Қазақстан экологиясы. Арал теңізінің қасіреті


Қазақстан экологиясы

Жоспар

І. Арал теңізінің қасіреті

ІІ. Арал теңізіндегі «Возраждение» аралы

ІІІ. Семей полигоны

ІҮ. Байқоңыр космодромы

Ү. Мұнай шығару өнеркәсіптері

ҮІ. Алматы экологиясы

Соңғы онжылдық КСРО-ның ыдырауына мұрындық болды. Әлеуметтік ортада да, экономикада да жағымсыз процестер өрши түсті.

Қазақстен территориясында экологиялық қауіпті көп. Солардың бірі - Арал теңізі. Бұл өңірде экстремальді жағдай әлі де қалып отыр. 1960 жылға дейін Арал теңізі дүние жүзі бойынша континен ішіндегі көлдер арасында төртінші орынға ие болатын. Жыл сайын бұл теңізде 450 мың тонна балық ауланатын. Қазіргі құм қарасы кеме қаңқаларының қорымына айналды. Амудария мен Сырдария өзендерінің Арал теңізіне құятын суын қайта бұрып, мақта егістігіне жұмсау салдарынан апат пайда болды. Осы жылдар ішінде Арал теңізі 700 км 3 судан айырылды, су астындағы тұз бетке шықты, су жағадан 100-200 шақырымға шегінді, биіктігі 17-20 метрге төмендеді. Құрғап қалған теңіз табанынан атмосфераны жыл сайын 75 млн. Тонна құм мен тұз көтерілді.

Бұл апат тақсіретін ең алдымен аналар мен балалар тартып отыр. 1991 жылы 855 әйелдің 479-ы, демек 53, 3 %-ы науқас күйінде босанды. Жүкті әйелдің 90 %-і қан аздығымен ауырады, 67, 8 % түсік тастайды. Арал түбінен шыққан тұз Канадаға дейін жеткенді, қазіргі кезде Аралда көптеген шетел компаниялары жұмыс жүргізеді. Соның ішінде АСПЕРА - арал балаларына жне оларға көмек көрсету бағдарламасы.

Арал теңізінің апаты тағы бір үлкен экологиялық проблемаға әкеп соқтырады. Арал теңізіндегі аралдардағы зерттеу жұмыстары жайлы көпшілікке аян.

Солардың бірі «возрождение» аралындағы зерттеу жұмыстары және экологиялық проблема.

«Возрождение» аралығындағы биологиялық тәжірибелер 1936-1937 жылдары басталды. Бұл аралдың үштен бір бөлігі Қазақстан жерінде, ал үштен екі бөлігі Өзбекстан жерінде орналасқан. Әскер адамдары бұл аралды таңдап алу себебі неде?

Олардың ойынша аралдағы көптеген жағдайлар өлтіргіш қасиеті бар бактерияларды өсіруге қолайлы; Адам тұрмайтын жерлерге соғатын желдер, күннің сәулелерінің ультрафиолетінің өлтіргіш қасиеті болу. Көптеген лаьораториялар техниканың соңғы модельдерімен қамтамасыз етілген. Олар 3-дәрежелі биологиялық қауіпсіздікке байланысты техникалармен қамтамасызданған. Бұл полигоннан 3 шақырым қашықтығында офицерлер жанұяларымен өмір сүрген.

Әлі күнге дейін бұл әскери қалашықта аурухана, үйлер, дүкендер, балабақша, кафетерий, театр да сақтаулы. Кей уақыттарда жақын аудандарда белгісіз аурулардан адамдар қайтыс болатын.

Бұл аралда оспа, оба, антракс (сибирская язва), тумеремий, бруцелезза штамдары тәжірибеден өткен.

Жұмыс жоспары әрдайым Мәскеу қаласынан келетін.

Қысты күндері ғалымдар жабық бөлмелерде жұмыс жүргізетін. Тек мамыр айы мен қыркүйек айларының арасында тәжірибелер далада өткізілетін.

Инфекциялар саны 40 жуық болатын.

Бұл комплексте 70 000 жуық адам қызмет еткен.

1954 жылы Биополиген өз жұмысын жалғастырады. Модельдік реагенттерді зерттейді.

1970 жылдары бактереологиялық қару ретінде тулерямия, Ку лихорадкасы, сап, оба, туберкулез инфекцияларын зерттеген.

1971 жылы Арал қаласында тоғыз адам оспа ауруына шалдығады.

1972 жылы дүниежүзінде бактереологиялық ауру, қару қолданбау туралы Конвенция қабылданады. Бірақ КСРО бұл Конвенцияға мәне бермейд.

1978 жылы Арал теңізінде белгісз бактериялардан балықтар қырылды.

1980 жылдары лаьораториядағы тәжірибе кезінде инфекция сыртқа шығып кетеді. 4 батальон әскер қайтыс болды. Қай бактерия инфекциясы екені әлі күнге дейін белгісіз.

1984 және 1986 жылдары жақында орналасқан далаларда сайғақтар көптеп мерт бола бастады.

1984 жылы (Биопрепаратта) бес жылдық жоспарды жүзеге асыру жұмыстары басталды. Адамға байланысты биорегуляторлар жасалды. Бірақ бұл өнімдерден апта сайын 200 кг сібір ісігінің спорларын жасауға болушы еді.

1988 жылы Свердловск қаласынан көптеген мөлшерде 250 метрлік контейнерлер әкелінді. Аралда ол инфекциялармен лық толтырылып жер астында орналасқан бункерлерге көшіледі.

Бұл іс-әрекетті істеу себебі, Вашингтонға КСРО-ның 72-жылғы Конвенцияны орындамау жайлы мәліметтер жеткен.

1992 жылы Әскери биологиялық полигон жабылды. Әскери қалашықтағы адамдар көшіріледі.

Осы уақытта Степногорскінің биотехнологиялық центрінің директоры Канатпсан Алибек АҚШ-қа эмиграция жасайды. Сол кезде құпияны ақпараттар АҚШ қолына түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Табиғатты қалай сауықтыруға болад
Қазақстан экологиясы
Каспий экологиясы туралы
Арал экологиясы туралы
Арал экологиясы туралы мағлұматтар
Теңіз деңгейінің ауытқуы мен денивеляциясы
Қызылорда облысындағы өндіріс орындары және олардың экологиялық проблемалары. Мұнай өндірісі
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz