Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері

2. Әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері

3. Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері

Дәріс:

Қазірігі таңдағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілері арасындағы қылмыстың әртүрлі формада көбейіп келе жатуы өзекеті мәселеге айналып отыр. Бұл қылмыстың ең қауіпті формасы болып мемлекеттік құрлым-дарда қылмыстық элементтерді көбейте отырып, шенеулік жеке өзінің жағдайын жақсарту мақсатында қызметтік функциясында саудамен айналысады.

Сыбайлас жемқорлық өз кезегінде ұйымдасқан қылмыстың ортасына айналып, олардың табысының қайнар көзіне айналады. Ол өте жоғары латентілігі-мен, тойымсыздығымен және мемлекет пен қоғамға орасан зор зиян келтіруімен ерекшеленеді. Қылмыстың бұл түрі қоғамдағы саяси-адамгершілік климатына теріс ықпал ете отырып, саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңаруға бағытталған қатынастарға кесірін тигізеді. Биліктен көңілі қалған халық енді заңды құрметтеуденде қалатын болады. Мемлекеттік қызметшілердің қылмыс-тық әрекеттері адамдардың санасындағы дүниетанымы мен құндылығына әсер етіп, нақты жеке тұлғаның рухани жұтаңдығына ғана емес, тұтастай ұлттың және қоғамның жұтаңдығына әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары экономика және саясат секілді маңызды салаларды қамтып алады. Әсіресе, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, экономмикалық секторларды қаржыландыруда, банктік операцияларда, квота мен лицензия беруде, қорларды бөлуде, жер реформаларын жүзеге асыруда және т. б. көрінеді. Бұл қылмыстың түрі саясаттада орын алып, заң шығарушы органдардың сайлауларында, осы органдардың қызметінде, мемлекеттік билік органдарында кадрлық мәселені шешуде және мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыруда да кеңінен қанат жаяды.

Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстылығы бұқаралық санада көріндей қалып, керсінше қолдау тауып жататыны жасырын емес. Бұл халықтың проблемасын тиімді шешу жолдарын көрсетудің көлеңкесі іспетті болып келеді. Тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтағы пара алу әрекеті жүз проценттік табыстың кепілдігі, ал ал сыбайлас жемқорлықтың өзі қоғамға тән өмірдің бір бөлігіне айналған.

Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық жабық формасына жасалатын заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен мүліктерді, экономикалық контрабанда, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуды анықтау тәжірбиеде сирек кездеседі. Шикізат ресурстарын ұрлаумен ұйымдасқан топтардың қылмысымен байланысты, лауазымды тұлғаның сыбайлас жемқорлығымен байланысты қылмыстар толық ашылмай жатады. Экономика мен қаржы саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары қозғаусыз жатыр деуге де болады.

Бұл әлеуметтік құбылыспен күресте қиындық туғызып отырған жағдай, сыбайлас жемқорлық жасырын ғана емес, келісімді түрде жасалуы болып табылады. Көптеген жағдайда оған қатысты шағымдар болмайды. Себебі заңсыз мәміле жасау екі жаққа да тиімді болып келеді. Пара беруге мәжбүрлеуде шағымдар болмайды, адамдар сыбайлас жемқорлықпен күрес процессіне әрқашанда сенім білдіре бермейді. Бұған негіз болатын объективтік және субъективтік жағдайлар отанымызда да шетел елдер тәжірбиесінде орын алған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 13-тарауы мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстарға » арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керсінше « Лауазымды қылмыстар» деген арнайы 5- тарау бар болатын. Қоғамызда орын алған күрделі әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде істелінетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы кодекстегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзгеде де ұйымдардағы қызмет мүделеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді . Мұндай бөлінудің негізгі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмысты іс-әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне ешқатысы болмайды.

Осы екі органның - мемлекеттік немесе коммерциялық және өзге ұйым-дардың лауазымды адамдарының атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар . Сондықтан да осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің арнаулы 8-тарауында көзделген. Жалпыға мәлім бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қаблетті. Осыған орай мемлекеттік аппараттың қызметін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткене мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажетті белгісі болып, ондағы жүріп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қызмет борышын адал атқаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық, сонымен бірге өз қызметтеріне қиянат жасай-тындарға заң алдындағы қатаң жауаптылықта көзделген.

Қазақстан Республикасының 25. 09. 03 ж. № 484-II Заңымен 13-тараудың тақырыбы өзгертілді. Енді ол «Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару

мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» деп аталады.

Мемлекеттік қызмет мүдесіне қарсы қылмыстардың бір тарауға біріктіруге негіз болған төмендегідей ортақ белгілер :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Әкімшілік - құқықтық жауапкершілік
Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері
Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары жайлы
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ОРЫН АЛУЫ МЕН ҚҰҚЫТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың саяси тетігін әзірлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz