен күмістің басқа тауарлардың құндылығын толық аша алмады. Себебі ақшаның қажеттілігінің тауардың ішкі қайшылықтарынан туатынын ажырата алмады. Ол ақшаны айырбасты жеңілдететін техникалық құрал ретінде ғана қарастырды.
Петтидің экономика ілімін қалыптастырып дамытудағы орны ерекше өз дәуіріндег барлық экономистер секілді де сенімді де Петти де өз еңбектерін жариялай берген. Оның өзіне таңған үлкен еңбегі саяси арифметиканы статистыиканы ойлапр шығаруы, іріптестерң осы арқылы оның еңбегін бағалаған. Шын мәнінде оның еңбегінің орны ерекше: құн, ренте, жалақы, еңбек бөлініс және ақша тауарлары ойлары арқылы ғылыми экономиканың негізін қалаған. Петти шын мәнінде құн заңын тұжырымдайды. Оның түсінігінде бұл заң аса күрделі жағдайда, тек жалпы тенденция ретінде әрекет етеді. Мұны мынадай фразадан көруге болады: өзі мақұлдағандай құнды салыстырудың негізгі мәні де осында. Мойындайтын бір жай бар, оның негізінде дамитын қондырма - өте күрделі әрі көр жақты.
Еңбек шығындарының мөлшермен анықталатын айырбас құнымен нақтылы рыноктік баға арасында көптеген аралық буындар бар, осылар бағаның қалыптасу процесін күрделендіреді. Петти бағаның кұрылымына әсер етеін кейбір факторларды керемет көрегендікпен атады және онымен қазіргі экономистер санаса білуі керек. Олар: тауар орнына қолданушы ықпалы, жаңа тауарлар, мода, тұтыну дәстүрі т.б. факторлар.
Петти құнның көзі еңбектің өзіне талдау жасауды алғашқы қадам жасады. өйткені еңбектің әрбір нақтылы түрі, нақтылы игіліктерді өндіреді, яғни тұтыну құнын: диханшы еңбегімен астықты,тоқушы матаны т.б., ал Петтидің арифметикалық (статистика) саясат еңбегіне келетін болсақ, бүгінде кез - келген мемлекетті статистикасыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сонымен қатар Петти көрегендікпен елдің ұлттық табысы мен ұлттық байлығын есептеулің маңыздылығын көрсете білді. Ал қазіргі статистика мен экономика оның аса мәнге ие болып отырғанын айтпаса да түсінікті. Петти тұңғыш рет Англияның ұлттық байлығын есептеп, оны 250 миллион фунт стерлинг деп бағалап оны халықтың қолында қорланғын 417 миллионға қосып есептеуді ұсынды. Халық тұрмысының жоғарылағаны соншалықты, ол ұлттық байлықтан 1,6 - 1,7 есе жоғары болып отыр. Бір қарағанда ғажайып идеяның бұдан да терең болуы мүмкін. Петти өндіргіш күштердің жеке элементінің көлемін анықтау әдісінде еңбек қабілеті, амал - айла әркетін, техниканы күш қуатты ескерген. Петти Англиның ұлттық табысын есептеп шығарды деген. Осы қазіргі ұлттық есептеу бастау алып қалыптасқа. Осының негізінде жинақталған формада белгілі бір дәлділік кез - келген елдің өндіріс көлемін ондірілген өнімнің тұтынуға, қор жинауға, экспортқа бөлінуін, қоғамдағы негізгі таптар мен топтардың табыс дәрежесін анықтауға болады. Сонымен қатар 1682 жылы Петти ағылшын монетасын қайтадан бедерлеу туралы нақтылы таласқа байланысты ақшалар туралы әртүрлі ойлар және ақшалар туралы бірен саран ой деген атпен кішігірім жұмысын жария етті. Петти еңбек құн теорриясы тұрғысынан пайымдай отырып, ақша жиыны эквивалент (балама) қызметін атқарып ерекше тауар деп көрсетті.Оның барлық тауарлар құны сандық тұрғыдан бағалы металлдарды өңдеуге кеткен шығындардың көмегімен өлшенеді, ал айналысқа кеткен ақша мөлшерлері сауда төлем ацналымының көлемі мен , оның бағасымен, ақшангың айналым жылдамдығымен анықталады. Ақша және несие теориясы Петти ден кейін бірнеше ғасыр бойы оның идеясының негізінде пікірталас төңірегінде өрбуде.
ХХІ ғасырдың 3 жылы политэкономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смиттің туғанына 280 жыл, ал Хылықтар байлығының еңбегінің жарық көргеніне 227 жыл толды. Экономика ідімінің тарихында бұл елеулі оқиға. Өяткені Смиттің политэкономияның жеке дара ғылым ретінде дамытудағы орны ерекше. Дәуір, замана талабы өзіне қажетті адамдарды дүниеге әкеледі. Капиталистік шаруашылықтың дамуыменбайланысты ағылшын полит экономиясы экономикалық білімді жинақтап, реттеп жүйелеку қажеттігін алға тартты. А. Смит ғалым адам болғандықтан, мұндай міндеттерді атқару қолынан келетін іс ьболатын ол өзінің бойындағы абсткрактылы ойлау қабілеті арқасында, нақтылы аттар туралы асқан сергектікпен айта алатын. Оған энциклопедиялық білімпаздық ерекше адалдықпен ғылыми әділеттілік тән болатын. Ол басқа ғылымдардың ойын шебер пайдалана білетін ой- пікірлерге сыни көзбен қарайтын.
Смит буржуазиялық қоғамның ішкеі құрлысына терең үңілді. Олдәстүрлі ағылшындық жолмен, экономикалық теориясында еңбек қн теорисының фундаметіне негіз етіп алса , ал фмзиократтарда шын мәнінде құн теориясы болмаған. Осыдан келіп физиократттармен салыстырғанда алға маңызды қадам жасады, яғни тек қана егішілікке ғана емес, кез- келген өнімді құнжасайды деп қорытындылады. Смитттің физиократтармен салыстырғанда буржуазиялық қоғамның құрұлысы туралы анық пікірі болды.
Смиттің ойын былайша елестетуге болады. Адамның шаруашылық қызметінің басты қызметі жеке мүдде болып табылады. Алайда жеке мүддені жүзеге асыру басқа да бір адамға қызмет көрсету, яғни еңбек өнімін ұсыну арқылы мүмкін болады. Сөйтіп еңбек бөлінісі дамиды. Адамдар бір * біріне көмектесе отырып, бір мезгілде қоғам дамуна да ықпал етеді (әрбір адам өзі туралы өз мүддесін көздеуіне қарамастан). Адамдардың Материялдық жағдайын жақсартуға деген табиғи ұмтылысы аса үлкен ынталандыпушы күш. Егер, оған кедергі елтірмесе, өздігінен қоғамның әл - ауқатын арттыруға ықпал етеді. Ол былай тұрсын табиғатты есіктен қусаң терезеден кіреді: осы мүдделілік жүздеген қызығушылық, қкінішті кедергілердің өту мүмкіндігін береді, өйткені азаматтық ақылсыз заңдар оның іс қимылына жиі қиындықтар тудырады.
Әрбір адам өз капиталын пайдаланғанда, оның өнімі ең жо,арғы құнды болуына ұмтылады. Әдетте, ол қоғамдық пайдалылығы туралы ойланбайды, қаншама ықпал ететіндігін де сезбейді. Ол жеке мүддені ғана көздейді, осы жағдайларда көрінбейтін қол арқылы, тіпті оның пиғылында болмаған мақстқа ұмтылады. Өз мақсат мүддесін көздей отырып, шын мәнінде қоғам мүддесіне жиі қызмет атқарады.
Смит шығармасы бес кітаптан тұрады. Теоритикалық жүйенің негіздері ағылшын және француз экономистерінің өткен ғасырдағы еңбектеріндегі көптеген идеяларды қорытынгдылап динақтайды. Ол алғашқы екі кітапта баяндалған.
Біріншісінде, негізінен құн және қосымша құнға талдау жасай отырып, Смит пайда мен жер ернтасының нақтылы формаларын қарастырады.
Екінші кітапта капитал табғаты, оның қолдану мен қорлануы деген ат берілген
Қалған үш кітап Смит теориясына тарихына негізінен экономикалық саясатқа қосымша. Кішкене үшінші кітабында феодализм дәуірі мен капитализмнің қалыптасу кезеңіндегі Еуропа әкономикасының дамуы туралы кеңейтілген төртінші кітап полэкономия трихы және оған сын деп аталады; сегіз тарау мекантилизмге бреуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның даму тарихы
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері
Экономикалық талдаудың негіздері
Экономиканы талдаудың негідері
Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері. ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
И. Фишердің сандық теориясы
ХVIII ғасырдағы политэкономияның негізін қалаушыларының бірі - Адам Смит
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
Фридрих Ласт (1789 - 1846) және немістің политэкономия мектебі
Пәндер