ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ -
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кедейшілік әлеуметтік құбылыс
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-19
1.2 Кедейшілікті зерттеудің теориялық- методологиялық
жақтары ... ... .19-29
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
2.2 Кедейшіліктің пайда болуының негізгі
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 30-52
2.3 Қазақстандағы кедейшілікті төмендету жолдары және әлеуметтік
реформалаудың маңызы,
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .52-62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...62- 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 65-66
ҚОСЫМША А тұрғындардың әлеуметтік мәселелері
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Адамзат қоғамының даму бағыттары
әлеуметтану ғылымының негізгі саласы. Осы әлеуметтік құрылымды құрайтын
топтардың бірі кедейлер. Қоғамдағы кедей топтардың пайда болуы -әлеуметтік
құбылыс. Зерттелгелі отырған кедейлердің әртүрлі әлеуметтік топтардан
тұрады, әр деңгейдегі әлеуметтік қарым-қатнастарда болады, өзара
байланыстар жасайды. Олардың пайда болуы, әлеуметтік көрнісі, саны мен
құрамы, өлшемдері мен түрлері, еңбек әрекеттестігі, психологиясы, мінез-
құлқының әсер етуі – ғылыми тұрғыда әлеуметтанулық зерттеулерді қажет
етеді. Кедейшілік кез-келген қоғамдағы өзекті мәселердің бірі. Кедейшілік
деп- қоғамның басқа мүшелері мен салыстырғанда өмір сүру деңгейі мен табысы
төмен адамдарды айтамыз. Адамдардың табысына қарап қай кезде де бай, кедей
деп бөлінеді. Осы кедейлердің әлеуметтік құрылымы нені зерттейді деген
мәселелерге тұжырымдама жасап оның қоғамдағы рөлін, функциясын, тағы басқа
жақтарын социологиялық тұрғыда зерттеуге әрекет жасадық. Қазіргі кезеңдегі
өркениетті, дамыған елдер сол кедейшілікті қысқарту арқылы жоғары сатыға
көтеріліп отыр. Қазақстандағы кедейлер топтардың саны, құрамы әртүрлі
деректермен топтастырылған. Олардың ішінде ресми деректер бойынша 18,9%
кедей адамдар бар. Кедейшілік әлемдік проблема. Дүниежүзінің барлық елдері
кедейшілік мәселесімен күресуде. Бұл негізде БҰҰ-ның атқарып жатқан іс-
шаралары орасан зор. пайда болуы, олардың әлеуметтіктік белгілері,
қоғамдағы алатын орны, өзара қарым-қатнастары мен байланыстарын зерттеп,
кедейшілікті төмендету жолдарын анықтап білуге бағытталады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылдың ақпан
айында Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты кедейшілікті қысқартудың жаңа
бағыттарын айтып кетті. Жолдауда әлеуметтік мәселе бойынша басты негіздер
мен басымдылықтарға ерекше көңіл бөлінген. Басымдылықтардың бірі - осы
заманғы әлеуметтік төлемдерді біршама көтеру, әлеуметтік саланың барлық
проблемасын түбегейлі реформалау қажеттігін жеткізді. Елдегі кедей топтарды
біржолата жойып жіберу мүмкін емес. Елбасының Жолдауында бұл атап
көрсетілген негізгі мақсат-міндеттердің бірі. Мәселен, биыл Балалы
отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы Заңға енгізілген,
Президент Жолдауында көзделген біраз міндеттердің жүзеге асырылғаны
қуантты. 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен жалпы әлеуметтік
мақсаттар үшін енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға 44,7 млрд. теңге
қаржы қарастырылған. Жүктілік мерзіміндегі аналарға босанғанға дейін және
одан кейін төленетін жәрдемақыға тоқталсақ, жүктілік мерзімінде жүрген
аналар демалысқа шығу барысында әлеуметтік сақтандыру қорлары арқылы тиісті
орташа айлық табысы есептелініп, туғаннан кейінгі бала күтімі үшін жеке
жәрдемақы төленуде. Аталмыш жәрдемақы орташа жалақының 40 пайызын құрайды.
Сондай-ақ бала туғанда берілетін бірреттік жөргекақы бұрын 16 000 теңге
болса, биылдан бастап 35 040 теңге деп белгіленген. Елбасы Жолдауын іске
асыру үшін 2008-2010 жылдарға арналған еліміздің халықты жұмыспен қамту
жүйесін жетілдіруге бағытталған кешендік іс-шаралар жобалары әзірленуде.
Кедейлікті анықтауда тікелей көрсеткіштер- ең төмен күнкөріс деңгейі
мен кедейлік шегі. Бұлар кедейліктің деңгейін анықтаудағы заңдастырылған
ресми көрсеткіштер. Қазақстан Республикасының 475-1 Ең төмен күнкөріс
деңгейі туралы Заңында берілген анықтамаға сәйкес, ең төмен күнкөріс
деңгейі дегеніміз- мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең
бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Оның мөлшерін статистика
жөніндегі өкілетті орын мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі
өкілетті орын ең қажетті емес тұтыну тауарлар мен көрсетілген қызметтерге
жұмсалатын шығындардың белгіленген үлесі қосылған ең төмен азық-түлік
себетінің құнын негізге ала отырып шығарады. Қазақстан Республикасы бойынша
2008 жылы ең төмен күнкөріс деңгейі орта есеппен 9193 теңге көлемінде
белгіленді.
Кедейшілік мәселесі дүниежүзілік мәселелердің бірі. БҰҰ кедейлікпен
күресті бүкіл әлемге ортақ жаһандық проблема деп жарияланады. Өйткені аса
бай 25% елдің жан басына шаққанда келетін нақты ішкі жалпы өнімі мен кедей
деген 15% елдің тиісті көрсеткішінен 15 есе жоғары тұр.
Халықаралық деңгейде өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесін құруға
алғашқы талпыныстарды 1960 жылы БҰҰ-ның жұмыс тобы жасаған. Қазіргі кезге
дейін бұл көрсеткіш нақты жалақы индексімен анықталып отырған. Өмір сүру
деңгейінің соңғы нұсқаларының бірі.
Проблеманыңң ғылыми зерттелу деңгейі. Кедейшілік туралы зерттеулердің
тарихы тереңде жатыр. Батыс Еуропада елдері мен АҚШ – та кедей топтардың
әлеуметтік мәселе ертеден бастап қарастырылып, әлеуметтанулық тұрғыдан
зерттеліп келеді
Кедейшіліктің әлеуметтік мәселелерін теориялық тұрғыдан батыстың ірі
социолог ғалымдарының еңбектерінде терең зерттелген. Адам Смит, Т.
Мальтус, Д. Рикардо, Г. Спенсер, О.Конт, Э. Дюркгейм, Макс Вебер, Карл
Маркс, Ф.Энгельс, Ф. Гиддинс, Питерим Сорокин, Ж. Прудон, Э. Реклю, Ф. Ле-
Пле, Ч. Бут, С. Раунтри сияқты ойшылдар кедейшілікті қоғамдық дамудың
нәтижесінде міндетті түрде туындайтын әлеуметтік құбылыс ретінде
сипаттаған. Бұл елдердің кедейшілік мәселесін шешуде мол тәжірибесі бар
десек болады. Оның себебі қазіргі таңдағы осы елдердің әлеуметтік даму
көрсеткіші көрсетіп отыр. П. Таунсенд “Ұлы Британиядағы кедейлік” атты
еңбегінде салыстырмалы кедейлікке мынадай анықтама береді: “ Өздері өмір
сүретін қоғамның өміріне араласа алмайтындар, қоғамда қалыптасқан өмір сүру
деңгейі мен керекті диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып
есептеледі”. Ж. Прудон кедейлік - әлеуметтік игілік, оны жою жолдары еңбек
өнімділігінің өсуімен қатар ашылады деген қөзқарас айтады. Ол абсолюттік
және салыстырмалы кедейлік түрлерін бөліп сипаттайды. Салыстырмалы кедейлік
адамзатқа тән белгі. Өндіріс өскен сайын адамдардың да қажеттіліктері өседі
де, адамдардың жағдайы қоғам талаптарына сәйкес келмей қалады.
Э. Реклю “Байлық пен кедейлік” атты еңбегінде кедейліктің ең ауыр түрі
– қайыршылықты бөліп көрсетеді. Ол адамға өмір сүруге қажетті минимум
керекті заттарды есептеп көрсете отырып, негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайтын адамдарды ғана кедейлер қатарына жатқызған. Оның
тұжырымдауы бойынша, кедейлікті жеңудің шарты – ауыл шаруашылығы мен
өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бірдей бөлу.
Ағылшын ғалымдары Ч. Бут пен С. Раунтри Х1Х ғ. аяғында зерттеу
жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу,
киім кию, баспанамен қамтамасыз етілу қажеттіліктерін өтей алу
мүмкіндіктерін алған. Ч. Бут адамның табыс деңгейін, негізгі
қажеттіліктерін өтеу деңгейін, денсаулығы мен жұмысқа деген қабілетін
сақтап отыруға керекті нормалар мен стандартттарды анықтауға тырысқан. Ч.
Бут пен С. Раунтри бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар.
Ресейде кедейлшілікті зерттеу маңызды проблемаларың бірі болды. XX
ғасырда Қазақстан мен ТМД елдерінде кедейшлік мәселесі Кеңес өкіметі
құлағаннан кейін өзекті зерттеу обьектісіне айналды. Десекте, С. Г.
Струмилиннің, А.М.Стропани бастауымен Кеңес қоғамында социологиялық
зерттеулерге сәйкес жұмысшы бюджеті мен тұтынуды талдаудың негізінде
алынған ақпараттар бойынша өмір құны индексін жасап шығарған.
Қазақстан социологтарының ішінде осы бағытта көлемді еңбек жазып,
социологиялық зерттеулер М.С. Әженовтың, М.С. Садырованың, К.У. Бекеновтың,
З.Ж. Жаназарованың, Қазақстанның бір топ ғалым – социологтарының еңбектерін
атап көрсеткен жөн болар. Олардың ішінде К.Ү. Биекенов, М.С. Садырова, М.М.
Тажин, С. Сейдуманов, К. Ғабдуллина, К.Қ. Өтешов, Қ. Мұхтарова Ш.Е.
Джаманбалаева, Г.С. Абдраимова, Л.Т. Қожамқұлова, З.Ж. Жаназарова, Е.Л.
Бурова,М.Ф. Пузиков,.Я. Гуревичтің еңбектерін айтуымызға болады.
Қазақстандағы кедейлердің кейбір ерекшеліктерін М.С. Әженовтың, М.С.
Садыровның Қоғамның әлеуметтік құрылымы, Кедейлік социологиясы, деген
еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Кедейлік - оның құрылымы жаңа теориялар
мен әлеуметтік зерттеулерімен толықтырған. Олар кедейлердің құрылымын:
- еңбекке жарамды,
- еңбекке жарамсыз,
- қуып жетіп алушы,
- жаңа кедейлер
деп әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты топтастырды. [1]
Қ. Мұхтарованың Социольно-экономические аспекты бедности и меры по
ее преодолению еңбегінде ерекшеліктері атап көрсетілді.
Біріншіден, көптеген адамдардың кедейленуінің себебі жалақының және де
басқа да төлемдердің уақытында берілмеуі, қосымша жинақтың болмауы.
Екіншіден, Қазақстандағы кедейлер өзінің сапалық құрамымен ерекшеленеді
көрініс табады.
Зерттеудің эмпирикалық негізі
- Ресми статистика,
- БҰҰ-ның Қазақстан туралы жылдық есептері,
- Адам дамуы туралы ұлттық есеп,
- кедейшілік туралы Еңбек және халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау
министрлігінің бұйрықтары мен қаулылары,
- мемлекеттік емес ұйымдардың (кейбір) жылдық есептері,
- Нақтылы социологиялық зерттеулер. Ол зерттеулер 2008-2009 жылдар
аралығында Түркістан қалаларында жүргізілген.
Зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен міндеттер. Зерттеу жұмыстарының
мақсаты тақырыптың өзектілігімен сипатталады. Диплом тақырыбының
өзектілігін, маңызын оның негізгі бағыттарына талдау жасау барысында
зерттеу жұмысының алдына мынадай мақсаттар қойылды:
- Қазақстандағы кедей топтардың әлеуметтік белгілерін талдау және
социологиялық зерттеулер әдісін пайдалану. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін
мынадай міндеттер белгіленді.
Бүгінде кедей топтарды санын қысқарту проблемасы бүкіл дүниежүзін
толғандырып отыр. Кедейшілікті ғаламдық сипатқа ие болған аса күрделі және
өзекті мәселелер қатарына жақтызуға болады. Жер шарында кедейшілікпен
күресу үшін қойылып отырған мақсаттардың іске асырылуы ұлтық және
халақаралық бағдарламалардың өзара үйлесімділігіне тығыз байланысты болмақ.
Бұл орайда кедейшілікке қарсы бағытталған тиімді ұлтық бағдарламалардың
іске асырылуы кедейшіліктің ғаламдық деңгейде жойылуының алғы шарты болып
табылады. Бүкіл дүниежүзі кедейшілікті көпқырлы категория екендігін оның
критерийлері: табыс деңгейімен, күнкөріс минимумы, денсаулық жағдайымен,
білім деңгейімен, экологиялық ахуалмен өлшенеді. Әл-ауқаты жақсы адам
білімсіз, әлде ауыру болуы мүнкін. Осындай жағдайлар адамның таңдап алған
қабілеті мен мүнкіндіктері шектеліп, кедейшіліктің бір көрнісі ретінде
айқындала түседі. Кедейшілік қарапайым мүнкіндіктер мен таңдау қабілетінің
шектелуіне көрініс табады және өлшенуі қиынға соғатын басқада көптеген
аспектілерді қамтиды: саяси бостандықтың жоқтығы, шешім қабылдау процесінен
тыс қалу, жеке бас кауыпсіздігінің жоқтығы, қоғам өмірінен алшақтау,
ұрпақтар арасындағы теңсіздік және тұрақсыздық қаупі. Қазақстанда
кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халық үлесі күнкөріс минимумы
деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен анықталады, яғни
олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға
мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек, Қазақстанда азақ-түлік
кедейшілігінің деңгейі немесе азақ-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы
халықтың үлесі есептеледі. Елдегі кедейшілік ауқымдарын сипаттай отырып,
кедейшілік деңгейінің көрсеткіші, соған қарамастан кедей тұрмысты халықтың
жағдайларындағы өзгерістерді көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке
тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және
өткірлік индекстерін қолданады.
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кедейшілік әлеуметтік құбылыс ретінде
Кедейшілік түсінігі Батыста капитализмнің келуімен орын алды. Осы
кезден бастап кедейлерге көзқарас өзгерді. Ф. Бродель кедейшілікті ХVІ-
ХVІІ ғасырларда өршіген буржуазиялық қатыгездік деп жазды. Ло өзінің
жазбаларында келесідей деректерді келтіреді. Еуропа қалаларында ХVІғ.
кедейлерді емдеп, тамақтандырса, ХVІІІ ғ. Оларды ұрып- соғып, азапты
жұмыстарғ салған.Кедейлердің әлеуметтік құрылымын әлеуметтанулық нақты
зерттеудің 200 жылдан астам тарихы бар екендігіне көз жеткізуге болады. АҚШ
пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарасырылып келеді.
Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік-саяси
себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіштері ретінде
табыс, шығын, тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Бұл тұрғыдан
алғанда, кедейлік негізінен әлеуметтік-экономикалық категория ретінде
қарастырылады, яғни кедейлікті анықтаудың объективтік параметрлеріне көп
көңіл бөлінеді. Кедейшілік мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті
мәселесіне айналып отырғаны баршаға мәлім.
Кедейлік дегеніміз дені сау өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық
және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы.
Кедейшілік- тұрғындардың немесе жанбасылардың белгілі бір бөлігінің ең
төменгі деңгейдегі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамассыз
етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану- физиологиялық,
материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі
деңгейдегі әлеуметтік- экономикалық жағдайы[2]. Кедей адамдар тек қана
табысы жағынан төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып
табылады.
Кедейлік сонымен қатар адам мен отбасының өмір сүруінің барлық
қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда кедейлік
адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол
жеткізе алмауын, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді.
Кедейлік сонымен қатар адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның
кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады. Бұл факторлар
адамның мәдени келбетінің, өмір салтының өзгеруіне алып келеді. Яғни,
кедейлік тек объективтік факторлармен ғана емес, субъективтік факторлармен
де анықталады. Сондықтан да кедейлікті зерттеуде жүйелік әдісті қолдану
керек. Кедейлікті адамдардың экономикалық, саяси, мәдени, психологиялық
жағдайы ретінде талдау қажет.
Кедейлер экономикалы тәуелсіз азаматтар қатарына жатпайды. Олар
мемлекеттің көмегіне сүйенбей өзінің отбасының материалдық жағдайын
қамтамасыз етуге қабілетсіз. Қоғамдағы дотация, жәрдемақы, әртүрлі төлемдер
алушылардың саны қоғамдағы кедейліктің деңгейін көрсетеді.Әлеуметтік
мүмкіндіктерге қол жеткізудің нақты жабықтығы, өздерінің құқықтарын жүзеге
асырудың мүмкін болмауы кедейлердің экономикалық тәуелділігін арттыра
түседі. Кедейлер машина, қазіргі тұрмыстық техника, супермаркеттер
қызметін пайдалану, қаланың мәртебелі жерінде мекендеу, жақсы тұрмыстық
жағдайлар, мәртебелі білім және жұмыс сияқты материалдық байлықтары
болмауымен сипатталады.
Кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес. Кең тұрғыдан алғанда ол
әлеуметтік құбылыс. Кедей тап әлеуметтік баспалдақтың ең төменгі баспасында
тұрған төменгі тап. Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте
төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен не мамандығы
жоқ.
Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінде сипатталады.
Кедейлік – тамақтың, киімнің, тұрғын ұйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кедейлік –
жоғары емес не өте төмен материалдық табыс. Кез келген елдің кедей бөлігі
негізінен жұмыссыздар не төменгі деңгейдегі табыс табушылар. Олар ең төмен
әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі төмен қызмет түрлерімен айналысады,
мамандану деңгейі төмен. Кедейлердің жалпы білім деңгейі төмен, ал
кейбіреулері сауатсыз. Білімнің, мамандықтың, мүмкіндіктің материалдық
шектеулерге байланысты болмауы, рухани құндылықтарды қолдана алмауы
кедейлерді мәдени артта қалуға алып келеді Кедейлер негізінен әлеуметтік-
мәдени дамуы жағынан артта қалған адамдар. Кедейлік адамның моралдық-
адамгершіліктік жағдайына күшті әсер ететін келеңсіз құбылыс. Көбінесе бұл
әсердің кері жақтары көп болып келеді. Аристотель айтқандай байлар үлкен
ұрылар мен алдаушылар, ал кедейлер кіші-гірім ұрылар мен алдаушылар. Бұл
кедей адамдардың бәрі тәртіпсіз, адамгершілігі жоқ адамдар деген сөз емес.
Олардың арасында да шыншыл, адамгершілігі жоғары адамдар баршылық.
Дегенмен, кедейлік адамдарды қоғамға жат қылықтарға не қылмысқа
итермелейді. Кедейлік әлеуметтік мәртебесі жоғары әлеуметтік құбылыс бола
алмайды.
Кедейлік бүгінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес,
жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ушығуы қоғамның
әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс
ретінде әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуына
алып келеді. Дүниежүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Дүние
жүзінде қазір 1,3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Соңғы
отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің арасалмағы 30:1 ден 61:1
дейін өсті. [3] Бүкіләлемдік Банктің 2007 жылғы жылдық есебіндегі
мәліметтерге сәйкес, алдағы 20 жылда жер бетіндегі халық саны 2 миллиард
адамға көбейеді. Сонымен қатар, әлемдегі кедейлер саны 2,8 миллиард адамды
құрайды, жер бетінің әрбір 7-інші адамы азық-түлік жетіспеуінен, әрбір 5-
інші адам күніне 2 доллардан төмен ақшаға күн кешіп отырғандығы
көрсетілген. [4] Егер кедейлік түсінігі кедейліктің не екендігін анықтаса,
оны эмпирикалық өлшеу әдістері кедейлер дегеніміз кімдер екенін не
болмаса кедейлерге кімдерді жатқызуға болатынын анықтауға бағытталған.
Кедейшілік кез- келген қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Кедейшілік-
деп қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда өмір сүру деңгейі мен табысы
төмен адамдарды атаймыз. Адамдарды табысына қарап бай, кедей деп бөлу қай
кездеде қолданған.
Ежелгі Рим саясатындағы басты мәселе- кедейшілік болды. Қала
кедейлеріне (паупер) бақылау жасау өкіметтің мақсаты еді. Бұл әлеуметтік
топтың пайда болуы- қауымдастықтардың ыдырауымен байланысты. Себебі,
қауымдастықтардың әр мүшесін кедейшіліктен қорғау үшін материалды және
моральды қолдау көрсетіп отырған.
Кедейшілік- жекеменшік пен нарықтық қарым- қатынас дамыған тапық
қоғамның жемісі. Мұндай қоғамға құлиеленушілік және капиталистік қоғамды
жатқызамыз. Сословиелік қоғамда (тең құқықты адамдардың қоғамдық табы)
кедейшілік жалпылама сипатқа ие болды. Кедейшілікпен күресу ортақ мүдде
болып есептелінді.
Алдыңғы қатарлы либералды бағыттың экономист –ойшылдары (А.Смит,
Т.Мальтус, Д. Ринардо) кедейшілікті дәстүрлі қоғамнан индустриалды қоғамға
өту нәтижесінде пайда болды деп есептейді.
А. Смит хлықтардың байлықтарының себебі деген трактатында ірі
жекеменшікке ие болу тек азаматтық үкімет орнағанда ғана мүмкін. Мұндай
қоғам жекеменшік иелерінің құқықтары мен мүдделерін үнемі қорғап отырады.
Яғни, кедейшілікпен күрес жүргізіледі,- деп жазды.
Жоғарыдағы түсінік идеологияға айналған ХІХ ғасыр ортасында либеральды
идеологияның негізі социалдарвинизм болды. Бұл бағыт кедейліктің саны
өндіріс көлемінің өскен сайын ұлғаятын заңды құбылыс деп қарады. Сонымен
қатар, олар кедейшілікті әлеуметтік мәселелер қатарына кіргізбей, адамның
өзінің жеке проблемасы ретінде қарады.
Нарықтық экономиканың орнауымен үкімет аштықты саяси үстемдік құралы
етті. К. Поляньи нарықтық экономиканың пайда болу тарихын баяндаған Ұлы
трансформация еңбегінде Англиядағы ХVІІІ ғ. Жаңа кедейлер туралы заңның
әзірленіп жатқанын айтады.
Философ әрі саясаттанушы Л. Таунинді Аштық ең қаһарлы аңды үйретіп,
ең қырсық адамды жақсы әдет пен іл алғыштыққа тәрбиелейді. Тек аштық қана
кедейлерді жұмыс істете алады. Сол кездегі заңдар кедейлердің жұмысқа
күштеп тартылуы туралы болған. Алайда күштеп орнатылған заң қоғамда
тәртіпсіздік пен зорлық- зомбылық орнатады. Күштеу арқылы тек ашу –ызаны
тудырып алуы мүмкін, ал аштық еңбек ету мен нақты табыс табуға итермелейтін
табиғи қоздырғыш. Құлды жұмысқа күшпен салу керек, ал еркін адамға таңдау
құқын қалдырған жөн деп жазды.
Сонымен буржуазиялық қоғамда кедейшілік –материалдық құндылықтардың
жетіспеуінен пайда болған құбылыс емес,арнайы мақсаттармен жасалған
механизм. П. Элкок кедейшілікті түсіну деген кітабында Англиядағы
капитализм орнау кезіндегі кедейшілік туралы жазады. Кедейшілік әлеуметтік
және экономикалық саясаттың нәтижесі. Ол феодализмнен капитализмге өту
кезеңінде пайда болған ( ХVІ- ХVІІғ.ғ). нақ осы кезде адамдардың күнделікті
үйреншікті өмір сүру жағдайы өзгеріп, шаруа –егіншілерден жұмысшыларға
айналды. Яғни, олардың өмір сүру деңгейі, күн көрісі еңбектеніп тапқан
нәпақасына тәуелді болып қалды. Сондай –ақ П. Элкок кедейшілікті
капиталистік қоғамға тән және одан құтылуға болмайды дейді. Элкок
материалистік -әлеуметтанушылардың пікіріне қарсы шықты. Ол капитализм өте
күрделі экономикалық жүйе, сондықтан мұндайда қоғамда кез –келген адам өзі
қалаған өндіріс формасымен шұғылдана алады деді.
Сонымен қатар ол капитализмнің кедейшілікті туғызатын қоғам болып
табылатынымен келісті. Себебі, мұндай қоғамда жұмыс беруші барынша өз
мүддесін ойлап, жұмысқа аз жалақымен жалданғанды дұрыс көреді.
Кедейшілікті зерттеген Кедейшіліктің полиэкономикасы деген кітабы
үшін Нобель сыйлығының иегері болған Сен кедейлікті тұтынатынтауарлардың
көлемімен емес, осы тауарға адамдардың қол жетімділігімен өлшеу керек деді.
Тіпті бай деп саналатын Батыс Еуропа елдерінде кедейшілік міндетті элемент
болып табылады.(Құрылымдық кедейшілік).
Кедейшілік жалқаулық пен кінәнің жемісі деген көзқараспен адамдардың
өзін -өзі қамтамсыз етуге, масылдықтан құтылуына мемлекеттік саясат
бағытталуы тиіс. Жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыссыздықпен
қорқыту тектен –тек пайда болған жоқ. Себебі, жұмыссыздықтың соңы
кедейшілік –аштыққа соқтырады.
Бұл мәселені зерттеуде кедейлікті түсінуге байланысты үш түрлі
көзқарасты бөліп көрсетуге болады.
1. Кедейлікті табыс негізінде түсіну – кедейлік мәселесін тар ауқымда
түсіну. Адамның табысы анықталған деңгейден төмен болса оны кедейлер
қатарына жатқызады.
2. Кедейлікті негізгі сұраныстар деңгейінен түсіну – кедейлік мәселесін
кең мағынада түсіну. Бұл жерде кедейлік адамның сұраныстарын, тамаққа
деген сұранысын қосқанда, ең төмен деңгейде қанағаттандыруға қажетті
материалдық алғышарттардан тыс қалуы ретінде қабылданады.
3. Кедейлікті адамдық потенциалдардың даму мүмкіндіктері
тұрғысында түсіну – адамның негізгі мүмкіндіктері мен
таңдауының жоқтығын көрсетеді. Адам тамаққа, киімге,
баспанаға, білімге, денсаулықты сақтауға деген негізгі
сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігінен шектеулі емес,
сонымен қатар адам өзінің одан да кең қажеттіліктерін,
салауатты және ұзақ өмір сүруге, қажетті білімге, қоғамдық
өмірге араласуға, басқа да әлеуметтік - мәдени сұраныстарын
қанағаттандыруға деген қажеттіліктерін, қатағаттандыруда да
шектеулі.[5]
Өмір сүру деңгейі теориясы кедейлікті жеке жағдайдың қыры ретінде
анықтайды. Демек, кедейлік адамның нені иеленуіне байланысты. Кедейлік шегі
бұл концепцияда индивидтің және отбасының физикалық қабілетін сақтауға
қажетті өмір сүрі деңгейімен анықталады. Өмір сүру адамның маңызды
қажеттіліктерін төмен деңгейде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін табыс
деңгейімен өлшенеді.
Салыстырмалы кедейлік концепциясына сәйкес кедейлік индивид пен
отбасының тек қана экономикалық мүмкіндіктерін бейнелеп қана қоймайды,
сонымен қатар оның өмір салты мен өмір сүру деңгейін, өмір сапасын
көрсетеді.
Ежелгі Рим империясында да басты мәселелердің бірі кедейшілікпен күрес
болды. Қала кедейлеріне үнемі көмектесіп отыру үшін өкімет небір амалдарды
ойластырды. Демек, кедейшілік – жекеменшікке негізделген таптық қоғамның
жемісі. Олай болса, кедейлерді тап ретінде қарастырып, оның әлеуметтік
құрылымын зерттеудің мыңдаған жылдық тарихы бар. Оған дәлел Еуразия
құрлығында кедейлік мәселесі бұрыннан-ақ қарастырылып келеді.
Кедейшілік – жекеменшікке негізделген таптық қоғамның жемісі. Мұндай
қоғамдарға құлиеленушілік және капиталистік қоғамдар жатады.
Еуропа құрлығында кедейшілік капитализмнің орнығуымен асқына түсті.
Мысалы, Ф.Бродель кедейшілікті XVI-XVII ғасырларда кедейшілік мәселелерін
көтеріп, оны буржуазиялық қатыгездіктің жүгенсіз үлгісі ретінде анықтады.
Кедейлерді тап ретінде алғаш рет ағылшын ғалылымдары. А. Смит, Т. Мальтус,
Д. Рикардо және басқалар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде
туындайтын құбылыс, дәстүрлі қоғамнан индустралды құрылысқа өтудің
жеккөріністі нәтижесі ретінде сипаттады. А.Смит өз еңбектерінде
кедейшілікпен күрес барлық капиталистік дүниеге тән құбылыс. Ал,
Т.Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың шектен тыс өсуі мен азық-
түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым
көбейіп кетуіне байланысты туындайтын құбылыс оған кедейлердің өздері
кінәлі деп санады. Т.Мальтустың көзқарасы бойынша мемлекеттік көмек жүйесі
осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әртүрлі
аурулар, соғыс сияқты тиімді “көмекші құралдар” арқылы реттеліп отырылуы
тиіс деп есептеді.[6]
Х1Х ғасырдың ортасында белгілі социолог Г.Спенсер кедейлік қоғамдағы
заңды құбылыстардың бірі деген анықтама береді. Ол өз еңбектерінде кедейлік
пен теңсіздік қоғамдық өндіріс тұрақсыздығына орай туындап, отырады.
Өндіріс тоқырауға көп ұшыраған сайын кедейлік өсе түседі. Сондықтан
кедейлік қоғамдық әлеуметтік құбылыс, ол әр адамның жеке проблемасы деген
пікір білдірді. Дегенмен кедейліктің нақты критерийлерін анықтау мүмкін
емес. Кедейліктің ең ауыр түрі – қайыршылық. Ал, Ф.Гиддинс кедейлікті екі
түрлі бағалайды: бір жағынан ол жоюға болмайтын зұлымдық, екінші жағынан
әлеуметтік прогресс серігі. [7]
Ж. Прудон кедейлік - әлеуметтік құбылыс, оны жою еңбек өнімділігінің
өсуімен анықталады деген қөзқарас ұсынды. Ол абсолюттік және салыстырмалы
кедейлік түрлерін бөліп сипаттады. Салыстырмалы кедейлік адамзатқа тән
белгі. Өндіріс өсіп қоғам өркендеген сайын адамдардың да қажеттіліктері де
өсе түседі. Адамдардың сұраныстарына қоғамның даму деңгейі сәйкес келмей
қалады. [8]
Э. Реклю “Байлық және кедейлік” атты еңбегінде кедейліктің ең ауыр
түрі – қайыршылық деп атап көрсетеді. Ол адамға өмір сүруге қажетті
анықтай келіп, негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын адамдарды
кедейлер деп анықтаған. Оның тұжырымдауы бойынша, кедейлікті жеңудің шарты
– ауыл шаруашылығы мен өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бірдей
бөлу. [9]
Ағылшын ғалымдары Ч. Бут пен С. Раунтри Х1Х ғ. аяғында кедейшілік
мәселесіне қатысты жан-жақты зерттеуді жүргізіп, кедейлікті анықтаудың
негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу, киім кию, баспанамен қамтамасыз
етілу қажеттіліктерін өтей алмауын атаған. Сонымен қатар Ч.Бут адамның
табысын өзінің негізгі қажеттіліктерін өтеу деңгейі, денсаулығы мен жұмысқа
қабілетін сақтап отыруға керекті тіршілікке қажетті стандартттарды
анықтауға тырысқан. Ч. Бут пен С. Раунтри бірінші болып кедейлік шегін
анықтаған ғалымдар. Олар Ұлы Британияда жүргізген социологиялық
зертеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, ағылшындардың 30 пайызы өмір бойы
кедей күйінде қалып отыратынын дәлелдеген. С. Раунтри, сонымен қатар
кедейліктің бірінші және екінші кезекті түрлерін бөліп көрсеткен ғалым.
Кезектегі кедейлік деп ол адамдардардың тапқан табысын дұрыс қолданбауына
байланысты төмен материалдық жағдайға ұшыраған жағдайда қолдануға болады
деп есептеген. С. Раунтри алғаш болып кедейлер мен жай ғана қаражаттарын
дұрыс қолданбайтын адамдардың арасындағы айырмашылықты ашып берген. Ол
негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға икемді отбасы деңгейін есепке
алып, кедейліктің шегін анықтаған. С. Раунтридің түсіндіруі бойынша
абсолюттік кедейлік қаражатты дұрыс қолданудың өзінде отбасының негізгі
қажеттіліктерін өтеуге жағдайы келмегенде қолданылса, салыстырмалы кедейлік
адамның не отбасының ақшаны дұрыс қолданбауының нәтижесіндегі кедейлікті
бейнелейді.
ХХ ғасырдың 60-ыншы жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса
бастады. М. Оршанский бюджеттік мәліметтерді сұрыптай отырып тұрмыстың,
киіну және т. б. ең керекті қажеттіліктердің сандық параметрлерін анықтау
тәсілін ұсынды. Ол Энгель коэффициентін қолдана отырып, өткен ғасырдың 80-
інші жылдарына дейін АҚШ-та қолданылып келген кедейліктің салыстырмалы
шегін анықтау тәсілін негіздеп берді. Энгель коэффициенті бойынша табыс
мөлшері төмен болған сайын тамаққа белгіленген шығын көлемі ұлғая түседі.
ХХ ғасырдың 70-інші жылдары Жоқшылық концепциясы түзілді. Оны
негіздеушілер болып Маршалл мен П. Таунсенд аталады. Олардың қөзқарасына
сәйкес, қоғамда ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы
кедей деп есептелген. П. Таунсенд “Ұлы Британиядағы кедейлік” атты

сүретін қоғамның өміріне араласа алмайтындар,қоғамда қалыптасқан өмір сүру
деңгейі мен керекті қоректік заттарды табуға мүмкіндіктері жоқ адамдар
кедей болып есептеледі”. [10] Оның анықтауынша ағылшындардың 25 пайызы
үнемі кедейлік жағдайд өмір сүрсе, 50 пайызы кедейліктен қорқып өмір
сүреді.
Ал, А.Маккоулидің анықтауынша, кейбір адамдардың жағдайы өздері өмір
сүретін қоғамның өмір сүру деңгейіне сәйкес келмесе, кедей болып саналады.
Кеңес өкіметі тұсында С.Г.Струмилиннің бастауымен 1918 жылы
Петроградта жұмысшылардың табыс көзі мен тұрмыс деңгейлері зерттелді.
Кейін осы зерттеуді А. М. Стропани одан әрі жалғастырып, Кеңес
Одағының 40-тан астам қаласында зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер
жұмысшылардың табысы материалдық жағдайы, тамақтануы, т.б. туралы біраз
ақпарат жинастыруға мүмкіндік тудырды жәнеде 1920 жылы Харьковте,
Донбасста, Петроградта, ал 1921 жылы Ташкентте, 1922 жылы Оралда, т. б.
Қалаларда жұмысшылардың табыс көзін, тұрмысын, көңіл-күйін зерттеулерге
жол ашты.
1918 жылы міндетті төменгі жалақы мөлшерін есептеп шығару үшін өмр
сүруге жеткілікті төменгі күнкөріс деңгейін анықтауға, есептеуге алғаш рет
талпыныстар жасалды. Өмір сүруге қажетті күнкөріс себебін анықтау тәсілі
негізделмегендіктен, оның негізі ретінде азық-түлікке кететін төменгі шығын
алынған. Ол нақты тұтынуға қажетті калорияға кететін шығынды анықтау немесе
физиологиялық қажеттілік негізінде есептелген. Дегенмен анықтауыш шамасы
физиолог-ғалымдардың есептеген физиологиялық қажеттіліктерден әлдеқайда
төмен болған. Азық-түлікке кететін шығындар үлесі өмір сүрудің деңгейлік
шамасы көлемінің 26-72 пайызын ғана құраған. Өмір сүру деңгейлік шамасының
әртүрлі болуы төменгі жалақы шамасын белгілуге мүмкіндік бермеген.
Сондықтанда болар Кеңестер Одағында 1930-шы жылдан бастап өмір сүрудің
төменгі деңгейін анықтау мәселесі күн тәртібінен алынып тасталған.
Социологтар кедейліктің тұрақты және жылжымалы түрлерін ажыратып
талдайды. Біріншісі кедейлік кедейлікті тудырады деген көзқарасқа сәйкес
келеді. Тұрмыстың төмендігі денсаулықтың нашарлауына, біліктіліктің
төмендеуіне алып келеді. Соның нәтижесінде тұлға өзін төмен ұстанып,
уайымға салынды. Кедей отбасыларынан шыққан балалар өздері де келешекте
кедейлер санын толықтыруы боламыз деп санауы мүмкін. Бұл орайда ұрпақтан
ұрпаққа өтетін кедейлік туралы айтылады. Жылжымалы кедейлік бай, не орта
бақуаттылықтағы адамның статусының төменге қарай жылжуын бейнелейді. Л. А.
Гордон кедейліктің әлеуметтік және экономикалық түрін бөліп көрсетеді.
Әлеуметтк кедейлік дымы жоқ әлсіз топтарға экономикалық кедейлік азда
болса өмірлік талшығы бар кедейлерге қатысты айтылды. Әлсіздер кедейлігі
еңбек етуге жарамсыз, адамдарға, көп балалы отбасыларына, асыраушысы жоқ
отбасыларына, мүгедектерге, ауыру, психологиялық есепте тұратын адамдарға
қатысты айтылады. Жағдайы кедейлігі жұмысқа қабілетті, қалыпты өмір
стандарты бойынша өмір сүруге жағдайы келетіндердің қиын жағдайға түсуін
бейнелейді.
Социологилық әдебиетте кедейліктің келесі түрлеріде бөлініп талданады:
Абсолюттік кедейшілік, салыстырмалы кедейшілік, қайыршылық деңгейдегі
кедейшілік, субъективті кедейшілік т.т. Абсолюттік кедейлік индивидтің
өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге, жылуға деген негізгі
сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық
өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын ғана қанағаттандыруға
мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік кедейліктің сапалық көрсеткіші
кедейлік табалдырығы болып есептеледі. Абсолюттік кедейлік бірінші деңгейлі
кедейлікке жатқызылады. Ұлыбританиялық зерттеушілері Ч.Бут пен С.Раунтри
кедейліктің осы типінің көп кездесетітін атап көрсеткен.
Салыстырмалы кедейлік адамның басқа адамдармен салыстырғандағы
қаншалықты кедей екенін анықтайды. Бұл жерде салыстырмалы кедейлік
индивидтің қоғамдағы кедей табына жатпайтын басқа таптар мен топтар
иеленіп отырған байлық пен молшылыққа қарағандағы кедейлік деңгейін
білдіреді. Бұл мазмұны белгілі бір әлеуметтік қабатты екінші осындай бір
қабатпен салыстырудан туындайды. Сонымен қатар кедейліктің бұл түрі адамның
нақты бір өмір сүру стандартына қарағандағы кедейлік деңгейін де көрсетеді.
Салыстырмалы кедейлік бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік
жағдайын және мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы, көруі. Яғни,
салыстырмалы кедейлік қоғамдағы барлық топтардың өмір сүру деңгейі арта
түскен жағдайда да сақталып қалады. Кедейліктің бұл түрі адамның табиғи
сұраныстарымен ғана емес, сонымен қатар алдағы болашағынан күтетін
салауатты өмірге ынталықтарымен байланыстырады.
Дүние жүзі елдерінде кедейліктің сипатттамасы сол елдің материалдық
жағдайына қарай әртүрлі болып келеді. Дамыған елдердегі кедейлік – осы
елдердегі өмір сүрі, стандартына, деңгейлеріне басқа елдерге қарағанда
молдығының жоғарылық деңгейімен анықталады. Кедейліктің бұл елдердегі
деңгейі осы елдердің өмір сүру сапасының деңгейімен өлшенеді. Бұл
кедейліктің салыстырмалы түрі.
Салыстырмалы кедейлік – белгілі бір қоғамдағы немесе елдегі өмір сүру
стандартын, немесе қалыпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін
болмауы. Мысалы, американдық кедейлер американдықтардың өмір сүру
нормаларының жоғарлығына сай қарастырғанда шынымен де кедей тапқа жатады.
Ал, дамуы төмен елдер кедейлері американ қоғамнда кедейлер деп
танылатындарға қарағанда өте кедей болып есептеледі. Бірақ, американдық
болмасын, африкандық болмасын бәрі бір олардың әрқайсысы да өздігінше
кедейлер саналынды. Қай елде де кедейліктің деңгейін анықтаудың өзіндік
ішкі есептері бар. Мысалы, кедейліктің табалдырығы АҚШ-та 1 жыл аумағында
100000 доллардан төмен табыс көзін құраса, Бангладеште бұл көрсеткіш 120
АҚШ долларынан, Бутанда 100, Гаитиде 330, Малиде 130 АҚШ доллары
төңірегінде де деп есептеді. Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда ең
төменгі табыс көзінің жылдық көрсеткіші осылар деңгейлес.
Қамтамасыз етілмеу ұғымымен қарапайым физиологиялық және әлеуметтік
қажеттіліктердің қанағаттандырылуы, бірақ, жоғары деңгейдегі
қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы бейнеленеді. Айталық адамдар тамаққа
деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен,
олардың тамақ рационын толық қажеттілік нормаларына сай келеді деп айта
алмайсыз. Бұл деңгейдегі кедейлер өз деңгейлерінде болмаса да, демалуға да,
киінуге де, емделуге де қаржы таба алады. Бірақ, бұл қажеттіліктің бәрі өте
төмен деңгейде өтеледі.
Кедейліктің ең төменгі сатысы қайыршылық деңгейі деп саналады. Қайыр
сұрау арқылы өмір сүруші адам қайыршы деп есептеледі. Қайыршылықты кейде
өте терең кедейлік деп те атайды. Қайыршылықты абсолюттік кедейшіліктен
ажырата білу керек. Кедей адамдар тапқан жалақысына, зейнетақысына
әлеуметтік көмек арқылы өмір сүрсе, ал, қайыршылар тек қайыр сұрау арқылы
өз қажеттіліктерін өтейді. Әлеуметтік белгісі тұрғысынан қайыршылар
санатына өздерінің уақытшы тамақтану тек қажеттіліктерін өтей алатын,
биологиялық тіршілік етуін ғана қанағаттандыруға шамасы келетін адамдар
жатқызылады.
Шет қалушылық кедейліктің бір түрі саналады. Кедейліктің бұл түріне
адам өзінің денсаулығына қарай алмай, маскүнемдікке салынып кеткен немесе
басқа себептерге байланысты материалдық және рухани-мәдени байлықтарға қолы
жетпейтіндігі қосады. Әлеуметтік шет қалушылық адам құқықтарының ең
қарапайым нысандарына қол жеткізе алушылықтан шектеулерге тап болған әрі
молшылықта өмір сүруге жағдайы жоқ адамдар тобына қатысты қолданылады.
Мысалы, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер және т. б.
Қуып жетуші кедейлік – бұл құбылыстың мәні материалдық және басқа да
құндылықтардың мәртебе тұтынуына байланысты қолданылады.
Шетелдік социологтар сонымен қатар, алғашқы және екінші кезектегі
кедейлікті де бөліп-бөліп көрсетеді. Алғашқы кезектегі кедейлік өздерінде
бар қоректі және күшті максималды түрде керегіне қарай үнемдеп
пайдаланғанның және тиімді өмір салтын ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің
шегінде қалып отырған отбасыларында орын алады. Екінші кезектегі кедейлік
қоректік қорларын тиімсіз пайдалануына байланысты негізгі өмірлік
қажеттерін өтей алмайтын отбасыларын сипаттайды. Ресейлік ғалымдар
кедейліктің екі түрін сипаттады. Олар “тұрақты” және “жүзудегі” деп
бөлінді. Е.Бреев пен Н.Римашевскаяның түсіндірулерінше кедейлік тұрақты
кедейлікті қайта жаңғыртады. Адамның материалдық қамтамасыз етілу
деңгейінің төмендігі денсаулықтың төмендеуіне, мамандану деңгейінің
біртіндеп төмендеуіне, біліктілік деңгейінің жетіспеуіне, ең соңында
адамдық қалыптан айырылуына алып келеді. Кедей ата-ананың балалары да
потенциалды кедейлер, яғни алдағы өмірінде кедейлер табын толықтырушылар.
Кедейлердің аз бөлігі ғана өздері шыққан ортадан қашып, жаңа жағдайларға
бейімделуге ұмтылыс жасайды. Л.А.Гордон әлеуметтік және экономкалық
кедейлікті бөліп-бөліп қарастырылады. Біріншісіне жұмыс істеуге қабілетсіз,
ауыру, есепте тұратын адамдар тобы жатады.
Жұмыс істеуге қабілетті, қалыпты өмір сүруге қажетті табыс табуға
қабілетті жандар бірақ олардың тапқан табысы қазіргі өмірге сәкес өмір
сүруге жеткілікті емес. Мұндай кедейлік экономикалық кедейлік деп аталады.
[11]
Кедейшіліктің түрлерін төменгіше бөлуге болады:
• жеке әлеуметтік кедей топтарға тән кедейшілік;
• әлеуметтік сілкіністерден туындаған мысалы, өндірістің болмауынан
туындаған жұмыссыздық т.т. кедейшілік.
Өндірістік жүйесі мықты дамыған мемлекеттерде әлеуметтік тұрғыдан
жоқшылықта өмір сүретін кедей топтар өмір сүреді, олардың кедейшілік
деңгейі ең төменгі күнкөріс шамасымен анықталады. Кейбір жекелеген адамдар
өмір сүру жағдайларына байланысты (мысалы, мүгедектік, ауру себептері,
ішімдікке салыну т.т.) кедей болуы мүмкін.
Кедейлер нақты субмәдениетпен сипатталады. Оларда қоршаған нақтылықты
дұрыс қабылдауға қажетті сапалар қалыптаспаған. Кедейлер нақтылықты кері
бағалауға, пессимизмге және түңілуге бейім. Шет қалу мен депривация
кедейлердің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, қалыпты өмір сүруге
қажетті қайнарлардың жетіспеушлігі адамның күнделікті құқықтарының
шектелуіне және қалыпты өмір сүру салтын сақтай алмауына алып келеді.
Демек, кедейлік адамның түңілуі мен үмітінің үзілуі жағдайының нәтижесі
болып есептеледі. Қажетті білімнің, мамандықтың болмауы, материалдық және
рухани құндылықтардағы жұтаңдылық бұқаралық ақпарат құралдары хабарына және
мәдени ақпараттарды пайдалана алмауы адамның рухани мешеулігіне алып
келеді. Кедейлер әлеуметтік-мәдени тұрғыдан мешеу адамдар. Социологтар
кедейліктің білдіретін белгілер қатарына төмендегі көрсеткіштерді
жатқызады:
- экономикалық және әлеуметтік тәуелділік;
- рольдік мінез-құлықтың анық моделдерінің болмауы;
- қоғамға жат мінез-құлық;
- өмірлік жоспардың және өзіне деген сенімнің болмауы;
- отбасы ішіндегі қатынастырдығы қақтығыстардың жоғарылық деңгейі;
- отбасында әйелдің жетекші роль атқаруы;
- ерте жыныстық қатынас;
- физикалық күшке табыну; [12]
Кедейлік сонымен қатар билік, статус, мәртебе сияқты өмірлік мәні бар
саяси атрибуттармен байланысты. Кедейлер ретінде ел тұрғындарын басқа
топтарына қарағанда саясаттан алыс тұрады. Кедейлер биліктен қашық өмір
сүргенімен елдің барлық тұрғындары сияқты барлық заңдық құқықтарға ие
қазіргі заманда кейбір елдерде кедейлер қоғамның саяси өмірінде біршама рөл
атқарады. Саясаткерлер кедейлерді ел тұрғындарын белгілі бір бөлігі ретінде
билікке ұмтылуда және саяси реформаларды жүзеге асыруда жиі пайдаланады.
Кедейшілік ұғымына осы сөздің толық мағынасында және сараптауда
қолданылатын дәстүрлі амалдар абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең
алдымен адамның табыстары мен оның тұтыну деңгейін салыстыра талдайды. Бұл
тәсілдерді алғаш рет әлеуметтану ғылымында қолданған француз оқымыстысы
Ж.Прудон болды. Адам егер организмнің физиологиялық мұқтаждарынан
туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік
стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайларын
абсолютті кедейшілік деп атайды, ал салыстырмалы кедейшілік кезінде
қоғамда ең көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық
мүмкіндіктері жоқ адамдарды жатқызады . Одан басқа, кедейшілік адамдардың
тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлерінің негізінде бағалануы мүмкін,
осындай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме
субъективті кедейшілік туралы қозғалады. [13]
Кедейлер дегеніміз – қоғамды құрайтын әлеуметтік-экономикалық және
мәдени-психологиялық терең тамыры бар әлеуметтік топтар жиынтығы. Социолог
ғалымдардың пікірінше дәлелдеуінше кедейлердің пайда болуының үш себебі
бар:
- әртүрлі ситуацияларға байланысты кедейшілік, қоғамда адамдар
арасындағы әлеуметтік ауытқулардан туындайтын кедейшілік, отбасында
асыраушысынан айырылған жағдайда, нарықтық жағдайдың тақсыретінен,
жұмысқа жарамсыздықтан немесе жұмыссыздықтан туындайтын кедейшілік.
- жаратылысына байланысты кедейшілік – субъективті іс-әрекетсіздіктен
пайда болады, мұнда, білімсіздік, мамадықтың игере алмауы,
психологиялық, рухани қажеттіліктердің жетіспеушілігінен, тәрбиесінен
туындайды.
- жасанды кедейшілік – бұл қоғамдағы кедей топтардың әлеуметтік
саясаттан тыс қалуынан, көрсетілетін әлеуметтік көмектің дер кезінде
берілмеуінен, әлеуметтік көмекті тағайындаудан қашқақтайтын
жағдайлардан, қателіктерден туындайтын кедейшілік.
Кедей топтардың қоғамдағы рөлін, өзіндік табиғатын және олардың
әртүрлі әлеуметтік шағын топтарын жеке-жеке алып қарастыру қоғамның
әлеуметтік құрылымын анықтаудың негізгі салаларының бірегейі. Қоғамның
әлеуметтік құрылымы дегеніміз қоғамдағы әлеуметтік топтардың, таптардың
және әлеуметтк институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара
қатнастары. Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын теориялар кедейлердің
өзін әртүрлі топтарын сипаттайтын өзгешеліктеріне қарай әр түрлі шағын
топтарға бөліп-бөліп қарастырады. Демек, кедейшіліктің де әртүрлі типтері
бар. Мысалы, қарапайым кедейшілік. Себебі, кедейлердің бұл тобы тек
материалдық жағынан кемістеу келеді. Олардың табысы төмен, жеке басына
жетер –жетпес мөлшерде ғана оларда күнделікті қажет заттарға, мысалы, киім-
кешекке, тамаққа, үйге, пәтерге, қаражат көздері жете бермейді. Бірақ бұл
топты күйзеліске ұшыраған, материалдық және моралдық жағынан азғындаған
топ деп қарауға болмайды. Себебі, олар тым жоқ дегеннен сәл де болса жоғары
деңгейде өмір сүреді. Кедейлер мынадай әлеуметтік жіктерге бөлінеді.
Мысалы, жалақысы төмен деңгейдегі адамдар немесе мүгедектер, немесе
көпбалалылар, немесе ауру-сырсаң адамдар, жетімдер, жесірлер, жалғыз басты
әйелдер, пәтері жоқ панасыздар, қайыршылар, ауыл шаруалары, жұмысшылардың
кейбір жұмыссыз жүрген топтары, ұсақ сауда саттықпен айналысушылар, бас
бостандығынан айырылғандар, оралмандар, кейбір бөліктері босқындар т.т.
Кедейшілік пен қайыршылық бүгінгі таңда Қазақстан қоғамының ең күрделі әрі
өзекті мәселелерінің бірі. Ел дамуынына кері әсер етіп отырған құбылыс.
Оның салдарынан әлеуметтік деңгейдегі әр түрлі қиын өзекті мәселелер
туындап жатады.
Қазақстан кедейлерінің әлеуметтік құрылымы туралы түрліше деректер
бар. Біз алдымен кедейлердің қоғамымызда қаншалықты екендігін белгілеп
алайық. Кейбір ғалымдардың жинастырған дерек көздеріне қарағанда кедейлер
көрсеткіші 40%-ға жуық, дегенмен, ресми деректер бойынша шамамен 20-25
пайыз. Дегенмен, біз анау айтқан бай ел емеспіз. Егер кедейшіліктің
туындауына жұмыссыздық, өндіріс орындарының аздығы, әлеуметтік
реформалардың тиімділігінің төмендігі, күнкөріс деңгейінің төменгі шегінің
төмендігі, білім беру, денсаулық сақтау, экологиялық проблемаларды шешу мен
халықтың жалпы мәдени деңгейінің төмендігі, т.т. себебін тигізуде. Өткен
ғасырдың 90-шы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бастамасымен
кедейшілікті азайту мәселелері көтерілген бірнеше жиындар өткізілді.
Солардың ішінен 1995 жылы Копенгаген қаласында өткен Әлеуметтік даму
жөніндегі әлемдік самитті ерекше атап көрсетуге болады. Онда қабылданған
Декларацияға сәйкес 1997-2006 жылдар аралығы БҰҰ – ның кедейшілікті жою
онжылдығы деп жарияланған болатын. Осыған орай БҰҰ даму бағдарламасы
аясында Қазақстанда да іс жүзіне асыра бастады. Ондағы мақсат алдағы он
жыл ішінде Қазақстанда кедейшілікті азайту үшін төмендегідей іс-шараларды
жүзеге асыру болатын.
- Бір күндік табысы 1 АҚШ долллардан аспайтын кедейлердің санын 2
есеге азайтуқысқарту;
- Кедейшілік жәрдемақыны уақыт талабына сай үнемі көтеріп отыру;
- Жалпыға бірдей бастауыш білім беруді қамтамасыз ету;
- Бастауыш және орта білім беру арасындағы деңгейіндегі алшақтықты
2007 жылға дейін мейлінше қысқарту;
- Қоғамды демократияландырудың жаңа бағдарламасын түзеу;
- Ана мен бала өлімі көрсеткішін үштен екіге азайту;
- Халықтың басым көпшілігінің медициналық көмекке бірдей қол жеткізуін
қамтамасыз ету.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы зерттеу тобы мен
қазақстандың билік бірлесіп әзірлеген бұл іс-шара толық жүзеге асырылды.
Бұл туралы ел басшысы 2010 жылы Қазақстан халқына Жолдауында мәлім етті.
Соңғы 10 жылдың ішінде, деп атап көрсетті Н.Назарбаев – орташа айлық жалақы
5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті.
Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4
есеге (50%-дан 12%-5а дейін) азайды.
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір
ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды.
Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті.
Он жылдың ішінде 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Біздің жетістіктерімізді мойындай отырып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы
Бағдарлмасында Қазақстанды адам әлеуметінің жоғары деңгейі бар елдер
санатына қосты. Бұл – біздің өскен әл-ауқатымыздың даусыз дәлелі. Он жылда
350 мың отбасы – бұл шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үйге ие болды. [14]
Әрине, осы жоғарыда елбасымыз нақтылаған деректерге қарамастан, алдағы
жылдары да Қазақстанның әлеуметтік құрылымында өзіндік орны бар –
кедейлерге көрсетілетін көмек ұлғая түспесе, кемімейді. Сондықтан
Қазақстандық билік БҰҰ Даму Бағдарламасы зерттеу тобымен бірлесе отырып,
алдағы 5 жылға, яғни 2010-2015 жылдар аралығына Қазақстанда адам дамуы мен
кедейшілікті азайтудың жаңа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz