Пантеизм. Натурафилософия


Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ. ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік - табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет) . Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.
Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.
Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) - құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705) . Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.
Натурафилософия (табиғат туралы философия) . Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.
Гуманизм (лат. humanus - иманды) - адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.
Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері - Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф. Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т. б. - зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Қайта өрлеу дәуірі - философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды.
Қайта өолей дәуірі философиясының негізгі белгілері:
-антропоцентризм және гуманизм - адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою;
-шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу) .
-кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар
аудару;
-Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну;
-тұлғаның алғашқы қатарға қойылу;
-әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы.
Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған - неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты - Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері Н. Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола.
Николай Кузанский (1401-1464 ж. ж. ) - схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасапа шығарады, онда құдайдың қарама-қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды. Барлық қарама-қарсылықтар Құдайға келіп тіреледі: шектілік пен шексіздік, ергежейлімен алып, жалпы мен жалпы тағы басқада құбылыстар. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеп тірейтіндігі туралы мистикалық - идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді.
Әлем - сезімтал абсолютті аяқтаушы, өзгермелі Құдай. Әлем - құдаймен аяқталады дей отырып, Н. Кузанский астрономиялық зерттеулер жүргізе келе күн - орталық (гелиоцентрлік), космостағы болып жатқан процестердің бәрі-діни ұғымнан бөлек табиғат тұрғысында ғана түсіндірілетін мәселе деп тұжырымдады. Н. Кузанский ойлауынша әлем ғаламдардан (галактикалардан) құралған, барлық аспан денелері - қозғалыс күшіне ие. Н. Кузанский бұл ойлары гелиоцентрлік жүйесінің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos»-жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымы Птоломей тұжырымдаған.
Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйекс өз кіндігінен айналатын жер күн төңірегндегі планетелалардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н. Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан-жақты талқылыған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Коперник жүйесі кеіннен нақты анықтала бастады. Бұл жүйені тиянақты дәлелдеуде Галлилей, Кеплер, Ньютон аса үлкен роль атқарды.
Галилео Галлилей (1564-1642) . Коперник пен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан денелірінің траектория бойнаша ғана емес, өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді. Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа планетелардың серіктерін зерттейді. Негізгі еңбегі - «Әлемнің негізгі екі жүйесі - Птоломейлік және Коперниктік диалог» (1632) . Оның тұжырымы бойынша, әлем - шексіз, материя - мәңгі, табиғит - бірегей. Табиғат бастамасы ретіндемеханикалық заңдылықтаға тәуелді, атомдар өзгермейді. Табиғатты танудың көзі - бақылау мен тәжірибеде. Алайда ол да діни көзқарастардан алшақ кете алмады, тәңірдің алғашқы себеп екендігін мойындайды.
XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т. Мордың шығармаларымен байланысты.
Т. Мор (1478-1535) . Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист-рационалисті. Басты шығармасы - «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516) . Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы - отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан-жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.
Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды.
Т. Кампанелла (1568-1639) . Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы - «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.
Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай әсер етті.
Негізгі ерекшеліктері:
- ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі
- білімнің қарқынды дамуы
- ғылмдардың пайда болуы
- діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы.
Жаңа дәуір философиясында эмпиризм және рационализм секілді екі бағыт қалыптасады.
Эмпиризм - танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т. Гоббс, Д. Локк, Д. Дьюи.
Рационализм (лат. зерде) - танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт. Негізін салушы Р. Декарт, өкілдері Б. Спиноза, Г. Лейбниц.
Ф. Бэкон (1561-1626ж. ж. ) - Кембридж университетін тәмамдап, Парижде ағылшын елшілігінде тұрады. Материалист. Еңбектері: «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», «Жаңа органон».
Эксперименттік ғылымның негізін салушы. Қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау, яғни эмпирикалық бағыттағы ұстанымдар. Схоластика, діни көзқарастарға қарсы шықты (дегенмен Құдайды мойындайды) . Эмпириктермен рационалистердің сыңаржақтылығын сынайды. Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу, жаңа қорытындыға қол жеткізу болып табылады. Ол бақылау процесінде емес, эксперимент жүзінде ғана мүмкін.
Ойшылдың пікірінше, философия Құдай, табиғат және адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл - ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл - ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды.
Ф. Бэконның ойынша дүниені танып, дұрыс пікірде болу үшін жалған пікірлерден азат болуы қажет, соның ішінде адам төрт елестен (идол) арылу керек:
1. Адам табиғатына тән «тектік» елесінен
2. Әркім жеке басына тән «үңгір» елесінен
3. «Нарық» (базар) елесінен
4. «Театр» елесінен.
«Білім - күш» қағидасын берік ұстанған. «материя қозғалыспен ажырамас бірлікте, энергия - материяның ішкі қасиеті» - дейді.
Философ жаңа философиялық методологиясының мынадай қағидаларын ұсынады:
1. Табиғатты зерттеудегі объективтілік
2. Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы
3. Табиғаттан көрі технологиялық дәреженің үстемділігі
4. Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті (жекеден жалпыға өту) әдісі.
Р. Декарт (1596-1650ж. ж. ) - фр. философы, дворяндар отбасында өмірге келген ол Ла - Флеш коллегиясында физика, арифметика, математика, музыканы тереңдетіп оқытады. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қазықпаған декарт алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысады. Жарықтың сыну заңын ашады, қанның айналуын зерттеп, псидология мен космогония және философияға талдаулар жасайды. Еңбектері: «Әдіс туралы ой - толғау» және «Философияның алғашқы бастаулары».
Космология, космогония, физика мен физиологияда - материалист, психология, таным теориясында - идеалист, соған орай Декарт дуализм бағытының өкілі ретінде сналады.
Декарттың рационализмінің негізі - күмән. Күманданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, соған байланысты оның өмірі айқындала түспек. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүргендігім» дейді. Біз анық қабылдайтын нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз, зердеміз арқылы ғана қабылданбақ.
Т. Гоббс (1588-1679ж. ж. ) - Оксфорд университетін тәмамдап, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттайды. Ф. Бэконға хатшылық қызмет атқарады. Еңбектері: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640ж), «Азамат туралы» (1642), «Левиафан» (1651ж) .
Номиналист, механикалық материалистік бағытты ұстанады. Адам мен жануарлар күрделі машина, материя - мәңгі, алғашқы, ал ой - материяның туындысы деген көзқарасты жақтайды.
Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат» теориясын тереңдете түсіп, философияны жоғары қояды. «Философия-танушы ақыл - ойдың рационалдық іс - әрекетінің жүйесі. Ол бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылыммен тең түсетін философия», - дейді. Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рационалдық анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде қарастыру керек, ал философия тек адам туралы ілім деген көзқарасты ұсынады.
Философтың пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болмасын тең етіп жаратады. Бірақ, әрбір адамға тән өзімшілдіктен кейін адам өзгеріске ұшырайды. Адам өзін ғана ойлайтын, өзінің сезімдеріне қарсы келмейтін мақұлық деп санайды. «Адам - адамға қасқыр», адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды. Осы жағдайлардан кйін адамдар арасында бір-біріне деген сенімсіздік туындайды. Табиғи теңдік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа ұмтылады, мақсатқа жету барысында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бірімен-бірі үнемі соғыста болады дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz