Қазақстандағы діни білім беру кеңістігінде Қожа Ахмет Ясауи Диуани хикметінің орны мен ықпалы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ДИУАНИ ХИКМЕТТІҢ ОРНЫ

Ғылым мен техника қарыштап дамып, алға басқан XXI ғасырдамыз. Бүкіл әлемде жүріп жатқан жаһандану процесі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестікті дүние әкелді. Бұл қозғалыс бізге де тың ойлар туғызады.

Келешекте рухы биік ел ғана ғаламдық бәсекелестікке шыдас бере алады, ұлтын сақтап қалады. Ұлттың бүгіні мен келешегі - білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарына бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Ал, сол білімді жастарға беруге ең негізгі қызмет ететін тұлғалар - оқытушылар қауымы. Сондықтан да білім беруде жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру - оқытушы қауымына ортақ іс. Жаңа заман оқытушыларға жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді. Оқытушы қауымына тың серпіліс, жаңа көзқарас әкелді.

Рухани ілімнің төрінде құл Қожа Ахмет Ясауи, оның ар ілімі мен Ясауи көрсеткен тура жолы тұр. Бүгінгі таңда Ясауи мұрасын зерттеу қолға алынды, ғылыми еңбектер жарық көрді, диссертациялар қорғалды. Дегенмен Ясауи мұрасын зерттеуде әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет ететін салалар жеткілікті. Мәселен, Ясауидің хикметтері мен сара жолы ғылыми тұрғыдан тұтас сарапталып біткен жоқ [1] .

Жоғарғы оқу орындарында Қожа Ахмет Ясауи - тарихта болған ғұлама адам ретінде ғана айтылады. Ясауидің ар ілімі, хикметтеріндегі құдайға ғашықтық, ақыл-өсиеті, әулиелік болмысы ашықталмай, құрғақ, жалаң сөз түрінде бірсыдырғы қарастырылады. Ар ілімнің адам баласын ізгілікке, екі дүниенің бақытына жеткізетініне, тар кеудені кеңітетінін, тас жүректі жібітетіндігін Ясауидің Диуани хикметіне терең бойлау, қайта-қайта оқу арқылы ғана бойымызға сіңері анық. Бұл ойымызды нақтылау үшін Шәкәрім атамызға жүгінсек: Қайта-қайта оқысаң, бір дұғаны

Сөніп қалған жүректе жанады шоқ.

Ясауидің ар ілімі - әлемдік діндерді біріктіруші күшке ие. Ар ілімі тек қазақ үшін, бір ғана ел үшін қызмет етпейді. Ол Адам ата мен Хауа ана ұрпақтарына арналған, жалпыға ортақ құндылық. Диуани хикметтегі даналықты бойына жинаған, ұрпағына үйреткен ел ғана даналық дәрежеге жетеді. Қазақ үшін құранның аудармасы іспеттес - Ясауи хикмет- тірі адамның өлген жүрегін тірілтумен тікелей байланысты. Қазақ бойындағы тазалық, тектілік, асқақтық, кісілік Ясауидің «Кемел адам», «толық адам» қағидасымен тікелей байланысты.

«Жүрек» іліміне қол жеткізген әулиелердің «терең сырларына» бойлай алмайтын, жан азығынан гөрі тәннің күйін көп күйттейтін, қазіргі жастарымызға осы заманғы оқыту жүйесіне оңтайландырылған рухани білім беру көзін қайдан алып, қандай тәсілмен егуге болады деген сауал ұлт жанашырларының қай-қайсысын да мазалайтыны сөзсіз.

Қожа Ахмет Ясауи ілімін Қазақстан, Орта Азия елдеріне таратып, әсерлі әуенмен, көркем поэтикалық өрнекпен, терең күрделі қисынмен жұртшылықтың жүрегіне егуде 6 ғасырдан астам қызмет еткен жыраулық дәстүр рухани ізденісіміз, адами қалпымыз тығырыққа тірелген дәл қазіргі сәтте ең таптырмас құрал бола алатыны сөзсіз.

Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Соңғы жылдары қоғамның шығуы мен қазіргі күйдің мәселесінен гөрі, қоғамның келешегі, оның келешек тағдыры басты мәселеге айналды, сондықтан жан-жақты зерттеуді талап етеді.

Бүгінгі таңда ұлтымыздың келешегі саналатын жеткіншектеріміздің санасын, дүниетанымын түрлі экстремистік ағымдардан арашалап қалу үшін және ақылдарын бөтен оймен улап, былғамас үшін де осы Ясауидің ар іліміне жүгінеміз.

Елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып, мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек.

Ясауидің ар ілімі жүректі тазалаумен байланысты. Яғни тірі адамның өлген жүрегін тірілту, көкірек көзі емес, жүрек көзін ашу. Жүректі тазалаудың практикалық та, рухани да жолы - зікір .

«Ясауи ілімін оның өзі орындаған зікірінсіз ұғындыру, хикметтерінің мәтінін талдап, түсіндірмей оқыту соқырға кітап ұстатып, оны оқып түсінуін талап еткенмен бірдей . . . » [2, 60] - деген зерттеуші Ж. Камалқызының сөзін осы симпозиумға қатысқан басқа бауырларымызбен бірге біз де сенімді түрде қайталағымыз келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, Диуани Хикмет және түркі тасаввуфындағы орны
Қожа Ахмет Яссауидің Диуани хикметінің қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері мен нұсқалық талдауы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, сопылық ағымы және Диуани хикметтің маңызы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, Диуани Хикметі және сопылық-әхлақтық ілімі
Қожа Ахмет Йасауидің Диуани хикметінің құрылымы, көркемдік ерекшеліктері және әділдік пен зұлымдық көрінісі
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, Диуани Хикмат және түркі-сопылық мәдени мұра
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, Диуани Хикмет және түркі-сопылық мәдениетке әсері
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, ілімі және түркі-ислам мәдениетіндегі ықпалы
Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166): өмірі, Диуани Хикмет және тарихи-мәдени мұрасы
Қожа Ахмет Ясауидің әдебиеттегі орны және Диуани хикмет поэзиясындағы сопылық сарын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz