Қазақстандағы кәсіпкерлік жайында мәліметтер


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті
Тақырыбы: Қазақстандағы кәсіпкерлік
Қабылдаған: Қарабай Қ. Ә.
Орындаған: Тобагабылов А.
Тобы : ЖМК-611
Түркістан-2008ж
Жоспар
- Кәсіпкерлік. Экономикалық мазмұны, белгілері мен түрлері
- Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Қалыптасуы және даму проблемалары
Кәсіпкерлік. Экономикалық мазмұны,
белгілері мен түрлері
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын қызметі. Тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді ізденумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің субьектілері жеке тұлғалар, әртүрлі ассоцияциялар, акционерлік қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік обьектілеріне шаруашылық қызметтің кез-келген түрі, коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:
- Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар мен қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін өндіріс процесі құрайды.
- Коммерциялық кәсіпкерлік - тауарлар мен қызметтерді сатып алу-сатумен айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналымпайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шеңберінде болса алыпсатарлыққа жатпайды.
- Қаржылық кәсіпкерлік - сатып алу-сату обьектісі ақша, бағалы қағаздар, валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі.
- Делдалдық кәсіпкерлік - бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызмет. Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
- Сақтандыру кәсіпкерлігі - сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыпу жарнасын алып отыратын қарды кәсіпкерлігінің ерекше формасы.
Кәсіпкерліктің барлық түрі табыс табуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет тек бірғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әртүрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылатын капиталдың толық меншікті болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын да қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел ережесі өседі. Ал тәуекел дегеніміз жоспар немесе болжауда қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз байланыста болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Кәсіпкерлік әртүрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік - бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- Қызмет сферасын таңдау еркіндігі; Бизнес көлемінің шектелмеуі; Қатаң бағамен шектелмеуі;
Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез-келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан жағдайында шағына бизнеске мынадай анықтама беруге болады: шағын бизнес бір немесе бірнеше инвестормен құрылатын географиялық шектеулі аймақта қызмет ететін нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқару сипаты икемділікпен ерекшеленетін кәсіпорындар. Шағын бизнестің ерекшеліктеріне оның икемділігін, өндірілетін өнім мен қызмет түрін тез өзгертуге қабілетті, технология және басқа да қызмет сфераларында жаңалықты ендіруге икемділігін жатқызуға болады. Сонымен қатар жұмысшылардың басқару, табысты бөлуге қатысуға тікелей мүмкіндіге бар. Ірі фирмаларда құрылтайшылар кәсіпорынды басқаруға кәсіпқой менеджерлерді тартады, бұл өз кезегінде екі жақ мүдделерінің келіспеушілігін туғызады, нәтижесінде басқару тиімділігі төмендейді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай келіспеушілік жоқ, өйткені кәсіпорынның негізін қалаушы мен менеджер бір адам болып табылады. Шағын кәсіпорынды құрудың бірнеше формасы бар: жаңа кәсіпорынды бастау, бизнесті сатып алу, франчайзинг және жанұялық бизнес. Батыс елдерінде шағын бизнес шаруашылықтың елеулі бөлігін құрайды. Мұнда бизнестің франчайзингтің және венчурлық формалары кең тараған. Біздің республика үшін шағын бизнес формаларына франчайзинг пен жанұялық бизнесті жатқызуға болады.
Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін келісімшарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізу, құрал-жабдықтар сатып алуға, несие алуға көмек түрінде жеңілдіктер бар. Франчайзингтік қатынастардың үш типі бар:
- Франчайзер - өнім шығарушы немесе қызмет көрсетуші фирма өзінің өнімін өндіру немесе қызмет көрсетуге франчайзи құқығын береді.
- Франчайзер - өнімді негізгі өндіруші өзінің өнімін көтерме саудамен сату бойынша франчайзи құықғын береді.
- Франчайз - көтерме саудагер, франчайзи фирмаға бөлшек сауда бойынша құқық береді.
Артықшылығы: оқыту мен дайындау, қаржылық көмек, маркетингтік көмек, басқару көмегі, бизнесті тез бастау, қауіп-қатер деңгейінің төмендігі.
Кемшілігі: франчайзингтік төлем, өсу шектеулілігі, тәуелсіздіктің шектеулілігі, келісімшарт мерзімі мен іс-қимылдың шектеулілігі, тек бір ғана франчайзермен жұмыс жасау мүмкіндігі.
Шағын бизнестің қалыптасуының келесі жолы - бір жанұя мүшелерінің күшімен құрылған және қызмет істейтін жанұялық бизнес. Жанұялық бизнестің басты артықшылығы бизнесті жүргізуге көмектесетін туысқандық байланыстардың болуы. Тағы бір артықшылығы ірі корпорациялармен салыстырғанда жұмысшылардың жағдайына жоғарғы дәрежеде көңіл бөлінеді. Жанұялық бизнес кәсіпорындары кәсіпорын мөлшері, өнім мен қызмет түрі бойынша әр түрлі ерекшеленеді.
Венчурлық фирма - ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Олар жаңалықтармен бизнес жасайды. Қазақстанда кәсіпкерлек қызмет формалары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен анықталған. Соған сәйкес барлық ұйымдар (заңды тұлғалар) коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар формасында құрыла алады. Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативтері, қоғамдық және діни ұйымдар, қайырымдылық қорлар формасында құрылады.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Қалыптасуы және даму проблемалары
Нарықтық қатынастарға өту кезінде экономикалық реформаны сәтті жүзеге асыру кәсіпкерлікті жан-жақты дамытуды ұйғарады, ол Қазақстанның 2030 стратегиясынан шығатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты роль ойнайды. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік алғашқы рет шағын кәсіпорындар түрінде 1992 жылы пайда болды. Ол кезде олар 34506 бірлікті құрады. Олардың үлесіне республикадағы жұмыспен қамтылған жалпы жұмысшылар саны-ның 6%-і және ЖОІ-нің 7%-і тиді. 1992 жылы шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңда жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі түрлері мен әдістері бекітіліп, мемлекеттің жеке кәсіпкерлікке тікелей араласуына тиым салатын құқықтық номалар қамтылды. 1994 жылы жеке кәсіпорындардың саны 15, 7 мыңға жетіп, кәсіпорындарда жалпы 164 мың адам жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары шығады, оларда негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысушыларға қызметтерінде еркіндікті қамтамасыз ететін кепілдемелер көрсетілген. Жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде бизнесті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыру үшін бірқатар қаулылар қабылданды. 1997 жылы шағын кәсіпорындар саны 123 мың бірлікті құрады. Заңды және шағын кәсіпкерлік тұлғаларының тез көбеюіне 1997 жылы шыққан ҚР Президентінің Жарлығы үлкен ықпал жасады: «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамуын белсендіру шаралары туралы», , «ҚР-да аймақтық шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен дамыту бағдарламалары және басымдықтар туралы» және шағын бизнестің өзекті мәселелерін іс жүзінде шешу үшін қабылданған бірқатар заң және нормативті актілер. Осылайша Қазақсанда елдегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті деңгейде кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін шағын бизнестің берік құқықтық базасы құрылды. Қазіргі кезде кәсіпкер-лердін саны жылдан-жылға өсіп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz