Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика - еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін - осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса - олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан "таза" нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу - реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда "таза" жоспарлы экономика дейтін пайда болады.
Нарықтық экономика артықшылығы
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де - жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де - елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды "жұмсартуына" тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
* маржиналдық (шекті) талдауға;
* балама тандау шығындарына;
* экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығандарының припциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар жөне ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты тандап алынады. Балама тандау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық, рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдык тандау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі -- табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар -- капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді -- бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. Сиректік деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында сиректік деген түсінік негізгі жөне ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит сиректік түсінігін құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында сиректіктің түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.[2]
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық кызметі Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды : бір жақтан өндірушілер , басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жұріп отырады.
Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бүл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады.Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге , тәуелсіздігіне үласады , сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін қүрайды.Екінші жағдай , тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде , жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады , өндіріс тауарлық өндіріске айналады.
Өндірушілер өнім өндіру және оны өткізуді, шығьндарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді -барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар ақша қатынасы жағдайында айырбас процестерді нарықтык қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмүны неде ? Экономикалық әдебиеттерде бүл сүраққа жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық әдебиетте жиіколданылатын нарыққа
анықтаманы франсуз экономисі А.Курно (1801-1877ж.ж), экономист А.Маршал(1842-1924ж.ж) береді. Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі накты нарық алаңы емес , ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін , кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі . Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У.Джевонс(1835-1882ж.ж) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына назар аударады . Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарық болады.
Байқасаңыздар , келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден , нарық (market) деген түсінік , бұл айырбас айналыс сферасында орын алады. Екіншіден , нарық-өндіріс , бөлу , айырбас және тұтыну процестерін қамтитын , адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын , қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген , экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен катар , нарық қатынастарына мыналар жатады:
-- екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа қүрылымдарды жалға алумен байланысты катынастар ;
-- еңбек биржасы арқылы жүмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
-- шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;
-- белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары; 10 -- тауар , қор , валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын , нарықтық инфракұрылымдардың іс-әрекеті;
Нарықтык кызметтерінің белгілі шарттары болады . Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды . Бүның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық күрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету .
Бугін шектеулер жойылды - мыс болып отыр . Бірақ олардың орнына басқа шектеулер , кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу , криминалдық әрекеттердің жандануы - рэкет , мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік -шаруашылық іс - қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі. Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді . Осылардың жиынтығы нарық жүйесін қүрайды .
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі -өндірушілер мен тұтынушылар . Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулер тауарды өндіреді, екіншілер оны түтынады . Түтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады . Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір - бірімен байланысы , әрқайсысының әрекеттерінің әүл байланыстар тұрақты болады, мамандануға еледі және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді .
Нарықтық экономикасының үшінші маңызды элементі -- баға. Бағаны жеке талдап танысайық, бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші , баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп)отырады. Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар эсерінің сферасын баға анықтайды . Осы сфераның шегін транакциондык шығындар болжайды , яғни айырбас пен байланысты айналым шығындарын болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сүраныстан және ұсыныстан тұрады . Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарлар түтынушыларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады . Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың ене ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сүраныс пен ұсыныс материялдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке . Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді . Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмІнің формасы болып табылады . А.Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін қолы деген . Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес , өздерінің қара басының қамын ойлап әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы коғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады . Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттушілерінің - бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т . б . мөлшерін анықтау болып табылады .
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады.Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді .
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ
Кез келген әлеуметтік ұйымның түбегейлі мәселесі - адамдардың басым көпшілігінің экономикалық кызметін үйлестіру арқылы әрбір адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Әлеуметтік ұйымның субъектісі - мемлекет, ал объектісі - халық. Осыдан туындайтын сұрақ ұлттың өркендеуін қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлі қандай болмақ?
Классикалық үлгі. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де, тұтынушылар да нарықтың ережесіне сай қызмет атқарады. Белгілі бір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай келетіндей түзетулер, толықтырулар енгізіп, реттеу қажеттігі туындайды.
Мұндай үлгіні алғаш рет А. Смит Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын. Автордың өзін-өзі реттеу ұстанымын қолдайтыны көрініп тұр. А. Смиттің пікірінше, жеке тауар өндірушілер мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек. Міне осы жағдайда тұтынушылар нарықтан өзіне не қажет, соны сатып алады. А. Смит сөзімен дәлірек айтқанда, нарықты өздігінен реттейтін көрінбейтін қол ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүкіл қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады. Көрінбейтін қол мен нарықтың автоматтылығы ресурстарды бөлу мен оңтайландыруға қабілетті. Яғни, нарық айқын және қарапайым табиғи еркіндік жүйесі идеясын жүзеге асыруға қабілетті. Осыдан шығар қорытынды: мемлекеттің экономикаға араласуы қажет емес, әйтпесе қалай жүрсе, солай жүрсін табиғи тәртіп бұзылады.
Жан-Батист Сэй нарықтың өзін-өзі реттеу механизмін анықтау үшін мынадай идея ұсынады. Тауарлар мен қызметтердің өндірісі осы өндірістің құнына сәйкес келетіндей табысты қалыптастырады, яғни, өндіріс барлық игіліктермен қызметтерді сатып алу үшін қажетті табысты қамтамасыз етеді. Сей заңы деп аталатын бұл идея бойынша ұсыныс өзінің мөлшеріне сай келетін сұранысты туындатады.
Қоғамдық үлес пайыз қойылымы, баға, жалақы, бәсеке секілді нарықтық механизмдермен реттеледі. Жоғары немесе төмен ауытқу арқылы бұл механизмдер нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін басқарады және экономиканың тұрақты дамуы мен толық жұмыспен қамтуға жағдайлар жасайды. Еңбек нарығындағы бәсеке нәтижесінде мәжбүрлі жұмыссыздықтың болуы мүмкін емес.
Классикалық идея, соның ішінде өндіріс өзіне қажетті мөлшерде сұранысты туындатады деген Сей заңы 100 жылдан аса шынайы экономикалық теория болып саналды. Дж. Гелбрейттің сөзімен айтқанда ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Батыс елдеріндегі адамдардың Сэй теориясын қабылдауы немесе қабылдамауы экономистерді есуастардан айырудың негізгі белгісі болып табылды.
Классикалық идеяны қолдайтын Дж.С. Миллдің қорытындысы жалпы тәжірибелік қағида laissez faire болуы тиіс және одан кез-келген ауытқу қауіпті. Сондықтан мемлекетке түнгі күзетші рөлі берілген, ал оның басты қызметтері-меншікті қорғау мен салықтарды жинау.
Мемлекетке түнгі күзетші рөлін беру XVII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы еркін кәсіпкерлікке негізделген капитализм мен еркін нарық кезеңінің әлеуметтік-экономикалық қалыптасу және даму жағдайларымен байланысты. Сол кезеңдердің әлеуметтік - экономикалық негізі өндірістік ресурстарға шағын жеке меншіктің болуы, субъектілер арасындағы экономикалық қатынастардың еркін бәсекелестік нарық арқылы жүзеге асуы болып табылады.
Классикалық үлгі мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі нарықтық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рөл атқарады, мемлекеттік араласуды жақтаушылар өз көзқарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы керек. Мемлекеттің атқаратын қызметі, оның рөлі нарық жағдайында қызмет ететін жеке фирмалар үшін қосымша әрі жанама дамуы тиіс. Классикалық мектептің экономисттері әр түрлі тарифтер жасауды, баға деңгейін тұрақтандыруды, техникалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz