Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәлім-тәрбие


Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәлім-тәрбие . . . 4
2. 2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлері . . . 4-5
2. 3. Ұлы Түркi қағанаты және оның тәлiмдiлiк-танымдық мұрагерлерi (VI-IХ ғ. ғ. ) . . . 5-7
2. 4. Орта ғасыр ойшылдар еңбектерiндегi тәлiмдiк ой-пiкiрлер . . . 7-11
2. 5. Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы ( VI-XV ғ. ғ. ) . . . 11-12
2. 6. Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой- пікірлердің дамуы( XV-XVIII ғ. Қазақ хандығы) . . . 12-14
2. 7. Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының ғылым ретiнде дамып қалыптасуы . . . 14-18
2. 8. ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар . . . 18-24
2. 9. Егемендi Қазақстан Республикасында ұлттық тәлiм-тәрбиенiң қайта жандануы және қазіргі мектептердегі білім мазмұны . . . 24-27
ІІІ. Қорытынды . . . 28
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстандағы жаһандану үдерісі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар алдына түбегейлі реформалау міндетін қойып отыр. Әлемдік өркениетке ену жағдайында түбірлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің негізінде ұлттық мәдениет пен руханиятты жаңғыртудың мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қажеттілігі туындап, педагогика ғылымын әрбір халықтың ұлттық ерекшелігіне сай жетілдіру мәселесін қарастыру көзделуде.
Қазақ педагогикасы тарих пен мәдениеттің өткен кезеңдерінің мәселелерімен ғана шектелінбейді, ол халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі бүгінгі тәжірибесін, тіпті оның болашаққа жету бағдарын да қамтып тұжырымдауға бейім болуы және соған қызмет етуі шарт. Жасыратыны жоқ, қазақ педагогикасы дегенде өткен тарихқа көңіл аудару, оның тарихи алғышарттарына назар аудару басым.
Ұлттық ұстаным - халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі мол тәжірибесін, педагогикалық ілімін пайдалануға, оның өсіп-өркендеп дамуына еліміздің тәуелсіздігі мүмкіндік беретіні айдан анық. Мұның өзі қазақ педагогика ғылымын өз деңгейіне көтеру, оның әлемдік педагогикадағы өлшемін айқындау және ұлттық тұжырымдамасын жасауға күш салу міндеттерін алға қояды.
Қазақ педагогикасы ең алдымен, түркі өркениетінен бастау алатын қазақ халқының ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, оқыту мәселелерімен айналысады, қазақ ағартушыларының педагогикалық идеялары мен тұжырымдамалары негізінде педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын, бағыттары мен ағымдарын, іргелі педагогикалық теориялары мен қағидаларын айқындайды, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық болмысына сай педагогика ғылымындағы барлық ғылыми жетістіктер мен педагогикалық мұраларды қоғамдық құбылыстармен, ғылымдармен, идеологиямен, т. с. с. байланыста зерттейді.
Қазіргі таңда елін сүйген, өз халқының болашағын ойлаған, «жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» деген халық даналығын санасына ұлы қағида ретінде түйген зиялы ойдың иелері қазақ халқының этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар екендігін барша әлемге мойындату үшін күш жұмсауда. Қазақ халқының арғы тегі Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі түркі халықтарының әлемдік руханиятқа үлес қосуына Еуразия құрлығындағы Ұлы даланы мекендеген халықтардың көшпелі мәдениеті мен тәрбие тәжірибесі, ислам дінінің озық тәрбиелік идеялары, ежелгі түрік, византия, араб, парсы, үнді, қытай мәдениеттері тоғысқан Түркістан жеріндегі Қарахан мемлекетінің саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлары әсер етіп, барлық адамзат баласын талай ғасырлар бойы толғандырып келе жатқан адам мен оның тәрбиесі туралы ілімнің қыр-сырын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер туғызды.
Негізгі бөлім
2. 1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі тәлім-тәрбие
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ. ғ. ) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi - Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi болып саналатын ұлы даланы мекендеген түркi тектес (тiлдес) халықтардың, одан әрi ғұндар мен сақтардың бiр елдi, бiр жердi мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бiр тiлде сөйлеп, бiр дiнге сенiп, әлем мәдениетiнiң қалыптасуына тендесi жоқ үлес қосып, бүгiнгi түркi халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгiнгi ұрпақ өмiр тәжiрибелерiнен көрiп отыр.
Зерттеушi ғалымдар А Қасымжанов, Ж. Алтаевтың: “Бiз тарихқа ХIҮ-ғасырдың басынан бастап “қазақ” деген атпен енсек те, мыңжылдық мәдениетi, философиясы, әдебиетi, тарихы бар халықпыз . . . ” деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелiп, жазылған бұл тарихи деректер бiздiң қарастырып отырған мәселелерiмiзге тарихи-әлеуметтiк тұрғыда кеңiрек үңiлуiмiзге мүмкiндiк туғызады.
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының коғамдық құрылыс кезеңдерiне сай, бiздiң ойымызша, 8 кезеңге бөлiп карастыру кажет демекпiз.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңi тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерiнiң iс-әрекеттерiн көпшiлiк болып топтасып, бiрге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшелiктерiне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта бiлдi, аң аулауға көмектестi, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киiм пiштi, тұрмыстық салт-дәстүрлердiң рәсiмдерiне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңiрқазған, Шарбақты және Ұлытау өңiрлерiн мекен еткен.
2. 2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлері
Сақтар империясы, шамамен, бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VII-III ғасырлар аралығында, қазiргi Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендедi.
Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және басқа да тайпалар кiрген. Сақтардың көсемдерi Африсиап, Томирис сол кездегi iрi мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргiзу барысында әскери-көшпелi тұрмысты қалыптастырған.
Металл өңдеп, әлемдiк маңызы зор “скифский зверийный стиль” атты зергерлiк бұйымдар, қару-жарақтар мен киiмдер жасай бiлген. Жылқы жануарын өте қатты қадiрлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-тiршiлiктерге байланысты, сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптерi негiзiнде тәрбиелеп өсiрген. Сол замандарда өмiр сүрген, Тәңiр дiнiнiң негiзiн салған данышпан Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ әлемдегi тұңғыш “Авеста” кiтабын жазған. Заратуштра сол кездiң өзiнде (Аристотельдiң замандасы) рухани-танымдық, тәлiм-тәрбиелiк мәндi ойлар айтқан. Сақтардың қайратты, жауынгер халық екенiн атақты тарихшы Ксенофонт (б. д. д. 434-355 ж. ж. ) былай деп суреттейдi: “Персидский царь устроил конные ристалища для всадников, представляющих разные народы. Когда начались бега, то какой-то молодой сак вырвался вперед и достиг финиша. Персидский царь предложил царю царство в обмен на коня, но тот отказался заявив, что отдал бы коня лишь в обмен на благодарность храброго человека . . . ”, - деген екен.
Ғұндар б. д. д. III ғасыр мен бiздiң дәуiрiмiздiң I-II ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияның мұрагерлерi болды. Сол кезеңдердегi үйсiн, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кiрдi, ғұндар металл игердi, мал шаруашылығымен айналысты. Бiрақ олардың ең негiзгi кәсiбi әскери-жауынгерлiк өнер едi. Олар өздерiнiң ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, ептi болуға және зергерлiк бұйымдар жасауға тәрбиеледi.
Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары арасындағы этнолингвистика мен ассимиляцияның үлкен өзгерiстерге ұшырауына негiз болып, дүние жүзi тарихында Шығыс халықтарының Батысқа жасаған ұлы қоныс аударуы (Великое переселение с востока) атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн көсемi Атилла (Едiл) бастаған халың қол ұлы Рим империясына қауiп төндiрiп, ақыры құлауына әкеп соқтырды.
V ғасырда өмiр сүрген атақты тарихшы-географ Аммиян Марцеллин әскери-көшпелi тұрмысты былай суреттеген: “ . . . кочуя по горам и лесам они с колыбели приучаются переносить холод, голод и жажду. Они плохо действуют в пеших стычках, зато . . . сидя на коне они исполняют все обычные свои дела и сокрушают все, что попадается на пути . . . ”.
2. 3. Ұлы Түркi қағанаты және оның тәлiмдiлiк-танымдық мұрагерлерi (VI-IХ ғ. ғ. ) .
Ұлы Түркi қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетiнiң қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуiрлердегi дамыған мемлекет болған.
Қағанаттың пайда болуы бiр-бiрiнен ыдырап, бөлшектенiп кеткен дала халықтарының, тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениетi мен ғылымы дамыған бүгiнгi түркi тектес халықтарға ортақ мәдениеттiң қалыптасуы мен жасалуына, сонымен қатар әлемдегi аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын тигiздi.
Қағанат сол кездегi өркениеттi Византия, Араб Халифаты жөне Қытай империяларымен дипломатиялық қарым-қатынас жасап отырды. Ұлы Түркi қағанаты бүгiнде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрiкменстан, Ресейдегi - Татарстан, Башқұртстан, Якутия (Саха), Чувашия т. б. Қытайдағы Шығыс Түркiстан (Шынжаң өлкесi), Еуропадағы Венгрия, басқа да Шығыс Еуропа территориясын мекендеген халықтардың бастарын қосып, шығысында Алтай таулары, батысында Карпат таулары, солтүстiгiнде Сiбiр жондары, ал оңтүстiгiнде бүгiнгi Қытай қамалына (Темiр қақпа) дейiнгi орасан зор территорияны иеленген.
Бiздiң ойымызды Әзiрбайжанның белгiлi түрiктанушы-ғалымы 3. Наджип: “ . . . түркi тiлдес халықтардың көне жазба әдебиетiн қалыптастыруда бүгiнгi татар, башқұрт, өзбек, қазақ, қарақалпақ, түрiкмен, әзiрбайжан халықтарының ата-бабалары белгiлi дәрежеде үлес қосты”, - деп, дәлелдей түседi. Ал белгiлi ғалым Айдаров: “ . . . Орхон ескерткiштерiнен түркi тайпаларының тарихы, мәдениетi, тiлi мен әдебиетi, әдет-ғұрпы, салт-санасы жөнiнде толып жатқан деректер табылады . . . ”, - деп, ұлттық салт-дәстүр мен тәлiм-тәрбие жөнiнде маңызды пiкiрлер тұжырымдайды.
Көне мұралардың iшiндегi бiзге кеңiрек мәлiм болғандары Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашап жазылған VI-VIII ғ. ғ. ескерткiштер: түркi көсемi Бiлге қаған, Күлтегiн батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметiне қойылған құлпытастар. Оларда ұлы Түркi қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениетi мен жауынгерлiк жортуылдары айшықты да мәнерлi тiлмен өсиет сөз үлгiсiнде баяндалады. Бұларда қазiргi қазақтардың сөз саптау үлгiсiне жақын шешендiк өнердiң дәстүрлi формалары айқын байқалады. Орта ғасырлық түркi тiлдi әдебиеттiң таңдаулы туындыларынан да ұшыраспайтын бұл жазуларда тәңiрiнiң “Жарлығымен” болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал берiлгендiгi, қағандардың қараларды билеп-төстеуi жайында сөз қозғалады. Мәселен, “Егер сен, түркi халқы, өз қағаныңнан, өз бектерiңнен, өз отаныңнан жырақ кетпей, бiрге жүрсең, сен өзiң де бақытты өмiр сүресiң, өзiңнiң отбасыңда болсаң, ешнәрседен мұқтаждық көрмейсiң . . . ” деп, бек пен қара халықты бiрлiкке шақырады. Түркi халқына қамқорлық жасау мәселесi де тас жазулардың өзектi арқауы (“Ер жұрек халық, күштi халық”, “Бiзге жеңiс әперген жер-суымыз (Отанымыз) ) деп бiлу керек” т. б.
Тәлiмдiк тұрғыдан, “құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар, өлiмнен ұят күштi . . . Адам ұлының бәрi де өлмек үшiн туады . . . Менiң ағам менi адам еттi” дейтiн жолдар көңiл аударарлықтай.
Ежелгi түркiлердiң ауызекi поэзия дәстүрi бiзге IX ғасырда ғұмыр кешкен әншi, әрi сазгер небiр тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есiмiн жеткiздi. Ол адамзат өмiрiнiң соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал кұрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзiнiң жанын жегiдей жеген ой-сезiмдерiн қазалы жанның үрейiн, өлiмнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы кұйiмен, поэзиялық көркем тiлмен баяндайды. Ол эпос үлгiсiндегi поэзиялық мұра ретiнде бiздiң дәуiрлерiмiзге жеттi. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелi тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, дiни наным-сенiмдерiн бейнелейтiн мәлiметтер көптеп кездеседi. Олар тәлiмдiк жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман . . . Менмен, тәкаппар адамды тәңiрi сүймейдi . . . Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ . . . қонағы жоқ, қараша үйден құлазыған тұз артық. . Әйелдiң төрт түрi болады: оның бiрi ниетi қара әйел, екiншiсi - нысапсыз әйел, үшiншiсi - үйдiң құты болған әйел, төртiншiсi - кесiрлi әйел . . . ” деп келетiн Қорқыттың нақыл сөздерi өз мәнiн күнi бүгiнге дейiн жоймай келедi.
IX-X ғасырларда ұлы Түркi қағанаты бiрнеше мемлекеттерге (қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т. б. ) бөлiнiп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдiк жүргiзулерiне әкелiп соқты. Арабтар ислам дiнiн уағыздаумен бiрге ғылым мен бiлiм де әкелдi. Нәтижесiнде түркi халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылды, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дiнтану, астрология сияқты әлемдiк маңызы зор дәрiснама берудi басты мақсат еттi. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екiншi Аристотелi атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950) еңбегiне ерекше болды. Ол математика, музыка, логика, философия, психлогия ғылымдарының негiзiн салды. Өмiр бойы ғылым жолына берiлiп өмiрiнiң көбiн Сирия, Дамаскiде өткiздi. Ол бiрнеше ұлттардың тiлiн бiлген, ғылым-бiлiм жолында бар өмiрiн сарп еткен ғалым.
Адамгершiлiк, азаматтық жолды, ғылым-бiлiмдi мақсат тұтқан ғалым шетте жүрсе де атамекенiн бiр сәт естен шығармаған шынайы патриот азамат болды.
Iзгiлiк, имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi паш еткен Жүсiп Баласағұнидың “Құтты бiлiк”, Ахмет Жүинекидiң “Ақиқат сыйы”, Махмұт Қашқаридiң “Түркi сөздерiнiң түсiндiрмесi”, Қожа Ахмет Яссауидiң “Диуани хикмет” атты еңбектерiнiң ХI-ХII ғ. ғ этикалық-педагогикалық мән-мағынасының зор болғаны, бұл еңбектердiң он ғасыр өтсе де өзiнiң тағылымдық қадiр-қасиетiнiң бiр сәт төмендетпейтiнi сөзсiз.
2. 4. Орта ғасыр ойшылдар еңбектерiндегi тәлiмдiк ой-пiкiрлер
Х-ХҮ ғ. ғ. аралығында Шығыстың екiншi Аристотелi атанған әл-Фараби атамыздан бастап, бiр топ ойшыл ғалымдар түркi топырағында өмiр сүрiп, ғылым-бiлiмдi өркендетуде өшпес iз қалдырған.
Солардың iшiнде әл-Фарабидiң ұстаздық (ғалымдық) еңбегi ерекше. Оның жан мен тәннiң пайда болуы жайындағы трактамаларында өзiнен бұрынғы Платонның “Жан тәннен бұрын пайда болады деген пiкiрiн жоққа шығарып, жан мен тән бiрге дамиды, тәнсiз жан жоқ, жан тәннiң тiршiлiк қасиетi. Адамның тәнi де, жаны да өткiншi деп ой топшылайды.
Ол өзiнiң “Жан туралы” деген еңбегiнде жанды өсiмдiктерде, жануарларда, адамда болады деп үшке бөле келiп, айналаны тану қуаты жануарлар мен адамға тән дейдi.
Адамның айналаны тануы бес сезiм мүшесi арқылы iске асатынын, оның өзiн сыртқы және iшкi жан қуаты болып бөлiнiп, сыртқы жан қуаты жеткiзген мәлiметтердi ойда қорытып сыртқа шығару (ой) ми мен тiлдiң iсi дейдi. Адамның жануарлардан ерекшелiгiнiң өзi ойлай, сөйлей алуында деп қарайды.
Ал “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат” деген еңбегiндегi жан құбылыстарының әртүрлi көрiнiстерiне қысқаша сипаттама бередi. Ол тану процесiн екi кезеңге бөледi де, бiрiншiсiн сезiмдiк кезең деп атаса, танып бiлудiң негiзгi түйсiк-сезiмiнде, ол ойлау процесiн тұрғызуға түрткi болады деп қарайды.
Ол iзгi қала тұрғындарының қажыр-қайратымен ерiк-жiгерiн - рухани қасиеттi қалыптастырудың негiзгi факторы дейдi. Ол батырлық, ерлiк iс-әрекеттер ерiк-жiгердiң жақсы сапасы болса, ал мейрiмсiздiк, қорқақтық, дүниеқорлық, нәпсiқұмарлық адам бойындағы ұнамсыз жан қасиеттерi деп қарайды. Ол адам жанының ерекшелiк қасиеттерiн санамалай келiп, адамның жануардан айырмашылығы саналы iс-әрекетiне байланысты. Адам қоғамнан тыс тiршiлiкте ете алмайды, сондықтан ол басқалармен қоғамда қарым-қатынасқа түсу арқылы әрекет етедi. Осы әрекеттесу кәсiптiк ерекшелiктердi туғызады, түрлi топқа, қоғамдастыққа бiрiгедi. Осы қарым-қатынас iзгiлiкке, қайырымдылыққа құрылуы керек дейдi.
Адамдар қоғамда бақытты өмiр сүруi үшiн өзара көмектесетiн iзгi қоғам құруы керек дейдi. Ондағы адамдар бiр-бiрiмен ынтымақты байланыс жасауы тиiс дейдi. Iзгiлiктi адам бойына дарыту тәрбие, өнеге арқылы iске асырылады деп тәрбие мәселесiне басты орын бередi. Тәрбиеге көнбеген опасыздар мен жауыздарды күштеп көндiрiп, болмаса көзiн құрту керек дейдi. Халық байлығы адал еңбекпен жасалады. Еңбек тәрбиенiң басты құралы болуға тиiс деген қорытынды шығарады.
Фараби еңбек бөлiсiне қарай қала тұрғындарын кедейлер, шәкiрттер, әкiмдер деп үшке бөледi де, дене еңбегi кедейлерге, ал ой еңбегi шәкiрттер мен әкiмдерге тиiстi деп қарап, бiлiм алу, ел басқару iсi де халыққа адал қызмет бiрiншi орында тұруға тиiс деп қарайды. Фараби ұлы ағартушы болғандықтан адамды тек оқу-бiлiм арқылы жақсартуға, жетiлдiруге болады. Оқу-бiлiм барша халыққа ортақ нәрсе деп қарайды.
Ұлы ғұламаның шәкiрт пен ұстаздың ара қатынасы туралы ойлары да педагогикалық тактiге негiзделген. Ұстаздың ұстамды, бiр қалыпты болуы керек тейдi. Әл-Фараби адамды iзгiлiкке тәрбиелеп жетiлдiруде музыканың үлкен роль атқаратынына да басты көңiл бөлген. Ол музыка адамды iзгiлiкке тәрбиелеудiң басты құралы деп қарайды.
Әл-Фарабидiң медицина саласындағы еңбектерiнде дәрiгерлердiң адам жанын дәрi-дәрмекпен де, сөз құдiретiмен де емдеп жазатыны туралы ой қозғайды. Бұл бүгiнгi тiлмен айтқанда психотерапия.
Жүсiп Баласағұни (ХI ғ. ) Түркi тектес халықтардың тәлiм-тәрбиелiк пiкiрлерiнiң iлкi бастауы - төп төркiнi болып табылатын рухани мұра “Құдатғу бiлiг” (Құтты бiлiк) атты еңбектiң авторы. Бұл - дидактикалық этикалық жанрда жазылған шығарма. Дастан 85 тараудан, 6645 өлең жолынан тұрады. Шығармада оқиғаға қатысты төрт кейiпкер - төрт қасиет бар. Ол әдiлет, дәулет, парасат, қанағат. Осы төртеуiнiң арасындағы бақыт туралы сөздiң жартысы диалогқа құрылған. Дастан Қарахан мемлекетiн нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Осы өлке кезiнде шаруашылығы шарықтап өскен, жазу, сызу өнерi дамыған, мәдениетi өркендеген, зиялы қауым көп шыққан ел болған. Баласағұн адам баласының қадiр-қасиетi - бiлiм мен ақылда. Бұл -адамның жетiлiп, кемелденуiнiң алғашқы жолы. Ғылым iздеу - мұсылманның бiр парызы деп қарайды. Ол бiлiм-ғылым тiл арқылы баииды дей келiп, бiлiм мен тәрбие берудi тiлдiң пайда зиянын сөз етедi.
Көп сөйлеме, аз айт бiрер түйiрiн,
Бiр сөзбен шеш түмен сөздiң түйiнiн деп ой қорытады.
Ол iзгiлiк - адамзат үшiн ең қажеттi қасиет басшы iзгi болса, халқы да iзгi болады дейдi. Баласағұн бiлiм мен еңбекпен байлыққа қолың жетсе мақтан ба, асып таспа, адамдық ардан аттама дегендi өсиет етедi. Әдiлет жолын қу, шыншыл бол, сараңдық пен аш көздiктен аулақ бол дейдi. Ол тектiлiк туралы сөз қозғап ел билейтiн әкiмдердiң тектiлерден шығуын қуаттайды.
Сондай-ақ ел билейтiн азамат намысшыл болуы керек. Ел намысын, ел пайдасын көбiрек ойлаған азамат халыққа қадiрлi болады дей келiп:
Адам ба адам өз пайдасын күйттеген
Адам нағыз - ел пайдасын дiттеген - деп ой қорытады.
Х-ХII ғасырларда Қазақстан жерiндегi мәдени орталықтың бiрi - Сыр бойы болды. Осы төңiректен А. Яссауи, Ахмет Иүгүнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ақындар шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz