ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Орта арнаулы білім беру жүйесі. Қазақстанда Азамат соғысы аяқталғаннан
кейін саяси және экономикалық сипаттағы міндеттермен қатар, кәсіптік білім
беруді дамыту міндеті де қолға алынды. Оқытушы кадрларды даярлау үшін үш
айлық педагогикалық курстар ашылды. 1920 ж. Орынборда Халыққа білім беру
практикалық институты (ПИНО) және Халыққа білім беру қазақ институты (КИНО)
ашылып, жұмыс істей бастады. Олар қазіргі жағдайдағы саяси мәселелерді шешу
үшін мұғалімдердің білімін жетілдіру қызметін атқарды.
1920 ж. қыркүйекте РСФСР ХКК декретімен рабфактар ашылып, 1940 жылға
дейін жұмыс істеді. Рабфактар әр түрлі кәсіпке орташа дәрежедегі мамандар
даярлады. Рабфактар таптық оқу орындары деп есептелді. 1936 ж.
республикадағы 16 рабфакта 5 мыңнан астам оқушылар оқыды.
Рабфактармен қатар, техникумдар мен училищелер саны өсті. 1920 ж.
Семейде тұңғыш ауыл шаруашылығы техникумы ашылды. 1923 ж. Орынборда тұңғыш
медициналық техникум жұмыс істей бастады.
Ауыл шаруашылығын индустрияландыру және ұжымдастыру жылдарында
Қазақстанның халық шаруашылығы үшін көптеген мамандар даярлау туралы мәселе
көтерілді. Бұл нағыз маңызды әрі күрделі міндетке айналды. КСРО ХКК (Халық
Комиссарлары Кеңесі) “Қазақстан үшін кадрлар даярлау туралы” қаулы
қабылдады. (1933 ж. 20 қазан). Осы құжатқа сәйкес 1934 ж. бірқатар
техникалық, ауылшаруашылық, медициналық және т.б. техникумдар мен
училищелер ашылды.
1932 ж. республикалық дене тәрбиесі техникумы ашылды. 1930 жылдың
ортасында Қазақстанда 12 индустриялық, 9 көлік және байланыс, 29 педагогтік
және мәдени-ағарту, 9 қаржы-экономика техникумы құрылды. 1939 ж.
республикада 20 ауылшаруашылық және зоотехник-малдәрігерлік техникумдары
болды. Сөйтіп, 30-жылдардың соңына қарай Қазақстанда орта арнаулы білім
беру жүйесі толық күшіне енді.
Сөйтіп, Қазақстанда, барлық елдегі сияқты арнаулы орта білім берудің
бірыңғай жүйесі қалыптасты. Арнаулы орта білім беру мекемелерінің ең көп
таралғаны техникумдар болды. 1937 ж. республика техникумдары 2819 маман
даярлап шығарды, бұл 1932 жылғы арнаулы оқу орындары түлегінің санынан екі
жарым есе көп еді.
Қазақстанның жоғары оқу орындары. БК(б)П ОК-нің 1928 ж. шілде пленумы
елдегі кадрлар даярлау мәселесі әлі де халық шаруашылығының білікті
мамандарға деген талабын өтей алмай отыр деп атап көрсетті. БК(б)П
Қазөлкелік комитеті мен республика үкіметі Алматыда Қазақ Мемлекеттік
университетін, бірінші кезекте Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының
базасында педагогикалық факультетін ашу мәселесін қойды. ҚазАКСР ХКК 1928
ж. 10 маусымдағы қаулысында: РСФСР ХКК қаулысына сәйкес 1928 ж. 1 қазанда
ҚазМУ-дің педагогикалық факультеті, үш бөліммен: физика-математика,
жаратылыстану және лингвистикалық-әдебиет бөлімдерінің бірінші курсымен
ашылсын деп көрсетілді. Педагогикалық факультеттің үш бөлімшесінде әуелгіде
124 студент, 9 оқытушы болды. ҚазМУ-дің педагогикалық факультетінің
директоры болып — Мәскеу Шығыстану институтының ректоры Санжар Асфендияров
тағайындалды. Оқытушылар арасында белгілі қазақ жазушысы, Ленинград
университетінің түлегі М.О.Әуезов, мемлекеттік қайраткер С.Сейфуллин, т.б.
болды. Университеттің педагогикалық факультеті республикадағы тұңғыш ЖОО
болып есептеледі (1930 ж. Қазақ педагогикалық институтына айналды). Елдің
орталық ЖОО-ларынан бұл оқу орнына 12 ғылыми қызметкерлер келді.
БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті 1929 ж. 5 сәуірде тұңғыш ЖОО жұмысы
мәселесін қарап, қаржы және құрылыс материалдарын бөлу шараларын
қарастырды. Оқу корпусы мен жатақханаларды жөндеу көзделді. Қазақ
жастарынан студенттер қабылдауды 60 пайызға көтеру, ЖОО түлектері есебінен
институтты ғалым-педагог кадрлармен жасақтау, аспирантура ашу, жас
оқытушыларды орталық ЖОО-лардың аспирантурасына жіберу белгіленді.
Өлкелік партия комитетінің О.Жандосов, А.Байділдин, т.б. жауапты
қызметкерлері оқытушылық қызметке ауысты. БК(б)П өлкелік комитеті 1929 ж.
29 қыркүйекте Қазақ Зоомалдәрігерлік институтының кеңес мүшелерін:
И.В.Сайкович — директор, Ә.Әйтиев — директордың орынбасары,
Б.А.Домбровский, Пронин, т.б. оқытушыларды бекітті. Бұл институт
Қазақстандағы тұңғыш ауылшаруашылық ЖОО болды. Алғашында ЖОО-ның жалғыз
малдәрігерлік факультетінде 147 адам оқып, 37 оқытушы, олардың 9-ы ғылым
докторы, профессор, 3 ғылым кандидаты, доцент болды. Б.А.Домбровский,
М.П.Калмыков, Н.П.Орлов, А.Я.Лукин, т.б. оқытушылар тұңғыш кафедра
меңгерушілері болды.
Кадрлар даярлауды одан әрі кеңейту және жақсарту мәселесі БК(б)П ОК 1929
ж. қараша пленумының “Халық шаруашылығы кадрлары туралы” қаулысында
қаралды. Пленум Мемлекеттік жоспарлау, жерхалком және Ағарту халкомдарына
кадрлар даярлау, жаңа ЖОО мен техникумдар құрылысының бірыңғай бесжылдық
жоспарын жасауды тапсырды. Семейде, Оралда, Ақтөбе, Қостанай,
Петропавловск, Шымкент қалаларында ЖОО-ға түсушілер үшін даярлық курстары
ұйымдастырылды. 1930 ж. бұл курстарда 318 адам, оның 206-сы қазақтар оқыды.
Барлық ЖОО-ларда үздіксіз оқу жылы және үздіксіз оқу аптасы енгізілді,
оқыту мерзімі 3—3,5 жыл болып белгіленді.
1930 ж. қазанда Алматы ауыл шаруашылығы техникумының базасында Талғар
ауылшаруашылық институты ашылды. Бұл оқу орнының ұйымдастырушысы және
тұңғыш директоры Ораз Жандосов болды. Алғашқыда институттың тек бір ғана —
астық және техникалық дақылдар факультеті болды, бірақ бір жылдан кейін
жеміс-көкөніс факультеті ашылды. 1930 ж. оның бірінші курсында 131 адам
оқып, 37 оқытушы, оның ішінде: Х.Д.Чурин, А.В.Сахаров, Е.И.Дыхман,
Д.К.Маденов, т.б. сабақ берді.
1931 ж. сәуірде КСРО Жер халкомы “Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы
мамандарын даярлау туралы” қаулы қабылдап, оған іле-шала Шымкентте мақта
шаруашылығы, Қостанай облысында (“Қарабалық” совхозында) жем-шөп өндіру,
Оңтүстік Қазақстан облысында (“Қапланбек” совхозы) Қой шаруашылығы
институты ашылды. Қазақ ауылшаруашылық институтының қой шаруашылығы және
жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеттерінің базасында жеке жеміс-көкөніс
институты ашылды. Алайда бұл ЖОО-лар өте ұсақ болып, мемлекеттің жәрдемін
қажет етті және оларды сақтау өзін-өзі ақтамайтын еді. Мерзімінен ерте
құрылған олар 1933—1934 жж. жойылып, ауыл шаруашылығы институтына қосылды,
ал қой шаруашылығы Алматы зоомалдәрігерлік институтына берілді.
1932 ж. малдәрігерлік-зоотехникалық институттың бірінші түлектері
еңбекке жолдама алды: 142 зоотехниктер мен мал дәрігерлері республиканың
мал шаруашылығына жол тартты.
1930, 1931 жж. Қазақ АКСР үкіметі мен БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті
Медицина институтын құру және нығайту мәселесін қарап, бірінші курсқа 150
адам қабылдау жоспарын бекітті, морфологиялық бөлім корпусының құрылысы
үшін қаржы қарастырды. Республикадағы тұңғыш жоғары Медицина институты 1931
ж. ашылды. Оның директоры болып профессор С.Асфендияров тағайындалды. Оған
Ленинград әскери-медициналық академиясы қамқоршылық жәрдем көрсетті.
Қазақ педагогикалық институты 1931 ж. өзінің тұңғыш түлектеріне — 59
адамға өмірге жолдама берді. Алайда, республикадағы жалғыз педагогикалық
институт педагогикалық кадрларға деген сұранысты қамтамасыз ете алмады.
Бірнеше педагогикалық ЖОО ашу қажет болды. БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті
1932 ж. 9 шілдеде 1 қазаннан бастап халық ағарту институтының базасында
Орал педагогикалық институтын ашуды, физика-математика, химия-биология,
қазақ тілі және әдебиеті, тарих-экономика факультеттерін жұмысқа қосу
туралы қаулы қабылдады. Бірінші курсқа студенттер қабылдау саны 180 адам
болып белгіленді. Қазақстанның тау-кен және көмір өнеркәсібіне мамандар
даярлау үшін 1932 ж. Семейде геологиялық барлау техникумының базасында
Семей геологиялық-барлау институты ашылып, бірінші жылы 223 студент
қабылдады.
Қазақстанның жоғарғы мектебін қалыптастыру ісін жолға қоюда КСРО ОАК-нің
1932 ж. 19 қыркүйектегі “Жоғары мектеп пен техникумдардағы оқу
бағдарламалары мен режім туралы” қаулысы шешуші рөл атқарды. Сабақ берудің
бұрынғы бригадалық- лабораториялық әдісі жойылды. ЖОО-ларда сабақ беру
негізіне дәріс оқу, семинар және лабораториялық сабақтарды колхоздар мен
кәсіпорындардағы өндірістік тәжірибемен алмастырып отыру, мектептерге
педагогтік практикадан өтуге жіберу енгізілді. Ұжымдық емтихандар мен
сынақтар жүйесі жойылып, жылына екі рет сынақ- емтихан сессиясын енгізу
қабылданды, студенттер үлгерімін бағалау теңестірілді.
1933 ж. 20 қазанда КСРО Халком Кеңесі “Қазақстан үшін кадрлар даярлау
туралы” қаулы қабылдап, онда жоғары және орта арнаулы білім беру
бағдарламасы белгіленді. Осы құжаттың негізінде БК(б)П Қазақ өлкелік
комитеті 1934 ж. 1 қаңтарынан бастап педагогикалық институттың базасында
Қазақ Мемлекеттік университетін ашу туралы шешім қабылдады. Қазақ
Мемлекеттік университеті 1934 ж. 15 қаңтарда ашылды. Сабақ бұрынғы Верный
ерлер гимназиясының кіші-гірім үйінде басталды. Күзде химия факультеті
ашылды. ҚазМУ-де алғаш 25 оқытушы, оның ішінде 5 профессор және 10 доцент
жұмыс істеді. Университеттің тұңғыш ректоры Ф.И.Голиков болды.
Республикадағы үнемі даму үстіндегі өнеркәсіп, әсіресе, тау-кен және
металлургия кәсіпорындары үнемі кадрлардан тапшылық сезінді. Семей
Геологиялық-барлау институты тау-кен, көмір және металлургия
кәсіпорындарына мамандар даярлап үлгермеді. Осыған байланысты ол 1934 ж.
Қазақ Тау-кен металлургия институты болып қайта құрылып, Алматыға
көшірілді. Оның ректоры болып Ә.Бүркітбаев тағайындалды. Оның бірінші
курсына 145 студент қабылданып, 22 оқытушы сабақ берді.
Қазақ Тау-кен металлургия институтына КСРО Ауыр өнеркәсіп халкомы мен
Кривой Рог тау-кен институты физикалық, электрөлшеу лабораториялары және
материалдарды сынау лабораториясы үшін құрал-жабдықтар берді. Институтта
кенді және кенді емес орындарды және гидрология бойынша зерттеуші
инженерлер даярлау басталды, ал 1935 ж. қаңтардан бастап жаңа мамандық —
кен орындарын пайдалану, осы жылдың қыркүйегінен — түсті металдар
металлургиясы мамандықтары енгізілді. Өнеркәсіпке кадрлар даярлаумен қатар,
ауыл шаруашылығы үшін мамандар даярлау шаралары қарастырылды. 1934 ж. ауыл
шаруашылығын механикаландыру факультеті ашылды, сәл кейінірек ауыл
шаруашылығын электрлендіру бөлімі қосылды. Кәсіпқой журналистер мен газет
қызметкерлерін даярлау үшін республика астанасында 1934 ж. Коммунистік
журналистика институты (КЖИ) ұйымдастырылды. Оның ректоры У.Балқашев болды.
1935 ж. Қазақ Медицина институтында жүйке ауруларының жаңа хирургиялық
емханасы ашылды.
КСРО жоғарғы мектебінің типтік Жарғысы студенттер мен оқытушылардың
құқықтары мен міндеттерін, студенттік қоғамдық ұйымдардың орны мен рөлін
және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін анықтады. 1937 ж. 11
қарашада КСРО ХКК ЖОО профессорлар-оқытушылар құрамы үшін штаттық
лауазымдар мен лауазымдық еңбекақы кестесін енгізу жөнінде қаулы қабылдады.
Ол профессорлар мен оқытушылар, факультет декандары мен ЖОО директорлары
жағдайын айқындап, барлық ұлттық республикаларда, соның ішінде, Қазақстанда
да, жоғары білім беруді өркендету мақсатына қызмет етті. Үшінші
бесжылдықтың басында республикада жаңа ЖОО-лар ашылып, бұрынғылары
кеңейтілді. Осылайша, 1938 ж. Қарағанды және Қостанай мұғалімдер институты
ашылды. Алматы Медициналық институтында педиатрия факультеті іске қосылды.
КЖИ 1941 ж. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультеті болып
қайта құрылды. 1938 ж. бастап күндізгі оқумен қатар, сырттай оқу түрі де
пайда болды. Сырттай оқу ең алдымен педагогикалық ЖОО-да енгізілді.
ЖОО алдында аспирантура арқылы ғылым кадрларын даярлау міндеті тұрды.
Республикадағы бірінші аспирантура 1932 ж. — педагогикалық, ал 1933 ж.
малдәрігерлік-зоотехникалық, 1934 ж. — ауылшаруашылық және медициналық
институттарда, ал 1938 ж. Қазақ Мемлекеттік университетінде, Орал, Семей
педагогикалық институттарында құрылды. 1940 ж. Қазақ медициналық
институтының аспирантурасын 17 адам тәмамдады, олардың ішінен 10 қазақ
Қазақ Мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертацияларын қорғады.
1936 ж. университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы қысқаша ақпарат
көзі түрінде бірінші университет бюллетені жарыққа шықты. 1937 ж. бастап
“ҚазМУ-дің ғылыми жазбалары”, 1939 ж. “Абай атындағы ҚазПИ-дің ғылыми
жазбалары, және Қазақ тау-кен металлургия институтының еңбектері” жарық
көрді.
ХХ ғ. 30-жылдарының соңына қарай республика ЖОО оқу-материалдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz