Тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлық теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
Тарихи дамуы
Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді, - деп айтқан .
Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші б.з.д. 2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол жемқорлық үшін өте қатал жаза енгізген. Өкінішке орай, тақтайшаларда, оның оң нәтижеге жеткен жетпегені туралы айтылмаған.
Жемқорлықты айыптау көптеген діни кітаптарда кездеседі, бірінші кезекте Құран иен Библияда. Ал б.з.д. IV ғасырда Индияда Арташастра трактаты жазылған болатын, онда жемқорлықтың түрлері мен онымен күресу тәсілдері талқыланған. Қоғамның дамуына және кітапбаспаның пайда болуына қарай ол туралы жиірек және көбірек жазылатын болды. 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясына сәйкес сыбайлас жемқорлық президентке сенімсіздік жариялануға себеп болатын екі қылмыстың бірі болып табылады.
Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың аяғы. Якобиндік диктатура қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп Директория жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке бірінші консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. Бұл күрес қатігездікке емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде Наполеон керемет жетістіктерге жетті, сонымен қатар Директория кезінде ұрланған ақшаларды қазынаға қайтарды.
Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
1. Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді.
2. Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.
3. Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану.
4. Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;
- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: Сыбайлас жемқорлық - бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы.
Енді бір анықтама 1999 жылғы Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: Сыбайлас жемқорлыққа - мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады
Еліміздегі сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың үлкенді-кішілі деңгейлерін, мемлекеттік қызметті, жергілікті басқару органдарына дейін тамырын тереңге жіберіп жайлап алды. Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылғанына қарамастан, коррупция деңгейі азаймай отыр. Мемлекеттік органдарда жүріп жататын толассыз қайта құрулар, оқтын-оқтын жазалаулар, заңға енгізілген түрлі өзгерістер, ешқайсысынан нақты нәтиже жоқ. Соңғы үш жылда 3,2 мың лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа байланысты жауапкершілікке тартылып, 400-ге жуық қылмыстық іс қозғалған (Бас прокурордың ақпары). Бұл жемқорлықпен күрестің үздіксіз жүріп жатқанының дәлелі, бірақ, ол көбінесе жекелеген лауазымды тұлғаларды жемқорлыққа байланысты айыптап, жарияға жар салып жазалау сипатында жүзеге асуда. Құбылыстың өзімен емес, салдарымен күресу бар. Соншама жемқорды қызметке тағайындағандар қайда, бұл адамдарды (азғындарды) осындай дәрежеге дейін өсірген, ұсынған кім, кадр саясаты сараланбай ма, - қысқасы сұрақ көп. Бұл жемқорлықпен күрес жүргізуде ашықтық, жариялылық жоқ екенін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық туралы жиі сөз қозғалуының өзі осы дертпен күреске қарай жасалған бір қадам. Осы тұрғыда сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңда: Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәліметтері бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде заңда көзделген шараларды қолдануға міндетті деп нақты айтылса да, күрестің жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тек сөз күйінде қалып келеді. Коррупциядан түскен арам табыс мемлекетке қаншалықты қайтарылды, әлде қылмыс және т.с.с. әрекеттерге жұмсалып жатыр ма, ол жағы белгісіз. Осыдан келіп тосқауылдан қорықпаған жемқорлар жалғанды жалпағынан басып жүр. Мемлекеттік билік жүйесінің беделін түсіріп отырған да солар. Осылайша, коррупция әлеуметтік жүйені тұтастай қамтып, өзіне икемдеп алды. Ал, кез-келген теріс құбылыстың жолын кесу үшін оның түп-тамырын, себеп-салдарын тауып, соны жоюдан бастау қажет. Тамыры жұлынған арам шөп қана өсуін тоқтатады.
Қазақ еліндегі сыбайлас жемқор - лықтың тарихи-әлеуметтік себептерінің бір ұшы патшалық Ресейдің әкімшілік жүйесінде жатыр. Жалпы, тарихта отар болған мемлекеттер көп. Бодандыққа ұшырап, табиғи байлығынан, қазынасынан айрылған елдер аз емес. Бірақ, соның ішінде, ең ауыры - рухани дүниесінен, болмысынан, ділінен, өзегінен айрылу. Отаршылдықтан көп зардап шеккеннің бірі қазақ болды. Патшалық билікке дейін өмірге көзқарасы, бір-біріне, жалпы адамдарға қарым-қатынасы табиғи қалыпта сақталып келген бірден бір халық осы қазақ болатын. Оның бүкіл дүниетанымы мейірім мен адамгершілікке, адами қасиеттерге негізделген. Қазақтың жаны зұлымдыққа, жамандық атаулыға қарсы. Түркілер жер мен көктің иесі бір Тәңір деп, оған қайшы келетін бүкіл жамандық атаулыдан аулақ өмір сүрді. Киелілік пен қасиетті пір тұтқан олардың бүкіл салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы моральға бағынған. Мінез-құлқында, тіршілігінде тек адами ұстанымдарды басшылыққа алған көшпелілер үшін ар-намыс, иман бірінші орында. Дүниенің жалғандығын сезініп, пендешілік ұсақтықтан жоғары болуға тырысып, тұрмыс-тіршілігінде де осы ұстанымнан айнымады. Патшалық Ресейдің қазақ даласында әкімшілік реформа жүргізуіне дейінгі хандық билік тұсында құқықтық, заңдық басқару билер үкіміне негізделді. Ол сайланбайтын, мұрагерлікпен берілмейтін, тек заң жоралары мен шешендікті меңгерген парасатты адамдарға ғана бұйырған ерекше лауазым. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ, би әділдігін жоғалтса, биліктен де айрылатын. Төле би: Күш атасы - халықта, қарсы келген хан да, би де оңалмас дейді, бұқара халық қайсы биге жүгінуді өзі таңдайтын. Билік кесу кезінде олқылық жіберу, сөйтіп атақ-абыройынан айрылу - би үшін ең үлкен жаза. Міне, ар-намыс заңдарына жүгінген қазақтар жемқорлықтың жолын осылай кескен. 19-ғасырдың орта тұсынан бастап патша реформасы арқылы қазақ ішіндегі дәстүрлі саяси-әлеуметтік қатынас бірте-бірте жойылды. Жаңа әкімшілік басқару жүйесі өзімен бірге парақорлықты, жемқорлық пен әділетсіздікті ала келді. Шен-шекпен таратып, үлкенді-кішілі сайлау құру қазақ халқын жікке бөлді. Ахметше (Байтұрсынұлы) айтқанда: Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік. Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, Алалық, алты бақан дертпен кірдік. Кіреді тентек есі түстен кейін, Мүшкілін халіміздің жаңа білдік. Ал, ресейлік қоғамда парақорлықтың пайда болуы XVII-XVIII ғасырларда орныққан шенеуніктер қызметімен тығыз байланысты. Чиновничество - класс искусственный, необразованный, голодный, не умеющий ничего делать, кроме служения, ничего не знающий, кроме канцелярских форм, сосущие кровь народа тысячами ртов, жадных и нечистых деп, А.Герцен қызмет етуді служить (годиться, быть пригодным, полезным, быть орудием, средством для цели, идти в дело, быть нужным, угодливый, услужливый - В.Даль) деп түсінетін шенеуніктер табын шыжғырып жазады. Сол тұста әкімшілік қызметкерді сатып алу ресейлік тұрмыстың бір дәстүріне айналды. Мұндағы парақорлық құбылысы тамырын тереңге жіберіп, басқару жүйесімен, саяси билікпен тұтасып, бірігіп, оның бір бөлшегіне айналып кеткен. Орыстың ғалым-зерттеушілері парақорлықты орыстың ұлттық ерекшелігі деп мойындайды.
Ресей патшалығы тұсында парақорлық барлық дәрежедегі шенеуніктердің жасырын табыс көзіне айналып, мемлекеттік лауазымға ие болу жеке адамның байлыққа қол жеткізуінің бірден бір жолы деген көзқарас орнады. Билікті теріс пайдалану, ашкөздік психология дендеп, пара алу-беру процесі күнделікті, үйреншікті жайтқа айналған. Бүкіл орыс қоғамы саяси билікті заңсыз түрде баюдың көзі деп білді, билікке қолы жеткендер бірден неғұрлым көбірек жеп, қарпып қалуды көздеді. Осы дертпен күресіп көрген Александр І патша, Екатерина ІІ сияқты орыс патшаларының өзі қазынаны тонау мен парақорлықты жеңу мүмкін емес деген. Тіпті, билікті теріс пайдаланудың басқару жүйесіндегі барлық деңгейді қамтығаны сонша, І Петр патшаның өзі бірнеше рет ақшаның құнсыздануы кезінде 150% пайдаға кенеліпті. Кейбір кезде шенеунік қызметінің жеккөрінішті болуы да осы жемқорлықпен байланысты. А.Герцен оларды чернильное дворянство деп жек көрсе, К.Рылеев лютое отродье деп масқаралайды. Жағымпаздық, құл сияқты қызмет көрсету, саяси бас шұлғу арқылы лауазымын өсірген сайын қазынаға жақындай түседі. Мұндай психологияны ресейлік биліктің өзі де ынталандырып отырған, өйткені, мұндай шенеуніктер саяси жағынан ең жағымды элемент емес пе: ...что может быть покладистее, уживчивее хорошего, доброго взяточника, он готов ужиться с какою угодно внутренней политикой, уверовать в какого угодно Бога (Салтыков-Щедрин М. Помпадуры и помпадурши). Міне, осындай паразит сословиенің өмір салты жүздеген жылдар өтсе де аса көп өзгере қойған жоқ.
Патшалық тәртіпті большевиктердің жетпіс жылғы билігі одан әрі жалғастырды. Қазақтар ақ пен қызылдың айқасының ортасында қандай қоғамға кіргенін ұғынып та үлгермеді. Қоғамның даму заңдары бойынша ешбір қоғамдық формация бірден ауысуы тиіс емес, ол біртіндеп дами отырып, білім мен ғылым жетістіктерінің нәтижесінде табиғи түрде өзгереді. Ал, зорлықпен бүкіл бір елді, халықты басқа қоғамға топырлатып кіргізу тек сол халық үшін орасан зор апат қана әкеледі. Міне, осындай күштеп отырықшыландыру, күштеп ұжымдастыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz