ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРI


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРI
Қазақстанда табиғи орта өте осал. Республиканың аумағын негiзiнен далалар, жартылай шөлдер және шөлдер құрайды. Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл секiлдi бiрегей iшкi құрлықтық теңiздер мен көлдер бар.
Антропогендiк жүктемелер нәтижесiнде Қазақстанның iс жүзiнде барлық аумағында табиғи ортаның елдiң болашақ экономикалық және әлеуметтiк дамуын қамтамасыз ету қабiлеттiлiгi бұзылған.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экстенсивтi дамуы жер азуы мен ландшафттың азаюы түрiнде iз қалдырған, елдiң аумағының 60% артығы қатаң шөлдеуге ұшыраған, бұл топырақ құнарлығының төмендеуiне және мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығының өнiмдiлiгiнiң азаюына әкелiп соғады. Бiр ұрпақтық көзiнше Арал теңiзiнiң көлемi екi есеге жуық азайған. Балқаш көлiн де ұқсас тағдыр күтедi. Республиканың су қажеттiлiгi бiр жылға 100 км 3 кезiнде iс жүзiндегi қамтамасыз ету 34, 6 км 3 құрайды. Жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында соңғы орында.
Жыл сайын республиканың сыртқы су қоймаларына 200 млн. м
3
артық ластанған сарқынды сулар төгiледi. Көлемдерi бiрнешеден жүздеген текше километрге дейiн ластанған жер асты суларының 3 мыңнан артық көзi айқындалған.
Өңдеу және энергетикалық кешендердiң көптеген кәсiпорындарында жетiлмеген технологияларының, негiзгi өндiрiстiк қорларының табиғи тозуы бұл зиянды қалдықтардың санының артуына ықпал етедi. Ауаны, суды және топырақты қарқынды ластау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң азуы, табиғи ресурстардың азаюы экожүйелердiң құлдырауына, шөлдеуге және биологиялық және ландшафттық түрлiлiгiнiң жоғалуына, халықтың ауру және өлiм-жiтiмiнiң өсуiне әкелiп соқты. Мұндай өзгерiстердiң салдары халықтың өмiр сүру сапасының төмендеуi және республиканың дамуының тұрақсыздығы болып табылады. Сонымен бiрге қоршаған ортаны қорғауға бөлiнген мемлекеттiк шығындар Еуразия елдерi арасында ең төменгi болып отыр. Олар жылына бiр адамға шаққанда 0, 5 АҚШ долл. құрайды.
Биотехнология қоршаған ортаны - бактериядан папортникке дейiн (папортниктiң күшәндық қосылыстарды жинау қабiлеттiлiгi), адамға қажет емес сияқты папортниктен жоғары өсiмдiктерге дейiн және барлығын қорғауды да адамға қызмет етуге мәжбүр етедi.
Егер қоршаған ортаны қорғау үшiн әлемдiк технологиялар рыногы қазiргi уақытта 235 миллиард долларға бағаланса, кейбiр бағалар бойынша 25-тен 40%-ға дейiн биотехнологиялар үлесiне тиедi.
Топырақтардың, су қоймаларының, полигондардың санация, фиторемедиация, биоремедиациясы
Бүгiнгi таңда ауыр металдармен және басқа да элементтермен ластанған топырақтарды тазарту мәселесi ашық қалуда. Металдарды өсiмдiктер жинау есебiнен топырақтардан алып тастау үшiн фиторемедиация тәсiлi iс жүзiндегi әдiстердiң (экскавация, жуу) альтернативасы, атап айтқанда аз шығындар салдарынан болып табылады.
Бұл әсiресе өсiмдiктерi кедей таулы өңiрлер үшiн ерекше маңызды, яғни ол жағдайда ландшафт жақсарады. Топырақтағы Рd Zn және Cd орташа концентрациясы 4431, 4920 және 37 мг\кг кезiнде тиiсiнше өсiмдiк нұсқауларындағы концентрация салыстырмалы жоғары болған (23-кесте) . Осылайша, табиғи жағдайларда өсетiн Сhеnopodium album L., құрғақ сабақтарында Рb 557 мг\кг дейiн жинаған. Отырғызылған Аtriplex leucoclada сәйкесiнше Zn және Сd құрғақ сабақтардың 3165 және 14 мг\кг. ең көп санын енгiзген.
Өсiмдiктер есебiнен жел эрозиясы, нөсерлiк сулармен шығару және инфильтрация әсерiнен ауыр металдардың таралуы азаяды. Өсiрiлген өсiмдiктер әдеттегi әдiстермен өңделуi немесе шағын көлемдерде орналасуы мүмкiн.
Өсiмдiктермен металдарды жинау үшiн фотобарлау мен кен орындарын әзiрлеу, фитоархеология мен ризосүзу сияқты басқа да қолданулар табылды.
Адамзат алдында тұрған ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі топырақтар санациясы, әскери полигондардың аумақтарын тазарту және химиялық қаруды жою мәселелері болып табылады.
Өсімдіктердің металдарды жинау
4-кесте
Химиялық қаруды жою және әскери полигондардың аумақтарын тазарту мәселелерiне қатысты АҚШ-та топырақ, су қоймалары және ауаның биоремедиациясы әдiсiмен таныстыруды енгiзетiн әскери қызметкерлердi университеттiк деңгейде даярлаудың арнайы бағдарлама бар. АҚШ Қорғаныс департаментiнiң үш үлкен полигоны 2001 жылы жарылғыш заттармен ластанған топырақтарды өңдеу үшiн W. R. Grace & Со фирмасының DARAMEND@ микробтық биоремедиация технологиясын сатып алды, өйткенi бұл технология екi алғашқы өңдеу кезеңiнде топырақты тазартудың 99% көрсеттi.
Ресейде ғылыми-зерттеу ұйымдары, соның iшiнде қорғаныс, топырақтар ремедиациясы және химиялық қарудың детоксикациясы кезiнде пайда болатын реакциялық массалар мен сұйық қалдықтарды өңдеудiң биотехнологиялық әдiстердiң (микроорганизмдер мен өсiмдiктердi пайдалана отырып) әзiрлеуде. Сонымен қатар ауаны органикалық қосылыстардан тазартудың биотехнологиялық жүйесi әзiрленген және оны пайдалануға арналған лицензиялар Ұлыбритания мен Финляндия кәсiпорындары сатып алған тәжiрибе қондырғысында жасалған.
Соңғы онжылдықтар қоршаған ортаға тiрi организмдер үшiн жиi улы болатын құрылымы жағынан әртүрлi синтетикалық органикалық қосылыстардың (ксенобиотиктердiң) елеулi санының келiп түсуiмен сипатталады. Кейбiр ксенобиотиктер қоршаған ортада катаболизмге, яғни осы қосылыстардың деградациясына қабiлеттiлiктiң пайда болуына бағытталған микроорганизмдердiң эволюциялық процестердiң белгiлi бiр артта қалуынан жиналады. Қазiр әртүрлi ксенобиотиктердiң деструкция реакцияларын жүзеге асыратын ферменттердiң көптеген түрi бар микроорганизмдердiң әлеуетiн барынша пайдалану мiндетi тұр. Бұл әлеуеттi пайдалану "биоремедиация" болып табылады.
Бүгін өнеркәсіптік өндірістің 30 және одан да көп пайызын тазартушы құрылыстар салуға арналған шығыстар құрайды. Ағынды суларды тазартудың iс жүзiндегi әдiстерi үнемi жетiлдiрiлуде, бiрақ олардың тиiмдiлiгi кейде экологиялық талаптарға сай келмейдi. Ондай жағдайдан шығу жабық сұйық ағындарды пайдалану циклiмен қалдықсыз өндiрiстердi жасау мақсатында дәстүрлi өнеркәсiптiк технологияларды қайта қарау болып табылады. Осы мәселедегi қажеттi нормаларға дейiн тазартылған технологиялық циклiне қайтарумен немесе ағынды сулардан пайдалы биоөнiмдердi алумен жергiлiктi биотазарту технологиялары басты роль атқарады.
Физика-химиялық әдiстермен салыстырғанда биотехнологиялық әдiстердiң бiрнеше артықшылықтары: өңдеудiң экологиялық қауiпсiздiгi, пайдаға асырудың соңғы өнiмдерiнiң қоршаған орта үшiн зиянсыздығы, әртүрлi ластауыштарға қатысты жоғары бейiмдiлiк пен ерекшелiк, оңтайлы еңбек көлемi және жұмыстар құны, қайта өңделетiн топырақтардың табиғи қалпы мен құнарлығын сақтау.
Параграф 3. Қазақстанда биотехнология дамуының негiзгi алғышарттары
Параграф 3. 1. Қазақстанда биотехникалық өнiмге деген iс жүзiндегi сұраныс пен ұсынысқа баға беру
Қазiргi уақытта бiздiң елде биотехнологиялық өнiмдi әзiрлеу және өндiру көлемi тиiстi дамыған жоқ. Көптеген биоөнiмдер бойынша елiмiз импортқа тәуелдi. Ресейде сияқты Қазақстанда да биотехнология саласының дамуында елеулi келiспеушiлiктер байқалуда. Көлемдi жағынан өнеркәсiптiк өндiрiс Қазақстанда дәрi-дәрмек препараттары, спирт және сүт биоөнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi түрiнде ұсынылған.
Фармацевтикалық өнеркәсiп
Қазақстан Республикасына импорттық дәрi-дәрмек құралдарының орасан зор ағыны келiп түсуде. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы дайын дәрi-дәрмек құралдарының (бұдан әрi - ДҚ) импортының көлемi ұдайы өсуде. 2003 жылы Қазақстанға 269 млн. АҚШ доллар сомасына 12917, 8 тонна медикаменттер әкелiнген. Бұл, сәйкесiнше 2002 жылға қарағанда 16% және 34, 2% артық. Импортталған ДҚ құнының өсуi олардың табиғи көлемiнiң артуынан озған. Бұл әрине елге әкелiнетiн ДҚ 1 тоннаның орта кедендiк құнын өсуi (2002 жылы 13, 9$ мыңнан 2003 жылы 16, 2$ мыңға дейiн - 16, 5% есе) .
Жеткiзушi елдер саны өскен (50-ден 55-ге дейiн), олардың құрамы өзгерген. Швеция, Аргентина, Иордания, Малайзия, Бангладеш, Индонезия қосымша жеткiзушiлер қатарына кiрдi.
Әкелiнген өнiмнiң құны бойынша бестiк көшбасшының құрамы: Германия, Ресей, Үндiстан, Франция, Венгрия бiрнеше жыл бойы өзгермей келедi.
2005 жылы 3001 СЭҚ ТН кiшi тобы (қан препараттары, басқа да биологиялық және иммунобиологиялық құралдар, соның iшiнде биотехнологиялық препараттар, микроорганизмдер дақылы) бойынша импортталған ДҚ көлемi 556 мың $ құраған.
Қазақстан Республикасында медикаменттердi сатудың көлемi соңғы жылдары жыл сайын орташа 30% есе өсуде. Төмендегi кестеде 2003-2005 жылдары ДҚ рыногының көлемдерi берiлген.
Қазақстан Республикасындағы дәрi-дәрмек құралдарының рыногы
5-кесте
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz