Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыдан іске асыру


1- лекция.
Тақырыбы: Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыдан іске асыру.
- Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыда іске асыру.
- Педагогикалық жүйе «Білім» категориясының негізгі сипаттамсы.
- Дидактикалық процесті іске асырудың педагогикалық категориялары.
- Дидактикалық процестер.
Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыда іске асыру.
Егемен елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер ғылым мен өндірістің барлық салаларында жұмыс істейтін маман даярлаудың сапасын жетілдіруді, тәрбие мәселелеріне тыңғылықты, байыппен қарауды бүкіл педагогикалық процесті басқарып және оған қатысып отырған мамандардан талап етеді.
Жастардың алған білім мөлшерінен, олардың өмірге даярлығынан, ертеңгі күні қызмет істей білу, басқара білу қабілетіне Егемен еліміздің өркениетті мемлекетгер қатарынан алатын орны тікелей байланысты.
Болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға байланысты барлық мәселелердің өзекгілігі мен маңыздылығы жоғары мектептің дәл қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасап, оның алдында тұрған мәселелерге назар аударудың қажеттілігін дәлелдеп отыр.
Болашақ жоғары оқу орындарында оқу-тербие және ғылыми жұмыстарға басшылық жасайтын, бүгінгі магастрант, ертеңгі оқытушының жеке басы мен кәсіби біліктілігі, барлық дерлік педагогикалық жүйенін біртұтастығы бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Жарияланған ғылыми еңбектер мсн ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасай отырып, Жоғары мектеп проблемасына арналған, әсіресе, қазақ тіліндегі еңбектердің аздығына көз жеткізуге болады.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер Білім берудің мемлекеттік стандарттарындағы білім берудің мақсаты мен мазмұнынан Магистратура тыңдаушылырына қойылып отырған талаптардың жоғары екендігін айқындайды.
Осыған байланысты ұсынылып отырған көмекші оқу құралы магистратура тындаушыларына арналған "Жоғары мектеп педагогикасы" курсы бойынша оқу жоспарында көрсетілген жүктемеге сай, бүдан бұрындары баспадан шыққан ресейлік, қазақстандық ғалым-авторлардың оқулық, оқу құралдарының, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңдары, тұжырымдамалар және т. с. с. құжаттар мен жекеленген авторлардың жоғары мектеп мәселелеріне арналған мақала т. б. еңбектсрінің кемегімен жазылды.
Бұл құралды жазудағы мақсат - магастратураға түскен магистранттардың жоғарыда аталған пән бойынша, мүмкіндігінше:
- жоғары мектепте оқыту, білім беру мен тәрбие жұмыстарының қыры мен сырын ұғыну;
- жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың формаларын, оларға қойылатын талаптарды;
- жоғары мектеп оқытушысының жеке тұлғасына қойылатын талаптармен мен қажетгі кәсіби сапалы қасиеттері жайлы;
- студент психологиясын терең, жан-жақты білу;
- студент жастармен жұмыс істеудің ерекшеліктері, тәлімгер жұмысының қыры мен сыры;
- Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі жоғары білім беру жүйелерінің стратегиясы мен дамуы;
- Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру стратегиясы жайлы;
- мемлекеттің білім беру, тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы құжаттары мен тұжырымдамаларын оқып, үйрену және т. б.
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәні мен мазмұны, зерттеудің әдіс-тәсілдері;
Және тағы көптеген мәселер жайлы жалпы мағлұматтар беру, таныстыру.
Педагогикалық жүйе «Білім» категориясының негізгі сипаттамсы
Категория, бәрімізге белгілі, қарастырылып отырған ғылымның негізгі фундаментальді ұғымдары.
Ондай категорияларға педагогикада даралық (индивидуальность), тұлға, білім беру, тәрбие, дамыту, оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, әлеуметтену, қалыптастыру, педагогикалық іс-әрекет, оқу іс-әрекеті, педагогикалық өзара қатынас, педагогикалық жүйе, білім беру процесі, педагогикалық процесс жатады.
Бәрімізге мәлім адам үш жағынан: биологаялық негізімен (жеке тұлға) және әлеуметтік (тұлға) ; үшіншісі-адамдағы адамшылық (даралық) көрінісімен белгілі. Осыған байланысты және үш ұғым: жеке тұлға, тұлға және даралық пайда болады. Яғни, онда жануарлық бастама (организм), әлеуметтік (тұлға) және таза адами сапа (даралық) орын алады.
Жеке тұлға (индивид) Ноmo Sapiens өкілдеріне қатысты айтылады. Бұл филогенетикалық және онтогенетикалық даму өкілі, туа біткен және жүре пайда болғандар бірлігі. Индивид адамның жануарға тән екенінің айғағы.
Тұлга - адамдағы қоғамдық бастаманың көрінісі оның әлеуметгік өмірге қатыстылығы. Бұл, өз кезегінде қоғамдық қарым-қатынастар арқылы анықталатын достық, сүйіспеншілік, отбасылық, өндірістік, саяси және т. б., жүйелердің қарым-қатынасы.
Даралық - бұл, адамды жануардан және әлеуметтік ортадан даралайтын, ерікті, тәуелсіз тірі организм ретінде танылуы. Мұнда оның іс-әрекет жасырылған. Даралық дамыған сайын бөлек тұлға түгелімен өзінің күшіне сенеді, сондықган ол тек қана еркін емес және де өзбетінше адам.
Бұл ұғым тұлғаның. басқа адамдарға ұқсамайтын мінез-құлық, ой-өрісі, тәлім-тәрбиесі т. т. арқылы айқындалады. Сондықтан педагог, тұлғаның психологаялық құрылысы жайлы терең білімі, сонымен қатар ойлау заңдылықтарын, ес, тұлғаның қалыптасу аймағына тиіесілі тәрбие әсерімен қамтамасыз ету, әрбір адамның қабілеттіліктерін мүмкіндігінше ашу, пайдалану, қоғам өміріне және жеке тұлға үшін де керек екенін білуі тиіс.
Даралық негізінен оның интеллектуальдылығы мотивациялық, эмоциональдық ырық, пәндік-практикалық, өзін-өзі реттеушілік, экзистенциаддық (ғылымға объективті сенім) сфералары арқылы анықталады.
Интелектуальдық сфера бөрімізге белгілі, ойлау турлері (танымдық, шығармашылық) ойлау стилі (аналитикалық, образдық ойлау), ақыл сапасы (туйсікгілік) икемділік өзбетіншелік (ой сыны, ойша әрекеггілігі), танымдық процестері (зейіні, есі, қиялы, ұғынуы), ой операциялары (есептеу, даралау, талдау, жинақтау, жүйелеу, абстракциялау,
дәйектеу), танымдық біліктіліктер (сұрақ қоя білу, мәселен айқындау, болжам алға тарту, оны дәйектеу, қорытынды жасау, білімді қолдана білу оқи білуі жоспарлай білуі, мақсат қоя білуі, қажет деген жерде оқи, жаза білуі), пәннен тысқары білім және біліктіліктер (мораль туралы ұғымы, жалпы адамы құндылықтар, адамгершілік істері) .
Мотивадиялық сфера бүкіл өмір бойы мотиві мен мақсатын қалыптастыратын және дамытатын, адамдарды қалыптастыратын және дамытатын барлық тұтынушылығы жиынтығын құрайды.
Эмоциональдық сфера тек қана эмоция мен сезім арқылы ғана сипатталмайды, ол сонымен қатар өзін-өзі бағалау және берекетсіздену арқылы сипатталады.
Жоғары берекетсіздік кезінде адам тез таңданады, болмасыға қапаланады, қаралайым жағдайдың өзінде шатасады, сенімсіздік, сәтсіздіктен қорқу, тез шоршайтын болады. Артық немесе кем өзін-өзі бағалауда, қарым-қатынас барысында қиналады, ескеріуді ауыр қабылдайды.
Ерік сферасы адамдарды біле, ұға тұра мақсат, артық міндет қою арқылы сипат алады. Жігерлі адамға алға ұмтылушылық, ішкі және сыртқы бөгеттерді өту, нервтік және бұлшық еттің қысымын жеңу, өзін-өзі меңгеруге қатысты.
Өзін-өзі реттеу сферасы мақсат таңдай және оған жету кұралдарын еркін таңдау, оларды таңдаудағы ырық, өз ойын реттеу, көңіл күй, қарым-қатынас, әрекет арқылы сипатталады. .
Пәндік-практикалық сфера әртүрлі іс-әрекет және қарым-қатынас барысындағы икемділігі арқылы сипатталады
Экзистенциальдық сфера - адамдардың өзін және өзгені бағалай білуі, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу, ұялшақтық, сыпайылылық, жан-жақтылық және әрекетін ойлап жасау, өз әрекетінде басқалармен санаса білу, тертіптілік арқылы сипатталады. Бұл мұрат және көзқарас, сапалық бағдарды таңдау функциясын атқарады.
Таңдап алған мамандыққа байланысты бұл ұғымдарды ұғынып қана қоюға көңіл бөлінбестен, олардың негіздері болып табылатын субъектілермен жұмысты, оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыруда басшылыққа алу қажет. Өйткені, бір адам-тұлға ал бірнеше тұлға-қауым, қоғам. Сондықтан аталған педагогиканың негізгі категориялары оның әдіснамалық негізінде сипат алады.
Педагог (грекше тәрбиеші) -дәріс беру және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға. Педагогтің мұндай іс -әрекеттің объектісі ол оқытатын және тәрбиелейтін адам болып табылады. Сондықтан оның іс -әрекетін өнер деп тани отырып оқыту мен тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижелерге жету үшін педагогикалық қызмет мұғалімнен жан -жақты білімді, табанды еңбекті талап етеді деген мағынада түсінген жөн.
Педагог тек ұстаз, оқытушы немесе белгілі пән мұғалімі ғана емес, ол оқу -тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, басшы, білім беру саласындағы мемлекеттік тұлға.
Төменде осы тұлғаның білімділік және біліктілік негіздері мазмұнына тоқталамыз.
Дидактикалық процесті іске асырудың педагогикалық категориялары.
Тәрбие - анықтама бірнеше мағынада беріледі (авторлардың, ғалымдардың тұжырым қорытындыларына байланысты)
Білім беру - адамның, жеке тұлғаның ғылыми білімдер танымдық іскерлік пен дағдыларды меңгеру процесі, нәтижесінде дүниетанымның, адамгершіліктік және да сапалы қасиеттердің қалыптасуы, жеке адамның жылдық; басқару қызметіне қарай - талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай - мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша - директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т. б.
Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгізуде, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.
Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның тұтастығын сақтаса, скінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Осылайша педагогикалық жүйенің қызметі қатаң белгіленген уақыт шегінде (9-11 жыл) орындалуы тиіс қоғамның қажеттілігін орындауға бағытгалады.
Жүйенің мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен сипатталады.
Педагогикалық құбылыстың диалектикалық табиғатын таныта отырып, педагогакалық жүйенің компоненттері, оның оңтайлы қызмет етуіне қажетті және жеткілікті болуы тиіс. Осы негіздс мектеп жүйе құраушы фактор-лардың жиынтығы болып табылады. Жүйені құраушы фактор мақсат пен нәтиже факторларынан көрінеді. Қызмет ету шарттары - әлеуметгік-педагогикалық және уақытша шарттары; Құрылымдық компоненттср - басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйені, педагогикалық әрекетгің мазмұны, құралы, формалары мен әдістерінен түзіледі; Қызметгік компонештер - педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, қадағалау және түзетуді құрайды.
Мектепте педагогикалық жүйені басқару нысаны ретінде қарастыру, білім беруді басқару, қызмет басқаруды басшылар, мұғалімдер мен оқушылардың бірдей дәрежеде мақсат қойып, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуын, педагогикалық және оқушылар ұжымын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлі құралдары мен әдістерін таңдап, пайдалануды білдіреді. Бұндай жағдай педагогикалық жүйенің мақсаттылығын сақтауға жрне оны құрайтын компоненттерді жақсартуға оң ықпал жасайды.
Педагогикалық жүйенің жүйе құраушы факторлары
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, тедагогикалық жүйенің қызметінің; бастау көзі - оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі айқындауына багытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен ерекетінің мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты - тұлға қасиетінің ақыл-ой, адамтершілік, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу тербие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі мектеп басшыльиының, мұғалімдердің, оқупшлардың өзін-өзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарды беліілей алуы және белгілі бір уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отырады.
2- лекция.
Тақырыбы: Оқу процесін жобалаудың дидактикалық міндеттері.
Жоспары:
- Жоғары кәсіптік мектепте оқыту негізі.
- «Педагогикалық технология» оның дамуы.
- Педагогикалық технология түрлері, қолдану жолдары.
Жоғары кәсіптік мектепте оқыту негізі.
1. Қоғам талабына, мүддесіне сай жеке адам, маман даярлау, дамыту және қалыптастыру;
2. Кәсіби тұрғыдан - білікті, білімді, іскер, кәсіби сапалы, саналы маман даярлаудың зандылықтары мен қағвдаларын, әдіс-тәсілдерімен құралдарын анықтау, ойластыру, алдыңгы, озық педагогикалық іс-тәжірибелердің нәтижелерін іске ендіру.
Кәсіптік жогары білім берудің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның, болашақ маманның кәсіптік іскерлігін жетілдіру, жас мамандарды кәсіптік тұлға ретінде қарай отырып, болашақ қызметіне бейімділігін арттыру, мамандығына деген жауапкершілігін ояту, кәсіптік міндетгерді шешуге бағытталған мүмкіндіктерінің қалыптасу деңгейін анықтау, жоғары оқу орнында алған білімдерін болашақ қызмет міндеттерімен ұштастыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Студент - болашақ маман. Оқу процесінде олардың мамандығына байланысты психологиялық-педагогикалық білімдермен қаруландыру қажет, болашақ маман ретінде тандаған кәсібінің ерекшеліктерімен, кәсіби тұрғыдан дамудың факторларымен, мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын, мамандыққа тән әдеп, тактика, шеберлік, әдіс-тәсілдерді жете таныстыратын оқу пәні - жоғары мектеп педагогикасы.
Болашақ маман - бүгінгі өмірдің келелі мәселелерін қазіргі заман талабына сай, нарықтық экономика талап ететін әлеуметтік және кәсіптік міндеттерді шешуге даяр, ез қызметін біліктілікпен атқара алатын маман болып шығуы қажет.
Студентгік топ - материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшш белгілі бір бағдарламамен іс-әрекетгері ұйымдастырылатын әлеуметгік топ.
Студентгік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студенттік топ қогамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары бшшнен кейінгісі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.
Студенттер - қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымыздың әлеуметтік құрылымын айқындайды.
Студент ұғымына педагогика және психология ғылымдары нақты түсінік бермейді. Ал ғылыми әдебиеттерде берілетін анықтамалар әртүрлі болып келеді.
Психологияда 17-18, 25-26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер қатарына енген шақ деп сипатталады. Студент үшін бұл кезеңдер жеке тұлға ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман болу кезендеріне жатады.
Белгілі Кеңес Одағының психологы Б. Г- Ананьев студентгік кезең, жеке адам тұрғысынан алғаида, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси-қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.
Студенттік кезең қарым-қатынастың нағыз кең көлемде жүретін шағы.
Студенттік жас - ақыл-оймен қабілеттіліктің дамуының маңызды кезеңі.
«Педагогикалық технология» оның дамуы.
Ғылыми-техникалық прогресс өндірістің көптеге салаларын ғана технологияландырып қоймай, мәдениетті білімнің гуманитарлық саласына батыл еніп дами бастады. Қазір ақпараттық, медициналық т. б. технологиялық салалармен бірге білімнің технологиялық мәселеле қарастырылуда.
Өндіріс процесін технологияландырумен салыстырғанда педагогикалық бағдарлама одан да қиын әрі күрделі процесте екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Алайда, бұл программа эксперимент түрінде дәлелденіп, оптимизацияланып және; тиімділігін көрсетіп, тексеріліп барып жоспарлы түрде жүргізілу арқылы білімді технологаяландыруға қолданылып келеді. "Егер жоғары оқу орындары мен білімді, біріншіден, оны өндіріс орындарымен салыстырсақ, сондағы "шикізат", екінші жағынан, "оқушы" дайын күткен өнімі болып табылады.
Педагогикалық технологияның артықшылығы, басқа технологиялардан айырмашылығы "тірі материалдармен", демек қоғамдағы үстеме өндіріспен байланыстылығымен ерекшелене түседі. Педагогикалық технология басқарудың көптеген теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды.
Олар, оқытудың құралы мен әдістері және оқу процесін ұйымдастыру. Осы арқылы олар педагогикалық ой-пікірді тарата алады және міндетті - деген, XX ғасырдың басындагы прагматикалық психология мен педагогиканың негізін қолдаушылардың (У. Джеймс, Д. Ж. Двюн, С. Холл) тағылындарын растай түсуде. Индустриалдық педагогиканың өкілі Ф. У. Тейлордың да ой-пікірі осыған ұқсас.
30-жылдары АҚШ-та жасалған аудиовизуалдық оқудың алғашқы программасының кіріспесінің өзі, білімдегі технологаялық революцияның бастамасы ғана емес, қазіргі кезендегі дамыған, мені, пәні, концепциясы, морфологаясы, әдебиеттері толық жазылған жаңа пән - педагогикалық технологаяның негізін салды.
Алғаш 20-жылдарда "Педагогикалық технология" термині педагогтардың еңбектерінде негізделген. Ол И. П. Павлов, В. М. Бехтерев, А. А. Ухтомский, С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, Қ. Бержанов т. б. жұмыстарында көрініс тапты. Бұл кезде ол басқа түсінікте "Педагогикалық техника" термині түрінде таратылды. - Екіншіден, бұл 30-жылдары педагогикалық энциклопедияға оқу сабақтарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған құрал мен тәсілдің жиынтығын анықтайды -деген ұғымды берген болатын. Сондай-ақ, педагогикалық технологияға көрнекі құралдарды пайдалану және оқу мен лабораториялық сабақтарды өткізу процестері де жатқызылған. Бұл жылдары "Педагогикалық технология" ұғымын программалап оқьпуға, техникалық құралдарды пайдаланумен байланыстырып отырды. Алайда, бұл пән ретінде оның фактілері мен материалдары дамытылып, қайта өзгертіліп, ондіріс адамдары, педагоггар мен ғалымдар өздерінің өндірістік және оқу-тәрбиелік мақсаттарына қарай өзгертіп отырады.
Терминнің атауы "Технология білімге" және "Білім технологиясы", кейіннен "Педагогикалық технология" болып өзгертілді. Осылай, оның маңызы, міндеті оқу-тәрбиелік сипаты біртіндеп толықтырыла түсті. Ол үш дәуірге бөлінді. Бірінші дәуір - 40-50 жылдардың орта кезінде әртүрлі техникалық құралдар арқылы ақпаратты хабарлар беріле бастады. әр түрлі техникалық жазбалар. Оны жанғыртып қайта жазу техникасы келіп шықты, "аудиовизуалдық құралдар" пайда болды. Магнитофон, пластинка ойнатқьшггар, проектор мен телевизорлар мектептің оқу-тәрбие жұмысында қолданыла бастады. Бұлар есіресе, тұрмыста жиі қолданылып жүрді. Сөйтіп, сол жылдары "Білімді технологияландыру" термині оқу-тәрбие процесінде инжәнерлік ой-пікірдің жетістіктерін уағыздауга көп коңіл бөлді.
Екінші дэуір (50-жылдардың ортасы мен 60-жылдарды қамтиды) . Бұл жылдардың ерекшелігі, теориялық негізі - программалаи оқыту болып есептелетін технологиялық қарым-қатынас, оиымсн жұмыс істету тәсілдері атты жаңа ой-пікір келіи шықты. Аудиовизуалдық құралдар жасала бастады, ол оқу мақсатгарын жақсартуга арналған, әдіс пен тәсілдер, объектілер: қайта байлаңыс электронды кластар, оқыту машинкалары лингофон кабинеттері болды. "Білімге - технология» термині «Оқытудың техникалық құралдары" болып өзгерді. «Білімді технологияландыру» біртіндеп, ғылыми атауын кеңейтіліп әдістер мен құралдар жиынтығы термині келе шықты. 60-жылдары программалап оқытудың мамандары және аудиовизуальдық білімдер маманы "Педагогикалық технологаяны" - жаңа пән ретіңде таныды.
Үшінші дәуір (70-жылдар) . Оқу-тәрбие процесінін технологаясына жүйелі қарым-қатынас жасала бастады М зерттеушілер педагогикалық технологияны (ПТ) ғылымшн техниканың жаңа жетістікгері ретінде оқу-тәрбие процесін оптимизациялауға пайдалану және оны қайта жасау мақсатында зерггей бастады. Ерекше атап өтетін бір және сол 60-жылдардың орта шенімен, 70-жылдардың басында жақсы дамыган капиталистік елдерде - АҚШ та, Англияда Испанияда, Жапонияда - педагогикалық технологая мәселелерще арналған журналдар шыға бастады. Бұдан кезеңдерде бұл проблемалармен Ұлыбритания мен педагогикалық технологияға арналған арнаулы аиналыса бастады
Педагогикалық технология - жинақталған интегралдық процесс - білімнің барлық түрін меңгеру үшін ұйымдастыру және басқару, жоспарлау проблемаларын талдай, оқу құралдарын жасау жолдарын көрсету, оған адам күшін пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру т. б. жатады делінген.
Төртінші саты 80- жылдары басталды. Ол педагогикалық-технологиялық эволюциялық ұғыны. Оның ерекше сипаты компьютерлік лабораториялар ашу және шағын кластар ашу, соған сәйкес программалар жасап, интерактивті видеоларды пайдалану. Бұдан кейінгі кезендерде ғылым мен техниканың дамуы адамдардың, ғылымның алдына кең жол ашты, жаңа технологиялар пайда болды. Мысалы: өнеркәсіптік, электрондық, ақпараттық. Сондай-ақ, көптеген оқыту ресурстары жасалды. Сөйтіп, жаңа техникалық, ақпараттық, полиграфиялық, аудиовизуальдық құралдар пайда болып, оларга тән жаңа әдістемелікте Р жасалды. Бұлар оқу және білім беру процесінің жаңа, толықтырылған компоненттері болып есептеледі. осы негізде оқу-тәрбие процесінде жоғары оқу орындарында жаңа техникалық мамандықтар ашылды. Міне, мүндай нәтижеіер мен жетістіктер "Педагогикалық технологая" ұғымының өзіңдік ерекшеліктерін тағы да көрсете түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz