Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы және ерекшеліктері



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Негізгі бөлім
1.1. Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы және ерекшеліктері ... .5-12
1.2. Өнеркәсіптің салалық құрулымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-14
ІІ. Бөлім
2.1. Кең өндіру өнеркәсібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-16
2.2 Өңдеу өнеркәсібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-18
2.3 Электр энергия
өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..18-20
2.4. Химия
мұнай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .20-22
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..23-24
ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемендігін жарияланғаннан кейін, іс жүзінде
нарықтық экономиканың негізгі тетіктері - қаржы, қаражат, баға жүйесін,
ақша айналымын, алтын және валюта қорларын, сыртқы экономикалық
қатынастарды басқару тетіктері қолданыла бастады. Мұның өзі ең алдымен
егемендік, меншік, табиғат байлығына иелік ету және өндіріс салаларын
республика халықтарының саяси-әлеуметтік мүдделеріне бағыттау мәселелеріне
қатысты.
Нарықтық қарым-қатынасқа көшу дегеніміз қоғамдық өнлірістің барлық
салаларын қамтитын күрделі құбылыс. Оны қалыптастыру-өндіру, тұтыну, бөлу
үлестерін реттеп, баға және қаржы тетіктері арқылы жүргізіледі.
Қолданылып жүрген бағалар көп жағдайда өнім өндірушілердің шығыны
негізінде құрылып, сұраным мен оны қанағаттандырудың арақатынасын
ескермейді. Сонымен сұраным толық қанағаттандырылмай, өнім тапшылығы айқын
сезіліп, өнім шығару бәсекесі қалыптаспай тұрғанда, бағаның шығын негізінде
пайда үшін бір жақты көтерілуі баға шиелінісін шешкен емес, қайта күшейте
түсті. Өндіруші өндіріс пен өндіріс өнімдерінің баға деңгейі арасындағы
қайшылықтар, яғни шикізат өндіру салаларындағы бағаның тиімсіздігі
Қазақстан экономикасына нұқсан келтіруде. Нарықтық экономикада баға
деңгейі базарларда қатынас негізінде қалыптасады. Осындай кезеңде
өндірістің барлық салаларында еңбек тиімділігі тең болуы шарт және оны
республиканың егемендігі негізінде жүзеге асыруға болады.
Республикада өнеркәсіптің шикізат өндіру салалары басым болып отырған
жағдайда, табиғат байлығын ұқыпты пайдалану шаруашылықты
арттырудың басты шарты болуы тиіс. Өйткені табиғат байлықтарын игерумен
бірге, жерден өндірілетін пайдалы қазбалардың өзіндік құны өсіп отырады.
Еліміздің байлығын ұқыпты пайдалану әрбір өнеркәсіптің барлық
шаруашылықтардың басты мүддесі болуға тиісті. Осы мүддеге жету жолында
жалпы халықтың ынтасы болуы керек.Өнеркәсіптердің жеке еңбек ұжымдарын
және жұмысшыларды ынталандырудың экономикалық тәсілдерін кеңінен қолдану
керек. Сонымен қатар табиғат байлығын ұқыпты пайдалану жауапкершілігі де
қарастырылады: орынсыз шығынға, ысырапқа жол бергені үшін айып өтемақы,
табиғат қорын пайдаланғаны үшін төлемдер белгіленеді.
Табиғат байлығын ұқыпты пайдаланбау немесе ысыраптың зияны, кейде оған
жол берген өнеркәсіптердің экономикасына тікелей әсер етпейді,
керісінше ол халық шаруашылығының басқа салаларын қамтиды. Мұндай
жағдайларда экономикалық ынталандыру орталықтандырылған арнаулы
қорлар арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ғалымдардың пікірінше табиғат байлығын
ұқыпты пайдалануға өндіріс салаларындағы бизнестің тиімділігін арттырып,
экономиканы дамытуға жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасында бүкіл ұлттық байлық – жер және оның қойнауы,
су, әуе кеңістігі, өсімдіктер және хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи
байлықтар, халқықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық,
ғылымыи-техникалық потенциялары еліміздің ерекше меншігінде болды. Бұл
алған егеміндіккті іс жүзінде жүзеге асыру бүкіл халқымызға үлкен міндетті
жүктейді. Қазақстан дүние жүзі елдерінде түсті және қара металлургия,
көмір, мұнай және тағы басқа өнімдердің едәуір бөлігін өндіреді. Дәнді-
дақылдар, ет, өндіруде де республикамыздың үлесі ауқымды.
Республикамыз егемендік алуына байланысты халық шаруашылығының
құрылымдық жағынан қайта құру ғылыми-техникалық прогресті жеделдете
халықаралық еңбек бөлінісі кооперациясына кеңінен қатыса отырып, нарық
қатынастарына көшу, әлеуметтік-экономикалық прроблемаларын шешудің негізі
болуы тиіс.

1.1. Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы және ерекшеліктері
Қазіргі кезде Қазақстан өнеркәсібінің дамуында қандай
ерекшеліктер бар?
Біріншіден, ол өз дамуында бұрынғы кезде қалыптасқан шикізаттық бағыттан
арыла алмауы. Республика экономикасы өңдеуші салалардың нашар
дамығандығынан көп жағдайларда ұтылып отыр. Сол себептен, республика
өнеркәсібі сыртқы және ішкі нарыктарға бәсекелестікті көтере алатын өнім
түрлерін ұсына алмайды. Соның салдарынан, осы уақытқа дейін өнеркәсіп
салаларының А және Б топтарының арасында қалыптасқан үйлесімдік
(диспропорция) сақталып келеді.
Екіншіден, республика өнеркәсібінің негізгі қорларының (станоктар,
жабдықтар, технологиялық желілер) моральді жоне физикалық тозу
коэффиценті өте жоғары. Сол себептен, өнеркәсіп өнімдерінің үлкен
бөлігінің сапасы өте төмен, нарық қатынастарының дамуына байланысты ол
өнімдер басқа елдердің өнеркәсіп өнімдерімен бәсекеге түсе алмайды.
Үшіншіден, индустриалды еңбекті ұйымдастыруда жіберілген
қателіктерге, оның қолайсыздығы мен жағымсыздына байланысты өнеркәсіптік
еңбектің мәртебесі төмендеуде.
Жоғарыда айтылған кемшіліктерге, республиканың өнеркәсіп
кәсіпорындарына жете ойланылмай жүргізілген жекешелендіру шараларының
жағымсыз жақтарын да қосуға болады. Кезінде дағдарыстық жылдардың
қиыншылықтарын бастан өткізген алдыңғы катарлы елдердің тәжірибесі
өкіметтің дағдарыстық жағдайларда белсенді түрде құрылымдық-инвестициялық,
фисқалдық, монетарлық, монополияға қарсы және баға саясаттарын жүргізу
арқылы жалпы экономикалық процестерді басқаруды өз қолына алатынын
көрсетеді. Өнеркәсіп орындарын мемлекет меншігінен алуды және
жекешелендіруді жасанды жеделдету мақсатында жүргізілген әкімшілік шаралар,
күтілгендей, бағалы және орны толмайтын табиғи-шикізат қорларын шетелге
шығарудың жаңа жолдарын ашты. Егер, баяғы Одақ кезінде орталықтандырылған
жоспар бойынша Қазақстаннан мұнайдың 70%, фосфориттер мен қара
металдардың 45%-ға жуығы, темір рудасының жартысынан жоғары бөлігі,
синтетикалық каучуктың 90% және түрлі-түсті металдардын, 40%-ға жуығы
сыртқа шығарылған болса, қазіргі кезде республикаға тиімсіз көптеген
бірлескен кәсіпорындардың әрекетіне, жекешелендірілген кәсіпорындардың
"коммерциялық құпиясын" сақтауға байланысты ол өнімдердің сыртқа
шығарылған көлемдерін дұрыс анықтау қиын болып отыр. Қазіргі кезде
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінің Дамуында қалыптасқан тенденцияларды
толығырақ анықтау және түсіну үшін оның соңғы он жылдағы дамуын
сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізейік. Өнеркәсіптің
ЖІӨ-дегі сыбағалық салмағы 1990 жылмен салыстырғанда 2000 жылы 20,5
пайыздан 31,9 пайызға дейін өсті.
Енді Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің дамуын сипаттайтын
негізгі көрсеткіштерге тоқталайық.

1990 1995 2000
ЖІО барлығы 100 100 100
Соның ішінде:
өнеркәсіпте 20,5 23,5 31,9
ауылшаруашылығы 34 12,5 8,6
құрылыс 12 6,5 5,2
көлік және байланыс 9,4 10,7 11,9
қызметтер.
24 47,0 42,1

Өткен жылдары ЖІӨ-нің құрылымы ақылы қызмет түрлерінің үлесінің
жоғарылауына қарай өзгерді. Олардың сыбағалық салмағы 24 пайыздан (1990
жыл) 42,1 пайызға (2000 жыл) дейін өскен. Керісінше, өнеркәсіптің үлесі
өскеніне қарамастан ЖІО-нің құрылымында өндірістік сектордың сыбағалық
салмағы төмендеген. Мұндай құбылыс нарықтық экономикасы дамыған елдерге
тән.
Қазақстан өнеркәсібінің дамуы туралы толық мәлімет алу үшін жоғарыда
келтірілген кесте, әрине жеткіліксіз, сондықтан өнеркәсіп өнімдерінің
динамикасының өзгеруін зерттеп көрейік. Құндық өлшемдегі
көрсеткіштер өтпелі экономика жылдары ақша реформасы жүргізілгендіктен
және инфляция жоғары болғандықтан. өндіріс динамикасын шынайы сипаттай
алмайды, сол себепті натуралдық өлшемдегі (нақты мәндегі)
көрсеткіштерге токталдым және кесте көлемді болғандықтан 2003 және 2004
жылдың көрсеткіштерін алдым

Нақты мәнде өнеркәсіптің өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
Өнім түрлері 2003 2004 2004 жыл 2003
жылға пайызбен
Тас көмір (мың 80601,2 82948,6 102,9
тонна)
Мұнай (мың тонна) 45376,3 505848 111,4
Табиғи газ 16596,9 21855,4 131,7
Темір рудасы 19280,9 20302,9 105,3
Мыс рудасы 34886,9 30352,7 87,0
Шұжық өнімдері 22658 25474 112,4
Сарымай 10566 11894 112,6
Қант (тонна) 480255 562494 117,1

Кесте мәліметтерінен көретініміз 2004 жылға өндіру көлемі 2003 жылдың
көрсеткіштерінен жоғарлаған өнім түрлері коп емес кейбір салалардың өндіру
көлемінің төмендегенін көреміз.
Төмендеген себептерін тереңірек түсіну және өнеркәсіптің қайсы
саласы нарыққа өту мақсатында жүргізілген реформалардан көп зардап
шеккенін анықтау үшін, енді Қазақстан өнеркәсібінің құрылымының
динамикасын зерттеп көрсетейік.
Қазақстан өнеркәсібінің динамикасы.
1995 2005
Өнеркәсіп барлығы 100 100
отын өнеркәсібі 25,0 43,8
Оның ішінде:
Мұнай -газ 16,8 42,2
Көмір магнит 8,2 1,4
Қара металлургия 15,1 7,1
Машина жасау және металл 17,6
өңдеу
Химия өнеркәсібі 3,8 1,3
Тамақ өнеркәсібі 11,2 10,7
Түсті металлургия 11,8 2,3
Басқа да өнеркәсіп 3,5 3,5

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының статистикалық есеп
жүйесі барлық экономикалық іс- әрекетің жалпы классификаторына
көшірілгендіктен өнеркәсіп өндірісінің 2005 жылғы құрылымын өндіріс
көлемімен бірге бөлек кестемен сипаттап көрейік. 3 және 4-кестеден,
бұрынғы және жаңа класификаторлардың өнеркәсіп салаларын топтастыруында
экономикалық либералицазиялау, үйреншікті тауар өткізу рынотарынан
айырылу эспортқа бағытталған мұнай, газ, қара және түсті металлургия,
электроэнергетика салаларына онша зиянын тигізе алмағанын байқауға болады.
Олардың Қазақстан өнеркәсібінің құрылымындағы сыбағалық салмақтары
жоғарылай түскен.
Екіншіден, осы кәсіпорындардың өнімін тұтынатын Қазақстан мен ТМД
елдерінің тұрғындарының да төлемдік қабілеті күрт төмендеп кетті.
Үшіншіден, экономиканы либерализациялау Қытай және басқа да елдердің
арзан тауарларына Қазақстандық ішкі рынокті ашып берді.
Төртіншіден, салықтардың бас көтере алмаған Қазақстандық кәсіпорындар
бәсекелестікке шыдайтын тауарларды өндіруді қамтамасыз ете алмады.
Бесіншіден, өндірістің құлдырауы өнеркәсіп салаларында жұмыс
істейтін еңбекшілердің санынының азаюына алып кеп соқты. Ең жоғары азаю
қарқыны өңдеу салаларында- жеңіл өнеркәсіпте, машина жасау және металл
өңдеуде, құрылыс материалдары өндірісінде болды.
Жоғарыда келтірілген республика өнеркәсібінің дамуының қазіргі кездегі
жағдайын қысқаша талдау, өкіметтің индустриялдық саясатын қалыптастыру
ерекшеліктерін анықтау үшін қажет. Бұл жерде, осы саясатты қалыптастыру
ерекшеліктерін айқындайтын бес негізгі факторды атап өтуге болады. Олар:
- өнеркәсіп өндірісінің макроқұрылымын бәсекелестікке сай артық
өнімдерді ауыстыратын өнім түрлерін, шығаратын салалардың
пайдасына күрт өзгертудің қажеттілігі;
- өндірістік қорларды жаңарту мен жаңғырту процестерін жеделдету
мақсатында шет елдерден технологиялық инвестицияларды тартуды
ынталандыру;
- ғылыми ізденістерді талап ететін өнеркәсіп салаларын жедел
дамыту мақсатында материалдық- шикізат, қаржылық және
интелектуалдық қорлардың бір бөлігін жұмылдыру
- халықаралық еңбек бөлінуіне өз орнын анықтау және әлемдік

шаруашылық дамуының интеграциялық процестерінде өз орнын табу;
аграрлық сектордың ақтық өнімінің дайындық деңгейін
жоғарылату, ауыл шаруашылық өнімдерінің ысырап болуын
төмендету және жергілікті халықты еңбекен қамтамасыз ету
мәселелерін шешу мақсатында ауылды индустрияаландырудың
материалдық – техникалық негізін құру.
Әрине, республиканың индустриялық саясатын құру негіздері өзгеріссіз
қала алмайды. Қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларға
байланысты олар өзгеріпа отырады. Бірақ, индустриялық саясатты
қалыптастырудың ең бастапқы ұстанымы өзгермеуі тиіс.
Олар:
а) тек өндірістік емес, сонымен бірге әлеуметтік салалардың дамуының
тиімділігінің жоғары болуы
ә) экономикалық және оның салаларының дамуы әлеуметтік бағытта
болуы;
б) халық тұрмысынан экологиялық қауіпсіз болуы.
Индустриалық саясатты қалыптастыру процесі бірнеше кезеңнен өтеді.
Біріншіден, ол осы саясатты ғылыми негіздеу. Оның негізгі бөлігі
ретінде өнеркәсіп дамуының бастапқы деңгейін ғылыми талдау және
ситездеуді айтуға болады. Олардың нәтижесі өнеркәсіп дамуының негіздерін
қағидаларының, болжамдық есептеулерінің және берілген саланы дамытудың
оңтайлы вариантын таңдаудың ғылыми базасы қызметін атқарады.
Индустриалдық саясатты нақтылаудың келесі кезеңі ретінде эксперттік
баға беру шараларының нәтижесін айтуға болады. Экспе рттік баға
берусаясаттың, экономиканың және әлеуметтік сфераның мәселелерін терең
түсінетін білікті мамандарды қатыстыру арқылы жүргізіледі.
Аталған саясатты қалыптастырудың соңғы кезеңіне орта және ұзақ
мерзімге арналған республиканың индусттиалық саясатын заңдастыру процесі
жатады.
Қазіргі кезде басыңқы сала ретінде мына сала аралық кешендер
белгіленген: отын – энергетикалық, металлургиялық, машина жасау.
Басыңқы салаларды анықтаудың негізгі қағидаларына (принциптеріне) мыналар
жатады:
* өнеркәсіптің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру;
* жаңа жоғары өнімді техникалар мен технологияларды өндіру
мақсатында ғылыми-техникалық
жетістіктерді пайдалануды ынталандыру;
- Б тобының салаларын басыңқы дамытуды қамтамасыз ету;
- Қазақстанның халықаралық өнеркәсіптік интеграция процесіне тиімді
араласуы.
Өнеркәсіптің басыңқы салаларын анықтау методологиясының маңызды
элементтері ретінде олардың тиімділігін салыстыру, экстрополяция,
эксперттік баға беру, олардың байланыстарының тығыздық деңгейінің
коэффициенттерін есептеу, болжау және жоспарлау әдістерін атауға болады.
Сонымен, индустриалды дамудың басыңқы бағыттарын ғылыми негіздеудің
тұжырымдамасын, қағидалары мен әдістерін қалыптастыру жөніндегі жалпы
мемлекеттік шаралар кешенді түрде жүргізілуі тиіс, соның нәтижесінде ғана
осы негіздеудің біркелкі методологиясын жасау процесі анықталады. Ол
экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмдерінің бірі
болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін қаралып отырған
объектіге макроэко-номикалық көзқарас қажет. Бұндай көзкарастың негізгі
өнеркәсіп өндірісінің макроқұрылымдық көрсеткіштерін анықтаудан басталады.
Аталған көрсеткіштерге өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде қалыптасқан
салааралық, аумақаралық пропорцияларды, натуралдық-заттық, құндық
көрсеткіштердің динамикасын жатқызуға болады. Өнеркәсіп
өнімдерінің натуралдық-заттық құрамы А тобының салалары өндіретін
өндіріс құралдары мен Б тобының салалары өндіретін тұтыну заттарынан
тұрады. Қазіргі кезде А тобының өнімдері әлі де жоғары үлес алып отыр.
Олар барлық өндіріс өнімдерінің үштен екісін құрайды. Егер, өндіріс
салаларының технологиялық және техникалық көрсеткіштері жағынан өте артта
қалғанын ескерсек, онда бұндай қатынас экономиканың шикізаттық бағытта
екенін көрсетеді.
Бірінші жағдайда осы көрсеткіштерді теңдестіру үшін халық
шаруашылығының қажеттіліктерін, сұраныс пен ұсынысты, болжамды баға
деңгейін ескере отырып, өндіріс бағдарламасын көтеру мүмкіндіктері
қарастырылуға тиіс. Екінші жағдайда, керісінше, қуаттарды оларды жаңадан
іске қосуды көбейту арқылы арттыру немесе өндіріс бағдарламасын кеміту
қажет. Екі көрсеткішті тендестіру үшін қолданатын шаралар ғылыми-
практикалық негіздерге сүйенуі тиіс. Сонымен бірге натуралды өлшемдегі өнім
өндіру көлемін нақтылау үшін материалдық баланстар жасалады.
Олар: а) өндіріс құралдарының балансы; ә) тұтыну заттарының балансы болып
екі топқа бөлінеді.
Олардың "қор" бөлігінің статьялары көбінесе үқсас болып келеді, ал
айырмашылығы, негізінен, "тұтыну" бөлігінің статьяларының орналасуынан.
Материалдық баланстар жасау негізінде өнеркәсіп өнімдеріне қажеттік көлемі
нормативтік әдіс қолдану арқылы анықталады.
Аралық және ақтық өнім көлемдерін, салааралық материалдық-шикізаттық
қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау үшін салааралық баланс
жасалады. Ұлттық есеп жүргізудің жаңа жүйесіне өту кезеңінде және
халықаралық есеп пен статистика тәжірібесін ескере отырып бұл баланстың
схемасы мен жасау әдістемесіне өзгерістер енгізілген. Осыны ескере отырып
жасалынатын салааралық өнім өндіру және тұтыну балансының кестесі 3-үлгі
түрінде берілген. Кесте бойынша бұл баланстың жасалуының әдістемелік
негіздері оңай аңғарлады 1-квадранттың жиынтық нәтижесі аралық өнім көлемін
көрсетеді, ал 2-квадранттың нәтижесі ақырғы тұтыну мен қор жинау көлемін
олардың материалдық-заттық құрамы бойынша сипаттайды.

1.2. Өнеркәсіптің салалық құрулымы
Қазақстан экономикасының құрылымы бұрынғы Одақтық шаруашылықты
мамандандырудың ықпалымен қалыптасты. Жердің табиғи байлықтарын игерудегі
сыңаржақтылық республика өнеркәсібінің тек шикізат дайындау бағытында
қалып қоюына әкеліп соқты. Ауыр өнеркәсіп қалыптасқан алғашқы кезде және
одан кейінгі жылдары бұлай болуы да заңды еді. Қазақстан өнеркәсібі
дамымағандықтан ауыр индустрия кешеніне шикізат дайындаушы ретінде
қосылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында бізде түсті металлургия
кәсіпорындарының көптеп құрылуы бұл бағытта мамандандыруды күшейте түсті.
70-80 жылдарда республикада өндіруші өндіріс салалары басым болды. Оған бір
жағынан, негізгі қазба байлық орталығы- Орал қазынасының сарқыла бастағаны
әсер етсе, екінші жағынан Қазақстан кешендері қалыптасқан кен металлургия
кәсіпорындарына жақын орналасқан еді.
Шикізат өндіретін және жартылай өнімдер шығаратын салалардың дайын
өнім шығаруға қарағанда басымырақ дамуы шаршуашылықты өркендетуге күрделі
қаржыны көбірек бөлуге де әсерін тигізеді. Өнеркәсіпке бөлінген күрделі
қаржының 70 % - дан астамы отын- энергетика, химия, мұнай, қара және түсті
металлургия өндірісінің үлесіне тиді. Ал бұл салалардың үлесінің өсуі
экономикалық тұрғыдан қарағанда аса тиімді болмады. Күрделі қаржының осы
салаларға көбірек бөлінуі оны басқа салаларға жұмсаудың мүмкіндігін тежеді.
Көп металды кен кешенді пайдалануды қажет етеді, ал әр министірлік пен
мекемелер тек қана өзіне жоспарланған металды айырып алып, қалғандарына
көңіл бөлмей келді. Нәтижесінде қалдық құрамында көптеген құнды элементтер
қалып қойып отырды. Металлургия саласында Қазақстан тек шикізат дайындаушы
бағытта дамып келеді. Мұндай жағдай өндірістің бастапқы даму кезеңінде
қажеті болса, бүгінгі күні Республиканың егемендігі тұсында, әсіресе
нарықтық экономида да ол қайта қарауды талап етеді. Нарық жағдайына
өтуге байланысты осы салаларға инвестиция салынып жатыр.
2.1. Кең өндіру өнеркәсібі
Минералды шикізат қорлары әрқашанда Қазақстанның мақтанышы және
ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі
болып келеді. Қуатты минералдық шикізат базасының республикасының бүкіл
халық шаруашылығы үшін түбірлі маңызы бар. Минералдық шикізат базасының
қазіргі жәй – күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен
құтқарып, сонымен бірге Қазақстанның әлемдік рыноққа минералдық
шикізат қорларымен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік береді.
Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын
айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
Өнеркәсіп пен көлікті қалпына келтіру
Тарих ғылымдарының кандидаты
Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптердің шығарған өнімдері
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі жайлы
Сауда жүйесі
Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
ХIX ғасырдың жартысы мен ХХ басында Қазақстан жеріндегі кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Пәндер