Қазақстанда жас ұрпаққа гуманистік тәрбие берудің педагогикалық алғы шарттары
Қазақстанда жас ұрпаққа гуманистік тәрбие берудің педагогикалық алғы
шарттары
Қазіргі қоғамның жаңару бағыты, әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып
қалыптасуында гуманистік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан
қазіргі заманның педагогика ғылымында адамның қарым- қатынасында гумандық
қасиетті қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу,
қарастыру басты мәселеге айналып отыр. Адамдық тұлғаның бейнесі
көрсеткіштерінің бірі – гумандық қасиет болуы, бүкіл адамзаттық
құндылықтардың біріне саналады.
Осыған орай соңғы жылдары ТМД және егеменді Қазақстан Республикасы
көлемінде адамгершілік проблемасы, гумандық қатынастарды зерттеумен
шұғылданып келе жатқан көрнекті ғалымдар, педагогтар мен психологтар
баршылық. Одақ көлемінде З.Васильева, М.Г.Тайчинов, И.А.Каиров және т.б.
Қазақстан Республикасында Л.В.Руднева, Ғ.Жүнісова, Б.Д. Қисықова.
Сонымен қатар арнайы гуманизм проблемасының жалпы философиялық және
этикалық аспектісін (Н.М.Бередной, А.А.Задорный, С.Ф.Збандуто,
О.С.Богданова) және мектеп оқушыларында гумандық қарым-қатынасты
қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық негізін (Н.Н.Тарасевич, А.В.
Скиндер, К.М.Монич, М.Н.Аплетаев, М.А.Вейт және т.б.) зерттеумен көптеген
ғалымдар шұғылданып келеді. Білімдер жүйесін қалыптастыру процесінде адамды
жеке тұлға етіп дайындауда пәнаралық байланыстың алатын орны ерекше. Осы
орайда пәнаралық проблемасының философиялық, психологиялық, педагогикалық
бағыттарын анықтау арқылы оқушыларда гумандық қатынасты тәрбиелеу мәселесін
зерттеу - қазіргі дидактиканың өте маңызды бағыты.
Қазіргі кезде әлі де болса шешімін таппаған, күрделі зерттеулерді
қажет ететін мәселелердің бірі – адамдар арасындағы гумандық қарым-
қатынастарды қалыптастыру болып отыр.
Өсіп келе жатқан жеткіншектерімізді мәденитетті, парасатты, білікті,
көрегенді етіп тәрбиелеу – олардың дүниетанымын жоғарғы азаматтық деңгейде
дамытып, қоғамымыздың ілгерлеу процесіндегі адам факторын жандандыру,
ұлттық намысын қозғап, кез – келген парасатты азаматтардың, оның ішінде
ұстаздардың ізгілікті ісі деп ойлаймыз. Олай болса, Елбасының Қазақстан
халқына жолдауы, осы жолдаудағы 2030 жылға дейінгі дамуымыздың ұзақ
мерзімдік стратегиясы аса маңызды құжат болып табылады.
Бұл мемлекет басшысының салиқалы ой тізбегінен өткен жай, әлемдік
өркениет дамуының қырын-сырын оқып, зерттеп жүйелеген көрегендік саясатының
толық қанды жемісі болмақ. Осы тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында
барынша еңбек етіп, елімізді өркендетіп, гүлдендіру, ”Мен Қазақстанның
азаматымын” – деген ұлтжанды отандастарымыздың ардақты да, асқақ борышы
болмақ. Сондықтан да, өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың жан-жақты ойлай
білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, қоғамды алға қарай дамытатын
адамгершілігі мол бүлдіршіндерін дайындауымыз керек. Сол себепті де, білім
беру саласында жұмыс істейтін педагогтарымыздың алдында үлкен міндет, ауыр
жүк тұр. Өйткені, қазіргі оқушыларға егемен еліміздің болағашына, өтпелі
кезеңнің көлеңкелі жақтарын ескере отырып, оған мойын ұсынбай, алдымызда
тұрған нарықтық экономика жағдайында мазмұнды, әрі сапалы білім беру біздің
аса жауапты міндетіміз. Мектепте мұғалімдер, үйде ата-ана, қоғамдық орында
жұртшылық болып болашағымыздың оқу-тәрбие жұмысына белсене араласу -
қазіргі кезеңдегі бірінші орынға қойылған мақсат, себебі, білімсіз,
ғылымсыз ешбір қоғам алға жылжымайды, дамымайды.
Еліміз өркендесін десек, дүние жүзіндегі озық елдердің қатарына
жетеміз десек, қазіргі ұрпаққа беретін біліміміз, тәрбиеміз соған лайықты
болуға тиіс.
Қоғамның тарихи даму кезеңі адамгершілік тәрбиесінің проблемаларын
үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін
дәлелдейді.
Сол себепті де, ең алдымен адамның рухани жан дүниесін, асыл сезімін,
адамгершілік парызын, сұлулық талғамын қоршаған ортаға гумандық қатынасын
қалыптастыру келелі мәселелердің бірі болып саналады.
Негізінде, гумандық дегеніміз – мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін,
моральдық сананы мақсатты қалыптастыру немесе тәлім–тәрбиенің ықпалды
әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың этикалық білімділікті,
адамгершілікті қасиеттерді дамытудың сара жолы.
Сонымен, адамгершілік міндеті өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғам -
көрініс тапқан. Мұнда қаған балаларының есімдері Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау,
Теңіз болып аталуының өзі осы табиғатпен байланыс, үйлесімділікті адамның
басты қасиеті деп ұғынуынан болса керек.
Біз гумандық қасиеттерге адам бойындағы ізгі қасиеттер жататынын
көреміз. Адамның өзіндік ой – пікір, көзқарас, мінез-құлық, іс-әрекеті
бүкіл ортамен қарым - қатынасы арқылы көрінеді. Гумандылық анықтамасы әр
дәуір арқылы беріліп келеді. Ежелгі дәуір ойшылдары да гумандылық туралы
өздерінің түйінде ойларын келтіріп отырған. Бұл ерекшелік ауыз әдебиеті
үлгілеріне де тән. Енді солардың кейбіріне назар аударарлық. “Ер Төстік”,
“Тазша бала”, “Алдар көсе”, “Жиренше”, т.б. Сондай ертегі, аңыздардағы
ұнамды кейіпкерлердің барлығы да әділдік, ізгілік, адамгершілік жолындағы
іс-әрекеттерімен бағалы. Ал “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қозы көрпеш – Баян
сұлу”, т.б. жырларда ел мүддесін көздеген ерлік пен кіршіксіз махаббат
тақырыбы арқылы ізгілік арқауы тартылған. Мақал-мәтел, жұмбақтар да адам
бойына игі қасиеттер дарытумен бірге айнала қоршаған ортаны тани білуге,
онымен үйлесімді өмір сүруге үйрететін ізгі тәрбие құралы болып табылады.
Ғылымды дамытуда орасан зор еңбек етіп, мол үлес қосқан ғұлама ғалымдардың
үлкен шоғыры орта ғасыр заманында Таяу және Орта Шығыста тұрған халықтардан
шыққаны белгілі .
Егер ілгерідегі шығармалар шамандық салт-санасына жазылған болса, Қожа
Ахмет Иассауи шығармалары бүкіл түрік әлеміндегі суфизмнің шыңы болып
табылады. Ол, өз еңбектерін шағатай тілінде жазған. Ойшыл ғұлама ислам
дінін түркі тілінде насихаттауды мақсат ете отырып, бұл дүниенің алдамшы
байлығына бой алдырмауға, астамшылдыққа ұрынбауға шақырады, имандылық
негізіндегі ізгілікке үндейді. Қадір-қасиет, жетімдерге аяушылық,
жанашырлық көрсетіп, қайырымды, мейірімді бол дейді. Діні қатты
қатыгездерден түңілгендігін білдіреді. Ізгілік діні – Алланың ақ жолын
ұстану деп ұғынады. Оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани да ізгілік ұғымында өз
ұстазымен үндес, сарындас. Оның “Хакім ата” (яғни Бақырға кітабы ұстаз
идеясын заңды жалғастырушы болып табылады. Мұнда суфистік дәстүр
негізіндегі шарапқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz