Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшелігі туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті Мемлекет және құқық теориясы кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшелігі

Пәні:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Мамандығы:5В070100

Орындаған: Мақсұтова Ш. Қ, Хамит Б. А.

Тобы:16-700-41

Тексерген:Байтасова М. Ж

Қостанай, 2016

Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері

Жоспар:

1. Кіріспе . . . 3

2. Негізгі бөлім

2. 1Жемқорлық мінез-құлықтарының тетіктері . . . 4-5

2. 2 Жемқорлық мінез-құлқының тұлғалық детерминанты мен мотиві . . . 5-10

2. 3. Жемқорлықты факторлар ықпалына түспейтін тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері . . . 11-12

3. Қорытынды . . . 12

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 13

Кіріпе

Жемқорлық мінез құлықтарының тетігі -тұлға мен сыртқы ортаның өзара ықпалдасуы нәтижесінде орын алады. Қылмыс жасау тетігі әр сатысында сыртқы орта жауап беріп отырады, ал тұлға болса, өз кезегінде осы жауаптарға қатысты шешім қабылдайды. Жемқорлық мінез-құлықтың мотивациясы дегеніміз- мотивтің заңға қайшы қылықты жасаудың саналы түрткісі ретінде қалыптасу процесі. Бұл көрініске қарап отырсақ, жемқорлықтың ең бастауы, түбірі мотив сияқты болып көрінеді. Тіпті, қылмыстық құқық та қылмыс мотивін қарастырады және қылмыстық субъективтік жағының қосымша бел-гісі ретінде адамның мінез-құлқының ішкі түркісі деп қарастырады. Шынында да, мотив ең бір әрекеттің бастауы болып табылады, деген-мен, ол да әлі беті жағы осы мотивтің қалыптасуының өзіне де бірне-ше факторлар ықпал етеді. Олардың да белгілі бір жолдан өтетін тіз-бегі бар . Бұл тізбек тек қана жемқорлық мінез-құлыққа ғана тән емес, барлық заңды мінез-құлыққа да тән. Мұқтаждықтар ең алғашқы және адаммен туа бітті мотивтің қайнар көзі болып табылады. Бірақ жалғыз ғана емес.

1. 1Жемқорлық мінез-құлықтарының тетіктері

Жемқорлық мінез-құлық тетігі дегеніміз- объективтік шындықтың сыртқы факторлары мен жемқорлыққа бару шешімін детерминация-лайтын, бағыттайтын және оның орындалуын бақылайтын ішкі, пси-хикалық процестер мен жағдайлардың байланысы мен өзара ықпалдастығы. Әлеуметтік субъект ретінде адамда одан да басқа мотив көздері пайда болады. Олар - өмірлік жоспарлар мен проблемалық жағдайлар. Осы үшеуінен барып мүдде туындайды. Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланыс-ты. Мүдде категориясының әлеуметтік, философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық мүддеге айнала алады. Қарапайым мысалмен айтқанда ‘’Қарным ашып тұр’’- дегеніміз мұқтаждық та, ‘’Қалай тамақ тауып жеймін?’’- дегеніміз мүдде. Демек, мұқтаждық адам санасымен сезілген уақытта мүддеге айналады. Ол “өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру жолындағы субъектінің объектіге қатынасы”. Мүдде сонымен бірге, мұқтаждық, құндылық т. б. сияқты қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам дамуының секірістері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешуге ұмтылыс қажет. Осы қайшылықтарды шешуге ұмтылған әлеуметтік субъектілердің прогрессивтік әрекетіне түрткі болатын олардың мұқтаждық-мүдделері және т. б. итермелеуші күштер. Маркстің сөзімен айтқанда ‘’ескі мұқтаждықтарды қанағаттандырып болған соң жаңа мұқтаждықтардың туындауының өзі - тарихи процесс’’. Егер де мұқтаждықтар өспей, жаңасы туындамай, бір деңгейде қала берсе, онда адамзат әлі алма теріп, арба итеріп жүрген болар еді, немесе әлі де homo sapіens sapіens-ке жете алмай жануар тектес кейіпте қалған болар ме еді?!! “Егер мұқтаждық, ең алдымен, мұқтаждық затына бағытталса, мүдде мұқтаждықты қанағаттандыра алатын заттарды, құндылықтарды, игіліктерді тарату соларға байланысты болатын әлеуметтік қатынастарға, институттарға, құрылымдарға бет түзейді”. Гегельше айтсақ, “ештеңе де мүддеден тыс жүзеге асырылмайды”. Ол мүдделер нақты шешім қабылдауға негіз болытын мотивт қалыптастыру үшін әлі де мүмкіндіктерге сүйенуі тиіс. Мүмкіндіктің философиялық ұғымы мүддеден де кем түспейді. Ол да жан-жақты. Ол тұлғаның қандай да бір өзгерістерді жасай алуы. Мысалға, заттан келетін мүмкіндік дегеніміз заттың объектитвтік шындыққа алып келетін өзгерісін тұлғаның өзіне таңуы, телуі. Ал жалпы әлеуметтік мүмкіндік болса, одан да кең өз әрекеттері мен дене қимылын қоса алғанда кез келген әлеуметтік өзгерістерді еркімен жасай алуы. Әлеуметтік мүмкіндіктер методологиядағы мүмкіндік пен шындық категорияларынан бастау алса да, бірдей емес. Себебі ол методологиядағы мүмкіндік - объективтік те (адамның еркі мен қалауында шаруысы жоқ), әлеуметтік мүмкіндік субъектитвтік: тек қана тұлғаға ғана тән, оның еркімен байланысы. Әлбетте, объектитвтік факторларды ысырып тастауға болмайды, себебі кез келген адам өз еркі тілеген нәтижесіне қол жеткізе алмайды ғой(мүмкіндігі жоқ) . Ары қарай өз жолымен дамып келген осы көздерді құндылық бағдарларына сүйене отырып, бағыттау керек, сон соң ғана осылардың нәтижесінде белгілі бір актіге деген мотив пайда болады. Мысалға, Жемқорлық деген өте сан салалы күрделі әрекетті алмай-ақ, қарапайым бір-ақ актіден тұратын әрекетті алайық. Айталық, студент сабақ үстінде мұғалімнен далаға шығып келуге рұқсат беруін өтінуі керек. Осы бір ‘’Ағай, далаға шығып келейінші’’ деген түрткінің қалыптасуына ең алдымен, мұқтаждық пен әйестік ықпал етеді, яғни не болмаса белгілі бір табиғи мұқтаждықтар не болмаса басқа да мұқтаждықтар (үйге телефон шалып келу, су ішіп келу) немесе әуестіктер (дәлізде сенделіп жүріп қайту, өзге топтағы досқа барып әңгіме айтып келу т. б. ) ықпал етеді. Бірақ ол сұранбас бұрын проблемалық жағдайлармен де санасуы керек: ол ағай қатаң - ешкімді жібермейді, сұранғанды жақсы көрмейді, өткенде жасаған шалыс әрекетіме өш сақтауы мүмкін т. б. Сол сияқты демнің арасында іштей санада әуелден шынайы қалыптасып қалған өмірлік жоспарлар да жанасып өтеді: мен білім алу үшін бір минутты да жібермеймін деп өзіме уәде бергенмін, бос нәрсеге әуес болма. Осылардың нәтижесінде олар мүддеге (енді қалай сұранамын?), одан мүмкіндікке (мен семинарда отырмын ба, әлде курстық дәрістемін бе, деканат тексеріп қалмай ма?), одан құндылық бағдарларына (маған білім керек пе, әлде арасында сабақтарды түсінбей қалсам да бола ма?) ұласады. Одан әрі осы мотивтің негінде далаға шығуға шешім қабылданып, жоспарлай бастайды (дәл қай уақытта сұранамын?), содан соң ғана, студент ‘’Далаға шығып келуге бола ма?’’- деп қолын көтереді. Жаңағы тізбек бір демнің ішінде бірі бірімен біте қайнасып зу етіп өте шығады. Бұл бір ғана акт, ал дәл осындай ‘’кримино хирургиялық операцияны’’ адам әректінің күрделі түрлерінің бірі қылмысқа жасауға тура келеді. Енді осы жерде айта кетелік, мұқтаждық барлық мінез-құлықтың бастауы екені рас, бірақ оның да түр түрі және деңгейі бар. Адамзат өзінің мыңдаған жылдық тарихында мұқтаждықтарды жоғары деңгейлерге көтере алды. Мотивтің қалыптасуына осы аталған ішкі факторлар ғана емес, сыртқы тұлғаның өз ерекшеліктері, тәрбие де ықпал етеді. Әдетте, адамның мотивациялық аясының ерекшеліктерін тұлғаның өзін талдау шегінде қарастырады.

2. 2 Жемқорлық мінез-құлықтарының тұлғалық детерминанты мен мотиві

Жемқор тұлғасын зерттей келе, зерттеушілер төмендегідей типтік мотив түрлерін бөледі:

1) мотивтердің анти-әлеуметтік түрлері;

2) материалдық немесе табиғи түрткілердің рухани түрткілерден артық болуы;

3) борыштан гөрі түрткінің (ниеттің, әуестіктің) басым болуы;

4) алыс және өмірлік маңызды болашақтан гөрі жақын мақсатты түркілердің алда болуы;

5) біздің қоғамның құндылық жүйесінде түрткілердің төмен деңгейде болуы.

Бұл бұрмаланған қасиеттер, жалпы алғанда әлі де қылмыстық мотивацияның қалыптасуына негіз болмайды. Тұлғаның азғындауы оның мінез құлқында ешқашан жүзеге аспауы мүмкін. Мысалға, материалдық мүдделердің рухани мүдделерден жоғары қойылуы ол тек қана қылмыстық жолмен байиды дегенді білдірмейді; бұл мүдде-лер заң шеңберінде де толыққанды жүзеге асуы мүмкін. Жемқорлық мінез-құлық тетігінде есі дұрыстықты жоққа шығармайтын аномолия-лар да маңызды орын алады. Жалпы халықтың ішіндегі психикалық аномалиясы барлардың үлес салмағына гөрі олардың үлесі қылмыс-кердердің арасында басым болса да, кейбір кеңес дәуірінде жүргізіл-ген зерттеулерге орай, ол ауытқушылықтар жемқорлық мінез-құлық тетігінде басты рөл атқармайды.

Психопатиялық бейімділігі бар адамдар эмоционалдық жағынан ұстамсыз, агрессивті болып келсе де, кейбір психикалық аномалиялар бейтарап қалыпта қалады. Мотивацияның деңгейлері: І - социоло-гиялық; ІІ- әлеуметтік-психологиялық; ІІІ - психологиялық; ІҮ - психофизиологиялық. Мотивацияның элементтері: 1 - мұқтаждық-тардың немесе өзге де детерминанттардың қалыптасуы мен ұштануы (актуализмация) ; 2 - нақты мотивтің пайда болуы мен қалыптасуы; 3 - мақсатты таңдау; 4- мақсатқа жетудің жолдарын, амалдарын, құралдарын таңдау; 5 - ықтимал әрекеттерді, ойластырылған-ойластырылмаған нәтижелерді, соның ішінде, қылмыстық жазаны да, болжау; 6- әрекет етуге бел байлау; 7- әрекетті жүзеге асыру және бақылау; 8- туындаған салдарды талдау, қол жеткен мен ойластырылғанды салыстыру; 9 - өкіну немесе қорғану мотивін қалыптастыру.

Жемқорлық мінез-құлыққа ықпал ете алатын тұлғаның қоғамға жат көзқарастары бағыттары, қоғам қолдамайтын мұқтаждықтары мен мүдделерінің түбі әлеуметтік. Осы жерде бірден тұлғаға ықпал ететін сыртқы ортаның екі деңгей болатын айта кеткен абзал, олар: микроорта және макроорта. Екеуінің арасындағы бөліну шартты. Микроорта - ол тұлға тікелей байланысқа түсетін қоғамның институттары (жанұя, достар, өзге де топтар) . Адам макрортаны микроорта арқылы ғана бойына сіңіреді, өйткені ‘’ұстап көруге болатын’’ макрорта болмайды, макроорта микрорталардың жиынтығы ғана емес, ол тұтастай алғандағы қоғамды, тіпті, қоғамда бұрын өмір сүргенмен қазір жоқ әсер етуші институттарды да білдіреді. Мысалға, Робин Гуд шет ел аңызынан алынған персонаж, ол өмірде жоқ, бірақ жалпы қоғамдық көзқарастарды қалыптастыруға ықпал етуші тұлға. Мысалға 1994 жылы Ресейде жатып интернет жүйесі арқылы АҚШ-тың беделді банк жүйесіне сақтандару құралдарын бұза отырп еніп, әр мемлекеттердің басқа банктеріндегі есеп-шоттарға ондаған миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны бірнеше сағаттың көлемінде аударып жіберген, кейіннен Ресейге де көп мөлшерде ақша ‘’аударған’’. Оны жасаған 24 жасар Ресей азаматы АҚШ-та ұсталып, сот алдында жауап бергенде, судьяның ‘’Бұл істі не үшін жасадың?’’- деген сұрағына мектепте төменгі сыныпта оқып жүргендегі әңгімесін баяндап берген. Онда мұғалім бұлардан өскенде кім болатындығы туралы сұрақ қойып, кезек бұған келген ол: ‘’Ол мамандықтың қалай аталатынын білмеймін, бірақ ондай мамандықтың бар екенін білемін, ол - байлардан ақшаны алып кедейлерге бөліп беретін мамандық деп жауап берген’’. Жауап берген оқушылардың ішіндегі ең дұрыс жауап деп мұғалім осы болашақ ‘’хакердің’’ жауабын тапқан. Бұл әрекет аңыздағы Робин Гудтің әрекетіне сай келеді. Ондай қасиеттерді ол макрортаны құраушы Робин Гудті көргесін емес, тікелей байланыстағы микрортаның айтуымен сіңіреді. Не болмаса, қазақ дастандарының ішінде ақын Нұрқан

Ахметбековтың ‘’Қарға’’ дастаны Қарға атты өмірде болған ұры туралы.

Ол және қарапайым ұры емес, әр елден жылқы барымталап келіп,

кедейлерге үлестіріп беруші болған және өзі тақыр кедей болған деседі:

Орынбор, Омбы, Сібір, Сыр қуаңнан

Қараөткел, Қызылжар мен Қыр дуаннан

Келемін топтап айдап жылқы тартып

Алғандай қалың малға бір құдамнан, - дей келе:

Түн қатып, түсім қашып, ел ақтадым

Орман-тау сай саланы қонақтадым

Кісіге көңіл еткен бөліп беріп

Көбісін өз бойыма жаратпадым, - деп қайырады.

Ал осы өмірде нақты болған, Төлеу Жәуке батырдан ‘’таяқ’’ жеген ‘’батырдың’’ әрекеті де ел арасындағы жатқа айтатын жыршылардың аузынан естігесін жас балаларға аздап болса да әсер етпей қоймайды.

Осы дастанның бір жерінде:

Қуғыншы болушы еді құмарларым

Талайын тізеге сап нығарладым

Болса да қанша алып, асқан балуан

Бір қолдап бір ұрғаннан шығармадым, - деген шумақ жолдары бар.

Детерминация - латынның determіnare (анықтау, айқындау) деген сөзінен шыққан. Яғни дереминация - ол айқындау, анықтау процесі. Дүниедегі барлық құбылыстар, процестер бірі біріне тәуелді: бір құбылысты пайда болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты, соңғысының тағдырын алғашқы құбылыстар айқындайды. Детерминизмнің негізгі мазмұнын себептілік құрайды. Дүние үлкен бір тізбекке бағынышты, әлбетте осы тізбектің қалай түзілуіне адамның қомақты үлесі бар. Ломоносов айтпақшы, ештеңе де жоқтан пайда болмайды, пайда болған нәрсе өмірде бар молекулалардың қосылысы, ажырауы нәтижесінде өмірге келеді. Бүгінгі парта осылай бола салған жоқ. Алдыңғы күні кішкене ұрықтан ағаш боп ондаған жылдар өсіп тұрды, кеше - бірнеше жыл құрылыс материалы боп жатты, бүгін - парта боп келіп тұр, ертең - ол отын, арғы күні - жартысы ауаға кеткен, жартысы күл боп жерде қалған нәрсе. Күл басқа нәрсеге сіңіп, ауа миллион саққа бөлініп дүние жалғасып, айналып кете береді. Тек біз бірнеше жыл бойына партаны көріп тұратын себебіміз - оның тізбегі асықпай жүретіндігінде. Ал басқа бір процестердің тізбегі тез жүреді. Тізбекке түспейтін нәрсе өмір сүрмейтін материя, өйткені қозғалыс материяның өмір сүру нысаны (формасы) . ‘’Объективтік шындықтың әрбір құбылысы, кез келген процесі немесе заты - бар болғаны оқиғалардың жалпылама тізбегінің бір сәттік звеносы ғана’’. Мысалға, Демокрит айтқандай ‘’Бір түскен суыңа екінші рет түсе алмайсың’’, өйткені ол да қозғалыста, суға сүңгіп шығып, бір минуттан соң қайта сүңгісең ол су емес басқа су - алғашқысы одан басқа жерде ағып бара жатыр, судың өзге молекулаларына сүңгідің, уақыт та басқа. Ал осы таудағы ағынды суды фотосуретке түсіріп, іле-шала екінші рет түсірсең де басқа сурет. Өткені ештеңе де екінші рет қайталанбайды. Міне, біздің партаны бес-он жыл бірқалыпта көретіндігіміз оның бір ‘’фотосуретке’’ түскен сәті салыстырмалы түрде тұрақты тұратындығында (ағын судай емес), тізбегі асықпай жүретіндігінде, бірақ ол да асықпай болса да қозғалып бара жатыр бізге білінбей. Үлкен тарих үшін партаның бес-он жыл тұрғаны фотосуретке түсіруден де тез. Ал оның осы күндегі тізбеке келу себебі мен болашақтағы жай күйін білу үшін олардың алдындағы өткен негізгі тізбектерін білу керек. Оны білу детерминизмді білуге, яғни құбылыстар мен процестердің жалпыға бірдей тәуелділігін білуге нұсқайды. Детерминация процесі тек қана себептілік байланысын білдірмейді, сонымен қоса байланыстың өзге нысандарын да білдіреді: функционалдық, статистикалық тәуелділік, жағдайлардың тәуелділігі, т. б.

Қоғамдағы қылмыстардың себептері туралы көзқарастарды әр түрлі теориялардың маңына шоғырландыруға болады. Профессор Е. І. Қайыржановтың ізімен жүрсек, оларды биологиялық, генетика-лық, психологиялық және социологиялық деп топтастыруға болады, сондай-ақ бұдан басқа да теологиялық, астологиялық, астрономиялық т. б. теориялар бар.

Қылмыстылықтың себептері туралы психологиялық теориялар-дың да екі ағымы бар: бірі - психопатиялық ағым, келесісі - психо-аналиткалық. Психопатиялық ағымның негізін қалаушы неміс пси-хиатры Курт Шнейдер өз еңбегінде (1923 ж. ) психопаттардың он ти-пін бөліп, оның кем дегенде жетеуі қылмыс жасауға бейім деп есеп-тейді. Келесі бір неміс психиатры Кречмер Эрнест (1888-1964) антропологиялық көзқараспен де қабыса кететін психикалық жағынан гөрі сыртқы жағы көзге түсетін психопаттардың төрт типін келтіреді. Ю. М. Антонянның ойынша зорлықшыл қылмыскерлердің арасында психопаттардың үлесі 30%-ті құрайды.

негізін қалаушы австриялық психолог Зигмунд Фрейд (1856-1940) . Оның айтуынша адамның екі негізгі қоғаушы инстинкті бар: бірі - өзін өзі қорғау инстинкті, екіншісі - жыныстық инстинкт (либидо) . Алғашқысы тіршілік иесінің өзін ғана қорғау үшін болса, соңғысы сол эволюциялық түрді қорғау үшін қажет. З. Фрейдтің өзі сананы екі деңгейге бөледі және санадан да жоғарғы нәрсені атап өтеді. Сананың астыңғы бөлігі, яғни бейсана құбылыс ''ол'' деп, ал сана ''эго'' (мен) деп аталады. Ал оларда да жоғары тұрған қоғамдық тәртіпті ''Жоғары эго'' деп атайды. Либидо бейсана деңгейде (ол) пайда болып, эгоға көтеріледі. Ал либидоның жасағысы келген әрекетіне Жоғарғы эго рұқсат бермейді, осы кезде қайшылық туындайды және қайшылықтың орын алатын жері - эго. Осыдан ''Былай тартсаң, өгіз өлетін, былай тартсаң, арба сынатын'' жағдай туындайды . Яғни, оны қанағаттандырсаң қоғамдық тәртіпті бұзып қылмыс жасайсың, қанағаттандырмасаң сананың қызметі бұзылып аномалияға алып келеді.

Сондықтын да, автор ''мұқтаждықтарды сублимациялау'' жолын ұсынады, яғни келіп тұрған жағымсыз энергияны қоғамдық тәртіпке қайшы емес, қайта қоғам өзі қолпайштайтын бағыттарға, арналарға бұрып жіберу. Спортқа, көркем өнерге, ғылымға т. б. жолдарға. Мысалға, жануар инстинкті ұрып-соғуға итермелесе, онда спортпен айналыс. Аталған мұқтаждықты қылмыстық жолмен қанағаттан-дырсаң, түрмеге қамайтын болса, спорт арқылы қанағаттандырсаң, түрмеге қамамақ түгілі, қолпаштап, алақанға салып жүреді: чемпион боласың! Басқаша әсірелеп айтқанда, ''Ол'' дегеніміз асау ат сияқты, ал ''Эго'' - оны үйретуші шабандоз, ал ''Жоғары эго'' - аттың жүруге тиісті жолы. Жабайы жылқы өз бетінше шапқысы келеді, жол жалғыз-ақ, ал адам үстінде тізгінге ие бола алмай дал болады.

Бірақ З. Фрейдтің бұл айтқандары қылмыскерлірді, әсіресе, зор-лықшыл қылымскерлерді ақтап алғандай болды. Себебі, біреуді зорлап тастап, ''мен емес кінәлі, бәріне ''ол'' кінәлі, сол мені қыста-лаған'' деп айтуы әбден мүмкін. Осыған байланысты З. Фрейдттің де сыншылары жетіп артылады. Қарсыластары санаға бағынбайтын деп жүрген инстинкті әуел бастан тәрбиелеуге болатындығын, Фрейд либидоның күшін соншалықты арттырып көрсететіндігін айтты. Фрейдке қарсылар ''жабайы жылқыны'' құлыншақ кезеңінен жүген-деуді ұсынады.

Фрейдтің либидосы теологиядағы ''нәпсі'' ұғымымен де қабысады. Сол сияқты фрейдтің Эдип комплексіне байланысты пікіріне қатысты дау да біртөбе болып келеді. ''Эдип комплексі'' - фрейдизмнің негізгі ұғымдарының бірі. Оның мәнісі - әрбір балада ерте балалық шағында қарама қарсы жыныстағы ата-анасына жыныстық әуестіктен, өзінің жынысындағы ата-анасының бірінің өлімін тілеуден тұратын бейсана сезімдердің комплексі туындайды-мыс. Бұл термин құдайлардың қалауымен өз әкесін өлтіріп, шешесі екендігін білмей оған үйленген көне грек аңызының кейіпкерімен байланысты. З. Фрейд бойынша қыздарда аңыз бойынша әкесі үшін өш алып шешесін өлтірген ''Электраның комплексі'' болады. Кейіннен адам өсе келе өзінің осы жыныстық әуестіктері үшін ары алдында азап шегеді. Осыдан барып, бейсана деңгейде конфликтіге алып келетін кінәлілік сезмі пайда болады-мыс.

Қылмыскердің тұлғасы дегеніміз - қылмыс жасаған тұлғаны сипаттайтын және оның қылмыстық мінез-құлқына ықпал ететін әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, адамгершілік, құқықтық қасиеттердің, белгілердің, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы. Ол адамның әлеуметтік беті. Осы жерде Қаз дауысты Қазыбек бидің

''Ерден ердің несі артық?

Ептестірген сөзі артық,

Малдан малдың несі артық?

Бір-ақ асым еті артық,

Жерден жердің несі артық?

Бір-ақ уыс шөбі артық'',

- деген аталы сөзін еске алсақ болады, адамнан адамның артығы - қасиетінде ғана, олар да өз кезегінде туа бітті немесе әлеуметтік ортадан алған белгісі болуы мүмкін. Қылмыскер тұлғасын сипаттау үшін оның бала күнінен бастап бойына сіңірген барлық қасиеттерін адақтап шығу керек. Біреуді бойы ұзын деп жақсы көрсеңіз - ол биологиялық қасиеті, енді береуді ақылды деп сыйласыңыз - ол психологиялық-интеллектуалдық қасиеті.

2. 3. Жемқорлықты факторлар ықпалына түспейтін тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшелігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы
Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу
Жас ерекшелік психологиясы
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Құқық нормаларын қолданудың тәжірибелік ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz