ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ
ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымы
Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымы кедей топтарды құрайтын
әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше белгілермен, олардың тұрмыс деңгейі,
ұлтық, аймақтық ерекшелігімен зерттеледі.
Кедейлердің әлеуметтік құрылымы кедейшілік деңгейде өмір сүретін
төмен топтар, олардың қоғамға тигізетін әсері зерттеу өте маңызды. зерттеу
нәтежиелері өте маңызды. Кедейлердің әлеуметтік құрылымын әлеуметтанулық
зерттеулер жүргізіп, олардың арасындағы әртүрлі әлеуметтік белгілері мен
ерекшеліктерін, өзара байланыстары мен іс-әрекеттері ғылыми талдау
негізделеді.
Кедейлер - қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табын құрайды.
Теориялық әлеуметтануда әлеуметтік тап - ұғымына мынадай ғылыми тұжырымдама
береді. Әлеуметтік тап - әлеуметтік стратификация теориясындағы ірі
таксонометриялық талдау бірлігі. Бұл категория әлеуметтік стратификация
теориясынан бұрын пайда болған [2]. Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы
талдаудың маңызды принципі таптық көзқарас болып табылады. Оның негізінде
әлеуметтік қарым-қатнастар мен байланыстардың, әлеуметтік рухани және
материалдық өмірдің әр түрлі шарттарының себеп – салдарын түсіндіру жатыр.
Кедей табы ұғымы - өте айтарлықтай ірі көлемді талдамалық бірлік. Біздің
зертеулерімізде кедейлердің таптық құрылымы негіз болады.
Отандық және шетелдік әлеуметтанушылар сонымен қатар
кедейшіліктің құрылымы түсінігін кеңінен қолданады. Кедейліктің
құрылым – кедей шаруашылықтардың жас топтары бойынша үлесінің құрылымы
немесе кедейлердің жасы және әлеуметтік топтар бойынша саны, олардың
әлеуметтік белгілері, ұлтық құрамына, аймақтық ерекшеліктеріне, өзара қарым
- қатнасы мен қызметтері жүйесін қарастырады. Мысалы, зейнеткерлер,
жұмыссыздар, мүгедектер, қайыршылар мен қаңғыбастар, еркектер, әйелдер,
жанұялы немесе жалғыз бастылар, қарт адамдар, ұлттар, әрбір өңірдегі
кедейліктің көріністері арасында кедейлікті топтау болып табылады.
Кедейлер әлеуметтік құрылымының төменгі табы әдетте, әлеуметтануда
кедейлік проблемасымен ассоциаланады. Басқаша айтқанда төменгі тап - бұл
кедейшілікті біріктіру аймағы. Қазіргі таңда, кедейшіліктің әлеуметтік
құрылымы және әлеуметтік бейнесін қарастырып, әлеуметтік зерттеулер
жасағанда әрбір мемлекет немесе қоғам үшін маңызы жоғары.
Кедейшілік әлеуметтік бейнесі - кедейшілік табалдырығына жақын өмір
сүретін әлеуметтік-демократиялық елді мекеніндердің кедейшілік себептерін,
оны күресу жолдары кедейшіліктің әлеуметтік құрылымының өзгерістеріне алып
келеді. Шет елдік және отандық әлеуметтанушылар кедейшілік құрылымы
түсінігін пайдаланады осы мәселелерге байланысты көптегн әлеуметтік
бағдарламалар мен кедейшілікті төмендету жолдарынғылыми тұрғыдан дамытып
келеді. Кедейшілік құрылымы - бұл жас ерекшелік тобына үй шарушылық үлесіне
қарай композиция, яғни кедейшілік деңгейі жас ерекшелігіне және әлеуметтік
тобына қарай есептелген.
Кедейлер өмір сүру деңгейіне, табысы мен шығынына және басқа да
критерилеріне қарай әртүрлі қабаттар мен топтарға бөлінеді. Материалдық
жағынан қамтамасыз етілмеген топқа жататын кедейлер және өте кедейлер,
кедейлердің ең төменгі тобы бар. Бұл топқа қайыршылар мен өте мүқтаждық
көруші адамдар жатады. Бұл топты андер тапқа жатқызуға болады.
Қазақстанның қазіргі әлеуметтік құрылымында бірнеше топтарды бөліп
көрсетуге болады:
- табыс деңгейі төмен және материалдық жағдайы нашар адамдар;
- кәсіби дайындығының ескіруіне не жеткіліксіздігіне, сауаттылық деңгейінің
төмендігіне, тұрған елді мекеніне байланысты, сонымен бірге экономикалық
қайта құрулардың нәтижесінде еңбек нарығынан тыс қалған не шығарылып
тастаған адамдар.
- табыстың кемуі мен шығынның үнемі өсуіне алып келетін күтімді қажет
ететін кәрі адамдары не ауыру адамдары бар отбасылары және балаларын өзі
тәрбиелеуші жалғыз басты аналар
- өмір сүру салтына байланысты проблемалары бар адамдар. Кедейлердің бұл
тобына еңбек еткісі келмейтіндер, мінез-құлқында жағымсыз қылықтары барлар,
ерік-жігері әлсіздер, тәуекелден қорқушылар және т. б. жатады.
Кедейлердің әлеуметтік құрылымы кедейшілік деңгейінің әйел мен еркектің
арасындағы, жанұялы және жалғызбастылардың, жұмыс істейтін жастар және елде
адамдардың, қарттар және зейнеткерлердің, мүгедектер мен жетім балалар,
маскүнемдер, жезөкшелер, нашақорлар, қайыршылар мен қаңғыбастар үлкен
әлеуметтік топты елді-мекеннің арасында бөлінгендігін көрсетеді.
Кедейлік әлеуметтік құрылымы - бұл кедейліктің елді-мекендегі топ
бойынша әлеуметтік құрылысындағы зерттеу қортыныдысы бойынша кедейліктің аз
үлесі ауыр жанұяға келетінен анықтауға мүкіндік болады. Басқаларға
қарағанда кедейшілік шегіне көбіне жалғыз бастылар, оның ішінде, әсіресе,
қарттар ұшырайды.
Кедейлердің әлеуметтік құрылымында өзгерістер пайда болды. Кедейлер
табы қазіргі кезде жеке басты аналармен, көп балалы аналармен,
зейнеткерлермен, мүгедектермен ғана емес, еңбекке жарамды адамдармен де
толығуда. Жаңа кедейлер тобына ресми жұмыссыздар, жалақысы өте төмен
бюджеттік саланың өкілдері, ауыл тұрғындарының басым көпшілігі, еріксіз
демалыстағы жұмыскерлер, тұрғындардың жаңа нарықтық жағдайға бейімделе
алмаған бөлігі, артта қалған қалалардың және экологиялық қолайсыз
аймақтардың тұрғындары, оралмандардың экономикалық тәуелсіздік пен жағдайға
жете алмаған бір бөлігі, таяу шет елдерден келген босқындар мен қайыр
сұраушылар және т. б. жатады. Қазіргі кезеңдегі кедейлер қатарында келесі
топтар бар: еңбекке жарамсыз кедейлер; еңбекке жарамды кедейлер; әрекет
етуші кедейлер; әрекет етпейтін кедейлер;дәстүрлі кедейлер; жаңа кедейлер.
Дәстүрлі кедейлер тобына дүние жүзінде мына топтарды жатқызады:
- зейнеткерлер;
- мүгедектер;
- көп балалы отбасы;
- кішкентай балалары бар жас отбасылары;
- жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;
- қашқындардың отбасы. [1]
Кедейлікті анықтауда тікелей көрсеткіштер - ең төмен күнкөріс деңгейі
мен кедейлік шегі. Бұлар кедейліктің деңгейін анықтаудағы заңдастырылған
ресми көрсеткіштер. Қазақстан Республикасының 475-1 “Ең төмен көнкөріс
деңгейі туралы” Заңында берілген анықтамаға сәйкес, ең төмен күнкөріс
деңгейі дегеніміз – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең
бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Оның мөлшерін статистика
жөніндегі өкілетті орын мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі
өкілетті орын ең қажетті емес тұтыну тауарлар мен көрсетілген қызметтерге
жұмсалатын шығындардың белгіленген үлесі қосылған ең төмен азық-тұлік
себетінің құнын негізге ала отырып шығарады. Қазақстан Республикасы бойынша
2003 жылы ең төмен күнкөріс деңгейі орта есеппен 5193 теңге көлемінде
белгіленді.
Ең төмен тұтыну себеті тауарлар мен көрсетілген қызметтердің заттай және
құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік себетінен,
азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын
шығындардан тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейі жыл сайын тұрмыс деңгейін
бағалау мен кедейлік шегін, әлеуметтік саясаттың бағыттарын анықтауға,
халықты әлеуметік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, жалақының,
зейнетақының, жәрдемақының және өзге де төлемдердің белгіленетін ең төмен
мөлшерін негіздеуге арналған.
(Ең төмен күнкөріс деңгейімен қатар, кедейлік шегі бар. Кедейлік шегі –
қоғамдағы экономикалық мүмкіндіктерге қарай белгіленетін, адамның ең төмен
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті кіріс шегі. Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 63-інші
бұйрығына сәйкес, 2003 жылы кедейлік шегі Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі Агенттігінің есептеген ең төмен күнкөріс деңгейінің 40
пайызы мөлшерінде белгіленіп, 8570 теңгені құрады.
Кедейлікті жалпы сипаттаушы көрсеткіштер. Оған өмір сүру деңгейінің
критерийлері, өмір сүру құнының индексі, жан басына шаққандағы ұлттық табыс
кіреді.
Оның құрамына Кедейлердің әлеуметтік жағдайын өлшеу үшін әртүрлі ғылыми
түсініктер мен әлеуметтік категориялар қолданылады. Олардың кейбіреуін атап
көрсетуге болады.
- Өмір сүру минимумы (кедейлік табалдырығы). Өмір сүру деңгейінің минимумы
кең көлемде әлеуметтік өлшемдермен негізделіп қалыптасып көрініс табады.
- Минималдық тұтыну бюджеті.
- Зейнетақының минималдық мөлшері.
- Минималдық жалақы мен зейнетақының сатып алу қабілеті.
- Кедейліктің коэффициенті (деңгейі)
- Табыстың жетіспеуі
- Кедейлік зонасы.
- Кедейліктің әлеуметтік портреті.
Кедейлердің сапалық құрылымының өзгеруіне кедейлікке жақын тұрғындардың
табыс деңгейінің одан әрі төмендеуі де әсер етеді. Бұл кедейліктен
қайыршылыққа көшу процесін жеделдетеді.
Кедейліктің әлеуметтік құрылым құрайтын маңызды топтартың бірі жетім
балалар. Жетім балалар қоғамдық өмірдің сиқын бұзушылар көбінесе
әлеуметтік өмірден тыс қалған, томаға-тұйық, комплексті адамдар екені
белгілі. Жетімдер дегеніміз әке-шешесінен айырылған, ата-анасыз өсуге
мәжбүр болған қоғам мүшелері. Кішкентайынан жетім қалған балалардың жақсы
тәрбие-білім алуы, олардың құқықтарының көзделуі барлық қоғам үшін аса
маңызды.
Қазақстандағы кедейшілік көрсеткіштері, 2003-2009 жылдардағы кедейлікті
анықтауда тікелей көрсеткіштер - ең төмен күнкөріс деңгейі мен кедейлікті
төмендетудің негізгі көрсеткіштері қарастырылған. Оның мөлшерін статистика
жөніндегі өкілетті орын мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі
өкілетті орын ең қажетті емес тұтыну тауарлары мен көрсетілген қызметтерге
жұмсалатын шығындардың белгіленген үлесі қосылған ең төмен азық-түлік
себетінің құнын негізге ала отырып шығарады. Қазақстан Республикасы бойынша
2009 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі орта есеппен 14954 теңге көлемінде
белгіленді.

1-кесте Қазақстандағы кедейшілік көрсеткіштері

Кедейшілік көрсеткіштері
2004 2008 2008 жыл
2004
жылға
% -бен
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 7427 12364 128
(айына орта есеппен жан басына шаққанда),
теңге

Тұтынуға жұмсаған табысы ең төменгі 23,9 12,1 35
күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық
үлесі, %
Азық-түлік қоржынының құны (айына орта 5799 9418 195,2
есеппен жан басына шаққанда), теңге
Тұтынуға жұмсаған табысы азық-түлік 6,3 1,2 19
қоржыны құнынан төмен халық үлесі, %
Халықтың нақты ақшалай табыстары, % 113,8 103,4 90
Ескерту –ҚР Сатистика агенттігі мәліметтері негізінде дайындалды

Тұтастай алғанда, кесте мәліметтері бойынша тұтынуға жұмсаған табысы ең
төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі 33,9%-дан 12,1%-ға
дейін, тұтынуға жұмсаған табысы азық-түлік қоржыны құнынан төмен халық
үлесі 6,3%-дан 1,2%-ға дейін азайған. Бұл қуантарлық жағдай болса,
керісінше, халықтың нақты ақшалай табыстары үлес салмағы 113,8%-дан 103,4%-
ға дейін төмендеп, өткен кезеңнің тек 90%-ын ғана құраған.
Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары
кедейлердің әлеуметтік құрылымын зерттеудің әлеуметтік сауалнамаларының
нәтижесі бойынша артта қалған. Бұл аймақтағы кедей топтардың саны
азайғандығын сауалнама көрсеткіштерінен байқауға болады.
2004-2009 жылдар арасында Қазақстан аймақтарында тіркелген
кедейшілік көрсеткіштері төмендегендігін көруімізге болады. Кедейшілікті
төмендетуге байланысты төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекет
тарапынан қолға алынуда. Бұл әлеуметтік артылықшылықтармен аймақтар ішінен
алға шаққандар қатарына Батыс Қазақстан мен Атырау обылыстары және Алматы
қаласы жатады.
Қазақстанда тұрғындардың әлеуметтік өмірін оңалтуға бағытталған
шаралардың жемісті болуына қарамастан кедейшілік мәселесі әлі де болса
шешілмеген мәселе болып қалуда. Бұл әсіресе еліміздің тұрғындарының 40
пайызын қамтитын ауылдық аймақтарда өзекті болып тұр. Атап айтқанда, 2001
жылы еліміздегі кіріс көзі ең аз өмір сүру деңгейінен төмен азаматтар саны
қаладағылардан 1,9 есеге көп болса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 2,9 есеге
жеткен.
Алматы облысында кедейшілік деңгейінен төмен тұратындар халықтың 0,6
пайызын құрайды

Алматы облысында кедейшілік деңгейінен төмен тұратындар халықтың 0,6
пайызын құрайды
Алматы облысында кедейшілік деңгейінен төмен тұратындар халықтың 0,6
пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз
қызметіне сілтеме жасап. Алматы облысында биыл жаңадан 10 242 адамға жұмыс
орны ашылды. Оның 53,1 пайызы ірі, орта және шағын кәсіпорындардың, 46,9
пайызы кәсіпкерлік пен шаруа қожалықтарының үлесіне тиеді. Бұдан басқа 10
848 адам уақытша және маусымдық жұмыстарға орналасты. Сондай-ақ 95,1 мың
адамға 750,1 миллион теңгенің түрлі әлеуметтік көмектері берілді. Оның
348,1 миллионын аз қамтамасыз етілген отбасындағы 18 жасқа дейінгі 57,8 мың
бала, 348,1 миллионын кедейшілік шегінген төмен тұратын 11,9 мың адам алды.
Қазіргі таңда облыстағы кедейшілік шегінен төмен тұратындардың саны 9,7 мың
адамды немесе жалпы облыс тұрғындарының 0,6 пайызын құрайды.
1 Қала және ауыл кедейшілігінің салыстырмалы сипаттамасы
Қазақстанда кедейлік көлемінің артуына халықтың маргинализациялануы деп
аталатын процесс қатты әсерін тигізуде. Маргиналдық топтардың қатарына жаңа
заманға бейімделмеген, қалаларға ауылдардан қоныс аударған азаматтар,
жұмыссыздар, елге заңды және заңсыз түрде көшіп келгендер, босқындар және
әлеуметтік тұңғиыққа батқандар (қаңғыбастар, қайыршылар ) жатады .
Ауылдық жерлердегi халық кедейлігi
Кедей халықтың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады. Өйткені, ауылды
жерлерде тұратын халықтың әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру көптеген
қиыншылықтар туғызады. Шалғай жерлерде ауылға адам қажеттілігін
қанағаттандыру әліде шешілмеген. 2007 жылы ауылдағы кедейлiктiң тереңдiгi
және өткiрлiгi сияқты өлшемдер қаладағы 5,3%-ға және 2,2%-ға қарағанда
тиiсiнше 13,5%-ды және 6,0%-ды құрады. Әсiресе өмiр сүрудiң әуелден
қолайсыз экологиялық жағдайлары орташа республикалық деңгейдi алсақ та,
орташа облыстық деңгейдi алсақ та iс жүзiнде барлық әлеуметтiк өлшемдер
бойынша межеулiкке түрткi болатын тоқыраған селолық аудандарда өткiр ахуал
қалыптасып отыр. Ауыл тұрғындарының номиналды ақшалай табыстары қала
тұрғындарынан екi есе төмен. Соңғы бес жыл бойы ауылшаруашылық өндiрiсi
қызметкерлерiнiң жалақысы елдегi ең төменгi жалақылардың бiрi болып келдi.
Ауылдың еңбекке қабiлеттi әрбiр бесiншi тұрғыны жұмыспен қамтылмаған.
2007 жылы ауылда жұмыспен қамтылу 35,3%-ды құрады. Аграрлық еңбек нарығының
өрiстi мамандық қызметкерлерiнен - механизаторлардан, малшылардан,
агрономдардан, зоотехниктерден тұрады, олардың жұмыспен қамтылуы көбiнесе
өндiрiстiң маусымдылығымен айқындалады. Ауылда денсаулық сақтау мен бiлiм
берудiң базалық әлеуметтiк қызметтерiне қол жеткiзу деңгейi бойынша ахуал
күрделi күйiнде қалып отыр; шаруашылық iшiндегi жолдарды, коммуникацияларды
күтiп ұстау нашарлап кеттi, халықтың көшi-қоны етек алды. Ауыл
шаруашылығының өндiрiс құралдарын, энергоресурстар және материалдар берушi
аралас салаларға экономикалық тәуелдiлiгi, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу,
оны сақтау және тасымалдау базасының дамымауы, салада кiрiстiң төмен
болуына байланысты инвестициялар салудың тартымсыздығы ауылдық жердегi
халықтың кедейлiгiне әсер етуде.
Ауыл тұрғындарының табиғи өсімі қала халқының табиғи өсімінен
әлдеқайда артық болғанын (2000-2002 ж.ж. ол 30-60%, ал 2004-2005 ж.ж. 115-
370% артық болған) қала мен ауыл халқы санының ара қатынасы он жылдың
ішінде айтарлықтай өзгермеген: 2006 ж. қала халқы – 57,4%, ауыл халқы –
42,6% құраса, 2007 ж. тиісінше қала халқының саны 56%, ауыл халқының саны
44% болған.
2003-2004 ж.ж. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес
бағдарламасына сәйкес халықты белгілі бір іспен қамту мәселелері шешілуде.
2007 ж. еңбекпен қамту орталықтарынан 368,2 мың адам жұмысқа орналасу
туралы көмек сұраған. Ауылдық жерлерде жұмыс іздеген адамдар саны 115,4 мың
адамға жетті.
2007 жылы Қазақстан Республикасы бойынша 127,7 мың адам жұмысқа
тұрғызылды, бұл жұмыс іздегендердің үштен бірін ғана құрайды. Ауылдық
жерлерде жұмыспен қамтылғандар жұмыс сұрағандардың 28,2 % құрады. Еңбекпен
қамтудың ең жоғары деңгейі Қарағанды облысында ( көмек сұрағандардың 60%-
і), Алматыда (45,3%), Оңтүстік Қазақстанда (44,1%) байқалды. Қызылорда
9,6% облыстарында еңбекпен қамту көрсеткіші төмен деңгейде қалып отыр.
Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында
жұмыс орындарын ашу мейлінше белсенді жүргізіліп жатыр.
Шағын қалаларда кедейлiк деңгейi жоғары күйiнде қалып отыр.
Тоқырауға ұшыраған шағын қалаларда халықтың жан басына шаққандағы ақшалай
табысы орташа республикалық деңгейден 30-50% төмен. Шағын қалаларда
кедейлiктiң өсуi негiзiнен өндiрiстiң ұзақ уақыт құлдырауынан (шағын және
орташа қалаларда әртүрлi себептермен кәсiпорындардың барлығы 40%-ға жуығы
тоқтап тұр) және соның салдарынан жұмыссыздықтың жоғары деңгейiнен; бюджет
қаражатының және инвестициялардың жетiспеуiнен, әлеуметтiк және инженерлiк
инфрақұрылым жай-күйiнiң күрт нашарлауынан, халықтың жекелеген топтарының
төлем қабiлетiнiң төмен болуы салдарынан коммуналдық қызметтер ұсынудағы
iркiлiстерден туындап отыр. Шағын қалалардағы экономикалық белсендi
халықтың үлесi орта есеппен 58%-ды құрайды. Жалпы жұмыссыздықтың деңгейi
47%-ға жетедi. Жағдай бiлiктiлiгi төмен жұмыс күшiнiң үлес салмағының
жоғары болуы себептi ушыға түсуде. Кадрлар даярлаудың, шағын қалалардың
әлеуетiн жақсартуға және бiлiктi жұмыс күшiмен толықтыруға ықпал ететiн оқу
орындарының желiсi нашар дамыған.
Машина жасау саласында 3 700 орын, мұнай-газ саласында 1 800-ден
астам, химия саласында 6 500, ауыл шаруашылығында 31 мыңнан астам жұмыс
орны, соның ішінде жаңа технология күштерін енгізу есебінен 11,3 мың, жұмыс
істемей тұрған шаруашылықтарды іске қосу есебінен 10,5 мың жұмыс орны
құрылды. Инвестиция жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, инвесторлар
қаржысы есебінен 1,7 мың жұмыс орыны құрылып, 700-ден астам адам қайта
кәсіби дайындықтан өтті.
Әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарды жұмысқа орналастыру
квотасы есебінен (20 жасқа дейінгі жастар, жалғызбасты аналар мен кәмелетке
толмаған балалары бар көпбасылы отбасылар, оралмандар және т.б. ) барлығы
17 мыңнан адам жұмысқа орналастырылды. Кедейшілік және жұмыссыздыққа қарсы
күрес бағдарламасында халықтың еңбекпен қамтылуын арттыру ретінде қоғамдық
жұмыстар ұйымдастырылды. 2006 ж. 9 айы ішінде ғана мұндай жұмыстарға 90
мыңнан астам адам араласып, оған қатысқандарға 540 млн-нан астам теңге
жұмсалған. Дегенмен де, бұл қаржының тек 88% –і ғана төленді.
Жұмыссыздарды қайта кәсіби даярлықтан өткізу жүргізілуде. 2000 ж. 9
айында оқыту, қайта дайындау және шеберлігін арттыруға 89 мың жұмыссыз
немесе Бағдарлама бойынша осы жылға белгіленгендердің 65% –і жіберілген.
Біліктілігін жетілдірген 6,7 мың адамның 5,3 мыңы жұмысқа орналастырылды,
ал 200-ден астамы өз істерін ашты.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстанда шетелдік жұмыс күштерін
тартуға байланысты әрекеттер лицензия арқылы жүзеге асырылады. 2000 ж.
басынан бастап мемлекет аумағында 7,6 мың шетел күштерін тартуға 28
лицензия және 1 700-ден астам рұқсат қағаздар берілген. 2007 жылдың 9
айында шетел жұмысшыларының ең көп мөлшері Атырауда (3000 мың), Астанада (1
мыңнан астам), Алматыда (1,5 мың) тіркелді. Шетелдік мамандарының жалпы
саны 2007 ж. берілген квотадан 7 000 адамға асып кетті. Осы мәселе
кедейшілікті төмендетіп, жұмыссыздықты азайтуға кедергі болып отыр.
Квоталардың қазіргі жүйесі әрі қарай жетілдіруді талап етеді.
Бағдарламаны жүзеге асыру проблемалары ішінде қаржыландыру және
үйлестіру жұмыстарының жетіспеушілігі байқалады. Аймақтық кедейшілік және
жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламаларын жасау кезінде жергілікті органдар
өз жоспарларында ашылған және ашылуға тиісті жұмыс орындарының санын
азайтып көрсетуде. Кейбір облыстарда қазірдің өзінде құрылған жұмыс
орындары жоспарланған көрсеткіштен 2-4 есеге асып түседі. Бұл үйлестіру
жұмысының нашарлығын көрсетеді және кедейшілік пен жұмыссыздық жағдайы
жайлы жалған ақпар беруге жол беріп отырған облыс басшыларына тимді нәрсе.
Айта кететін жайттың бірі, жоспарланған жұмыс орындарын құру
көрсеткіштерінің асығымен орындалуы бір жағынан бұрында болған
кәсіпорындарды қайта құру және тоқтап тұрған жұмыс орындарын іске қосу
есебінен мүмкін болып отыр.
Жұмыссыздық көрсеткіштерін нақты анықтауға жұмыссыздық деңгейін
зерттейтін ресми (жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген адамдардың саны
бойынша) және бағалау деп аталатын екі жүйе де қауқарсыз. Қоғамдық жұмыстар
үшін берешек 65 млн теңгеден астам қарыздардың елеулі мөлшері Павлодар,
Атырау, Ақмола облыстарына тиесілі. Осы жерде айта кету керек, қоғамдық
жұмыстар ақысын төлемей қою- еңбектің осы формасы туралы идеяның өзін еш
қылғанмен бірдей.
12 мың үй шаруашылығын іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша ең
төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар республика халқының
үлесі ағымдағы жылғы 1 тоқсанда 6,6% құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылғы
тиісті кезеңге қарағанда 4,5 пайыздық тармаққа төмен.
Өмір сүру деңгейінің аймақтық аспектін қарастыра отырып, Алматы,
Астана қалалары мен Павлодар облысы сияқты аймақтарда кедейліктің
төмендеуін атап өтуге болады, бұл көрсеткіш республикалық деңгейден 2
еседен неғұрлым төмен. Кедейліктің ең жоғарғы деңгейі бар аймақтардың
қатарына Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстары кірді, бұл көрсеткіш
орташа республикалық деңгейден 1,8 -1,6 есеге асып түсті.
 Қалалық және ауылдық жерлердегі табыстардың едәуір саралануы
сақталуда. 1 тоқсанда ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден
3 есеге дерлік асып түсті.  Дегенмен, өткен тоқсанмен салыстырғанда бұл
алшақтық кедейлік көрсеткішінің қалада 0,4 пайыздық тармаққа өсуі және
ауылдық жерде 0,3 пайыздық тармаққа өсуі есебінен аздап қысқарды.
          Қазіргі кезде статистикалық деректерге жүгінсек, Қазақстанда
жұмыссыздық деңгейі 2010 жылдың сәуірінде 6,1%-ды құраған. Статагенттіктің
ресми деректері бойынша, 535,3 мың адам белсенді түрде екі қолға бір
күрек іздеп жүр. Әйткенмен 2010 жылдың сәуірінің соңында Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында
жұмыссыз ретінде тек 87,4 мың адам ғана тіркеліпті. Яғни тіркелген
жұмыссыздардың үлесі экономикалық белсенді тұрғындардың небары 1 пайызын
ғана құрайды. Тіркелмегендердің біразы бәрібір жұмыс тауып бермейді деп
қолды бір сілтеген де шығар. Ал министрліктегілер жұмыссыздардың барлығын
жинап, оларды барынша көбірек Индустрияландыру бағдарламасын іске асыруға
жұмылдыру жауапкершілігі жүктеліп отыр. Ең төменгі күнкөріс деңгейі
шамасынан төмен табысы бар халық үлесінің едәуір төмендеуімен қатар, 1
тоқсанда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда қорлар коэффициенті де
(0,5 тармаққа) төмендеді, бұл халықтың 10% неғұрлым төмен және 10% неғұрлым
жоғары қамтамасыз етілген топтары табыстарының алшақтығының қысқарғандығын
куәландырады.
 

           Ағымдағы жылғы есепті кезеңде кедейлік деңгейінің төмендеу
серпіні зерттелетін үй шаруашылықтарының тұтыну деңгейінің  ең төменгі
күнкөріс деңгейі шамасынан артуын куәландырады. Кедейшілікті азайту және
кедейлердің тұрмысын жақсарту жолдары. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес
кедейлік шегі, азық-түлік себеті ең төмен күнкөріс деңгейінің негізінде
айқындалады. Ең төмен күнкөрiс деңгейi – мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну
себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс. Азық-түлік
себетінің құны ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 60 пайызы, ал кедейлік шегі 40
пайызды құрайды. Республика бойынша 2010 жылдың I тоқсанына: ең төменгі
күнкөріс деңгейінің орташа мөлшері – 12 357 теңге; кедейлік шегінің орташа
мөлшері – 4943 теңге; азық-түлік себеті құнының орташа мөлшері – 7414
теңге. Ең төмен күнкөрiс деңгейi республика бойынша және аймақ бойынша орта
есеппен жан басына және халықтың жыныстық, жас топтары бойынша тоқсан сайын
есептеп шығарылады. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аталған көрсеткіштер
мөлшерін нақты білу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады. 2008 жылдың 1
қазандағы күйі бойынша кедей және аз қамтылған азаматтардың саны 6795
құрады, оның 6338 адамы сомасы 80,0 млн теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмекті алатындар болып табылады. Азық-түлік себетінің бағасынан төмен
табысты отбасылардағы 18 жасқа дейінгі 31406 балаға 275,7 млн. теңге
көлемінде жәрдемақы тағайындалды.
Жалпы 2010 жылдың қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашу
күтілуде. Жаңадан ашылған және бос тұрған жұмыс орындарына жұмыспен қамту
органдары арқылы 10,1 мың адам жұмысқа орналастырылады, кәсіби дайындықпен
1,1 мың жұмыссыз қамтылады, қоғамдық жұмыстарға 5,5 мың жұмыссыз азамат
қатысады, әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғындардың мақсатты топтарынан 360
жұмыссыз орналастырылатын болады[5].
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге қаражаттар, кәсіби
дайындыққа және азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды
(жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос
орын жәрмеңкелерін өткізу) іске асыруға шығындар қажеттілігі тиісінше 231,9
млн. теңге, 20,3 млн. теңге және 34,2 млн. теңгені құрайды.
2008 жылы облыс бойынша кедейшілік шегінен төмен кірісі бар кедейлер
және аз қамтылған азаматтарының орташа жылдық саны 6,7 мың адамды құрайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер, аз қамтылған
отбасыларынан шыққан азаматтарды тұрақты және уақытша жұмысқа, оған қоса
әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарға орналастыру жөніндегі
шараларды қабылдау, жұмыссыздарды кәсіби дайындау және қайта дайындауды
жүзеге асыру атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын 6,8 мың адамға
дейін төмендейді.
Елбасының 2009 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында
зейнетақы жиналымдарының сақталуы бойынша кепілдікті қамтамасыз ету аса
маңызды міндеттердің бірі болып белгіленген-ді. Бұл міндетті жүзеге асыру
үшін заңды түрде зейнетақы төлемдерін алушыларға оның зейнетақы төлемдерін
алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына
мемлекет кепілдігі белгіленді. Қазіргі уақытта міндетті зейнетақы
жарналарының сақталуы бойынша мемлекет кепілдігі жүзеге асырылуда. 2009
жылдың 1 желтоқсанындағы деректерге сүйенсек, 50,2 мың салымшыға 1411,3
млн.теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік сомасы төленді [6].
кедейшілікпен күресетін БҰҰ агенттіктері мен өзге де халықаралық
ұйымдарға Қазақстан үкіметінің берген ресми мәліметтерінде елдегі
кедейлердің саны айтарлықтай азайғаны айтылған.
Бұл, негізінен, соңғы жылдары мұнай бағасының өсуінің арқасында жылдам
дамыған экономиканың нәтижесі болса керек. Алайда, осы мәселеге тереңірек
үңілсек, миллиондаған жандардың әлі күнге дейін кедейшіліктің қамытынан
арыла алмай келе жатқанын көруге болады. Бұған ауыл тұрғындары, ауылдан
қалаға келген жұмысшылар, қаланың өз тұрғындарының арасындағы әлеуметтік
жағдайы төмен отбасылар енеді. Қала тұрғындарының арасында әсіресе
зейнеткерлер, студенттер тобы, жалғызбасты адамдар және жұмыстан еріксіз
айрылып қалғандар (әсіресе жастар арасында), оралмандар және басқа да
жандар ерекше көзге түседі. Осылардың бәрін тізгенде, әрине, Алматының
Шаңырақ, Бақай, Әйгерім, Ұлжан елді-мекендері еріксіз еске түседі. Қала
әкімшілігінің ресми мәліметтеріне қарағанда, мұнда 130 мыңдай кедей адамдар
өмір сүріп жатыр екен. 2020 жылдары мұнда 500 мың адам тұратын болады деген
болжам да айтылды.
Cоңғы жылдары қазақстандықтардың ақшалай табысының нақты және атаулы
динамикасы тұрақты өсіп келеді. Дәлірек айтсақ, 2004-2008 жылдар аралығында
халықтың атаулы ақшалай табысы жыл сайын 21,7% -22,3%-ға, ал осы мерзімдегі
нақты ақшалай табысы 47,2%-ға өсті. 2008 жылы халықтың адам басына
шаққандағы орташа номиналдық ақшалай табысы 30842 теңгені құрап, өткен
жылмен салыстырғанда 22,0%-ға жоғары екендігін көрсетеді. Халықтың табыс
құрылымын осы жылдар аралығында былайша келтіруге болады.

Сурет 3 - Халықтың табыс құрылымы

Суреттен көріп отырғанымыздай, еңбекпен табылған табыстың үлес салмағы
артып келеді. Дәлірек айтқанда 2004 жылы ол барлық табыстардың ішінде
76 % болса, 2008 жылы 82% (ақшалай динамикасы осы жылдарда 28329 және 60805
тенге) жетті. Ақшалай көрінісінде үлкен алшақтық айқын көрінеді. Еңбек
ресурстарының ішінде жұмыспен қамтылған халықтың жалдамалы бөлігі 66%-ды
құрайды (5 199 400 адам). Осы категория зерттелініп отырған өмір сүру
деңгейі мен сапасын анықтауда орташа көрсеткіштерді табудаға негіз
болатындығын ескерсек, онда келесідей мәліметтерді келтіру жөн.
Бұрын-соңды әр жерлерде ғана қайыр сұрап отырғандарды көретінбіз. Ал,
қазір автобусқа мінсек те, базарда жүрсек те, көлікпен жолда кетіп бара
жатсаң да, мешітке барсаң да, қайда жүрсең де қайыр сұрап аяғыңа оратылған
адамдарды кездестіресің. Қайыр-садақа сұрау қазақ халқына тән қасиет емес.
Дегенмен де, соңғы уақытта қазақтың ардақты аналарының қайыр сұрап
отырғанын көргенде жаныңа қатты батады. Қайыр сұрауға қазірде мүгедек
жандар да машықтанып алған.
Баспанасыздардың мекеніне айналған вокзалдарда да түнеушілердің саны
күн санап артып барады. Дағдарыс көп балалы отбасылар мен жұмыссыз
жүргендерге қатты әсер етуде. Баспанасы болмағандар да, әрине, қайыршының
күнін кешуде.
Кедейшілікпен күрес жүргізу барысында көптеген жетістіктер мен қыруар
жұмыстар орындалды. Елдегі жұмыссыздардың саны азайды, зейнетақы 25%
пайызға жоғарылады. Атаулы әлеуметтік көмек, білім беру, денсаулық
саласында көптеген жетістіктер бар. Шағын бизнес кедейлiктi еңсеру
проблемаларын шешу шеңберiнде халықтың әртүрлi санаттарына, соның iшiнде
оның әлеуметтiк осал топтары жұмыссыздарға, мүгедектерге, жалғызбасты
аналарға, зейнеткepлеpгe, оралмандарға, босқындарға көмек көрсетуге және
жұмыс орындарын ұсынуға қабiлеттi. Шағын бизнестiң тұрақты қызметi
мемлекеттiк бюджетке түсетiн салық түсiмдерiнiң өсуiн қамтамасыз етедi және
тиiсiнше, елдiң әлеуметтік мұқтаждарына шығыстардың ұлғаюына ықпал етедi.
Алайда, Қазақстанда ЖIӨ-де шағын бизнестiң үлесi күнi бүгiнге дейiн жоғары
деңгейде болып отыр[7].
"Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуы бiлiм алуға
қолжеткiзудi жақсартуға ықпал еттi. 2005 жылдан бастап мектепке дейiнгi
ұйымдар және жалпы бiлiм беру мектептерi санының бiртiндеп өсуi байқалуда.
Елбасының Жүз мектеп – Жүз аурухана бағдарламасында бiлiм алу сапасы және
олардың нақты құны, бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы
және санитарлық жағдайы халықтың сапалы бiлiмге қол жеткiзуiнде елеулi
кедергi болып отыр.
Кедейшілікке қарсы күресудің халықаралық тәжірибесі
Ұзақ уақыт бойы кедейшілік проблемаларын шешумен айналысқан халықаралық
қауымдастық кедейшілікпен күресуде үтікен тәжірибе жинақтады. Алғашында, 50-
ші жылдары, өркендеуге ықпал ету және кедейшілікке қарсы күрес құралы
ретінде өнеркәсіп пен инфрақұрылымға құйылатын инвестиңия саналатын. Осының
арқасында Батыс Еуропа елдері, Жапония сияқты мемлекеттер II Дүниежүзілік
соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары пайда болған жаппай
жұмыссыздықтан туындайтын қайыршылықтың небір жаман көріністерінің алдын
алды. Бұл жолды Латын Америкасының кейбір елдері, сондай-ақ, 50-60 ж.ж.
тәуелсіздік алған Азия және Солтүстік Африка елдеріде қолданды.
70-ші жылдары көптеген елдерде кедей халықтың табысын арттырудың
маңызды жолдарының бірі ретінде медиңиналық және білім беру қызмет-теріне
қол жеткізу мүмкіндігі саналған-ды. Бірқатар елдерде ең кедей топтардың,
сапалы білім алуына негізделген арнайы бағдарламалар іске асырыла бастаса,
денсаулық сақтау саласында жүзеге асқан шаралар Еуропа мен Азияның бірқатар
дамыған елдерінде тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын едәуір ұлғайтуға
мүмкіндік берді. Ал, дамүшы елдерде бала және ананың өлім-жітімі азайып,
алапес, оба, туберқұлез сияқты әлеуметтік ауруларды ауыздықтау мүмкін
болды.
80-ші жылдары дамүшы елдер қарызының дағдарысы күшейіп, әлем
экономикасында ірі құлдырау орын алған түста жаңа көзқарастар байқалды.
1990 ж. әлем дамуы жөніндегі "Кедейшілік" баяндамасында басты назар
экономикалық басқаруды жетілдіру және нарық механизмдерінің ролін арттыруға
аударылған. Әлем елдері ұсынған кедейшілікке қарсы күрес стратегиясы екі
әлементтен тұрады: жұмыс күшін пайдалану негізінде өсімге ықпал ету,
экономика саласының, ашық болуы және инвестиңияны ұлғайту, сондай-ақ, кедей
халықты білім беру және денсаулық сақтау саласының жүйелі қызметтерімен
қамтамасыз ету. Бұл стратегия Қытай, Онтүстік Шығыс Азия елдері ал 90-шы
жылдары Шығыс Еуропа мен ТМД-ның бірқатар елдерінде қолданыла бастады.
90-шы жылдары кедейшілік проблемасын жеңуде кешенді көзқарас
қалыптасты. Бұл түсінік 1995 ж. Копенгагенде өткен әлеуметтік даму
мәселелері жөніндегі әлемдік саммит құжаттарында орын алды. Копенгагенде
қолдау тапқанмаңызды принңиптердің ішінде төменгілерін атап айтуға болады:
- бірінініден, дамүдың маңызды бағыттарының бірі ретінде кедейшіліктің
алдын алу танылды;
- екінініден, кедейшілік 6ірнеше өлшемі бар күрделі феномен болып
табылатындықтан, оны жеңу бірлескен көпжақты тәсілдердің арқасында ғана
жүзеге асуы мүмкін;
- үшінініден, кедейшілікті жою үшін оның шығу себептерін анықтау
керек;
- төртінініден, кедейшілікке қарсы күрес - ең алдымен саяси проблема,
сондықтан да оны шешуге қоғамның барлық дерлік мүшелерін кіріктіру қажет;
- бесінініден, кедейшілікті жоюда, онымен күресуге мүдделі топтарды
іске жұмылдыруда бар жауапкершілік үкімет мойнына жуктелуі тиіс;
- алтыніныдан, кедейшілік проблемасының гендертік аспектілеріне көңіл
аудару қажет;
- жетінініден, экономикалық өсім ең алдымен кедейшілікті жоюға
бағытталуы керек;
- сегізінініден, кедейшілік деңгейін төмендету үшін басты ресурстарды
адам дамуына бағыттауды талап етеді.
1995 ж. Копенгаген Деклараңиясына суйене отырып, әлемнің көптеген
елдері кедейшілікке қарсы күрес бағдарламасын жасап шығарды.
Кайсыбір Дамыған елдердің кедейшілікпен күрес тежірибесі
Экономикалық дамүдың биік деңгейіне қол жетіп, "әлеуметтік сақтаңдыру"
негізінде азаматтарды ең төменгі күн көріс қажеттіліктерімен қамтамасыз
ететін жеңілдіктер еңгізген көптеген Батыс Еуропа елдерінің үлгісі назар
аударарлық.
Мысалы, Германияда ауырып қалғанда, асыраушысынан айырылғанда, қайғылы
жағдайларға душар болғанда, қарттар мен жұмыссыздардың тұрғын үй
төлемақыларын жартылай өтеу және т.б. жеңілдіктермен қамтамасыз ететін
бірнеше әлеуметтік заңдар қабылданды. Онда, тіпті, адам жалақысыз қалған
жағдайда басқа да көмек жолдары қарастырылған. 1998 ж. үкіметке келген
соңиал-демократтардың коалиңиялық келісімінде "Кедейшілікпен күрес - жаңа
үкімет саясатының басты мәселесі" деп көрсетілген.
Ұлыбританияда кірісті белгілі межеден төмен түсірмеуге бағытталған
шаралардың ішінде тауар алмасу мен қызмет көрсетудің жергілікті жүйесін
қолдауға негізделген "Летс" бағдарламасын атауға болады. Оның негізінде
белгілі бір аудандарда тұрғындардың бір-бірімен және дүкендермен есеп
айырылысуы үшін "лете" деген жаңа шартты бірлік еңгізілді. "Лете" жүйесі
белгілі бір ауданда ғана қолданылып, сол жерде жұмыспен қамту, әлеуметтік
жауапкершілік және сенім ұғымдарын күшейтуге ықпал етеді. "Летспен"
жүргізілетін операңияларға салық салынбайды.
Кедейшілікті жоюдағы Қытай тәжірибесіЕкі онжылдыққа созылған экономикалық
реформалардан кейін Қытайдағы кедейлердің саны 260 млн-нан 42 млн-ға дейін
азайды. 1978 ж. бастап үкімет ауылдық жерлерден кедейшілікке қарсы күресуде
қатаң шаралар қолданды. Кедейшілікті толық жою жолындағы жалпы ұлттық
бағдарламаны жүзеге асыру қажетіне жыл сайын 2 млрд долл. жұмсалып отырды.
Кедей аймақ деп танылған 592 уездке ресми түрде көмек берілді.
КХР-да жер реформасы жүргізілді. 80-ші жылдардың ортасынан бастап ауыл
шаруашылығынан гөріөнеркәсіп пен әкспорт секторына көбірек көңіл бөліне
бастады. Үкімет мемлекет қаржысының денін жағалаудағы аудандарға бөлді,
сондай-ақ, оларға салық пен валістадан түскен қаржыны өздеріне қалдыруға
және жергілікті қаржыландырулар үшін банк несиесі мен инвестиңияны
пайдалануда біршама жеңілдіктер берілді. Бұл миллиондаған жұмыс орындарының
құрылуына ықпал етті. 1978-1992 ж.ж. аралығында кәсіпорындардағы жұмысшылар
армиясы 28 млн-нан 124 млн-га дейін өсті.
Халықтың әсіресе, әйелдер кедейлігінің бір себебі саналған
сауатсыздыққа қарсы күреске үлкен мән берілді. Қытайдағы 170 млн
сауатсыздық 150 млн-ы егде жастағы шаруа әйелдер.
БҰҰ-ның пікірінше, қалалықтардың кедей ауылдарға көрсеткен көмегін
қуаттайтын "Үміт" жобасы улгі тұтарлық. Жобаның, мақсаты- еңбек ұжымдары
мен жеке адамдардың ерікті түрде бөлген қаржысын ауыл балаларын бастауыш
біліммен қамтамасыз етуге жұмсау.
Қайсыбір елдің нақтыжағдайына байланысты бұл құжаттар кедейшілік пен
қайыршылықты тудыратын өзекті проблемаларды шешуге көмектесті. Мысалы,
Батыс Еуропаның дамыған елдерінде кедейшілікі жоюдың маңызды шарттары
ретінде әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту, азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы
тағайындау, табысы аз адамдарды тұрғын жаймен қамтамасыз ету. Бұл кезде
Азия мен Африканың дамүшы елдері өндірісті дамытуға, қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыруға. ауылшаруашылық секторын дамытуға арнады.
Соңғы онжылдықтық тәжірибесін ескере келе, ДБ-нің 2000-2001 ж.ж. Әлем
дамуы жөніндегі "Кедейшілікке қарсы күрес" баяндамасында ке-дейшілікпен
күрестің негізгі үш бағыты бойынша әмбебап статегиясы ұсынылған:
- экономикалық өсім негізінде және теңдік орнату арқылы мүмкіндіктер
туғызу (кедейлер үшін жұмыс орындарын құру, жер және несие ресурста-рына,
білім беру және денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізу, инфрақұрылымды
дамыту, әнергия қуатымен қамтамасыз ету);
- мүмкіндіктерді пайдалануда ықпал ету (кедейлер қажетін өтеуге
бағытталған мемлекеттік шараларды таңдау және жүзеге асыру саяси,
әлеуметтік және өзге де институңиональдық проңестерге байланысты; адамдарды
жыныстық, әтникалық және әлеуметтік белгілеріне қарай бөлетін кедергілерді
жою);
- қорғауды күшейту (экономикалық ауытқұлар мен табиғи апаттардан,
наукастық, мүгедектік және адамдарды қорлаудан сақтаңдырудың инстуңионалдық
механизмдерімен қамсыздандыру жүйелерін құру).
Жалпы әлем елдерінің кедейшілікке қарсы күрес тәжірибесін ескере келіп,
Қазақстанда осынау әлеуметтік құбылысты жеңу үшін оң ықпал ететін мынадай
негізгі факторларды анықтауға болады:
1) Қазақстанға тән өзгешелікті ескере отырып, кедейшілік пен оның,
себептерін кешенді түрде ұғыну;
2) Кешенді және қаржылай қамтамасыз етілген Кедейшілікке қарсы
мемлекеттік күрес бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыру;
3) кедейшілікке қарсы күресті жүзеге асыратын институңиональдық
механизмді құрып, оның жүзеге асырылуын кадағалау;
4) мемлекет, жеке сектор және ҮЕҮ-дың өзіндік ерекшеліктеріне сай
кедейшілікті жоюға атсалысуы;
5) кедейшілікті жоюға қатысты мемлекет бағдарламасының жүзеге
асырылуына белсенді түрде атсалысуға және оны қадағалауға кедейлердің
өздерін қатыстыру;
6) өз әл-ауқатын жақсарту үшін кедейлердің өздерін ұйымдасуы.
7) кедейшілікке душар болуға жақын топтарға тұрақты түрде мониторлық
зерттеу жүргізу;
8) кедей топтарына бөлінген көмекті нақты адамдарға тікелей табыс
етілуі.
Кедейшілікке қарсы күрес жоспарларының жемісті түрде жүзеге асырылуы
Қазақстан үкіметін халықаралық ұйымдармен ауызбірлігі мен ынтымақтастығына
да байланысты болмақ.
ТМД және Балтық жағалауы елдеріндегі кедейшіліркке қарсы күрес
тәжірибесі 90-шы жылдардың басында ТМД мен Балтық жағалауы елдерінің
көпшілігінде мемлекеттік органдар құрылып, халықты әлеуметтік қорғау
міндеті тапсырылды. Сол кезден бастап бұрынғы КСРО елдерінде ең төменгі күн
көру деңгейі, тұтыну себеті негізінде тұрғындардың кірісін есептеу (Ресей
Федераңиясы, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Литва және өзгелері), сондай-ақ
кедейшілік шегін (Армения, Әзірбайжан, Әстония, Латвия) анықтау жүзеге
асырыла бастады. Жалпы ТМД жане Балтық жағалауы елдерінде кедейшілікке
қарсы күрес дамүдын өзекті мәселелөрінің бірі деп танылды.
Қырғызстаңда кедейшілікті жеңуге барытталған "Әрекет" Ұлттық
бағдарламасы жасалды. Онда экономикалық өсімнің арқасында кедейшіліктің
зардаптарын азайту, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік
жағынан қорғау міндеттері баяндалған.
Грузияда кедейленген аудандарға көмек көрсету үшін әлеуметтік
қаржыландыру қоры құрылды. Қор қаржы бөлінетін нысандардың еңбек
ресурстарының. жағдайын, инфрақұрылым, білім жане денсаулық сақтау сияқты
маңызды салалардың даму деңгейін ескөріп, қаржыландыру кезінде ауылдық
жерлер мен таулы аймақтарға жеңілдік жасап отырады.
Арменияда әлеуметтік көмек көрсету үшін табысы төмен отбасыларды тіркеу
жүйесі еңгізілді. Отбасы мүшелері және олардың табысы жөніндегі ақпардың
негізінде Орталық Банк оларға көрсетілген көмек мөлшерін анықтайды. Соңғы
уақытта әлеуметтік төлем мөлшерін белгілеуге жергілікті ақсақалдар қауымы
араласатын болды.
Әстония кедейшілікке қарсы күресте үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Осы елде жүзеге асырылатын кедейшілікке қарсы күрес бағдарламасы балалар
және балалы отбасылар, жұмыссыздар, аз жалақы алатын адамдар, қарт адамдар,
әйелдер тәрізді ең жұтаң топтарды анықтады. Әр топтың ерекшеліктері
ескеріліп, соған сәйкес шаралар белгіленді. Бүгінде Әстония ТМД және Балтық
жағалауы елдері арасындағы кедейшілік деңгейі ең төмен мемлекет болып отыр.
Тақырытық бағдарламалардағы кедейшілік жайлы түсінік
Кедейшілік проблемасына қатысты стратегиялық, бағдарламаларға шолу
Соңғы жылдары Қазақстаңда кедейшілік проблемасына қатысты бірқатар
бағдарламалық құжаттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
Әлеуметтану пәнінен лекциялардың қысқаша мазмұны
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Кедейшілікпен күрестің теориялық негіздері
Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі
Кедейлер - әлеуметтік тап ретінде
Қазақстандағы кедейшілік және кедейлердің әлеуметтік құрылымы
Кедейліктің түрлері мен әлеуметтік құрылымы, мәдениеті
КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕМІ
Адам дамуы тұжырымдамасының қалыптасуы және дамуы
Пәндер