Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде


ӘОЖ 316. 378 (574) Қолжазба құқығында
ТУЛЕЕВ ЖУМАХАН МИРЗАШЕВИЧ
Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымы және кедейшілікті төмендету жолдары (социологиялық талдау)
22. 00. 04 - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер
Социология ғылымдарының кандидаты дәрежесін
алу үшін дайындаған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің әлеуметтану және саясаттану кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
философия ғылымдарының докторы,
профессор М. С. Әженов,
Социология ғылымдарының докторы,
профессор О. Н. Нұсқабаев
Ресми оппоненттері: Социология ғылымдарының докторы,
профессор М. А. Әбишов
Социология ғылымдарының
кандидаты, доцент Н. И. Ляпбаева
Жетекші ұйым: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Қорғау 2010 жылдың 23 желтоқсан күні сағат 16. 00 де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы социология, психология, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалатын Д14А. 02. 32 диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Амангелді көшесі, 61, философия және саясаттану факлуьтеті, 412 мәжіліс залы
Диссертациямен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылдың айының “” күні таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылым хатшысы,
социология ғылымдарының докторы Г. О. Әбдікерова.
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Диссертациялық жұмыста кедейлердің әлеуметтік мәртебесі, қоғамда алатын орны, әлеуметтік құрылымы және жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кедейлердің әлеуметтік құрылымы кедейлік деңгейінің әйел мен еркектің арасындағы, отбасылы және жалғызбастылардың, жастар және ересек адамдардың, қарттар және зейнеткерлердің, мүгедектер мен жетім балалар, маскүнемдер, жезөкшелер, нашақорлар, қайыршылар мен қаңғыбастар және тағы басқа үлкен әлеуметтік топтың арасында бөлінгендігін көрсетеді.
Кедейлік ол тек қана тамақтану, киім, тұрмыс, үй, денсаулық сақтау және білім беру сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті табыс немесе мүмкіндіктердің болмауы ғана емес, сонымен қатар сау және ұзақ өмір сүруге, білім берудің жеткілікті дәрежесіне, қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктеріне және өзге де әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті табыс деңгейінің болмауы ретінде анықталады. Кедейшілік - әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдық қарым-қатнастар мен әрекеттердің негізін қалыптастырады.
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде негізделген. Кедей табының қоғамдағы мәселелері нақты әлеуметтік зерттеулерді қажет етеді. Кедейшілік-жекеменшік пен нарықтық қарым- қатынасы дамыған таптық қоғамның жемісі. Олар ең төмен әлеуметтік мәртебеге де ие, төменгі деңгейдегі қызмет түрлерімен айналысады, мамандану деңгейлері де төмен.
Кедейлердің жалпы білім деңгейлері төмен, ал кейбіреулері тіптен сауатсыз. Білімнің, мамандықтың, мүмкіндіктердің материалдық шектеулерге байланысты болмауы, рухани құндылықтарды қолдану мүмкіндігінің шектеулігі, кедейлерді мәдени артта қалуға алып келеді. Осындай ерекшеліктерімен қоғамдық дамуда ауқымды өзектілігімен кедейшілік мәселесі орын алуда. Кедейлер негізінен әлеуметтік-мәдени дамуы жағынан артта қалған адамдардың тобынан тұрады. Кедейшілік қоғамның әлеуметтік құрылымында адамның моралдық-адамгершілік жағдайына күшті әсер ететін келеңсіз әлеуметтік құбылыс.
Сонымен, қазіргі таңда заманауи Қазақстан қоғамы жағдайында кедейлердің әлеуметтік құрылымын және кедейшілікті төмендету жолдарын ғылыми негіздеу мен талдау қажеттілігі туындап отыр. Айтылған мәселерді зерттеу қажеттілігі, тақырып бойынша тиісті практикалық ұсыныстар жасау диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігіне негіз болады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі . Кедейлердің әлеуметтік құрылымы және кедейшілікті төмендету жолдары мәселесі классикалық әлеуметтануда және отандық әдебиеттерде белсенді әлеуметтанулық зерттеулермен негізделіп жүр. Батыс әлеуметтануында кедейшілік әлеуметтік құбылыс ретінде жан-жақты қарастырылған. Қоғамда адамдардың материалдық жағдайларына қарай ауқаттылар, орташа ауқаттылар, кедейлер болып жік -жікке бөлінген таптық құрылымның зерттелуі күрделі әлеуметтік үрдіс болып табылады.
Жалпыға бірдей теңдік концепциясын жасаушы француз ойшылдары Ж. Ж. Руссо мен Г Баберфом да кедейшілікті нақтылы зеріттеген. Олардың пікірінше капиталистік қоғамға кедейшілік кәрі жолдас ретінде еріп жүреді және кедейшілік қоғамның әлеуметтік жауы, ол адамдардың қарым-қатнастарын бөліп тұратын теңсіздік, - деп тұжырымдайды.
Алдыңғы қатарлы либералдық бағыттың экономист-ойшылдары А. Смит, Т. Мальтус, Д. Рикардо кедейшілікті дәстүрлі қоғамнан индустриалды қоғамға өту нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік құбылыс, - деп есептейді.
А. Смит «халықтардың байлықтарының себебі» деген трактатында «ірі жекеменшікке ие болу тек азаматтық үкімет орнағанда ғана мүмкін. Мұндай қоғам жекеменшік иелерінің құқықтары мен мүдделерін үнемі қорғап отырады. Яғни, кедейшілікпен күрес жүргізіледі», - деп жазды.
Кедейшіліктің әлеуметтік дарвинистік бағытының негізін салушыcы Г. Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі ретінде баға береді. Ол өзінің «Әлеуметтік статика» деген еңбегінде кедейлік пен теңсіздік қоғамдық өндірістің дамуына орай туындап, өсіп отырады дейді. Яғни, өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан бұл мәселені толық шешу мүмкін емес. Г. Спенсер кедейлікке қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке проблемасы деген пікір айтады.
Кедейлердің әлеуметтік құрылымы негіздерін зерттеуші батыс әлеуметтанушыларын О. Конт, Э. Дюркгейм, М. Вебер, К. Маркс, П. Сорокин қоғамдағы кедейшілікті әлеуметтік қарым-қатынастар мен әрекеттердің негізінде жүзеге асатын, әлеуметтік құбылыс деп тұжырымдады
XX ғасырдағы Батыс әлеуметтанушылары Ф. Ле-Пле, Э. Гиддинс, Ж. Прудон, Э. Реклю, С. Раукин, П. Т. Саундрес және т. б кедейлікті капиталистік қоғамға тән таптық айырмашылықтардан туындайтын әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп талдады.
Ағылшын ғалымдары Ч. Бут пен С. Раунтри ХIХ ғасырдың аяғында әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу, киім кию, баспанамен қамтамасыз етілу қажеттіліктерін өтей алу мүмкіндіктерін алған. Ч. Бут адамның табыс деңгейін, негізгі қажеттіліктерін өтеу деңгейін, денсаулығы мен жұмысқа деген қабілетін сақтап отыруға керекті нормалар мен стандартттарды анықтауға тырысқан.
Ресейдегі кедейшілік мәселесін зерттеушілердің алдыңғы қатарында әлеуметтанушылар Л. А. Гордон, Т. И. Заславская, В. Н. Шубкин, В. Глазьчев, Л. Г. Зубова, А. И. Кравченко, Л. Овчинцева, В. С. Сачеве болды. Олар кедейлердің әлеуметтік құрылымын, кедейшілікті төмендетудің жолдарын, жаңа әлеуметтік зерттеулердің теориялық- әдістемелік негіздерін қарастырды.
Кедейшіліктің қайыршылық түрінің пайда болуы мен мәнін, әлеуметтік -демографиялық құрамын, әлеуметтік стратификация жүйесіндегі орнын, қайыршылық субъмәдениетін және онымен күресу жолдарын орыс әлеуметтанушылары С. Сперанскиий, Д. Дриль, Л. Оболенский, А. Свирский, Е. Максиов, А. Бахтиаров, А. Левинстим, Н. Костомаров, А. Забелин, А. Щапов және тағы басқа ғалымдар кеңінен зерттеді.
Сонымен қатар қазақ даласында өмір сүрген ұлы философ-ойшылдар: Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыровтың әлеуметтік ойлары мен көзқарастары кедейшілікті зерттеудегі сол кезеңдегі ерекшеліктерді бейнелейді. Абай Құнанбаев еңбектерінің басты құндылықтары кедейшіліктің субъективті негізіне арқау болады. Оның кедейшіліктің сынауға арналған концепциясында еріншектік, жалқаулық адам іс-әрекеттерін зерттеуге көңіл бөлген құнды еңбегі болып табылады.
ТМД елерінде кедейшілік мәслесін зерттеу қажеттілігі Кеңес өкіметі құлағаннан кейінгі жоқшылық жылдарында туындады. Бұрынғы өндірістік-экономикалық байланыстардың үзіліп, өндірістің жаппай тоқтап қалуы ТМД елдерін жаппай жайлаған терең әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Тұрақты жұмыстан, табыс көзінен айырылған халық босып, базар жағалап кетті. Жұмыссыздық жоқшылық пен кедейшілікті үдете түсті. Тұрмыстары ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқан адамдардың саны артып, олар белгілі бір әлеуметтік-демографиялық топ ретінде таныла бастады.
Кедейшілік мәселесін зерттеу қажеттілігі күн тәртбіне қойылған мәселелердің бірі болды. Әлеуметтанушы зерттеушілер Е. Бреев пен Н. Римашевскаяның түсіндіруінше Ресей халқының басым бөлігінің кедейшілік жағдайда өмір сүруі бұл мәселені зерттеуге түрткі болды. Олардың анықтауынша Ресейде туындаған кедейшілік жасанды түрде қалыптасқан әлеуметтік дағдарыстың нәтижесі. Жұмыссыз қалып, мұқтаждыққа ұшыраған ең осал әлеуметтік топтарға дұрыс көмек көрсетілмеді. Олар: көпбалалы отбасылар, жалғыз басты қарт адамдар, мүгедектер, мигранттар, жұмыссыздар, т. б.
Қазақстанда осы заманғы кедейшілікті әлеуметтану тұрғысынан зерттеуші ғалымдар М. С. Аженов пен Д. Э. Бейсенбаевтың «Социольная стратификация в Республике Казахстан» деген еңбегінде кедей табын құрайтын әлеуметтік топтардың бірнеше түрлері қарастырылды.
М. С. Аженов пен М. С. Садырованың бірлесіп жазған “Кедейлік социологиясы” атты еңбегінде осы жұмысты зерттеудің қайнар бастауы ретінде танылды.
М. М. Тажиннің, К. У. Биекеновтың, М. С. Пузиков, З. Ж. Жаназарова, З. К. Шаукенова, Қ. Ғ. Ғабдуллина, Г. С. Әбдірайымова, Г. О. Әбдікерова, Б. А. Алдашов, О. Н. Нұсқабаев, С. Сейдуманов, Е. Р. Райсов, К. Б. Шөптібаева, М. А. Әбішов, Ш. Е. Жаманбалаева сияқты басқада әлеуметтанушы ғалымдар кедейліктің әлеуметтік бейнесіне кеңінен тоқталып, кедейшілікті төмендету жолдарына әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, теориялық-әдіснамалық ұсыныстар жасаған.
Кедейшіліктің Қазақстан қоғамына тән белгілерін қарастыра отырып, Н. К. Мамыров пен Ф. Акчура адам дамуы мәселелері аясында кедейшіліктің кейбір түрлерін айрықша сипаттап, сауалнамалық зерттеулер жүргізіп, ғылыми тұжырымдамалары әр деңгейдегі, әлеуметтік өлшемі сан қырлы кедейлік мәселесін кеңінен қарастырған.
Қ. Мухтарова кедейшіліктің экономикалық астарларына ой жүгіртіп, кедейшіліктің пайда болуының өтпелі кезеңдегі себептерін нақты әлеуметтік зерттеулер арқылы негіздеп, оның алдын алу жолдарын іздестірді.
А. Смайлов пен Ю. Шокаманов Қазақстанда адам дамуы мәселелерін өлшеу көрсеткіштеріне шолу жасап, статистикалық мәліметтерді талдаумен айналысты. Отандық және шет елдік ғалымдардың қарастырылып отырған мәселеге қатысты еңбектері пайдаланылды.
Кедейшілік мәселесімен бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүние жүзілік Даму Банкі және тағы басқа халықаралық ұйымдар күресіп келеді. Олар кедейшілікті төмендетудің жаңа концепциялары мен бағдарламаларына әлеуметтік талдау жасап, жариялап отырады.
Жалпы теориялық әлеуметтанудың ғылыми әдебиеттерінде кедейліктің келесі түрлері:
- абсолюттік концепциясы,
- салыстырмалы концепциясы,
- қайыршылық концепциясы
- депривация концепциясы
- қуып жетуші кедейлік концепциясы көрсетіледі.
Диссертацияда кедейшіліктің осындай концепциясын әлеуметтанулық зерттеулердің әдіс-тәсілдері арқылы қорытындылар жасалып, мориторингтер жүргізілген.
Зерттеу объектісі. Кедейлердің әлеуметтік құрылымдағы орны және кедейшілікті төмендету жолдары қарастырылған.
Зерттеу пәні ретінде кедейлердің әлеуметтік құрылымын құрайтын кедей топтардың ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастарды көрсететін сипаттамалар болып келеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Диссертация тақырыбының маңыздылығын, оның негізгі бағыттарына талдау жасау барысында зерттеу жұмыстарының эмпирикалық, әлеуметтік және терең теориялық талдауын жүзеге асыруға негізделген.
Қазақстандағы кедей топтардың әлеуметтік белгілерін талдау және осыған орай әлеуметтанулық зерттеулер әдісін пайдалану. Қойылған мақсатты жүзеге асыруға байланысты ғылыми диссертацияда мынадай міндеттер белгіленді:
- кедейлердің әлеуметтік құрылымын, ондағы кедей топтардың түрлеріне, әлеуметтік белгілеріне, әлеуметтік қызметі мен іс-әрекетін әлеуметтанудың аспектісін ретінде анықтау;
- кедейлердің әлеуметтік құрылымын құрайтын төмен топтардың пайда болу себептерін, өтпелі кезеңдегі кедейшілікті өлшеудің әдіс-тәсілдерін ғаламдық кеңістікте, дүниежүзіндегі әртүрлі елдердегі тәжірбиелерімен салыстырып әлеуметтанулық талдау жасау;
- кедей топтардың әлеуметтік көрінісін, Қазақстанның әр аймақтағы көрсеткіштері мен кедейшілікті төмендету жұмыстарының нәтежиесін эмпирикалық әдістермен айқындау;
- кедейлердің ұлттық белгілеріне карай ерекшеліктеріне әлеуметтік мориторинг жүргізу, олардың өзара байланыстары мен қоғамда алатын орнын, мәртебесін, міндеттерін жетілдіру;
- кедейшілікті төмендетудің механиздерін, жетілдіру жолдарын нақты әлеуметтік зерттеулердің нетижесі арқылы жаңа әлеуметтік бағдарламаларға енгізіп, ұсыныстар, пікірлер, ой-тұжырымдар жасау;
- қазіргі кезеңдегі Қазақстан қоғамындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының даму деңгейін анықтау және оның негізгі бағыттарына әлеуметтанулық зерттеулер нәтижесінде талдау жүргізу.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі әлеуметтанулық әдістердің топтамасын жасау және де басқа жаңа парадигмаларды қолдану негізінде жүзеге асырылды. Диссертацияны дайындау барысында әлеуметтік зерттеулердің эмпирикалық және теориялық әдістері қолданылды.
Диссертациялық зерттеуде ұсынылған мәселелер пәнаралық тәсілді пайдаланудың қажеттілігін тудырады. Әлеуметтануда, философияда және психологияда пайдаланылатын тәсілдердің көмегімен мәселені толық әрі жан-жақты зерттеуге болады. Жұмыстың мақсаттық ұстанымдары мен міндеттері зерттеудің әдіснамалық базисі ретінде осы жұмыста қолданылған салыстырмалы-тарихи әдіс-тәсілдерді анықтады.
Мақсатқа жету мен алға қойылған міндеттерді орындауға қажетті ақпараттарды жинау әлеуметтанулық зерттеулердің жаңаша әдістерінің көмегімен жүзеге асырылды. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін аралас әдістеме пайдаланылды:
Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша мориторинг және сұраулар, кедейлерді әлеуметтендіру процесі туралы ақпаратты қамтитын контент-талдау жасалынды.
Жұмыстың эмпирикалық қайнар бастауына автор жүргізген нақты әлеуметтанулық зерттеу мәліметтері алынды. Зерттеу барысында байқау, бақылау, сауалнама жүргізу, интервью алу, салыстырмалы талдау, контент - анализ, социометриялық талдау тағы басқа әдістер пайдаланылды.
Диссертацияны талдауда әлеуметтанудың интеграциялық принциптері басшылыққа алынды. Олар өз кезегінде жүйелік, құрылымдық функционалды талдау және интерпретативтік әлеуметтанудың әдістерінен тұрады.
Зерттеудің ақпараттық базасы 2007-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Тараз, Түркістан қалаларында жүргізілген әлеуметтік зерттеулерінің материалдарынан; ғылыми негіздегі баспаларда және соңғы жылдарда жарық көрген монографиялардан; бірқатар аймақтық зерттеулердің нәтижиесінен; статистикалық мәліметтерден тұрады. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, сапалық дәрежесі және олардың сандық нәтижелермен үйлесімділігі және алынған нәтижелерді осы тақырыпқа жақын басқа да зерттеулердің тұжырымдарынан алынған мәліметтерімен салыстыруға негізделген.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы диссертациялық зерттеудің ғылыми тұжырымдамасы негізінде кедейшіліктің деңгейін бағалаудың механизмдері мен ұсыныстарын, сонымен қатар өмір сүру деңгейін арттырудың негізгі бағыттарын анықтауды қамтиды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы оны жүргізу барысында алынған төмендегідей нәтижелермен анықталады.
- социологиялық зерттеулер объектісі ретінде қазіргі
Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымына және кедейшілікті төмендету жолдарына теориялық ғылыми тұжырымдамалар жасалынып, социологиялық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулерде кедейшілікті төмендетудің сипаттамалары көрсетілді.
- азаматтық қоғам жағдайындағы кедейлердің өмір сүру ерекшеліктеріне, пайда болу себептеріне және ерекшеліктеріне, кедейшілікті өлшеудің әлеуметтанулық әдіс-тәсілдерінің табиғатына түсініктеме берілді.
- Қазақстанның әр аймақтардағы кедей топтардың әлеуметтік көрінісін, сандық көрсеткіштерін, сонымен қатар кедейшілікті төмендету жұмыстарының нәтижесін негізгі деректермен толықтыру жүзеге асырылды
- кедейлердің өзара байланыстары мен қоғамда алатын орны, олардың ұлтық көрністерінің негізгі ерекшеліктері, әлеуметтік тетіктері анықталды.
- кедейшілікті төмендетудің механизмдерін: жұмыспен қамту, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру, әлеуметтік қолдау көрсетуді дамыту, білім беру жүйесін жақсарту сияқты нақты әлеуметтік зерттеулердің нетижесі жарияланды.
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты кедейшілікті төмендету жолдары мен оның негізгі бағыттарын жетілдіріп, оны шешу үдерісінің артып келе жатқандығына дәлелдеу жасалынды. .
Қорғауға ұсынылған ғылыми нәтижиелер мен тұжырымдар.
Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымын зерттеудің жаңа әлеуметтік тұжырымдамасы әлеуметтік стратификациялық теорияның сипаттамаларының ерекшеліктерін зерттеудің әдіснамалық концептуалдық жолымен анықталады
1. Кедейлердің әлеуметтік құрылымын, кедейшілікті төмендетудің жолдарын әлеуметтік зерттеудің теориялық аспектілерін талдаудың негізінде әлеуметтік ұғымдардың мәндік сипаттамасы берілді. Осы әлеуметтік өлшемдердің қоғамдық дамудағы ықпалы қандай екендігіне әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Кедей отбасыларға бірлестік әлеуметтік төлемдердің мөлшері, нақты әсері әлеуметтік сауалнамалар арқылы анықталды. Кедейшілік деңгейінің мәнін теориялық тұрғыдан анықтау және жан-жақты қарастыру барысында «халықтың өмір сүру деңгейі» ұғымы кеңінен қарастырылды;
2. Кедейлер дербестігі, шығармашылық жағдайы төмен жұрдай әлеуметтік өзгерістердің агенті болып табылады. Олардың әлеуметтік өлшемдерінің жеке және топтық көрсеткіштердің әдістемелік бірлігін қамтамасыз ететін жалпылама көрсеткішке келуге мүмкіндік беретін, өмір сүру деңгейінің біркелкі еместігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі анықталды. Кедейшілікті төмендету жолдарын әлеуметтанулық зерттеулермен негіздеудің жаңа үлгісі нақтыланды.
3. Қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізінде өмір сүру деңгейін арттырудың және кедейшілік көлемін төмендетудің аймақтық тәсілінің қажеттілігі ғылыми тұрғыдан негізделуі қажет. Ауылдық жерлердегі кедейшіліктің негізгі ерекшеліктеріне әлеуметтік талдау жасалынып, ауылшаруашылық саласының дотацияланбауы, шалғай жатқан ауыл халқының кәсіби ерекшеліктері, ауылшаруашылық техникасының ескіруі, мәдениет пен білімнің төмендігі, әлеуметтік нормалардың құндылықтардың баяу дамуы көрсетілді. Каладағы кедей отбасылардың әлеуметтік көрсеткіші ауылдық жерлермен салыстырғанда басқаша іс-әрекеттерді қалыптастырады. Мұнда, олардың күнделікті күнкөрісі әртүрлі қиыншылықтарда тудырып, бәсекелестікті дамытуға алып келеді.
4. Халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі өлшемдері анықталып, адам индексінің дамуы, қазіргі жағдайда өмір сүрудің өзгеру тенденциялары айқындалды. Қазақстанда халықтың өмір сүру деңгейі әртүрлі болғандықтан ортақ мүмкіндіктер жасауға көңіл бөлу ғылыми жұмыстың негізгі мазмұнын қалыптастырады.
5. Кедей топтардың әлеуметтік жағдайын қалыптастырудың негізгі факторы ретінде халықтың табыстарын мемелекеттік реттеудің механизмдерін дамыту заман талабы. Зейнетақы мөлшерін көбейтіп оның инфляацияға ұшырамауын мемлекеттік бақылау, әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін көтеру, адрестік көмектің қолдану аясын арттыруды қолға алу, жұмыспен қамту бағдарламасын одан әрі дамыту әдістемелік тұрғыдан жан-жақты негізделді.
6. Қазақстанның әрбір аймақтарындағы кедейшілікті төмендетуге байланысты индустриалдық-инновациялық бағдарламаларды дайындау, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жаңа үлгілерді заман талабына сай жүргізу, кедейшілікке байланысты іс-шаралардың нақты тұжырымдамаларын жасап, белсенді әлеуметтік саясатты қалыптастырудың моделін ұсыну қажет.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеуде кедейлердің Қазақстанның әлеуметтік құрылымындағы орны, олардың әртүрлі әлеуметтік топтарының кедейшілік жағдайда өмір сүруінің шектік деңгейлері анықталғандықтан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-деографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, әлеуметтік зерттеулер орталақтары, жергілікті билік органдары жоқшылық жағдайында өмір сүретін адамдарға көмек көретуде және оларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау жүйесін жақсартуда, оның тиімділігі мен нысаналығын қамтамасыз етуде көмекші құрал ретінде пайдалануларына болады. Диссертациялық зерттеудің материалдары ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық қызметте кедейшілікпен айланысып жүрген социогуманитарлық ғылымның әртүрлі саласындағы мамандарға, әлеуметтік жұмыс қызметкерлеріне үлкен қызығушылық тигізуі мүмкін.
Қолданылған талдау Қазақстанның әлеуметтік саясаты бағыттарының қалыптасу шеңберінде кедейшілікпен күрес жүргізудің тиімді жолдарын қайта қарау қажеттігін дәлелдеп, тәжірибие жүргізуде орындалуының бірқатар тәсілдерін анықтауға мүнкіндік береді. Диссертациялық зерттеудің нәтижиесінде алынған мәліметтер «Қоғамның әлеуметтік құрылымы», «Кедейлік әлеуметтануы», «Әлеуметтік жұмыс», «Халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау» тақырыптарымен айналысатын ғылыми жобаларға әдістемелік нұсқау бола алады. Сонымен қатар жұмысты жоғарғы оқу орындарының экономика, құқықтану және әлеуметтану мамандықтары студенттеріне дәріс оқығанда пайдалануға әбден болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен жариялануы. Диссертациялық зерттеулердің негізгі жағдайлары мен тұжырымдары мақалалар мен тезистерден көрініс тапты.
Диссертацияның негізгі мазмұны 10 мақалада ұсынылып, Қазақстанның «Ұлт тағылымы», «Қазақстан жоғары мектебі», «Ізденіс» ғылыми теориялық журналдарында жарияланды.
Жұмыстың негізгі мазмұны автордың Республикалық деңгейдегі басылымдарда жарияланған мақалаларында және ғылыми-практикалық конференциялар «Қазақ Мемлекеттілігінің хронологиясы, құрылымы және заңдылығы туралы мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. 7-8 қараша 2008, «Қазақ Мемлекеттілігі және түрік әлемінің тарихи-мәдени құндылықтары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференциясының материалдары. 20-21 мамыр 2009», «М. Х. Дулатидың 510 жылдығына арналған «VI Дулати оқулары» Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдары. Тараз 16-17 қазан 2009ж. », «Қазақстан экономикасының индустриалды- инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция, Түркістан 29-30 сәуір 2010» ғылыми семинарларда жасаған баяндамаларында өзектілік, жергілікті билік органдарының іс тәжірибеіне енгізілген.
Зерттеу жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің әлеуметтану және саясаттану кафедрасында және Қазақ Ұлттық Университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, мақұлданды, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz