Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
Жоспары:
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
II.Негізгі бөлім
2.1. Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-6
2.2.Сын есімнің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-7
2.3.Сын есімнің жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7-13
2.4.Сын есімнің морфологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-16
2.5.Сын есімнің семантикалық топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-19
2.6. Сын есімнің синтаксистік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19-20
2.7. Сын есімнің шырай категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20-22
2.8. Сын есімді мектепте оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-26
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Қазақ тілі ғылыми пән болып есептеледі.Басқа пәндерді ана тілінде оқу - жазуға дағдылану арқылы оқып үйренуге болады.Тіл - сауаттылық негізі. Тіл - тәрбие құралы.Қазақ тілі әдістемесі пәні - теориялық жағынан жүйеленген, дамыған педагогика ғылымының бір саласы.
Методика - грек сөзінен алынған, ол бір нәрсені оқыту, үйретудегенді білдіреді.Қазақ тілі әдістемесі - жүйеге түскен ғылыми сала.Пәннің тарихи бастамасы халқымыздың ұлы ағартушысы педагогі Ы. Алтынсаринмен тығыз байланысты.Оның айғағы 1879жылы жарық көрген Қазақ хрестоматиясы,т.б - алғашқы Әліппе оқулығы.ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілі білімін, сөйлеу мәнерін дамытуда ғалым А.Байтұрсыновтың орны ерекше. 1900 - 1930 жылдар арасында Оқу құралы,Тіл құралы жарық көрді.
Қазақ тілі әдістемесі - үнемі дамып, жетіліп отырады.Ол лингвистика, логика тарих, әдебиет т.б ғылымдармен тығыз байланысты.
Қазақ тілі әдістемесі теориялық білімді практикалық іс - і-әрекетпен ұштастыратын ғылыми пән.
Тіл - халықтың жаны, сәні тұтастай кескін - келбеті,болмысы.Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтың қасиетті мұрамыз,ана тіліміз - қазақ тілі.
Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай ,оралымды да бейнелі тілдердің бірі.Ол - өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық - саяси өмірдің барлық саласын көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және стильдік нормасымен танымал көркем тіл.
Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады.Қазақ тілі әдеби тілмен және еларалық сөзімен қалыптасқан.
1. 1940ж. дейін қазақ жазуы латын графикасымен;
2. 1940жылдан бастап осы уақытқа дейін қазіргі қазақ тілі жүйесі кириллица графикасымен беріліп жүр.
Тіл - ұлттық аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі, ұлттық өзінің болашағы тілдің дамуына оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты делінген.
Тілдің көмегімен өнер - білімді, ғылымды игереміз.Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз.Әлемді танимыз.Сондықтан адам баласының байлығының бірі - сөз өнері. Өнер алды - қызыл тіл деген сөздің астарында қаншама сыр бар?!
Әрбір елдің қуат - күші, байлық - бағыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады.Ал мәдени өріс, рухани талғам деген халықтың ақыл - ойының көрінісі тілге тікелей тәуелді екені белгілі.Халықтық сақталуы тіліне байланысты.
Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол әрьір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы.Ол атадан балаға мұра болып қалған баға жетпес мұра.Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек. Ана тілі - ар өлшемі.
Менің ана тілім - шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам - меніңше, ақын емес. Қандай ақын - жазушы болса да, әр жүрек өз анатілін жырлауы тиіс. Ана тілін жырламаған адам жоқ болар.
Біздің тіліміз - ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу - басты парызымыз.
Ана тілінде сөйлеу, ана тілін құрметтеу ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, әдептілік өлшемі болып табылады.Қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.
Негізгі бөлім
2.1. Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
Сын есім - өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде А.Байтұрсыновтың Тіл-құрал оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай? ,- деген қысқаша анықтама берілген.
Ғалымның қазақ тілді пән ретінде үйрететін оқулығындағы жеке сөз табы ретінде танылған сын есім туралы пікір кейінгі еңбектерде де жалғасын тапты. Қ.Жұбанов Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері атты мақаласында заттың не істің сипан белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын түбірді сын есім деп атаған. Кейінгі қазақ тіл білімінің жетілу, даму кезеңінде жарық көрген оқулықтарда сын есімге заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түрін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы, Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру , - деген анықтамалар берілген. Олай болса, сын есім зат есімнің сын-сипатын білдіріп, зат есімді ғана анықтайды. Мысалы, терең көл, қатты ағаш, ұзын арқан, тұнық су, сұлу қыз, ақылды жігіт, биік тау, т.б.. Бірақ сын есім кейде етістікті де анықтайды. Мысалы, қайтып кірер есікті қатты серіппе. Жасы өзгелерден кішірек, аласа бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс, өзгенің бәрінен бұрын, Базаралымен жақсы амандасты. (М.Әуезов). Осы сөйлемдердегі қатты, жақсы деген сөздер - сын есімдер. Олар сөйлемдердегі етістіктерге қатысты болып, олардың сындық сапасын айқындап, пысықтауыш қызметінде тұр. Бұл жөнінде профессор М.Балақаев еңбегінде анық айтылған: Сын есімдердің етістіктерімен тіркесуі сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікке тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді.
Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланысты бола алады, - дей келіп, бұл пікірін одан әрі олардың лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алады, - деп нақтылаған.
Олай болса, аз ғана сын есімнің санаулы етістікпен тіркесіп келуі сын есімнің негізгі табиғи қызметін - зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі сындық белгісін білдіруден өзгертпейді.
Сондықтан да Қазақ тілінің грамматикасында (1967) Бір қатар сын есімдердің зат есімдерді анықтаулармен бірге, етістікті де анықтап, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу ретінде қолданылуына қарап оларды бірде сын есім, бірде үстеуге жатқызуға болмайды ... үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни соның өзінде де сын есім болып тұрады,-деп көрсетілген.
Сын есімдерді басқа сөз табынан ерекшелейтін белгісі - бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін, оның шырай категориясы. Осы категорияны жан-жақты зерттеген - Ғ.Мұсабаев. Ғалым бұл еңбегінде шырай категориясының зерттелуіне қысқаша сипаттама беріп, шырайлардың түрлері және олардың жасалу жолдарына тоқталған. Ал Ж.Шакенов қазақ тіліндегі сын есім категориясының ХІХ ғасырдан бастап зерттеле басталғандығы айтылған. Автор сын есім мәселесін алғаш сөз еткен профессор А.Казембек екендігін оның еңбектерінен үзінділер келтіре отырып дәлелденген. Сондай - ақ қазақ тіл біліміндегі сын есім мәселесіне байланысты көзқарастарға тоқтала келіп, автордың бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты - сын есім мәселесінде айтылған бұрын - соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп айтып беру болған. Ғалым осы мақсатына сай сын есімнің түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуіне шолу жасай отырып, сын есімнің мағыналық түрлеріне, шырайларына және олардың жасалу жолдарына, сын есімнің тұлғасына және құрылысына қарай бөлінуіне, сын есімнің сөйлемдегі қызметі, сын есімнің зат есім, етістік, үстеумен байланысы, сын есімнің қызметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестерін де қамти отырып, белгілі бір жүйеде сипаттаған.
2.2. Сын есімнің жалпы сипаттамасы
Тіліміздегі заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын сан алуан қасиеттерін білдіретін сөздер үлкен бір топ құрайды. Осы топқа жататын сөздердің лексикалық мағыналарының жалпылануы, абстракциялануы нәтижесінде оларда заттың сындық белгісін білдіретін жалпы грамматикалық мағына пайда болады.
Заттың сындық белгісін байқататын жалпы грамматикалық мағына сын есім деген жеке сөз табын тануға мүмкіндік береді. Сондықтан ғылымдағы сөздерді таптастырудың бірінші белгісіне, яғни семантикалық ұстанымға сәйкес - сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика - грамматикалық тобы әрі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы болып табылады.
Сөз таптарының морфологиялық сипатын сөз еткенде, алдымен олардың құрылымы, екінші жасалу тәсілі, одан соң түрлену жүйесі ескерілуі керек. Осы тұрғыдан келгенде сын есім құрылымы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді. Ал жалаң сын есімдер өз ішінде негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер болып бөлінсе, күрделі сын есімдер біріккен, қосарланған, тіркескен сын есімдер болып бөлінеді.
Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады. Бірақ бұл мәселе сөзжасамда қаралатындықтан, бұған тоқталмаймыз.
Сөздерді топтарға бөлгенде олардың грамматикалық сипатын ашатын белгілердің бірі ретінде сөздердің түрлену жүйесі де ескеріледі. Мысалы, зат есім өзінің көптелу, тәуелдену, септелу жүйелері арқылы басқа сөз таптарынан ажыратылады. Бірақ сын есімде мұндай түрлену жүйесі жоқ, яғни сын есім өзінің негізгі қызметіне сай зат есімге тіркесіп, оны анықтағанда, ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Сондықтан сын есім түрленбейтін сөз табына жатады. Сын есімнің тұлғалық өзгеріске түспеуі, түрленбеуі сөздерді таптастырудың морфологиялық ұстанымына байланысты белгісі болып есептеледі, өйткені түрлену жүйесіне (немесе оған қарама-қайшы түрленбеуге) негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу-болмауы сөздерді таптастырудың екінші негізгі (морфологиялық) принципі. Бірақ сын есімде басқа сөз таптарында кездеспейтін шырай категориясы бар.
Ғылымда қалыптасқан қағида бойынша жеке сөз табы болатын сөздер сөйлемде белгілі қызмет атқарып, басқа сөздермен байланысқа түседі. Осы тұрғыдан келгенде сын есім зат есімдермен тіркесіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Олай болса сын есімнің белгілі сөйлем мүшесі бола алу қабілеті - оның синтаксистік ұстанымға сай белгісі.
Осы айтылған ерекшеліктер сын есімді жеке сөз табы ретінде танытатын белгілер деп есептеледі.
2.3.Сын есімнің жасалуы
Өзге сөз таптары сияқты, сын есімдер де, біріншіден, морфологиялық (синтетикалық) тәсіл арқылы, екіншіден, синтаксистік (аналитикалық) тәсіл арқылы, үшіншіден, морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсіл арқылы жасалады. Морфологиялық тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.
Синтаксистік (аналитикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер негізгі сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы, негізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы, зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы, негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлануы арқылы жасалады.
Морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып, біржолата адъективтенуі арқылы жасалады.
Бұл үш тәсілдің ең негізгісі, әрине, синтетикалық және аналитикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз.
Есімдерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар
1. - қы, -кі, -ғы, -гі.
Бұл жұрнақ арқылы кейбір зат есімдер мен көмекші есімдерден, есімдіктерден, үстеулерден, сондай-ақ, көбінесе жатыс септік формасындағы сөздер мен әредік шығыс септіктегі сөздерден туынды сын есімдер жасалады. Ондай туынды сын есімдер жәе олардың мағыналары мынадай:
1) Бұл жұрнақ мекендік ұғым білдіретін кейбір зат есімдерге, мекендік үстеулерге, сондай-ақ, жатыс және шығыс (сирек) септік формаларындағы есімдерге қосылып, өзі жалғанған сөздерден мағыналары солардың лексикалық мазмұндарына қатысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: Ауызғы үйде, кішкене итіне кәмпит беріп, Джим отыр. (С.Ерубаев); Округтегі, орталықтағы сөздердің пісмілласы - Қарағанды. (Ғ.Мұстафин).
2) Мезгілдік ұғым білдіретін кейбір зат есімдер мен есімдіктерге, мезгілдік үстеулерге жалғанып, ол сөздерден мазмұндары солардың нақтылы лексикалық мағыналарына қатысты мезгілдік мағына беретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: кешкі, түскі, жазғы, күзгі, көктемгі, түнгі.
1. - лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті.
Бұл жұрнақтың мағынасы бай болмағанымен де, сөз тудыру қабілеті аса күшті. Осы форма кейбір құранды жұрнақтардың белгілі бір компоненті ретінде де (мысалы: -ыңды, -іңді, -ымды, -імді, -улы, -улі, -ғылықты, -гілікті) қолданылады. Ал оның этимологиясы жайында ең кең жайылған пікір - бұл қосымша қыл формасынан шыққан дейтін көзқарас.
Бұл қосымша арқылы мынадай туынды сөздер жасалады:
1) Негізгі және туынды зат есімдерден, олардың әрқайсысының нақтылы лексикалық мағынасына қарай , белгілі бір заттың я басқа бір құбылыстың бар екенін я мол екенін білдіретін туынды сын есімдер жасалады. Мысалы: Өскесін ұстаған бүркіт ашулы, қайратты келеді және сергек болады (С.Мұқанов); Абай үшін бұл күз жемісті, шабытты еңбек күзіне айналып келеді (М.Әуезов).
2) Қосарланған зат есімнен де, сын есімнен де, сан есімнен де, үстеуден де мағына жағынан әрі қосарланған сол екі сөздің де мазмұндарымен тікелей байланысты, әрі екеуінің де мазмұндарын қоса қамтитын күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ағалы-інілі, бірді-екілі, бұрынды-соңды, т.б.
3) Бұл жұрнақ арқылы екі-үш сөзден құралып, суреттеме атаулар есебінде қызмет ететін әр алуан тіркестерден де күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: Есентай кесек мұрынды, маңдайы тайқылау келген, қор басты, бітік көзді, зіл салмақты адамның бірі еді (М.Әуезов).
1. - сыз, -сіз - есім сөздерден болымсыздық мағына білдіретін туынды сын есім жасайтын өте өнімді жұрнақтардың бірі. Осы қосымша арқылы туатын сын есімнің мағынасы жоғарыда талданған - лы (-лі, -ты, -ті, -ды, -ді) формасы тіркесіп жасалатын сын есімнің мзмұнына қарама-қарсы, демек, бұл форма жалғанған сөз, заттың жоқтығын білдіретін сын есім жасайды. Сонымен қатар бұл қосымша конкретті, абстракт зат есімдерге, есімдіктерге, жалпы атау сөздерге жалғана береді. Мысалы: Ақылды жігіттің ақылсыз ойына, байсалды жігіттің ұшқалақ ойына еру де, ермеу де мені қинап жүр (Ғ.Мұстафин). Сөзсіз сөйлем жоқ, сөйлемсіз сөйлесу жоқ (мақал);
2. - шыл, -шіл.
Бұл қосымша әрі сын есімнің кішірейту, салыстыру, солғындату мағыналарын білдіретін форма есебінде қызмет етсе, әрі зат есім, есімдік, әр тарапты модальді сөздерге жалғанып, олардың лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті, икемділікті, құмарлықты білдіретін қатыстық сын есім жасайтын форма ретінде жұмсалады. Мысалы: Дәрігер әйел Абайға өзінің қажып толған, мұңшыл қара көк көзімен ұзақ қарап алды (М.Әуезов). Өзімшілді өзімсінбе! (мақал).
3. - дай, -дей, -тай, -тей - сын есім тудыратын өте бір өнімді жұрнақ.
-дай (-дей...) жұрнағы көптеген формаларға жатырқамай жалғана береді. Негізінде өзі жалғанған сөзден салыстыру, ұқсату мәні бар туынды сын есім жасайтын қосымша бола тұрса да, бұл форма бір алуан сөздерге жалғанып туынды үстеулер де жасайды.
-дай жұрнағы мынадай сөздерден туынды сын есімдер жасайды:
1) Зат есімдерге жалғанады. Мысалы: Аспанда алақандай бұлт, үп еткен жел жоқ (Ғ.Мұстафин). Абай қазір өзін анық аурудай сезеді (М.Әуезов).
2) Есімдіктерге жалғанады. Мысалы: Анадай жерге барғанда ғана, артына бір бұрылып, екі ауыз сөзге ғана тілі келді (Ғ.Сланов).
3) Сан есімдерге жалғанады. Мысалы: Бес жүздей жұмыскер қосылды (Ғ.Мұстафин).
4) Есімше формаларына жалғанады: Арымастай болар ем, азбай тату ел көрсем (И.Байзақов).
4. - лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік - нағыз омонимдес жұрнақтың бірі екендігі жөнінде зат есім тудыратын жұрнақтармен байланысты әңгіме етілген.
1) - лық, (-лік...) жұрнағы зат есімдерге жалғанып, олардан әр сөздің нақтылы мағынасына қатысты қасиеттерді білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: Ағалық, ұстаздық еңбегі Ермекті Өкім қатты сыйлайтын (Ғ.Мұстафин).
2) Мезгіл атаулары мен күнделікті өмірде қолданылатын әр қилы бұйым атауларына жалғанып, олардан, әр сөздің мағынасына орай, белгілі бір мезгіл, өлшеу мөлшерімен байланысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: Барақ үйшіктердің бірі он кісілік, бірі он бес кісілік (С.Сейфуллин).
3) Есімдіктерге жалғанып, олардан белгілі бір жаққа тән екендікті я қатыстықты білдіретін туынды есімдер жасайды. Мысалы: Патшалықтың Петербуркте, Сибирьде қандайлық көрлі қара зындандары барын да Абай осы жолы білді. (М.Әуезов).
1. - шаң, -шең.
Бұл жұрнақ зат есімдерден туынды сын есімдер жасайды. Бірақ бұл қосымша зат есім атаулының бәріне бірдей жалғана бермейді. Мысалы, Киім-кешек атауларына бұл жұрнақ талғаусыз жалғана бергенімен, өзге зат есімдердің тек кейбіреулеріне ғана талғап жалғанады. Бұл жұрнақ жалғанатын сөздердің негіздері бірыңғай болмауымен қатар, ол қосымша арқылы жасалатын туынды сын есімдердің мағыналары да мазмұн жағынан біркелкі емес. - шаң жұрнағының сөз тудыру қабілетіне келсек, онысы мынадай:
1) - шаң (-шең) жұрнағы киім-кешек атауларына жалғанып, ол зат есімдерден, сол атаулардың нақтылы мазмұндарына орай, адамның тойындағы киімімен байланысты сыртқы бейне - көрінісін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы: Бәйтен малдасын құрып, шапаншаң желбегей қобырап отыр (Ғ.Мұстафин).
2) - шаң (-шең) жұрнағы кейбір зат есімдерге жалғанып, адамға я затқа тән белгілі бір ерекше қасиетті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Бұл сын есімдер мағына жағынан - шыл (-шіл) жұрнағы арқылы туатын сын есімдермен синонимдес болып келеді. Мысалы: Кісі аты тершең, кісі киімі кіршең (мақал).
Есімдерден сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар
1. - ыл, -іл, -л, -ал, -ел. Бұл қосымша тіліміздің жұрнақ арқылы сөз тудыру жүйесінде үлкен орын алғанымен, оның туынды сын есім жасаудағы ролі тіпті жоқ. Дегенмен бұл қосымша тек бірен-сарандаған ғана кейбір түбірлерге қосылып, сол формалармен қоса-қабат тұтасып, сындық ұғымды білдіретін негіздер ретінде көнеленіп қалған: батыл, жеңіл, қызыл, жасыл, т.б.
2. - дар, -дер, -тар, -тер.
Бұл жұрнақ кейбір зат есімдерден, олардың нақтылы лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетіне душар болғандықты білдіретін сындық ұғымның атауларын жасайды: қарыздар, дірдар, хабардар, борыштар, т.б.
3. - и.
Бұл жұрнақ төмендегі - паз, -қой, -қор жұрнақтары сияқты, қазақ тіліне иран тілдерінен ауысқан кірме қосымша - й жұрнағы мынадай бірлі-жарым сөздерде ғана кездеседі: әскери, мәдени, тарихи,саяси, әдеби, т.б.
4. - паз.
Бұл өзі жалғанған сөзден оның нақтылы лексикалық мағынасына тікелей қатысты белгілі бір іс-әрекетті істеуге мамандығы барлықты я қабілеті барлықты білдіретін жаңа сөз тудырады, ондай сөздер зат есімнен гөрі сын есімге жақын да, бейім де болады: өнерпаз, әнпаз, ойынпаз, әсемпаз, т.б.
5. - мпаз, -ымпаз, -імпаз.
Бұл жұрнақ та өзі жалғанатын етістіктерден сол аталған іс-әрекетке икемі барлықты, бейім екендікті, оңтайлылықты білдіретін туынды сын есімдер жасайды: Ол да жүзімпаз адам екен. Бұрыннан жортымпаз ел едік.
6. - қой, -ғой.
Бұл жұрнақ кейбір конкретті я абстракт мағыналы зат есімдерге жалғанады да, олардың нақтылы лексикалық ұғымдарына тікелей қатысы бар белгілі бір амал-әрекет пен мінез-құлықтардың сындық атаулары болатын жаңа сөздер тудырады. Мысалы: Алыстан болса да, бұның пәле тілеп жүретін қаскөйлер.
7. - қор.
Бұл жұрнақ өзі тікелей жалғанатын зат есімдерден, олардың лексикалық мағынасына қатысты, туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: Халықтың қамқоры болам деп оқыңдар. (М.Әуезов).
Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар
1. - ық, -ік, -қ, -к, -ақ, -ек.
1) Бұл салт және сабақты етістіктерден, өзі жалғанатын етістіктің лексикалық мағынасына тікелей байланысты туған, алуан түрлі сындық ұғымдардың атауларын жасайды. Мысалы: ашық, тұнық, суық, қашық, жасық, шірік, бөлек, ширақ, үркек, т.б.
2) Еліктеу сөздерге жалғанып олардан сол сөздердің нақтылы мағыналарына байланысты, әр қилы қатыстық сын есімдер тудырады: Жолаушылар бірнеше жалпақ қоңырқай үйлерден айналып өтті.
3) - у формалы қимыл атауларына жалғанып, олардың мағынасына орай, белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: Жалғыз түйе бақырауық; жалғыз бала жылауық (мақал).
1. - ңқы (-ңкі, -ыңқы, -іңкі) жұрнағы етістіктерге жалғанып, олардан мазмұрдары сол сөздердің негізгі лексикалық мағыналарымен байланысты туынды сын есімдер жасайды: Ардақ өте басыңқы көңіл, жабыңқы түрмен аяғын жай басып, Жанәбілге келе жатты.
2. - ынды, -інді, -нді, -нды.
Бұл жұрнақ етістіктерге жалғанып, олардың негізгі лексикалық мағынасына қарай, белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесінен туған сындық ұғымның атауын білдіреді: Оның бір асыранды, бір тума баласы бар екен.
3. - малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі.
Бұл жұрнақ етістіктерге жалғанып, олардың негізгі мағыналарына байланысты туған сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Көшпелі қазақ елі Коммунист партиясының басшылығымен отырықшылыққа айналды.
4. - қыш, -кіш, -ғыш, -гіш қосымшасы салт және сабақты етістіктерге жалғанып, олардан әрқайсысының лексикалық мағынасына қатысты әр түрлі сындық атаулар жасайды. Мысалы: Жұмабай кеңескіш, өзі де сұрағыш, сұраған сөзге жауап те бергіш адам екен. (С.Мұқанов)
5. - шақ, -шек жұрнағы өздік етіс формаларына жалғанып, олардың мағыналарына қатысты іс-әрекетті істеушінің сындық қасиетін білдіреді. Мысалы: Қазір оның ол күйі жоқ, қазір жасқаншақ. (Б.Майлин)
6. - ымды, -імді, -мді, -мды жұрнағы салт және сабақты етістіктерге жалғанып, өзі қосылатын сөзінің мағынасына байланысты қатыстық сын есім жасайды. Мысалы: Шайдың өзінің дәмі мен исі соншалық тартымды да жағымды еді.
7. - улы, -улі жұрнағы етістіктерге жалғанып, ол сөздің мағынасына байланысты заттың белгілі бір қалпын, көрінісін, жағдайын білдіретін туынды сын есім жасайды: Оның көзі жиюлы тұрған көп кітапқа түсті.
Етістіктерден сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар
1. - ыс, -іс, -с.
Бұл жұрнақ жоғарыда айтылған омонимдес қасиетіне қарай, кейбір етістіктерден нақтылы лексикалық мазмұнына орай туынды сын есім жасайды. Мысалы: Сен келіс сөзді әкелмей, кетіс сөзді әкеліпсің ғой (М.Әуезов).
2. - қыр, -ғыр, -кір, -гір.
Бұл жұрнақ арқылы етістіктерден туатын сын есімдердің мағыналары жалғанатын сөзінің лексикалық мазмұнына орай белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті, қабілеттілікті жеткілікті білдіреді. Мысалы: Жұмыс жайына келгенде, Жұманияз басқадан тапқыр да ұқыпты еді.
3. - мыс, -мыш.
Бұл жұрнақтар кейбір етістіктерден сындық ұғым тудыратын көне форма есебінде қызмет етеді. Мысалы: Кенжетайдың аты жолшыл, жасамыс жылқы еді.
4. - қы (-кі, -ғы, -гі).
Бұл жұрнақ кейбір етістіктерге жалғанып, олардан сол сөздердің мағыналарына байланысты туған сындық ұғымның атауларын жасайды. Мысалы: Ол - жас та болса, жүріске берік және салқылығы жоқ, бойы жинақы жігіт.
5. - у жұрнағы кейбір етістіктерге жалғанып, олардан қосылатын сөздерінің лексикалық мағынасына қатысты сын есімдер жасайды. Мысалы: Ермек оқтай түзу, ұзын, кең жолмен келеді.
6. - аған, -еген.
Бұл жұрнақ кейбір салт және сабақты етістіктерге жалғанып, олардан сөздердің лексикалық мазмұнына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: Қорқақ ит үреген болады.
2.3. Сын есімнің морфологиялық құрылымы
Морфемдік құрылымына қарай жалаң деп есептелетін сын есімдер өз ішінде негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі сын есімдер бөлшектеуге келмейтін бір түбір морфемадан тұратын сөздер. Мысалы, үлкен, биік, тар, кең секілді сын есімдер - одан әрі морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізгі сын есімдер. Алайда сын есімдерді осылайша жіктеудің шартты нәрсе екенін, олардың құрамында да тарихи этимологиялық тұрғыдан туынды түбір болатын, негізгі түбір қосымшаларымен арасы ажырамастай кірігіп кеткендері де кездесетіндігі оқулықтарда айтылып жүр. Мысалы, тұнық, сұйық, жазық секілді сын есімдер бастапқы тұн, сұйы, жаз етістіктерінен жасалған.
Жалаң сын есімдердің көпшілігі түбірлер мен жұрнақтарға мүшеленетін туынды сөздер есебінде қабылданып, белгілі қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдер. Мысалы, әдепті, байыпты, сөзшең, ұғымтал, жеңілтек, жинақы, сөнгіш, ширақ, т.б. секілді сын есімдер түбірге жұрнақтар (-ті, -ты, -шең, -тал, -тек, -қы, -гіш, -қ) жалғану арқылы жасалған.
Күрделі сын есімдер
Тіліміздегі заттың белгісін білдіретін сын есімдер үнемі негізгі, туынды түбір бола бермейді, кейде олар екі немесе одан көп сөзден құралып, сындық белгіні білдіреді. Мысалы, шұнақ қызық аяз, бұлаң түлкі мінез, қызыл ала көйлек, кедір-бұдыр жер, т.б. Осындай екі не одан да көп сөздерден құралып, бір сындық ұғымды, белгіні білдіретін сын есімдер күрделі сындар болатындығы ғалымда дәлелденген жағдай. Күрделі сын есімдер деген
атау ғалымдар А.Ысқақов пен К.Ахановтың авторлығымен шыққан мектеп грамматикасынан бастап айналымға түсіп, содан бері оқулықтарда қолданылып келеді. Күрделі сындарға тін ерекшелік ол қаншама сыңарлардан құрылса да, бір белгіні білдіретін бір сөз, бір лексема болып саналады, бір сөздің қызметін атқарады, сөйлемде бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір мүшесі болады. Мысалы, Байжандар келгенде қызыл көк ат ерттеулі тұр еді (Ғ.Мүсірепов). Есболаттан жалғыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, өр жүзді Оразбай отыр (М.Әуезов). Осы сөйлемдердегі қызыл көк, жалғыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, өр жүзді деген күрделі сын есімдер ат, Оразбай деген зат есімдерді анықтап, сөйлемнің анықтауыш мүшесі болып тұр.
Оның үстіне күрделі сындар біртұтас сөз болғандықтан, олардың құрамындағы сыңарлардың орны тұрақты және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz