Қазақстан-2050. Қалыптасқан мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан-2050. Қалыптасқан мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.

Тәуелсіздіктің 21жылдығы қарсаңында Президентіміз Н. Ә. Назарбаев жариялаған «Қазақстан-2050стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы жаңа сын-қатерлерге жауап қана емес, республиканың таяу жарты ғасырларға саяси және экономикалық дамуының пішіндері мен стратегиялық мақсаттары анықталған құжат екені даусыз. Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты-демократиялық мемлекет құру. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді. Демократияның ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар, барлық елдерде біркелкі жүрмеуі және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды.

Демократиялық басқарудың дамуы концепцияларының түп тамырын саяси тарих пен саяси ой қойнауынан іздеуге тура келеді. Бүгінгі демократиялық таңдауға қызмет етуші саяси партиялар идеялық тіректі көне заман ойшылдарының еңбектерінен алғандығы даусыз[1] . Мәселен, Конфуцийдің пікірінше, мемлекеттің дұрыс әділет жолын таңдамауы, халықпен ақылдаспауы, даму жолын, әдістерін сарапқа салып таңдауға тырыспауы оны қауіпті жолға бастайды. Саяси басшы өзіндікі ғана дұрыс деп ойламауы абзал. Ол жақсы жоспар құрып, соның орындалуына әрбір адамның қатысуын қадағалайды. Ашу, ыза, асығыстық, халықты өз ісіне зорлықпен ерту сияқты әрекеттердің барлығы мемлекет қозғалысына зиянды. Мақтаншақ болу, жетістіктерді айта беру, достардың бірін-бірі мақтауы түбінде жарға құлатады. Шындық сөзді айтуға қорқатын болсақ та жақсылық әкелмейді. Білімді, іскер, әділетті адамдарды биліктің көргісі келмейді, олардың жақсы істерін бағалағысы келмейді. Оларға берілетін шен-шекпен, атақтарды нашарлар иеленеді, [2, 79] -деп тұжырымдады.

Мемлекеттік адамдарды кейде құдіретті күш қолдайды. Олар тіптен бүгінгі өз істерінің маңызын терең біле алмауы да мүмкін. Бірақта олардың әрбір дұрыс қадамы келешекте жасалатын ұлы істердің кепілі болады, [3, 22] -деген пікір айтады Платон.

Аристотельдің пікірінше, биліктің бір адамда болуы, адамдардың тобында болуы немесе көпшілікке болуы маңызды емес. Маңыздысы сол биліктің мемлекетке және халыққа пайдасының болуында деп есептейді. Демократия заңмен халықты басшыға, қызметкерге, қарапайым азаматқа бөлмейді. Байлық пен кедейлік те адамды кемсіте алмайды. Демократия ешкімге артықшылықтар бермейтін заңдарға негізделеді. Бостандық, теңдік, заңның басымдылығы, мемлекеттік істерді шешуге халықтың тікелей араласуы, жоғарғы биліктің халық алдында жауапкершілікте, есепте болуы сияқты Аристотель көрсеткен демократиялық мемлекеттік құрылыстың негізгі заңдары қазіргі замандағы демократиялық мемлекеттерде өзін ақтағаны шындық [4, 830] .

Қазақстанның саяси мәдениетіне өшпес із қалдырып, сонысымен қазіргі демократиялық қоғам құрылысына өзінің үлгілік және идеялық әсерін тигізіп отырған XI ғасырда өмір сүрген түркі ғалымы Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегінде ел билеушілер өз халқына қиянат жасамауы керек. Өтірік сөйлеп, алдамшы жылтырақпен еліңді ұзақ басқара алмайсың. Сұйық сөзге ел қапа болады. Білімі жоқ басшыны ел ұқпайды. Себебі, білімсізден дұрыс ақыл шықпайды. Басшы білікті болуы шарт. Ел басшыларына қауіпті, қарапайым жұртқа қауіпті бес жаманшылықты Жүсіп Баласұған атап көрсетеді. Олар:ұшқалақтық, сараңдық, ашу, надандық, өтірік. Оған қоса өзімшілдік пен залымдық билікті аздырады деп біледі. Осы аталған жаман нәрселерден бойын аулақ ұстаған бектің басынан бақ ұшпайды, -дейді Ж. Баласұған. Баласұғанның билікке деген бұл талабы қазіргі демократиялық биліктің табиғатын ашады. Демек, қазақ этносының саяси ойы мен саяси мәдениетінде бар құндылықтар, идеялар мен қағидалар қазіргі Қазақстандық демократияны қалыптастыра алады, [5, 222-223] деген сөз.

Азаматтық қоғам белсенділігінің арта түсуі, оның маңызы мен рөлі, сондай-ақ, оның институттарының нығаюы Қазақстанның, әрбір адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін, өмір сапасының жоғары әлеуметтік стандарттары мен тұлғаның өзін-өзі толыққанды көрсете алу жағдайларын қамтамасыз етуге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының басты шарты болып табылады.

Елімізде демократияға бастаған азаматтық қоғамның толыққанды дамуының шарттары мыналар болуы шарт:

-дамудың ұлттық стратегиясын іске асыру аясында мемлекет пен қоғам аса маңызды жалпы мемлекеттік мәселелер бойынша бірлескен шешім қабылдайтын жалпыұлттық диалогты одан әрі дамыту;

-азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша тетіктерді, осы саладағы азаматтық бақылауды жетілдіру; тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында мемлекеттік билік және азаматтық қоғам институттарының толыққанды жұмыс істеуі;

-азаматтық қоғамның басты элементі және оны қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту: барлық деңгейдегі билік пен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынастарын жетілдіру;

-үкіметтік емес сектордың институционалдық дамуын одан әрі мемлекеттік қолдау;

-ақпараттық кеңістікті жүйелі дамыту, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын, сонымен қатар интернет-ресурстар мен цифрлық технологияларды ынталандыру және қолдау;

-еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде кәсіподақтардың ұстанымын күшейту;

-көлбеу байланыстарды қамтамасыз етудің және мемлекеттік органдардың қызметін азаматтық қоғам институттары тарапынан қоғамдық бақылау жүйесінің тиімді әрі пәрменді тетіктерінің жұмыс істеуі [6, 372] .

Осы ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы»идеясының маңызы зор. Әрине, саяси инфрақұрылымда, саяси мәдениет пен саяси санада қазақстандық үлгінің бар екендігі даусыз. Елдегі саяси жүйенің жаңа демократиялық моделінің қалыптаса бастауы бүкіл саяси сфераның жаңаша қызмет етуіне негіз болуда. Осы орайда, біріншіден, елдің мүдделі саяси күштермен саяси партиялардың барлығы дерлік көпэтникалық және көпдінді Қазақстан халқы үшін әлеуметтік татулықтың, саяси тұрақтылықты және қоғамдық келісімді сақтаудың маңыздылығын түсінді. Мүдделі топтардың барлығы ұлтаралық келісім идеясы платформасында топтасты. Бұл ерекшелік жайында Н. Ә. Назарбаев «Идеологиялық жаңарудың мән-мағынасы төрт бөліктен тұрады. Біріншіден, ұлтаралық келісім. Біз бұл идеяны кейінгі жылдары тамаша жүзеге асырдық. Екіншіден, ішкі ұлттық бірлік. Біз ру мен жүз, аймақтар және басқада аумақтық бірліктер бойынша қазақтардың өздерінің жікке бөлінушілігін болдырмауға қол жеткіздік. Көптеген елдер үшін, бүгін біз көріп отырғандай, бұл тек актуальды ғана емес, қайта қатаң саяси проблема ретінде сақталып келеді. Үшіншіден, Қазақстандық қоғамды жаңарту идеологиясы жария етілді. Азаматтық қоғам институттарын, көппартиялықты, тәуелсіз ақпарат құралдарын, үкіметтік емес ұйымдарды құру осымен бәрі жаңартылған идеология жүйесіне кірді. Ақыр соңында, біз діни қозғалыстар әлеуетін де дұрыс бағаладық және діни төзімділік пен дін ұстанушылар бостандығы қажеттігін қағида етіп алдық.

Бұл ережелердің барлығы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Президент еңбегінде патриоттық, солшыл, центристік, либералдық партиялардың баршасы елдегі қоғамдық, әлеуметтік және этикалық татулық идеясы маңында топтасты. Бұл құбылыстың өзі саяси партиялардың өзара күресуінің тым асқынбауына, партиялық таластардағы бітіспес антогонизмнің болмауына әкелді. Қазақстандағы саяси партиялар билікке соншалықты ұмтылғанымен, елдегі этникалық татулыққа, қоғамдық және әлеуметтік келісімге және саяси тұрақтылыққа қарсы шықпады. Олардың барлығы осы ресми билік ұран еткен құндылықтарды майындайды [6, 372] .

«Стратегия «Казахстан-2050» - это путь, показывающий молодежи, в какой стране они будут жить. Казахстан динамичное государство, Казахстан сформировал свое собственное видение эффективного мироустройства новом столетии и свое место в этом развитии. По-нашему мнению, «Стратегия -2050» - это большой шаг на пути всемирного развития Казахстана [7, 2] .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2013 жылғы Жолдауы.

2. Конфуций. Уроки мудрости: Сочинения. - М. : Эксмо-пресс, 1999. -С. 958. (79)

3. Платон. Апология Сократа, Критон, Ион, Протагор/ Общ. ред. А. Ф. Лосева и др. М. : Мысль, 1999. - С. 864. (221)

4. Аристотель. Сочинения: В 4-х т. Т. 4/ Пер. с древнегреческий-; Общ. ред. А. И. Доватура. - М. : Мысль, 1984. -С. 830.

5. Баласұған «Жүсіп. Құтты білік». - Алматы: Жазушы, 1986. -Б. 614. (222-223)

6. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан жолы». - Астана, 2007. - Б. 372.

7. Назарбаев Н. А. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана // Казахстанская правда. 2005. 18 апреля. С. 2.

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университетінің философия мамандығының 2-курс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ ЖАЙЛЫ
Қазақстандық демократия үлгісі
Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. Қоғамның конституциялық құрылыс негізін жасау. 1995 ж. Конституция
2025 жылға негізгі мақсат
Кәсіпқой мемлекет
Бағдарламаның негізгі міндеттері
Қазақстан - 2050 стратегиясы туралы
Ұлттық мұрат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz