Қазақстандағы кедейшілік және кедейлердің әлеуметтік құрылымы


Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің
оқытушысы Тулеев Ж. М.
Қазақстандағы кедейшілік және кедейлердің әлеуметтік құрылымы .
Әлеуметтану ғылымында кедейлердің әлеуметтік құрылымын зерттеу өте маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі. Қоғамда кедейлердің әлеуметтік құрылымы әртүрлі әлеуметтік топтардан тұрады, әр деңгейдегі әлеуметтік қарым-қатнастарда болады, өзара байланыстар жасайды. еңбек әрекеттерін, психологиясының, мінез-құлқының әсер етуі - ғылыми тұрғыда әлеуметтік зерттеулерді қажет етеді. Кедейшілік дегеніміз не? Кедейлердің әлеуметтік құрылымы нені зерттейді дегн мәселелерге тұжырымдама жасайық. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырнылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т. б. ) қоғамнан тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге және т. б. ) тіптең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндерде жатады. Ондай адамдардың тобы кедейлер деп атайды.
Кедейшілік ұғымына толық мағынада және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Бұл ұғымдарды алғаш әлеуметтану ғылымына енгізген француз социоэкономисі Ж. Прудон (1809-1865) болды. Адам егер организмнің физиологиялық мұқташдарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең түменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайларын «абсолютті кедейшілік» деп атайды, ал «салыстырмалы кедейшілік» кезінде қоғамда еңең көп тараған стандартқа сай өмір сүруге материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдарды жатқызады . Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлернің негізінде бағалануы мүмкін, осындай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме «субъективті кедейшілік» туралы қозғалады.
Кедейлердің әлеуметтік құрылымы дегеніміз - қоғамды құрайтын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық терең тамыры бар әлеуметтік топтар жиынтығы. Әлеуметтанушы және экономис ғалымдардың пікірінше кедейлердің пайда болуының үш себебі бар: (1)
- әртүрлі ситуацияларға байланысты кедейшілік, қоғамда адамдар арасындағы әлеуметтік ауытқулардан, отбасында асыраушысынан айырылған жағдайда, нарықтық жағдайдың тақсыретінен, жұмысқа жарамсыздар және жұмыссыздықтан туындайды.
- жаратылысына байланысты кедейшілік - субъективті әрекеттерден пайда болады, мұнда, білімсіздік, мамадықтың игере алмауы, психологиялық, рухани қажеттіліктердің жетіспеушілігінен, тәрбиесінен туындайды.
- жасанды кедейшілік - бұл қоғамдағы кедей топтардың әлеуметтік саясаттан тыс қалуынан, көрсетілетін әлеуметтік көмектің дер кезінде шешілмеуінен, әлеуметтік көмекті тағайындаудан жасалынған қателіктерден туындайды.
Кедей топтардың қоғамдағы ролін, негізгі белгілерін және олардың әртүрлі әлеуметтік топтарға бөліп қарастыру қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтаудың негізгі саласы. (2) Қоғамның әлеуметтік құрылым дегеніміз қоғамдағы әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтк институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара қатнастары. Қоғамның әлеуметтік құрылымы теориялар мен концепциясы кедейлердің әртүрлі топтарын, оның әртүрлі белгілеріне, ерекшелігіне байланысты әлеуметттік топтарға біріктіреді негізгі белгілерін ашып көрсетеді. Кедейлер әлеуметтік құрылымының әртүрлі топтарға бөлінеді дедік. Адамдардың кедейшілігінің қарапайы және жай кедейшілігі болады. Кедейлер дегендер материалдық жағынан кеміс тұратындар. Олардың табысы төмен отбасына немесе не жеке басына жетер -жетпес мөлшерде. Әсіресе күнделікті қажет заттарға, мысалы, киім-кешекке, тамаққа, үйге, пәтерге, ақшаға кедейлер мұқтаж болады. Бірақ та бұл топты әбден күйзеліске ұшыраған, материалдық және моралдық жағынан азғындаған топ деп қарау дұрыс емес. Кедейлер мынадай әлеуметтік топтарға бөлінеді, оларадың әлеуметтік белгілері, өзара қарым-қатынасы, байланыстары бар. Бұлар жұмыссыз адамдардың көпшілігі жалақысы төмен деңгейдегі адамдар, мүгедектер, отбасындағы көп балалылар мен ауру адамдары барлар, жетім балалар, жесір әйелдер, пәтері жоқ панасыздар, қайыршылар, ауылдағы шаруалардың көпшілігі, жұмысшылардың көпшілігі, ұсақ бизнеспен жүргендердің тобы және бас бостандығынан айырылған дар, оралмандар тобы, басқындар, олардың іс-әрекеті, қызметі мен байланыстар әлеуметтік құбылыс екені белгілі. Кедейшілік пен қайыршылық бүгінгі таңда қоғам ең күрделі әрі өзекті мәселелерінің бірі оның дамуынына кері әсерін тигізеді. Оның салдарынан әлеуметтік деңгейдің әр қилы өзекті мәселелері туындайды .
Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымы туралы түрліше деректер бар. Біз алдымен кедейлердің қоғамымыздағы жалпы деңгейіне тоқталайық. Кейбір деректерде 40 пайыз, басқа жерде 35-30 пайыз, ал ресми деректер бойынша 20-25 пайызды көрсетеді. (3) Дегенмен біз бай ел емеспіз. Атап айтқанда, жұмыссыздық, өндіріс орындарының аздығы, адамзат тағдырының әлеуметтік мәні, әлеуметтік реформалардың дұрыс жүргізілмеуінен, күнкөріс минимумының төмендігі, білім беру, денсаулық сақтау, экологиялық проблемаларды шешу, мәдени құндылықтардың төмендігі кедей табының белең алуына себебін тигізуде. 90-шы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бастамасымен осы келеңсіздікке қарсы күресуді алдына мақсат етіп қойған конференция өткізілген. Солардың ішінен 1995 ж. Копенгагенде өткен Әлеуметтік даму жөніндегі әлемдік самитті ерекше атап көрсетуге болады. Онда қабылданған Декларацияға сәйкес 1997-2006 ж. ж. аралығы «БҰҰ - ның кедейшілікті жою онжылдығы деп жарияланған болатын. Ол бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында өз жалғасын табуда. Жаңа әлеуметтік -экономикалық, саяси реформалардың, Қазақстан Республикасының халыққа жолдауынан арқасында кедейшілікпен күрес жақсы жетістіктерге жетіп отырмыз.
Осының негізінде халықаралық қоғамдастық алдына 2015ж дейін кедейшілікті жоюға бағытталған бірнеше мақсат қойылып отыр.
- Бір күндік табысы 1 АҚШ долл-нан аспайтын кедейлердің санын 2 есеге қысқарту:
- Кедейшілік жәрдемақасын нарық жағдайына байланысты тағайындау:
- Жалпыға бірдей бастауыш білім беруді қамтамасыз ету:
- Бастауыш және орта білімді берудің деңгейіндегі алшақтықты 2007 жылға дейін мейлінше қысқарту:
- Қоғамды демократияландырудың жаңа бағдарламасын жасау:
- Балалар өлім-жетімін көрсеткішін үштен екіге азайту:
- Халықтық репродуктивті, медицина қызметтеріне жалпыға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету:
Қазақстан Республикасындағы кедейшілік мәселерін әлеуметтік зерттеу барысында мемлекеттік билік органдарынның қызметкерлері атап айтқанда, Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, министрліктер, облыстық және аудандық әкімшіліктегілер де өз пікірлерін ашық бөлісті. Сондай-ақ өкіметтің кедейшілікке қарсы көрестің мәні неде деген көзқарасын анықтау үшін бірқатар мемлекет бағдарламаларын стратегиялары жеке талданады.
Бұл топқа саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдары жатқызуға болады. Соңғы бірнеше жылдың ішінде жұмысы жанданған бұл саланыңөкілдері бұл саланың өкілдері халықты кедейшілікпен күреске бастай алатын әсерлі қоғамдық күшке айналуы мүмкін.
Ірі, орта және кіші бизнес өкілдері мен жеке кәсіпкерлер жұмыс пен қамту, әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру, кедейшілікке қарсы күрес бағдарламаларын қаржыландыру сияқты мәселелердің бұл әлеуметтік топтарға тәуелді екені белгілі. Зерттеу барысында теориялық социологияның принцптерін негізге ала отырып Қазақстан қоғамындағы кедейшіліктің себептерін ашып көрсету, олардың өзіндік деңгейін анықтау, кедейшілікті төмендету жолдарын зерттеу соңғы жылдары қоғамда маңызды орын алып отыр. Әлеуметтік ғылымның дамуында кедейлердің теориялық тұжырымдамаларын, концепцияларын, методологиялық және методикалық құндылықтарын жан-жақты талқылау, олардың қоғам дамуына тигізетін мәніне сипаттама беруін қарастыру үлкен зерттеулерді талап етеді. Дүниежүзілік кедейшіліктің мәніне сипаттама бере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының кедейшілік мәселелеріне байланысты концепциялар мен шараларының жүзеге асырылуын талқылау, Қазақстан Республикасындағы кедейшілікті төмендету жолдарына негіз болады. Жалпы көрсеткіші басқа елдерге қарағанда ерекше сипатта, оның негізгі себептерін зерттеп, оларды төмендету жолдарын шешу маңызды мемлекеттік іс- шараларды кежет етеді. Атап айтқанда, өндіріс орындарының аздығы, экономикалық дағдарыстың, еңбек нарығының келеңсіздігінен, қоғамда ұлтық байлықты бөлудегі орасаң үлкен теңсіздік ықпал етіп адамзат әртүрлі топтарға бөлінуде.
Қазақстанда кедейшілік мәселесін көтеріп, оның зерттелуіне ұлес қосқан БҰҰ, Европа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), Еуропалық Одақ (ЕО) /Tasic ДБ, Азия Даму Банкі (АДБ) сияқты ұйымдар. Кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі - табысы немесе тұтыну әдетте күнкүріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген (кедей шілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік әлеуметтік құрылымын анықтауда кедей топтардың ауқымдарын сараптау үшін күнкөріс минимумын қолданудың екі қасиеті бар . Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға белгілі бір ең төменгі деңгейде қажет тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлерімен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қатысты ұлттық ерекшелікті көрсетеді. Екіншіден, кұнкөріс минимумын қолдану түрлі елдер және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды. Қазақстанда, кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халық үлесі «күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен» анықталады, яғни олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек, Қазақстанда «азақ-түлік кедейшілігінің» деңгейі немесе азақ-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі есептеледі. Елдегі кедейшілік ауқымдарын сипаттай отырып, кедейшілік деңгейінің көрсеткіші, соған қарамастан кедей тұрмысты халықтың жағдайларындағы өзгерістерді (нашарлау/жақсару) көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz