Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Мемлекеттік құрылымдар, әкімшілік-аумақтық құрылымы



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы төрт бұрышты көк мата, ортасында
32 шапағы жайылған күн мен оның астында қанатын жайған – қыран құс
бейнеленген. Штінде тігінен қазақтың ұлттық ою-өрнегі салынған. Күн,
шапақтар, қыран, ою-өрнек, бейнелері – алтын түспен қапталған. Қазақстан
Республикасы президнттік билік формасын ұсталынатын унитарлы мемлекет, яғни
өзін демократиялық, өкіметтік, құқықты, әлеуметті және әлеуметтік болып
табылады, және мемлекет байлығы – адам, оның өмірі, құқығы, және бостандығы
болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ел-таңбасы

Негізгі ел-таңбаның таңдалған элементі ортасындағы шаңырақ болып табылады,
яғни шаңырақ қазақ үйдің- дөңгелек биіктігі, шатыры саналады. Ел – таңбаның
негізгі екі түсі – көк пен алтын. Алтың түс халықтың ашық, жарқын болашағын
білдіреді. Көк аспан барлық халықтарға бірегей бәріне бірдей, оның түсі
Қазақстанның бейбітшілікке, келісімге, достыққа және ауызбіршілікке әлемнің
барлық халықтармен мақсатын білдіреді.

Аумағы: 2,724 9 шаршы шақырым

Астанасы: Астана қаласы

Тілі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Қазақ тілі
түркі тілдес топқа жатады. Мемлекеттік ұйымдар мен органдарда қазақ тілі
мен қатар орыс тілі де қолданылады. Әрбір адам өзінің ана тілінде сөйлеуге
немесе басқа да тілді қарым-қатынаста, оқуда, жұмыста пайдалануға құқылы,
бұл этникалық қауымдастықтың әр түріне бейбітшілік келісімде өмір сүруге
мүмкіндік береді.

Діні: ислам, христиан

Ақша бірлігі: теңге

Қазақстанның халқы: халқы жуықтап алғанда 15 мил 074,2 мың адам. Халық
тығыздығы 5,5 адам 1 шаоршы шақырымға дейін. Қазақстанда көптеген этникалық
топтар бар, әрбірінің өзіндік мәдениеті, тілдік және тарихи ерекшелігі бар.
Ең ірі этникалық қауымдастың - қазақтар мен орыстар болып табылады.
Территориясы: Қазақстан орталық Азияда, Еуразия құрлығының ортасында
орналасқан. Территория аумағы бойынша Қазақстан - Ресей, Қытай, АҚШ,
Бразилия, Канада, Үнді, Аргентина және Австралиядан кейінгі 9 орын алады.
Қазақстан: ҚХР – 1460км; Қырғыстанмен – 980км; Түркіменстанмен – 380км;
Өзбекістанмен – 2300км; Ресей Федерациясымен – 6467км. Жалпы шекара
ұзындығы – 12187км. Республика шекарасы батысында Волганың төменгі ағысынан
шығыста Алтай тауларына дейін, солтүстігінде Батыс – Сібірден батап
оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь –Шань тау жүйелеріне дейін созылып
жатыр.
Ауа-райы: мемлекеттін ауа-райы жылдам континенталді. Қаңтардың ортасында
температура – 25 тен – 10 қа дейін жетеді. Шілденің ортасында температура +
25 тен +30 ға дейін барады. Қыста ең төмен температура -45 С; ең жоғарғы
+50 С
Пайдалы қазбалар: Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға бай. Менделейвтің
кестесіндегі 105 элементінің ішінде 99-ы табылған, қорында 70, өндірісте 60
элементі бар. Пайдалы қазбалар қорының аумағы бойынша Қазақстан ТМД елдері
ішінде хром рудасы және қорғасын өндіруден 1-ші орын; 2-ші орын – мұнай,
күміс, мыс, марганец, никель, фосфор шикі заты қоры; 3-ші орнда – газ,
көмір, алтын, қолайы өндіруден алады.
Мәдениеті: Қазақтар өте қонақ жайлы халық. Егер сіз қазақтың үйіне кенеттен
келген болсаңыз, онда олар сіздерді шақырылған қонақ ретінде күтіп,
қуанышты болады. Қонақтарға, үлкендерге сыйластық, бейбітшілік,
сүйіспеншіліктін және шыдамдылықтың ерте бала шақтан тәрбиеленетін
қасиеттер, қазақ халқының негізгі белгісі болып табылады. Сондықтан
Қазақстанда ешқашан ұлтаралық және діни қақтығыстар болған емес.
Салт – дәстүрі: Ерте заманнан, атадан балаға көшіп келе жатқан дәстүрлердің
бірі, қонақжайлықтың, үлкенге сыйластықтың, бейбітшілік, сүйгіштік, ашық
мінезділік.
Мәдениеттік мейрамдар: 1қаңтар–Жаңа Жыл
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз – Наурыз
1 мамыр – Қазақстандағы Ұлттар бірлігінің мерекесі
9 мамыр – Жеңіс күні
10 маусым – Астана күні
25 қазан – Республика күні
16 желтоқан – Тәуелсіздік күні
Діни мерекелер ауысымды күндермен: Рамазан айт, Құрбан айт
Қазақтың ұлттық тағамдары: Қазақтың ұлттық тағамдары, айнадай таза халықтың
жан-тәні, оның тарихы, салт-дәстүрін көрсетеді. Ежелден ерекшеленген қазақ
халқының дәстүрі, қонақжайлылығы, құрметті қонақты жақсы қарсы алып, төрге
отырғызып, үйдегі жақсы немесе дәмді тағамымен тамақтандырады.

Географиялық орны, табиғат жағдайы
 Қазақстан – Еуропа және Азия сияқты екі құрлықтың қиылысында, ал
астанасы – Астана қаласы - Еуразия материгінің географиялық орталығына
жақын орналасқан. Қазақстан  – көлемі жағынан дүние жүзі бойынша Ресей,
Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан мен Австралиядан кейін 
тоғызыншы орында. Республика аумағы  – 2.724.900 шаршы километр.
Қазақстан батысында Волганың төменгі ағысынан шығысында Батыс Сібір
ойпаты мен Алтай тауларына дейін 3000 километрге, солтүстікте Батыс Сібір
жазығынан оңтүстікте Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тауларына дейін 2000
километрге созылып жатыр. Қазақстанның солтүстіктегі ең шеткі нүктесі – 
солтүстік ендіктің  55′26′ – Шығыс Еуропа жазығы орталық бөлігінің оңтүстік
шетіне және Британ аралдарының оңтүстігіне (Мәскеу ендігі), оңтүстіктегі ең
шеткі нүктесі – солтүстік ендіктің 40′56′ – Завкаказье мен Оңтүстік
Еуропадағы Жерорта теңізі жанындағы елдерге (Баку, Стамбул және Мадрид
ендігі ) сәйкес келеді.
Еліміздің шекарасының жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді,  оның
ішінде Каспий теңізі бойынша 600 километрді құрайды. Қазақстан Ресей
Федерациясымен – 7591,0 км, Өзбекстанмен – 2 351,4 км, Қытаймен – 1 782,75
км, Қырғызстанмен – 1241,6 км, Түркіменстанмен 425,8 километр аралықта
шектесіп жатыр.
Қазақстан аумағының төрттен бір бөлігінен астамын дала, 44 %-ін  шөл
мен шөлейттер және 14 %-ін ормандар алып жатыр.  Қазақстанның өсімдіктер
мен жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның аумағында сүт
қоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, балықтың 150 түрі мекен етеді,
тек дәрілік өсімдіктердің 250 түрі кездеседі.
Еліміздің аумағынан үлкенді-кішілі 8,5 мың өзен ағып өтеді. Жеті
өзеннің ұзындығы 1000  километрден асады. Ең  ірілері   - Каспий теңізіне
құятын Орал мен Ембі, Арал теңізіне құятын Сырдария. Ертіс, Есіл және
Тобыл  өзендері республиканы қиып өтеді, олар Солтүстік Мұзды Мұхит
бассейніне жатады.
Қазақстанда  үлкенді-кішілі 48000 көл бар. Олардың ішінде ең үлкендері
– Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Селетеңіз. Қазақстанға Каспий
теңізінің солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалауының жартысы
тиесілі. Каспий теңізінің қазақстандық жағалауының ұзындығы  2340 км
құрайды.
Еліміздің мұхиттардан шалғайда орналасуы және аумағының үлкен болуы
шұғыл континентальды климаттың, түрлі табиғи зоналардың қалыптасуына және
жауын-шашынның аз болуына ықпал етеді. Өңірлер бойынша айтарлықтай
ерекшеленетін қаңтар айының орташа температурасы – 19 – дан – 4 С градус
аралығында, ал шілде айының орташа температурасы +19-дан +26 С градус
аралығында болады. Қыста ең төменгі температура 45 градусқа дейін, ал жазда
ең жоғары температура +30 градусқа дейін жетеді. Аумақты орманды дала
(солтүстік, шығыс),  дала (солтүстік, шығыс, батыс, орталық), шөлейт
(батыс, орталық, оңтүстік, шығыс) және шөл (батыс, орталық, оңтүстік)
табиғи зоналары басып өтеді. Республика аумағының басым бөлігіне желдер
тән.
Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының аумағындағы апатты табиғи
құбылыстарға Каспий теңізі деңгейінің көтерілуін, жер сілкіністерін, апатты
гидрометеорологиялық құбылыстарды жатқызуға болады.  Аса ірі антропогендік
әсерлердің қатарына Арал теңізі бассейнінің тартылуын және ядролық
полигондар қызметі салдарының қолайсыз экологиялық әсерін жатқызуға болады.

 
Халқы
 Қазақстан халқы 2005 жылы 15 миллион 74,2 мың адам болды. Халықтың
тығыздығы 1 шаршы километрге 5,5 адамнан келеді. Халықтың 57 %-і қалада,
қалғандары ауылда тұрады.  
2004 жылы республика халқының саны  123,0 мың адамға немесе 0,8 % -ке
өсті. Халық санының артуы туу және иммиграция көрсеткіштернің артуына,
сондай-ақ өлімнің азаюына да байланысты болды. Республика халқының саны
артуының  97,3 %-і табиғи өсім есебінен (119,6 мың адам) және 2,7 % -і көші-
қон процесінің артуы   (3,4 мың адам) есебінен болды. Халық саны қалалық
елді мекендерде 2004 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда - 116,4 мың адамға,
ауылдық жерлерде 6,6 мың адамға артты.
Қазақстанда барлығы 131 ұлттың өкілдері тұрады.  Халықтың этникалық
құрамына қарай республикадағы ең ірі топтарға жеті ұлт өкілдері – қазақтар,
орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар жатады, олардың
үлесіне халықтың жалпы санының 95 %-і келеді. Қазақстан халқының құрамында
қазақтар саны жағынан көп ұлт болып табылады, олар  53,4 %-ті, орыстар
үштен бірін құрайды.
Республиканың байырғы халқының саны 1999 жылдан бері 640 мың адамға
артты, ол негізінен табиғи өсімнің есебінен болды, оның үлесіне жалпы
өсімнің 75 %-і келеді. Осы уақыт аралығында халықтың жалпы санындағы
өзбектердің үлес салмағы - 0,3 %,  ұйғырлардың үлес салмағы –  0,1 %,
 әзірбайжандардың үлес салмағы - 0,1 %-ке  артты.    Немістердің үлес
салмағы 0,9 %,  украиндардың  үлес салмағы - 0,7 %, орыстардың үлес салмағы
- 3,3 %,   татарлардың үлес салмағы - 0,2 % -ке кеміді. Өткен жылдардағы
сияқты, жекелеген ұлттар бойынша халықтың табиғи азаюы байқалып отыр.
Қазақтар шет елдерде 55 мемлекетте, соның ішінде КСРО-ның  бұрынғы
барлық одақтас республикаларында және 41 алыс шет елде  тұрып жатыр.
Қазақтардың басым бөлігі - Өзбекстанда, онда - 967 мың адам, Ресей
Федерациясында – 687 мың адам, Түркіменстанда - 87 мың адам, Қырғызстанда –
42 мың адам, Украинада – 10 мың адам, Тәжікстанда – 10 мың адам,
Әзірбайжанда – 4 мың адам, Грузияда - 3 мың адам, Молдовада – 2 мың адам,
Латвияда  1 мың адам тұрады.  Алыс шет елдерде,  мысалы, Қытайда – 1 млн.
258 мың, Монғолияда – 83 мың, Ауғанстанда – 28 мың, Түркияда - 20 мың,
Иранда 3 мың қазақ тұрады.
 
Мемлекеттік құрылымдар, әкімшілік-аумақтық құрылымы
 Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Мемлекет
басшысы, жоғары лауазымды тұлға. Президент дауыс беру жолымен жеті жыл
мерзімге сайланады.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен  заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау
принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Республикада заң шығару қызметін жүзеге асыратын өкілді орган Қазақстан
Республикасының Парламенті болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс
істейтін екі палатадан - Сенаттан (Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі –
алты жыл ) және Мәжілістен (Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес
жыл) тұрады.
Қазақстан Үкіметі атқарушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі
Қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру
Мемлекет нысанының ұғымы
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары
Құқықтық жүйе жайлы
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Қарулы Күштер тылы
Қазақстандағы құқықтық мемлекет
Пәндер