Педагогика ғылымының мазмұны оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Білім беру жүйесін модернизациялау
1 Білім беру: мәні және мазмұны
2 Білім берудегі модернизация
3 Модернизациялаудың әлемдік тәжірибесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі әлемдік жаһандану процесінің негізгі талаптарының бірі білім беру кеңістігінің барынша бір-біріне жақындауы мен оның тиімді тетіктерін айқындау, аталған процесті кәсіби деңгейде жүзеге асыруға қабілетті құзырлы маман даярлау және білім беру қызметкерлерінің технологиялық мәдениетін көтеру мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы да өзіндік білім саясатын қалыптастырып отыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында әлемдік экономикалық интеграциялық процеске ілесі ең алдымен кәсіби мамандардың сапасына байланысты-лығы, сол себепті жоғары білімді мамандарды даярлаудың педагогика-лық жүйесінің сапалылығын арттыру қажеттілігі қарастырылған еді.
Аталған бағдарламада педагогикалық білім беру кеңістігінің әлемдік және отандық жүйелерін сапа деңгейінде салыстырмалы зерттеудің қажеттілі-гіне ерекше назар аударылған болатын. Еліміздің білім сапасын арттыру мақсатында Болон декларациясына қол қоюы аталған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдеп отыр.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Конституциясының «Білім туралы» заңына және ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік багдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамыту үшін жағдайды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Білім бағдарламасы дегеніміз берілетін білімнің деңгейі мен мазмұндық бағдарын айқындайтын білімдік жүйе. Мұнда ұсынатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімдік жүие. Мұнда ұсынылатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімніңқұрылымына кіретін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, жалпы орта білім мен кәсіби орта білім.
Бастауыш мектепте білімдендірудің міндеті - оқушыны кітап оқи білуге, жаза білуге, есептей алуға және білім ала білу жолына үйрету, ал орталау мектеп болса ғылымның негізгі салалары бойынша білімдік түсінік қалыптастыру болып табылады. Ал толық орта дәрежелі мектепте болса, ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруі мен олардың бойына жеке бастың және этникалық қарым - қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның өзін - өзі айқындауы мен кәсіби бағдарға бейімдеу болып табылады . Бұл салада әрбір пәннің мазмұндық жүйесі базалық негізгі білім беру деңгейімен қиысады да тиісті ұғым - танымдық шеңберде аяқталып отырады. Оқу пәндерін таңдауы бойынша зертеу үшін оқу жоспары вариативтік бөлігі кеңейтілді. Бейімдеу алдындағы даярлық жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің үшінші сатысы жаңа көзқарасқа құрылған. Мұнда оқытудың мазмұнын саралау, ынталандыру, кәсібилендіру және тұлғаның өз бетінше білімін кеңейтіп, тереңдету көзделген. Сондай-ақ оқушының әлем, қоғам және адам туралы жүйелі түсінікті меңгеруіне зейін қойылған.
- Білім беру: мәні және мазмұны
XVIII ғасыр аяғы XIX-ғасырдың басында білім беру мазмұны ғылыми теориялары қалыптаса бастаған. Алғашында материалдық сипатта дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деген атпен белгілі болды. Бұл бағытты ұстанғандар білім берудің негізгі мақсаты оқушыларға ғылымның әр түрлі саласынан көлемді білім беру деп ұсынушылар болды. Осы мәселе төңірегінде Я. А. Коменский өз еңбектерінде дидактикалық материализм теориясы тұрғысынан қарастырған. Сол сияқты XIX ғасырдағы көптеген педагог ғалымдар да білім беру мазмұнын құрастыруға материалдық теорияны жақтаған. Қазіргі кездің өзінде оқу жоспары мен оқулықтарға талдау жасауда осы теорияны басшылыққа ұсынып келеміз. Яғни бұл теория өзінің құндылығын жойған жоқ деген қорытынды жасай аламыз. Екінші теория - білім мазмұнының формальды теориясы. Бұл теорияны ұсынушыларға Гераклит, Цицерон, Кант, Песталоцци, Дистервег және тағы басқа ерте кездегі педагог-ойшылдарды жатқызуға болады. Мысалы, Гераклиттың тұжырымы бойынша, «адамды оның көп білімі ақылды етпейді». Мұны Цицерон да қолдаған. Аталған теорияның негізгі қағидалары И. Кант, Песталоцци философиялары құрайды. Олардың тұжырымы бойынша, оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс ойлау қабілеттерін жақсарту. Бұл туралы А. Дистерверг өзінің «Неміс оқытушыларына басшылық» атты еңбегінде өзіндік көзқарасын білдірген. Ол білім беру мазмұнын қарастыру барысында оқушылардың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу, ақыл-есі, ойлау қабілеттерін ескерту қажеттігіне мән беру керек деген. Формальды оқытудыжақтаушылар да, алғашқылар сияқты, оқытудың субъективтік жағының мәнін жете бағалаған. К. Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып екі теорияны да сынға алды. Ол: «Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді», - дей отырып, алдымен адамды білім жағынан сусындатып, алған білімдерін игерту қажеттігіне мән берілуі тиіс екендігіне тоқталған. К. Д. Ушинский білім беру мазмұнын таңдау барысында материалдық және формальдық әдістерді бірлікте қарастыру идеясын ұсынған.
Педагогикада білім беру мазмұны жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырылады. Өйткені, жеке тұлға дамуы тәрбие мен оқытуға тығыз байланысты, сондықтан да, алдымен, білім беру мазмұнын анықтап алу қажет екендігі дау тудырмаса керек.
Сонымен, білім беру мазмұны дегеніміз - жеке тұлға қалыптастыру барысындағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерін меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік пен дағдысын, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру және ақыл-ойы мен сезімін дамыту. Яғни білімді адам деп ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, болашақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады.
Білім мазмұны оқу орындарының негізгі мәселелерінің бірі. Ал оның мәні әрбір ғылыми пәндерден ғылыми білімді игеру, тәжірибеде қолдана білуде жатыр.
Педагогика ғылымының мазмұны оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі. Білім беру мазмұны мен оның мәнін ашуда және білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында жеке тұлғаны дамыту мәселесі соңғы он-он бес жыл шамасында күн тәртібінің алдыңғы қатарына шықты. Аталған мәселе И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, В. С. Леднев, Б. М. Бим-Бад және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, талданған.
И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин білім беру мазмұнын теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру жүйесі деп түсіндірген, сонымен қатар шығармашылық іс-әрекет, ерік сезімін меңгеруді ұсынады. Бірқатар шетел педагогтары (АҚШ, Англия, Франция, т. б) жеке тұлғаға жалпы адамзаттық тәрбие беруді, оқу мазмұнына табиғи құбылыстар мен қоғамдық өмірдегі шынайы құбылыстарды түсіндіруде оқу пәндерін өзара кіріктіруді негізге алуды ұсынған.
Білім мазмұнын анықтауда, жалпыға міндетті білім беруде, оның ғылым мен техниканың және мәдениеттің даму деңгейіне сай болуын қамтамасыз ету мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру аса қажет болуда.
Білім беру мазмұнын іске асыру барысында аға ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін болашақ ұрпаққа меңгерту, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени тұрғыдан мазмұнын дамыту мақсатында ғылым туралы толық мәлімет беру (білім мазмұнының негізгі теориялары, заңдары, ұғымдары, және т. б) ; білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнін ашу; білім алушылырдың жас және дара ерекшеліктерін ескеру; әр түрлі пәндерді оқытуда берілген мерзіміне, көлеміне қарай беру; білім беру мазмұнын әлемдік тәжірибемен ұштастыру; оқу орнының оқу-әдістемелік және материалдық базасына сай құру қажет.
Білім беру мазмұнының мақсаты қашанда қоғамның қажеттілігін, жеке тұлғаның сұранысы мен қызығушылығын қанағаттандыруы тиіс.
Білім беру мазмұнының сипатын жеке тұлға бойында саналы өзгеріс болған жағдайда көруге болады. Жеке тұлғаның өзгеру динамикасы дегеніміз - субъектінің санасы мен қасиетіндегі елеулі өзгерістер.
Бұл мәселе тұрғысында В. С. Леднев білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің мазмұнына көңіл аудару теориясын негізге алу керек деп санайды. Білім беру мазмұны шынайы педагогикалық өлшем бойынша, негізінен, нақты оқу процесін игерумен байланысты. Жалпы білім беру мазмұнының жобасын құрастырғанда оның ұстанымдары мен технологияларын меңгерту қажеттілік екенін басшылыққа алған дұрыс. Оның негізгі құрылымдық ұстанымын әр түрлі деңгейде қалыптастыру барысында теориялық мазмұнының негізі болып табылатын пәннің оқу материалдарымен, педагогикалық іс-әрекет, білім алушының тұлға ретіндегі бейнесімен сәйкес болуы қадағаланады. Жалпы білім беру мазмұнының ізгілендіру ұстанымы, ең алдымен, білім алушылардың жалпы адамзаттық мәдениетті белсенді шығармашылық және практикалық тұрғыдан игерулеріне жағдай жасауға тікелей байланысты. Білім алушылардың дүние танымын қалыптастыруға және қазіргі қоғамдық жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның ізгілік мәдениетінің негізгі компоненті:өмірде өзін-өзі анықтау мәдениеті; экономикалық және еңбек мәдениеті; саяси және құқұқтық мәдениеті; интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, имандылық мәдениеті, отбасы және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты.
Жалпы білім беру мазмұны оның негізгі компоненттеріне байланысты, яғни жалпы адамзаттық мәдениетпен кіріктіріледі.
Сонымен, білім мазмұны - ол білім алушылардың оқылатын пәндер бойынша меңгеретін білім, білік, дағдылары.
Қазіргі кезеңдегі білімнің мазмұнын айқындауға қойылатын басты бағдарлардың бірі - мемлекеттік стандарт, былайша айтқанда, мемлекеттік жүйедегі бірыңғай норма мен талаптарды жүзеге асыру міндетін шешу болуға тиіс. Кеңестік кезеңдегі орта мектептер біртекті, бірыңғай жүйеде болды да жоғарыдан жасалған оқу жоспары мен пән бағдарламалары негізінде оқылатын. Онда аймақтық, жергілікті ерекшеліктер мен оқушының тұлғалық өзгешеліктеріне мән берілмей эмпирикалық жүйе жүзеге асырылатын. ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достастығы) құрамында болған елдер 1996 жылдан бастап «Білім беру туралы» заң жобаларын қабылдап, онда мемлекеттік стандарт мәселесін жүзеге асыру міндеттері белгіленді. Осы орайдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартында басшылыққа алынатын үш деңгей көрсетілген:
- Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы;
- Білім мазмұнының аймақтық, ұлттық танымға сәйкестігі және білімдендіруде елдің тілі мен әдебиеті, тарихы, географиясы, өнері, дәстүрлік салты ескерілетіндігі т. б.
- Берілетін білімді жүзеге асыратын оқу орындарының ерекшеліктеріне сай тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттік тұлға алдында жауапкершілігі қатаң сақталып, білімнің терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің нормалық талап деңгейіне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету көрсетілген.
Білім дегеніміз танымдық біліктік дағды, оқушының ғылыми жүйені меңгеруінің нәтижелік үрдісі негізінде көзқарасының қалыптасуы және тұлғаның адамгершілік, имандылық қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерінің сапалық көрінісі. Ал білімнің мазмұны болса бұл ғылыми жүйе оқушы білуге тиісті шығармашылық тәжірибе, танып білуге тиісті имандылық, адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік көзқарастар мен әдеп пен дағдылары және тұжырымдалған пайымдаулар.
2. Білім берудегі модернизация
XX-ғасырдың 70-ші жылдардағы Еуропа елдерінде байқалған экономикалық және институционалды дағдарыстан шығу еркін нарыққа қайта келумен, бәсекелестік индивидуализмге негізделген жеке мүдде мен бастаманың қайта өрлеуімен байланыстырылды. Ең ақырында бәсекелестіктің өсуіне қол жеткізу, демек өндіріс шығындарын азайтуға қол жеткізу мүмкін еді. Бұл елдердің жаңа әлемдік еңбек бөлінісіне және әлемдік нарықтағы бәсекелестің жаңа шарттарына бейімделу үрдістерін күшейтер еді.
Қарқынды техникалық прогреспен үйлесе отырып, экономиканы және қаржыларды либералдау экономика, қаржылар, нарықтар саласында білыңғай кеңістікті қалыптастырудың алғышарттарын құрды. Олардың заңдары қазіргі кезде жеке елдердің, өндірушілердің және азаматтардың орнын анықтайды.
Ақпарттық-коммуникацялық желілердің дамуы ақпараттық және интеллектуалды кеңістіктің қалыптасуына әкелді. Осылайша, батыс қоғамдарының дамуындағы көп нәрсе қазіргі таңда әлемдік нарықтарда өсіп келе жатқан бәсекелестік және нарықтар ұсынатын идеялармен және құндылықтармен анықталады.
Жалпыға бірдей коммерциялизациялау және бәсекелестік күрес пен нарық логикасын енгізудің әлемдік үрдісіне мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер сияқты сфералар түсті, бұл сфералар бұрында «қоғамдық игілік» ретінде қарастырылатын.
Аталған өзгерістерді бәрі бірдей қабылдамайды, себебі:
- Біріншіден, кейбіреулер онда Еуропалық елдерге тән, демократиялық құндылықтарға төнетін қауіп бар деп ойлайды;
- Екіншіден, және бұл бастысы, бүгінгі таңдағы білім беру - бұл стратегиялық ресурс және оны тиімді пайдалану жеке елдердің өндірушілердің және тұлғалардың жетістігін қамтамасыз етеді;
- Үшіншіден, осының салдары ретінде білім беруді дамыту проблемаларын талқылауға білім беру саласындағы мамандар, басқарушылар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар іскер топтар, халықаралық ұйымдар - ЮНЕСКО, ОЭСР, Әлемдік банк, ХВҚ (МВФ) және ДСҰ (ВТО) қатысады;
- Төртіншіден, білім беру елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторына айналып отыр.
Білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен моделі қажет пе?, - деген сұраққа жауап беруден бұрын, алдымен білімнің өсуі мен оның қолданылуының экономикаға әсерін анықтайық. Бұл үшін кейбір мәліметтерді келтірейік.
Әлемдік банктың бағалауы бойынша, білім ел дамуының негізгі факторына айналып отыр. Адам капиталы елдегі жалпы байлық көлемінің 64%-ға жуығын құрайды. АҚШ-та ЖІӨ-нің 45%-ы ғылыми зерттеулер, білім беру, бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі сферасында жасалады [10; 50б] .
Ақпараттық технологияларды пайдалану Нью-Йорк биржасына өз тиімділігін 400%-ға жоспарлатуға мүмкіндік береді. «Қоғамның білімін» бір академиялық жылға арттыру Еуропалық одақ экономикасын қысқа мерзімдік преспективада 5%-ға өсуін қамтамазыз етті.
Білім өз мәні жағынан демократиялық болғанымен, білім беру сферасында әлемде бәсекелестік болып отыр, яғни олар: қаржыландыру көлемі мен студенттер үшін жоғарғы оқу орындары арасында; еңбек нарығындағы мамандар арасында; еңбек ресурстары үшін елдер арасында.
Осындай жағдайда елдің экономикалық өсуі мен әлеуметтік бірлігіне қалай қол жеткізуге болады? Әр елдер мәселесінің шешімін әрқалай табады. Алайда, Әлемдік банк мынандай ұсыныс беріп отыр: білім беруге салынатын инвестицияның жалпы деңгейі ЖІӨ-нің 5%-ын, елдер бойынша АҚШ ЖІӨ-ның 6, 6-%, Жапония 3, 5%-ын, Ресей 0, 62%-ын, Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің 1%-дан аз мөлшерде ғылымға жұмсайды.
Білім беру сферасындағы 10 жылдық нарық реформалары білімді дамытуға деген кәсіпкерлік көзқарастың кері жақтарын айқындады. Ең алдымен, бұл:
- білімге практикалық және тұтынушылық көзқарастарын нығайту, оның руханилығы мен ағартушылығының маңызын жою ТҰК және монополиялар жағынан ұлттық жүйелерге қауіп төндіреді, азаматтардың құқықтарына, еркін білім алуға кедергі жасау;
- білім берудегі нарықтық бастамалар әр түрлі елдердегі элиталар үшін мүмкіндіктердің жоғарғы теңдігіне, ал ел ішінде қоғамның күрт әлеуметтік поляризациясына әкелед;
- білім беру саласындағы мамандар мен саясаткерлер мемлекетті білім беру саласынан шығару тенденциясына қарсы, өйткені мемлекет өзінің қоғамдық маңыздылығынан айырылады: білім беруге «таңдау», «бәсекелестік», «стандарттар», «еркіндік» сияқты түсініктер маңызды бола бастады;
- білім берудің нарық сұранысына бағытталуы сынға түсіп отыр: мәселен, мектептік білім беру сферасындағы басымдылықтар жұмыс табуға мүмкіндік беретін мәселелерге, білімге және ептілікке шоғырлануға фундаменталды білімі бар ерекше тұлғаны қалыптастырудан жылжып отыр;
- нарық жоғарғы білімді әлемдік нарықтарда қысқа мерзімдік бизнес қажеттіліктеріне сәикес кадрларды және зерттеулерді жүргізуге бағыттайды және де экономика мен қоғамның әрі қарай дамуы үшін фундаментін жоя отырып, табиғи және қоғамдық ғылымдар саласындағы фундаментальды зерттеулерге зиян келтіреді;
- мамандарды сонымен бірге білім беру бағдарламаларында әлеуметтік негіздің болмауы, білім беру жалпы да алаңдатып отыр, бұл болашақта қоғамның, экономиканың мәселелерін ұзақ мерзімде көруіне зиян әкеледі.
Сонымен, бүгінгі таңда жаһандану жағдайындағы қоғам дамуының ұлттық ерекшеліктерінескере отырып, жоғарғы технологияның қажеттіліктеріне сәйкес білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен үлгісін құру қажет.
Моделдің негізі - бұл үздіксіз білім беру немесе өмір бойы оқыту. Осыған байланысты білім берудің дәстүрлі ұйымдастырылуы мен институционалдық құрылымын, мектептік, жоғары оқу орнындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруден және ересектерге білім беруден және ересектерге білім беруден бастап қайта құру керек.
Тұжырымдаманың жарияланған жобасында үздіксіз білім беру жүйесі деп білім берудің барлық деңгейіедегі өзара іс-әрекет ететін оқу орындары жүйесіндегі бірізді, келісілген оқу бағдарламаларын, педагог қызметін, тұлғаны дамыту, сондай-ақ педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау жүйесін дамыту жолдарының, тәсілдерінің және құралдарының жиынтығын айтады. Тұжырымдамада, сонымен бірге, үздіксіз педагогикалық білім берудің қағидалары анықталған, сондай-ақ буындарының жүйелілігі негізінде білім берудің барлық 5 сатысының мазмұнын талау келтірілген. Тұжырымдаманы жүзеге асыру сатылары мен күтілетін нәтижелері табылады.
Білім беру жүйесіне қоғамдық жоба дәрежесін қайтару қажет, онда барлығы үшін мүмкіндіктер теңдігі қамтамассыз етілер еді.
Жаңа әлеуметтік келісім-шарт жасау керек, мұнда мемлекет білім беру қызметтерін алуға тұтынушылар құқұғының, сондай-ақ азаматтардың өмір бойы білім алуға құқұғының кепілі ретінде шығады. Ал білім беру жүйесі азаматтардың жекелеген және әр түрлі қажеттіліктеріне сай келуі тиіс.
Білім беру сапасын бақылауды мемлекет жүзеге асыруы қажет. Осылайша білім беру қазіргі жаңа әлемде қоғамдық игілік қызметін өзіне қайтаруы тиіс, ал оның дамуына ұлттың әл-ауқаты байланысты.
Бизнес-білім беру жалпы білім беру жүйесінің шағын жүйесін білдіреді; ол 100 жыл бұрын АҚШ-та пайда болды, кейін Еуропаға өтті. Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында бизнес-білім беру әзірге білім беру жүйесінің органикалық бөлігіне айналған жоқ.
Бизнес-білім берудің туындауы мен дамуына бірнеше жағдай әсер етті.
Жоғарыда айтылып өткендей, ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми және техникалық білімдерінің жылдам таралуы, олардың өндіріске және әлеуметтік сфераға жаппай енуі байқалып отыр. Осылайша, дамыған елдердің білім, ақпарат, коммуникация сияқты материалдық емес ресурстарды пайдалануға негізделген өндірістің жаңа моделіне өтуі жүзеге асырылып жатыр. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрі адам ресурсы болып табылады.
3 Модернизациялаудың әлемдік тәжірибесі
ХХ-ғасырдың 80-ші жылдардың ортасында басталған реформалардың мақсаты - бұл ұлттық білім беру жүйелерін өндірістің жаңа жұмыс істеу жағдайларына, сондай-ақ жаһандану мен техникалық прогрестің ықпалындағы экономикадағы және қоғамдағы өзгерістерге бейімдеу.
Бұл реформаларды жүргізуге дейін білім беру әлемдік тәжірибеде былайша қарастырылған:
- ол мемлекеттің айырықша құзыреті болып табылады, ал білім беру құқығы демократиялық мемлекеттің құндылықтар жүйесінің бөлігі болып табылады;
- мемлекет шеңберінде жеке азаматтардың әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз етудің фундаменталды шарты ауқымды мемлекеттік білім беру болып табылады;
- ол қоғамдық игілік болып табылады және барлық азаматтарға мемлекетпен кепілді минималды өмірлік стандарттардың жиынына кірді;
- еңбек күшінің әлеуметтік ұдайы өндірісіне жұмсалған шығындар мемлекет есебінен жүзеге асырылды, бірақ бл шығындарға («фордистік» моделі шеңберінде) барлық адамдарды жоғары біліммен қамтамасыз ету кірмеді.
Алайда, 70-ші жылдардың соңынан бастап жоғары білімге деген сұраныстың қарқынды әсуі байқалады. Оның туындау себебі:
- біріншіден, өндіріске ақпараттық технологиаларды енгізу және техникалық прогресс өндіріс пен өнім интелектуализациалық жоғарлату қажеттілігін тудырды;
- екіншіден, микроэлектроника, ақпараттық жүйелер, фармацевтика, биотехнология және т. б. салаларға техникалық жаңалықтарды енгізу елдердің постинндустриалды дамуға жылдам өтуіне әкелді;
- үшіншіден, ауқымды мектептік білім беруге деген ескі бағыт елдердің әлемдік нарықтағы жеңілісіне әкелуі мүмкін еді. Осыған байланысты мемлекет университеттерге элиталық білім беруден кадырларды ауқымды даярлауға өтуді ұсынды;
- төртіншіден, білім беру рефомаларын бүгінгі таңда экономикалық жаһанданудың факторын күшейту және ұлттық өндірушілер мен жалпы экономикалық бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату қажеттілігі ұсынады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz