Қазақстан экономикасының кейбір кезеңдері және оның өнеркәсібі


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан экономикасының кейбір кезеңдері және оның өнеркәсібі

Мұнай және газ өнеркәсібі. Қазақстандағы мұнай мен табиғи газ өндіру аймақтарының басым көпшілігі өте кең территорияға ие болып отырған мемлекеттің батыс бөлігінде орналасқан. Бұл өлкенің Каспий теңізінің солтүстік шығысындағы Атырау және Ақтау төңірегі деп айта аламыз. Қазақстанның бүкіл мұнай және табиғи газ өндірісі өлкенің батыс қиысында орналасса, қолда бар 3 маңызды өңдеу орындарынан тек біреуі бұл өлкенің Атырау қаласында құрылған. Қалған екі кәсіпорынның бірі елдің солтүстік аумағында, бірі оңтүстікте Шымкент қаласында (өндіріс аймақтары арасында шамамен 2-3 мың км арақашықтық бар) орналасқан.

Мемлекет құрамындағы мұнай және табиғи газ өндіріс орнының мұншалықты оғаш тәсілінде құрылғандығы соншалық өнддіріс аймақтары мен өңдеу орындары арасында ешқандай құбыр жолы байланысы құрылмаған. Бірақ батыстағы өндіріс аймақтары солтүстік-оңтүстік бағыттағы құбыр жолдары мен Ресей өңдеу орындарына және оңтүстікте Өзбекстан мен Түркіменстанның өңдеу орындарына байланысқан, дәл осылайша елдің солтүстік-шығысында және оңтүстігінде құрылған Павлодармен Шымкент өңдеу орындары да солтүстік-оңтүстік бағыттағы құбыр жолдары мен солтүстіктегі Ресей өндіріс аймақтары және оңтүстікте Өзбекстан-Түркіменстан өндіріс аймақтарына байланысқан.

Елдің бай минералдық ресурстары мұнай мен газ экспортының өсуіне ғана мүмкіндік туғызбайды. Жаңа құбыржолдарды салумен қатар мұнай және газды қайта өңдеу секторы, оның ішінде интеграцияланған газ-химия кешенін салу есебінен дамитын болады.

Мұнайды қайта өңдеу және мұнай газ секторының инфрақұрылымы саласындағы стратегиялық мақсаттар

2014жылға қарай
Отандық мұнай өңдеу зауыттарымен елдің отынға деген сұранысы толық қанағаттандырылады
2014жылға қарай: 2012 жылға қарай
Отандық мұнай өңдеу зауыттарымен елдің отынға деген сұранысы толық қанағаттандырылады: Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ құбыры елдің оңтүстігін жылына 5 млрд. текше метр көлемінде газбен қамтамасыз етеді

Металлургия және дайын метал өнімдерін өндіру . Метал рудаларының зор қорларына ие бола отырып, Қазақстанда дайын металлургиялық өнімдердің отындық өндірісін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Металлургия саласында стратегиялық мақсаттар: 2015 жылға қарай металлургиялық өнім өндірісі мен экспорты екі есе өседі.

Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі. Химия өндірісін дамыту мақсатында 18 жоба іске асырылуда. Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту органикалық химия мен полимерлер, органикалық емес химия, арнайы химикаттар мен тұтыну химиясының базалық өнімдері өндірісімен байланысты болады. Фармацевтика өндірісі дамиды. Қорғаныс өнеркәсібінде елдің Қорғаныс Күштерін жаңарту бағдарламалары жүзеге асырылады.

Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібіндегі стратегиялық мақсаттар

2020жылға қарай
Мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысының 80пайызы отандық өндіріспен қамтамасыз етіледі, химия өнімдерінің жалпы өндірісі 3 есе өседі, химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрін өндіру ұйымдастырылады.
2020жылға қарай: 2015жылға қарай
Мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысының 80пайызы отандық өндіріспен қамтамасыз етіледі, химия өнімдерінің жалпы өндірісі 3 есе өседі, химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрін өндіру ұйымдастырылады.: Хлор-сілтілік өндіріс каустикалық сода бойынша жылына 100мың тоннаға дейін кеңейтіледі, минералды тыңайтқыштардың түрлерін шығару жылына 3млн. тоннадан асады.
2020жылға қарай: 2014жылға қарай
Мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысының 80пайызы отандық өндіріспен қамтамасыз етіледі, химия өнімдерінің жалпы өндірісі 3 есе өседі, химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрін өндіру ұйымдастырылады.: Елдегі дәрілік заттар тұтынудың жартысы отандық өндіріспен жабылады.
2020жылға қарай: 2013жылға қарай
Мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысының 80пайызы отандық өндіріспен қамтамасыз етіледі, химия өнімдерінің жалпы өндірісі 3 есе өседі, химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрін өндіру ұйымдастырылады.: Химиялық өндіріс үшін шикізатты қайта өңдеу және байыту қуаттары енгізіледі, күкірт қышқылының өндірісі жылына 2500мың тоннадан артық көлемге жеткізіледі, қуаттылығы жылына 400мың тонна кальций өндірілген соданың өндірісі ұйымдастырылады.

Электр энергиясы. Энергияның мемлекет экономикасының өркендеуі үшін қаншалықты маңызды өндіріс күшіекендігін дәлелдеп жатудың керегі жоқ. Энергиялық ұлттық экономика ішінде қамтамасыз етілуі және өз ішінде қауіпсіз таралымы экономиканың дамуындағы ең маңызды мәселелердің бірі саналуда. Қазақстан болса жер асты және жер үсті байлықтарымен тура бір энергия қоймасы сияқты.

Экономикалық даму қарқындары және экономиканы әртараптандыру энергетика секторына елеулі қысым жасайды. Өнеркәсіптің отандық салалары біршама энергия сиымды және олардың энергияны үнемдеудің зор әлеуеті бар. Энергияны пайдалану тиімділігі арттыру жөніндегі шараларды іске асырумен қатар ішкі қажеттіліктерді, әсіресе батыс және оңтүстік өңірлерде, қанағаттандыру үшін оның өндірісін үдету талап етеді. Осыған байланысты энергия көздері мен электр желісі кәсіпорындарында қазіргі қуаттарды кеңейту мен реконструкциялау және жаңаларды салу жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады.

Энергетика секторын дамыту шеңберінде Қазақстан ауқымды мақсатқа - парниктік газдарды атмосфераға шығаруды азайтуға жәрдемдеседі.

Барынша арзан, эколгиялық жағынан таза энергияны алу әдістерінің бірі атом энергетикасын пайдалану және дамыту болып табылады. Атомдық энергетика кешендері қолда бар отын және минералдық ресурстарды оңтайлы және теңгерімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Энерегияның баламалы көздерін пайдалану үлесі жалпы энергия пайдалану көлемінде 1 пайыздан аз мөлшерді құрайды. Экологиялық проблемаларды шешуді ескере келе электр энергиясын дамытудың басым бағыттарының бірі жаңартылған энергетика ресурстарын (су энергиясы, жел және күн энергиясы) пайдалану болып табылады, олардың пайдаланылмаған әлеуеті өте зор.

Энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
КӘСІПОРЫНДАРДА ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аймақтарды мемлекеттік реттеу
Қарағанды облысының тарихы
Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЕЙСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Экономиканыц нақты секторына инвестициялар, жаңа технологияларды игеру және құрылымдау
Өндірісті ұйымдастыру типтері
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы
Нарықтық экономикалық дамудың циклдік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz