Қазақстандағы кедейшілікке қарсы күрес бағдарламаларын әлеуметтік талдау


Қазақстандағы кедейшілікке қарсы күрес бағдарламаларын әлеуметтік талдау
ХҚТУ аға оқытушысы Ж. М. Тулеев
Кедейлiк - бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарын iске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi
қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар мен бостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс. Кедейлiк проблемасы экономикалық және әлеуметтiк аспектiлердi, сондай-ақ басқару аспектiсiн қамтиды. Кедейлiк проблемаларының ауқымын осындай аспектiлер тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн бола алады. Табыстар бойынша және мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қызметтер көрсетуге халықтың қол жетiмдiлiгi бойынша кедейлiк өлшемiн бiлуге арналған өлшемдер мен индикаторлар бар. Табыстар бойынша негiзгi өлшемдер - бұл ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiк шегi. Кедейлiк деңгейiн анықтауға негiз болып табылатын және ең аз тұтыну қоржыны негiзiнде есептелетiн ең төменгi күнкөрiс деңгейi азық-түлiк тауарларының 70%-ын және азық-түлiк емес тауарлардың 30 пайызын қамтиды.
Кедейшлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасына сәйкес елдің барлық аймақтарында көмек сұраған отбасылардың әрқайсысының кедейшілік деңгейін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін отбасының ортақ және жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынады. Бұл міндетті атқару көше, ықшамаудан, аудан, ауыл және жергілікті билік өкілдерінен құралған комиссияларға жүктеліп отыр[1] .
Осылайша, тұрмыс жағдайы тым нашар топтарды әлеуметтік қорғау саясаты сөзден іске кешкендігін атап етуге болады. Дегенмен де, мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар қатары әлі де болса көмекті қажет ететіндердің барлығын қамтымайды. Әлеуметтік жәрдемақы төлеу мәселесінде қиындықтар әлі де болса жеткілікті. Осы негізде әлеуметтік көмекті қажет ететін томенгі топтардан сауалнама жүргізілді. Сауалнама қортындысын Қазақстанда кедейшілікке қарсы күрес алдыңғы қатарлы елдермен сайыстырарлықтай деңгейде дүргізілуде[2] .
Сауалнамада өзекті мәселелердің бірі ретінде «Жол картасын» іске асыру, әлеуметтік салаға өткен жылы 191 млрд. теңгеден астам, оның ішінде республикалық бюджеттен 140 млрд. теңге және жергілікті бюджеттерден 51 млрд. теңге қаражат бөлу қарастырылған. Бұл ретте әлеуметтік саясаты бағдарламасын және халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту есебінен жөндеу жұмыстарында 254 мың жұмыс орнын және 96 мыңға жуық уақытша жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Іске асырылатын жобалардың жалпы саны шамамен 4800 бірлікті құрайды.
Соңғы жылдары Қазақстаңда кедейшілік проблемасына қатысты бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. Осы саладағы мемлекеттік органдар жұмысын бір жүйеге шоғырландырған негізгі тұжырымдамалық құжат "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді стратегиясы болып табылады. "Қазақстан -2030" Стратегиясында көрсетілген кедейшілікке қарсы күрес тақырыбының көтерілуі кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдар-ламаларының өмірге келуіне және өзге де мемлекеттік тұжырымдамалық құжатгарда бұл мәселенің есепке алынуына ықпал етті[3] .
Қазақстанның кедейшілікке, аштыққа және гендерлік теңсіздікке қарсы күресте қолға алып жатқан іс-шаралары жеткілікті. Еліміз БҰҰ-мен ынтымақтастық аясында әлемдік экономиканы басқарудың жаһандық механизмін қалыптастырып, кедейшілікті азайту ісінде елдер арасында интеграцияны дамыту есебінен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуді жақтап келеді. Демократиялық, ашықтық және заңдылық қағидаттары негізінде халықаралық қаржы институттарын басқаруды реформалау, халықаралық қаржы ұйымдары шешім қабылдау кезінде дамушы елдердің де дауыс беруін жүзеге асыру қажет деп есептейді. Сонымен қатар, жаңа гендерлік архитектураны ұлттық негізде және халықаралық деңгейде дамытуға күш жұмылдыруда.
Халықаралық қауымдастық бұл мәселені шешу үшін ұлттық үкіметтерге адамдардың қоғамның саяси өміріне көбірек қатысуына ықпал ететін ауқымды саяси бағдарлама жасауды ұсынды. Басқаша айтқанда, бүгінде кедейшілікке қарсы күрестің бір жолы қоғамды демократияландыру процесін барынша жан-жақты дамыту.
Ұзақ мерзімді жоспарда ауқаттылар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайту кезделген:
-ауыл проблемасын шешу: ауылдағы барлық реформаларды аяқтап, оны қуатты әлеуметтік саясатпен бекіту;
-экономикалық өсім: әрбір адамның "мемлекеттің Ұлттық байлығынан өз үлесінн алуына" мүмкіндік жасау;
-тікелей әлеуметтік көмек: нақты әлеуметтік мемлекеттік көмек тек ең нашар тұратын адамдарға көрсетіледі[4] .
" Қазақстан -2030" Стратегиясында 2020 ж. ж. арналған орта мерзімді тапсырмалар нақтыланған. Кедейшілікке және жұмыссыздыққа қарсы күрес мақсатында шағын несие беру жүйсін еңгізу, қоғамдық жұмыстарды дамыту, жеке кәсіпкерлікті тежейтін барлық кедергілерді жою, қызмет көрсету саласын дамыту. Қазақстан қоғамын демократияландыру - кедейшілікті жеңу шарттарының бірі
Мемлекет басшысының Жолдауында атап айтылған өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы Үкімет жүзеге асырған жұмыстардың басты басымдығына ие болды. Жыл басында Қазақстандағы еңбек рыногындағы жағдай өте қиын болды. 2008 жылдың күзінен бастап елде жұмыспен қамтылған халық санының төмендеуі байқалды, бұл, әсіресе, жалдамалы жұмысшыларға әсер етті. Жұмыссыздықтың жасырын формасы едәуір қарқынмен өсті. Осы орайда министрлік еңбек рыногындағы жағдайды тұрақтандыру, өңірлік жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кадрларды қайта даярлау мақсатында дағдарысқа қарсы бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, жұмысшылардың ықтимал босауы және жұмыспен қамту картасын әзірледі.
2008 жылдың 1 қазандағы күйі бойынша кедей және аз қамтылған азаматтардың саны 6795 құрады, оның 6338 адамы сомасы 80, 0 млн теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатындар болып табылады. Азық-түлік себетінің бағасынан төмен табысты отбасылардағы 18 жасқа дейінгі 31406 балаға 275, 7 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.
Жалпы 2010 жылдың қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашу күтілуде. Жаңадан ашылған және бос тұрған жұмыс орындарына жұмыспен қамту органдары арқылы 10, 1 мың адам жұмысқа орналастырылады, кәсіби дайындықпен 1, 1 мың жұмыссыз қамтылады, қоғамдық жұмыстарға 5, 5 мың жұмыссыз азамат қатысады, әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғындардың мақсатты топтарынан 360 жұмыссыз орналастырылатын болады[5] .
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге қаражаттар, кәсіби дайындыққа және азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды (жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орын жәрмеңкелерін өткізу) іске асыруға шығындар қажеттілігі тиісінше 231, 9 млн. теңге, 20, 3 млн. теңге және 34, 2 млн. теңгені құрайды.
2008 жылы облыс бойынша кедейшілік шегінен төмен кірісі бар кедейлер және аз қамтылған азаматтарының орташа жылдық саны 6, 7 мың адамды құрайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер, аз қамтылған отбасыларынан шыққан азаматтарды тұрақты және уақытша жұмысқа, оған қоса әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарға орналастыру жөніндегі шараларды қабылдау, жұмыссыздарды кәсіби дайындау және қайта дайындауды жүзеге асыру атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын 6, 8 мың адамға дейін төмендейді.
Елбасының 2009 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жиналымдарының сақталуы бойынша кепілдікті қамтамасыз ету аса маңызды міндеттердің бірі болып белгіленген-ді. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін заңды түрде зейнетақы төлемдерін алушыларға оның зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына мемлекет кепілдігі белгіленді. Қазіргі уақытта міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекет кепілдігі жүзеге асырылуда. 2009 жылдың 1 желтоқсанындағы деректерге сүйенсек, 50, 2 мың салымшыға 1411, 3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік сомасы төленді[6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz