Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
Жоспары:
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
II.Негізгі бөлім
2.1. Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7
2.2. Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-10
2.3. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы Ана тақырыбы ... ... ... ... ... ..10-14
2.4. Ұлпан романы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-16
2.5. Ұлпан романын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-18
2.6. Ғабит Мүсіреповтың сөз шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.7. Ұлпан романын мектепте оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 18-24
2.8. Хронологиялық кесте ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-25
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Кіріспе
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі студентке арнаулы мамандық беретін профильдік пәндердің қатарына жатады. Ол ғылыми пән ретінде Қазақстанда мұғалімдік және педагогикалық институттар мен университетте қазақ тілі мен әдебиет факультеттері ашылуымен байланысты оқыла бастады. Демек, оның дербес пән ретінде оқу жоспарына енгізіліп оқыла бастауы 1930 жылдардан есептеледі. Міне сол кезден бері қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі жоғары оқу орындарында өтілетін негізгі пәндердің қатарында оқылып келеді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері педагогикалық процесс, яғни мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбиелік процестегі өзара қарым-қатынасы болып табылады. Демек, әдебиеттік материалдарды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен тәрбие беру жөніндегі туатын заңдылықтарды қарастырады. Бұл мақсат-міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда, сөз жоқ, педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін өз шеңберінде ғана алып баяндайды.
Мектепте көркем әдебиетті оқып үйренуге байланысты оқушыларға берілетін білім мен тәрбие жұмыстарының формалары мен мазмұны сыныпта өтілетін әдебиеттік материалға тәуелді. Өйткені әрбір сыныпқа арналған әдебиет бағдарламасына түрлі ақын-жазушылардың өмірбаяны мен творчестволық жолдары, көркем шығармалары енгізілген. Бұл шығармалар өздерінің қамтитын тақырыбы мен идеясы, жанры, кейіпкерлері, көркемдік өзгешіліктері, тағы басқалары жөнінен алуан түрлі болып келеді. Сондықтан әдебиет сабақтарындағы педагогикалық процесте оқушыларға әдеби білімнің негізін меңгерту және тәрбие беру ісі осы мәселелерді маркстік-лениндік ілім тұрғысынан шешкенде ғана жүзеге асырылып отырылады.
Әрине, оқушыларға әдеби білім және соның негізінде тәрбие беру ісі сынып жағдайында әдебиетті оқып үйренумен шектелмейді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің бұл жөнінде көмекке келетін тағы бір маңызды объектісі-құралы бар, ол әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан, мектептен тыс жұмыстар (сыныптан тыс оқу, түрлі әдебиет, драмалық үйірмелер, әдеби кештер, экскурсиялар т.б.)
Сөйтіп, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі дегеніміз-нақты оқу-педагогикалық процесте оқушыларға әдеби білім мен тәрбие берудің ғылыми және тиімді жолдарын үйрететін оқу пәні. Бұл міндетті мүлтіксіз орындап шығуда, бір жағынан, маркстік-лениндік әдебиеттану мен педагогика ғылымдарының табыстарына сүйенсе, екінші жағынан, мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің теориялық қағида-ережелеріне және озат тәжірибеден қорытылып жинақталған практикалық маңызы бар әдіс-амалдарға сүйенеді.
Сайып келгенде, осылардың бәріне арқау, тірек болатын негізгі материал-көркем әдебиет. Тек осымен байланысты әдебиет сабақтарындағы және одан тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесс жүзеге асырылады.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің міндеттері мен мазмұны.
Бүгінгі таңда еліміздің халық ағарту ісіне, мектепке әрдайым қамқорлық жасап, оның даму жолдары мен оқу перспективаларын көрсетіп отырды.
Мектептегі оқу мен тәрбиенің өмірмен, өнімді еңбекпен байланысын нығайту әдебиет мұғаліміне де зор талап қойып, үлкен міндет жүктейді. Өйткені жас жеткіншектерді тәрбиелеудің өскелең жаңа міндеттері әдебиет мұғалімінен терең білімді болуды, педагогикалық және әдістемелік шеберлікті, әдебиетті әрдайым творчестволық шабытпен оқытуды талап етеді. Ол әдебиет сабақтарында оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасын қалыптастырады; олардың идеялық-саяси және моральдық-эстетикалық жақтарынан өсіп жетілуіне көмектеседі: олардың дұрыс ойлау білушілік қабілетін жетілдіріп, тіл мәдениетін дамытады.
Бұл айтылған міндеттердің дәрежесінде болу үшін, әдебиет мұғалімі өз жұмысының мазмұны мен формасын айқын ұғынып, жетік білуге тиісті. Бұл ретте әдебиет мұғалімінің арқа сүйеп, тірек тұтатыны- қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Себебі көркем әдебиет пәнін сөз өнері ретінде оқыта білудің принциптері мен міндеттерін белгілеп беретін осы әдістеме болып табылады.
Әдебиет мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеті негізінен ІV-VIII және VIII-XІ сыныптарға арналған әдебиет бағдарламасында белгіленген. Мұғалім оқу жылы басталар алдында бағдарламаның түсінік хатын оқып, әдебиетті оқу міндеттерімен, бағдарламаның құрылысы және негізгі мазмұнымен, кейбір әдістемелік нұсқауларымен, әдебиетке байланысты сыныптан, мектептен тыс жүргізілетін жұмыс түрлерімен т.б. танысады. Бірақ қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің мазмұнында қамтылатын негізгі мәселелерді айқын және терең ұғыну үшін бұл жеткіліксіз. Демек мұғалім әдебиет бағдарламасымен тек үстірт қана танысып қоймай, әдістеме мазмұнының талап-тілектеріне сәйкес тұрғыдан қарап, сын көзімен тексеріп, зерттеп, творчестволықпен меңгере білуге тиісті. Тек сонда ғана ол әрбір сыныпта оқып үйренілуге, өтілуге тиісті әдеби материалдардың ауыр-жеңілдігі, орналасу тәртібінің дұрыс-бұрыстығы, берілген сағат мөлшеріне сәйкестігі, оқушыларға берілетін әдеби-теориялық білімнің көлемі мен мазмұны, жүйелілігі, ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері тағы сол сияқты мәселелер жөнінде дұрыс ғылыми-әдістемелік қорытындыға келе алады.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет пәнін оқытуда қолданатын әдіс-амалдары, тәсілдері жатады.
Нақтылы бір бағдарламалық материалды өтуде көздеген мақсат негізінен бір болғанмен, әрбір оқытушы бұл мақсатқа әр түрлі әдістемелік әдіс-амалдарды қолдану арқылы жетеді. Ал осылардың ішінен сыртқы қауызын алып тастап, дәнін ғана сұрыптап, таңдап, талғап ала білу мұғалімнен үлкен творчестволық қабілетті, шеберлікті талап етеді. Өйткені әдеби материалдың ерекшелігіне байланысты әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары, әдіс-амалдары, барысы, құрылысы, мазмұны т.б. болады. Демек сабақ өтілетін материалдың өзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне қарай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын мүдделі құбылысқа, күрделі оқу-тәрбиелік процеске жатады. Әрбір сабақтың жақсы немесе нашар өткенін дұрыс бағалау үшін, оған ғылыми жолмен талдау жасалады. Талдауда барлық факторлар есепке алынады. Тек осы факторлардың нәтижесінде ғана әрбір сабақтың сапалы және сапасыз жақтарын айырып білуге болады. Сөйтіп, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі міндеті: мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерін принциптік жолмен негіздеп беру. Бұл қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің басты мазмұны болып табылады.
Негізгі бөлім
2.1. Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған Ғабит 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Болашақ жазушының көркем әдебиетке деген құштарлығын оятуға осы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген ақы әрі көрнекті педагог Бекет Өтетілеуовтің ықпалы күшті болды. Бекет менің қиссаға құмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тура тарта бастады. Әуелі Жиған-терген деген өзі шығарған өлеңді берді... Содан соң ол маған бір жетіге Шаһраман қиссасын беріп, кейін ертегі ретінде түгел айтқызып шықты деп еске алады Ғабит Мүсірепов өзінің Автобиографиялық әңгімесінде. Б.Өтетілеуовтің көмегімен Ғабит Мүсірепов бұдан кейін Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге қабылданады. Училищеде оқып жүрген кезінде ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.М.Горький, В.Г.Короленко, Дж.Лондон секілді ақын, жазушылардың кітаптарын оқиды, көркем әдебиет әлемінің сырларына қанығады. Ғабит Мүсірепов училищені 1921 жылы тәмамдайды. Ғабит 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшылар факультетіне (рабфак) оқуға алынады. Бұл тұста ол орыс әдебиетінен білімін байыта түседі, орыс классиктерінің (Л.Толстой, А.Чехов, Н.Гоголь, М.Горький) шығармаларын айрықша қызығып оқиды; Едіге деген қысқа әңгімесін 1925 жылы Еңбекші қазақ газетінде жариялайды.
Ғабит Мүсірепов рабфакты бітіргеннен кейін бір жыл Омскідегі ауыл шаруашылығы академиясында оқиды. Осы кезде ол Әмірқан бидайығы деген аударма кітап шығарады; 1927-1928 жылдры Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы техникумында сабақ береді. Бұдан былайғы жылдарда ол кеңес, партия, баспасөз орындарында қызмет істей жүріп, қаламгерлікпен де айналысады.
Ғабит Мүсірепов Қазақстан баспасының бас редакторы, Қазақ АКСР Оқу халық комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ әдебиеті, Социалистік Қазақстан газеттерінің бас редакторы (1934-1935), 1936 жылы ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі болады.
1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып өткен сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді; қазақ әдебиетінің негізін қалаған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров бастаған көптеген ақын-жазушылар нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қатары қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығасыға душар етті. Дәл осы кезеңде өз басына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі - Ғабит Мүсірепов еді. Оның жазушы Бейімбет Майлинді қаралаушылар дүрмегіне қосылмай, Бейімбет халық жауы болса, мен де халық жауымын, - деп сөйлегені бүкіл елге мәлім болған.
Ғабит Мүсіреповтің ел басына түскен ауыр оқиғаларды барлық ақиқатымен айта алатыны оның Бұл Шұғылада болған еді деген әңгіме-очеркінен анық көрінеді. 1930-1933 жылдарда қазақ халқы ашаршылықтан қырылып, тірі қалғандары күнкөрерлік жер іздеп, бет-бетімен босып кеткені мәлім. Мәскеу билеушілерінің Қазақстанды басқаруға жіберген адамы - Ф.Голощекин жергілікті халықтың тұрмыс-салтымен, дәстүрімен, шаруашылық, кәсіп ерекшілігімен санаспай, елді ашаршылыққа ұшыратып, тоздырып жіберген кезеңнің шындығын батыл жазуға тәуекел еткен жазушылардың бірі де - Ғабит Мүсірепов. Бұл Шұғылада болған еді деген очеркінде ол қазақ халқына жасалған голощекиндік геноцидтің сұмдық көріністерін далада иесіз қалған мекендер мен аштықтан опат болған адамдардың тау-тау болып үйілген, көмусіз қалған сүйектерін көріп, жаншошырлық қырғынның қорқынышты суреттерін қаз-қалпында көрсетті. Жазушының туралық үшін күрестері ақырында оның өзіне де соққы болып тиді., ол партия қатарынан шығарылып, қызметінен босатылды. Ғ.Мүсіреповтің 1938 жылдан 1955 жылға дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуының түпкі себебі осындай.
1955-1966 жылдарда Ғ.Мүсірепов Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің органы Ара - Шмель сатиралық журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол қоғам қайраткері ретінде де көрнекті жұмыстар істеді. Ол 1962 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ғ.Мүсірепов Азия, Африка елдері достық қоғамының мүшесі болды; Жапония, Мысыр, Алжир, Италия елдерін аралады. Әдебиет саласындағы қызметі ескеріліп, ол Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. Қазақ әдебиетін дамытудағы көрнекті еңбегі үшін оған Социалистік Еңбек Ері атағы (1974) берілді.
2.2. Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық жолын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезеңдегі (1928-1932) шығармалары - Тулаған толқында, Өмір ертегісі, Көк үйдегі көршілер, т.б. суреткердің сенімді аяқ алысын байқатқан еді. Екінші кезеңде (1932-1938) өзіндік қалам қайратын, шеберлік келбетін көрсетіп, қазақ әдебиетін байытарлық туындылар жаратты. Олар: Талпақ танау, Шұғыла, ана туралы новеллалар, Қыз Жібек драмасы, Б.Майлинмен бірге жазған Амангелді пьесасы. 1939 жылы жарияланған Қозы Көрпеш - Баян сұлу трагедиясынан Ғ.Мүсірепов шығармашылығының үшінші кезеңі басталады. Осы кезеңде суреткердің дарыны кемеліне келді, проза мен драматургияның татымды үлгілерін тудырды.
Әңгімелері
Жазушының 1930 жылдардың бас кезіндегі, көбірек көңіл бөлген тақырыбы - ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі болды. Оның осы тақырыпқа арнап жазған тұңғыш шығармасы Қос шалқар (1929) әңгімесі еді. Әңгіменің оқиғасы Қазақстанда егіндік, шабындық жерлерді бөліске салу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесіне ұласады. Қасым сияөты байлардың шөбін шауып, малын баққан Күсен сияқты кедейлердің артель болып ұйымдасуы, байлар мен кедейлердің таптық күресі шеңберіндегі қазақ ауылының шындық өмірі суреттеледі.
Жазушы Қос шалқар атанған әсем көлдің атырабына үш рет жолы түскенін баяндац отырып, осы өңірдегі болған өзгерісті сөз етеді.
Ғ.Мүсіреповтің бұдан кейінгі жазған екі әңгімесі - Көк үйдегі көршілер (1929), Күсен (1930) де осы тақырыптың жалғасы іспетті болып келеді. Онда да қазақ ауылындағы колхоздандыру кезіндегі қиыншылық таптық талас-тартыс әңгіме болады. Ғ.Мүсірепов 1932 жылы Бір адым кейін, екі адым ілгері атты әңгімесін жазды. Онда да таптық күрес, астыртын әрекеттер, ауылдың бай-кедей болып бөлінуі, жаңа заманға өткен қоғам өкілдерінің риза болмай, қарсы тұруы суреттеледі. Бұл әңгіменің сюжеті жазушы ойлап тапқан оқиға сюжеті емес, 1930 жылдардағы ұжымдастыру кезеңіндегі өмір шындығы екені даусыз. Себебі бір қоғамдық құрылыс өзгеріп, оның орнына жаңа қоғам келгенде адамдардың идеялық талас-тартысының болуы, ескі мен жаңаның күресі табиғи заңды құбылыс, өмір шындығы еді. Жазушы осы адамдар санасындағы болған өзгерістерді суреттеп отыр.
Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М.Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М.Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М.Горькийдің Адамның анасы және Өлімді жеңген ана атты екі новелласын аударып, өзі де Ананың анасы, Ашынған ана, Ананың арашасы, Ер-ана, Ақлима Ашынған ана атты әңгімелерін жазды. Ананың анасы (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азам етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.
Ашынған ана (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа жібермек болған болыс пен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ салып, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры оны большевиктердің түрмеден босатуы баяндалады. Жазушының суреттеуінше, қиыншылық пен зорлық-зомбылықты көп көріп, азап шеккен: ... Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана...
Пьесалары
Ғ.Мүсірепов - қазан төңкерісінен кейін қазақ даласында жаңа туған театрдың көрнекті драматургтерінің бірі. Ол қазақ драма жанры жаңа туып, дамып келе жатқан отызыншы жылдардың басынан осы жанрмен белсене айналысқан. Ғ.Мүсіреповтің қаламынан туған Қыз Жібек (1934) музыкалық драмасы (кейін осы аттас операның либреттосын жазды), Қозы Көрпеш - Баян сұлу (1939), Ақан сері - Ақтоқты (1941) пьесалары театр сахналарына қойылып, 50-60 жыл бойы театр репертуарынан тұрақты орын алып келеді.
Жазушының бұл пьесалары тартысты оқиғаларға, ұтқыр диалогтерге, кейіпкерлердің дара характерлеріне, халықтың романтикалық сарынына құрылған аса құнды шығармалар. Қозы Көрмеш - Баян сұлу, Қыз Жібек пьесалары халықтың ауыз әдебиетіндегі ғашықтық жырлар сюжетіне құрылған. Жазушының ерекшелігі сол - халықтық жырларда суреттелетін Қозы, Баян, Қодар, Қарабай образдары мен Жібек, Төлеген, Бекежан, Сансызбай, Базарбай образдарын театрлық өнерге бейімдеп, көрермен көкірегінен мәңгі өшпес орын алатын бейне етіп шығара білуінде. Жазушы суреттеген драмалық бейнелер бір-біріне ұқсамайтын өзіндік адамгершілік қадір-қасиеттерімен, мінез-құлық, іс-әрекеттерімен дараланып көрінген. Сөйтіп ел аузындағы халықтық кейіпкерлерді әлеуметтік ортаның заңымен байланыстыра сомдап шығарған.
Ғабит Мүсіреповтің драма жанрындағы аса көрнекті туындысы - Ақан сері - Ақтоқты пьесасы. Бұл шығарма тарихи тақырыпқа арналған. Мұнда әйел теңдігі, махаббат мәселесі сөз болады.
1954 жылы осы пьесалардың негізінде Махамббат туралы дастан атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды. Пьеса орыс тіліне аударылып, Мәскеу театрларында қойылып, жоғары баға алды.
2.3. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы Ана тақырыбы
Ғабит Мүсіреповтің мол шығармашылығы қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі барлық оқырмандарға мәлім. Жазушының әңгімелері 1928 жылдан бастап жазылған жаңа адамды, жаңа дәуірді, жаңа психологияны, жаңа қарым-қатынасты суреттеу жолында әңгіме-новеллалардың шеберлігін, идеясын, композициясын көріп, пайдаланған көркем құралдарын ашып, ұлы суреткердің диалог, портрет, лирикалық шегініс, тіл арқылы асқан шеберлігін көрсету, ана туралы, әйел тақырыбы мен әдебиетте адамзатқа ананың күшті рухын, әдемілігін, жоғары сезімдерін ашып көрсету, ерекше жоғары эстетикалық дәрежеге көтерді.
Екіншіден, Ғабит Мүсірепов жазғанда, кейіркерлердің, әңгімелеушілердің халыө тілімен сөйлегендері, сөздік қоры сондай өмірлік шын, сондай типтік ерекше, бай. Суретшінің тіл сиқырын толық ашуға жетпесек те, тіл байлаығын, шындығын ашып көрсету де бізге бір үлкен мәселе болып табылады.
Әр ана туралы әңгімеде әйелдердің типтік бейне, адамзатты ананы құрметтеу, жоғары бағалау, ананың психологиясын, ерекше сезімдері мен сүйіспеншілігін ашып суреттегені әдебиетке қосқан үлкен үлес деп танимыз.
Ананың анасы, Ашынған ана, Ананың арашасы, Ер ана, Ақлима қазақ топырағында көктеген туындылар. Атақты циклдің дүниеге келуіне жазушының табиғи таланты, ізденімпаздығы негізгі себеп болса керек.
Жазушының 60-жылдарда жазған Айгүл қойшының бір күні, Әмина атты әңгімелерін де ана тақырыбына арналған шығармалар тобына қосуға болады.
Жазушы әңгімелері оқиғаларын тартымдылығымен, композициялық құрылысының ширақтылығымен, тілінің әсерлі, көркемдігімен айрықша ерекшеленіп көрінеді.
Ғабит Мүсіреповтің жазушылық жолы - бірте-бірте сатылап өсу жолы. Проза саласында жазушы ең алдымен, шағын жанрларда қалам тербеп, машықтанған. Әңгіме, новелла, очерк, повесть жанрларын еркін меңгеріп барып, ол кейінірек романға ауысты.
Ғабит Мүсіреповтің творчествалық ізденуінің ең бір жемісті қадамы оның әңгіме, новеллаларынан көрінеді. Бұл жолда Ғ.Мүсірепов басқалардың ізін қуаламай, өз соқпағын табуға талаптанған. Әсіресе, оның ұстаз тұтып, үлгі алғаны - орыстың озық әдебиеті. Жазушының алғашқы әңгімелері тақырыптық жағынан алуан бола тұрса да жазылу мәнері, тәсіл тұрғысынан көптеген ұқсастықты танытады. Мұны, әсіресе, оның Ана туралы әңгімелерінен анық, байқаймыз.
Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуірінде орыс әдебиетінің, айрықша ұстаздық рөл атқарғандығы белгілі. Жазушыларымыз орыс классиктерінен өмір оқиғаларын революциялық дамуы үстінде суреттеуді, күрескер адамның бейнесін жасауды үйреніп қана қоймай кей жағдайда олармен тікелей тақырыптас, үндес шығармалар да жазды. Соның бір мысалы Ғабит Мүсіреповтің Ана туралы әңгімелер циклі. Мұның пролетариат әдебиетінің атасы А.М.Горькийдің анық ықпалымен жазылғандығы айқын. Әлем әдебиетінде тұңғыш рет күрескер, өршіл, оптимист ананың образы М.Горький шығармаларында жасалып еді. Ол өмірден жабыққан, тарыққан, жасып қалған аналарды емес, өз бақыты үшін, ел бақыты үшін күресе білетін ер аналардың іс-әрекетін жырлаған. Міне, Горькийдің осы өнегесі Ғ.Мүсірепов әңгімелерінен де анық көрінеді.
Ана туралы новеллалар шоғыры алған рет 1934 жылы Ана атты кітапта топталып беріледі. Онда Адамның анасы, Өлімді жеңген ана, Ананың анасы, Ашынған ана, Ананың арашасы новеллалары бар. Алғашқы екі новелла Горькийдің ізімен жазыла тұрса да, көп жағынан қазақ әдебиетінің өз туындысындай болып шыққан. Кейінгі жылдарда Ғ.Мүсірепов ана туралы новеллаларына қайта оралып, оған тың шығармалар қосып отырды. Мәселен, соғыс кезінде Ер ана, Ақлима тәрізді новеллаларын жариялады. Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі. Дегенмен, ананың ұлылық сипатын жүйелеп жазған, жан жақты бейнелеген суреткер Ғабит Мүсірепов болып табылады.
Ана туралы тақырыпқа баруы М.Горькийдің әсерімен болғандығын автордың өзі былай мәлімдеген: Горькийдің тақырыбын, жазу әдісін ұғынам деп талаптанғанымда ұшы-қиыры жоқ кең байлықтың ішіндегі ең бір негізгі саласы - күшті адам екен деген қорытындыға келдім... Құлақта ертеден бір әңгімелер жүретін еді. Горькийдің Аналарын қайта бір оқығанда, сол әңгімелерім тіріле бастады. Көп ойланбастан-ақ Горькийдің аналарында да, өзімде де бар әңгімелерді де қағазға түсірдім.
Ана туралы новеллалар тақырыптық жағынан ұқсастығының үстіне идеялық бағыты, пафосы жағынан да бірін-бірі толықтырып отырады. Олардағы ортақ типтік батыр - шындық үшін, әділет үшін өмірдің небір қиындығына да қарсы тұрып, кедергілерді жеңе білетін, әлемге өмір тарататын, сол өмір үшін өліммен айқасатын, қауіптің алдында қорқып иілмейтін, өзінің ұлылығын сезінетін, әрі мейірбан, әрі айбатты күрескер, өршіл, өжет ананың образы. Осы образ қазақ әдебиетіне өзінің үлкен сопылығын, жаңа сипатын, әсерлі күшін алып келген. Ғабит Мүсіреповтің новеллаларындағы Қапия, Нағима, Наталья, Ақлима секілді аналар өздерінің тәлім-тәрбиелік қуаты мен ерлігі жағынан үлкен күрескер адамдармен пара-пар тұрады. Ғабит Мүсіреповтің әңгімелері мен новеллаларында, очерктерінде жасалған адамдар бейнесін аналардың өшпес тұлғалары байыта түседі.
Алайда, тақырыптық ұқсастық пен идеялық үндестігін біріктірген осы новеллалардың жазылу тәсілдері мен мәнерлері түрлі-түрлі. Ананың анасы деп аталған новеллада автор есте жоқ ескі заманның, жаугершілік дәуірлердің бір қатал оқиғасын жаңғыртып баяндаған. Бір елді бір елдің шауып алуы, шекарасын бұзып, халқын, мал-мүлкін талауы үздіксіз жүріп тұрған сол бір қатал заманда да әйелдің ұлылығына бас иген адамдар болғандығын айтқысы келген. Жазықсыз елді шауып, жас қызды тұтқынға алып бара жатқан озбыр жаулаушыларды кыздың анасы дәлелді сөзбен тоқтатып, даналықпен жеңеді.
30 - жылдарда қазақ әдебиеті жаппай өрлеу, көркею жолын кешті. Жазушылар өткен өмірдің де, өз заманының да оқиғаларын, бейнелеу үстінде бәрінен бұрын бір мәселеге айрықша көңіл бөлді. Бұрыннан бекіп қалған ескі салт-сананы, көне әдет-ғұрыпты кім бұзса, зорлыққа кім көнбесе халықты, көпшілікті кім қадірлей білсе, өз намысын, ел намысын кім қорғай білсе - соның бәрі әдебиетіміздің қалаулы қаһарманына айналды. Аңыздағы аналарды Ғабит Мүсіреповтің құрметтейтіні - сол аналардың өжеттігі, адамшылық үшін күрестері, жоғары саналылығы. Бұлар жазушы үшін әйел теңдігіне әлі де болса немқұрайлы қараушылықтан арылып болмаған кезде аса қажет революциялық әсері бар мәселелері еді.
Ашынған ана новелласы 1916 жылдың оқиғасын байланысты бір эпизодты суреттеуге арналған. 16 жыл әкелген қасірет Қапия ананың да иығына батқан. Оның жан дегенде жалғыз ұлы қара жұмысқа алынатын болады. Содан Қапия барлық айла-амалды, әрекетті қолданып, қалай да баласын аман алып қалуды көздейді. Осы жолда көп азаптар шегеді. Қатты бұлқынған ашу үстінде болысқа және оның қасындағыларға қарсы пышақ та жұмсайды. Көп уақыт абақтыда қамалып жатады. Бірақ ешқандай күш оның жігерін жасыта алмайды. Міне, балаға деген сүйіспеншілік, зорлыққа қарсы өшпенділік қарапайым ананы орасан ерліктерге алып барған.
Бұл әңгімеде үстем тап өкілдерінің зорлықшыл кескіндері де анық суреттеледі. Новелланың соңында келтірілген мына сөздер шығарманың идеялық мұратын белгілейді: Өмір өзін сіліккен қазір бұл сондай орасан күшті, енді өмірді өзі сілкіп қалуға жараған ана.
Ғабит Мүсіреповтің ана тақырыбына жазған новеллалардің бірі - Ананың арашасы. Мұнда ол әйел ерлігін тағы да бір қырынан көрсетеді. Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған екі новелла ана туралы циклдің тікелей жалғасы. Ер ана, Ақлима новеллалары соғыс өмірінің бір-бір көріністерінен сыр ашады. Мұндағы аналар жазушының бұрынғы әңгімелеріндегі Қапияға немесе Нағимаға әрі ұқсас та, әрі олардан бөлек те. Бұларды жақындастыратын нәрсе - тағы да ананың күрескер биік тұлғасы. Ал бөлек болатын себебі - айтылып отырған оқиға да, уақыт та өзгеше. Ақлима атты новеллада жазушы кешегі Ұлы Отан соғысының халықтың есінен шықпастай ауыр зардаптарын көркемдікпен бейнелей алған. Әскерден балам келеді, баламнан хабар келеді деп үмітін үзбей ұдайв күткен Ақлима апайдың тағдырында жүрек терберлік астар бар. Ананың қиыншылыққа шыдамдылығы деген, таршылыққа төзімділігі деген, балаға деген махаббаты қандай болса, оның сол балаға деген үмітінен айырылып қалу қасіреті де қор трагедия. Жазушы қарапайым ана - Ақлиманың балаға деген мәңгі өшпес сүйіспеншілігін, өміршең, мұқалмас үмітін үлкен суреткерлікпен көрсете алған.
Ана туралы новеллалардың тілдік кестесі де әдебиетіміздің алтын қорына қосыларлық кемел көркемдікті танытады. Мұнда неше алуан тапқыр, шешен сөз айшықтарын кездестіруге болады. Әдебиеттің негізгі материалы тіл десек, сол байлықты суреткер еркін меңгерген.
Ғабит Мүсірепов әдебиетіміздегі ана тақырыбын ең мол, ең өнімді, ең сұлу жырлаушылардың бірі екенін кейінгі шығармаларымен тағы да тиянақтай түсті. Жазушының творчествосының алғашқы беттерінен-ақ таныс ана, әйел бейнелері соңғы жылдар сыйы ретіндегі шығармаларда өзгеше бір тосын, өзгеше биік қырларымен ыстық көрінеді. Жазушының ана туралы әңгімелері қазақ әдебиетін тақырыптық жағынан байытқан, жазу мәнері жағынан өзгеше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz