Қазақстандағы педагогикалық теория және мектепке дейінгі педагогиканың дамуы тарихының қалыптасуы мен дамуы ХХ ғғ. басынан бүгінге дейін


Қазақстандағы педагогикалық теория және мектепке дейінгі педагогиканың дамуы тарихының қалыптасуы мен дамуы ХХ ғғ. басынан бүгінге дейін.
Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді. Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы - оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.
Мектепалды тобының балаларының мінезі мен ерекшеліктерін мектепке дейінгі дайындығын, денсаулығы мен даярлық сапасының бағалау өлшемін нақты білетін мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі әрі психолог, әрі медицинадан хабары бар, әрі әртістік шеберлігі өте мықты дамыған тәрбиеші болу керек. Ол:
- Сабақты жаңаша шығармашылықпен жүргізе білетін .
- Ұстаздық жүрегіне жылылық қалыптасқан.
- Балалардың ойындағы әртүрлі шығармашылық өнерлерін танып жолға түсіре білетін.
- Оқушылардың қызығушылығын оятып, оқу әрекетіне белсенділігін арттыра білетін.
- Баланың отбасы және қоғамдық қарым-қатынасын тиімді ұйымдастырудағы ата-ана қызметінің проблемаларын нақты шешіп, жол көрсете білетін ұстаз болуы қажет.
Балалар денсаулығына қамқорлық - мектеп жағдайында мектепалды даярлық сапасын бағалау үшін біз баланың жан - жақты жағдайын мынандай кретрийлерге бөлдік.
Психологтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы деп екіге бөледі, соған байланысты балабақшада жалпы және арнаулы дайындықтар жүргізіледі.
Жалпы дайындық - ол псхологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір - бірімен тығыз байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты істеген ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.
Психологиялық дайындық - ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерді ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс - тәсілді жалғастыра отырып, осындай таным процесін дамытады.
Дене дайындығы - мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата - аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.
Әлеуметтік дайындық - оқуға, (дербес тапсырманы орындау) бастаған жұмысты аяқтауға қиыншылықтардан өтуге, ұстамдылыққа үйрету:
Жаңа ортаға үйрену.
а) құрдастарымен ұрыспау, ренжіспей тіл табысу
ә) үлкендермен тіл табысу
Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс - тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бір - бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті.
Арнаулы дайындық - мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып, біліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек. Сонымен бірге таным процестерін (ес, зейін, ой - қиял, қабылдау) де дамытып отыру қажет.
Оқушының мінез-құлқын, мәдениетін қалыптастыру мақсатында баланың мектеп табалдырығын аттамас бұрынғы психологиялық ахуалын зерттеу, тәрбие орнына яғни мектепке дайындығын анықтау болып табылады. Баланың мектепке психологиялық дайындығын зерттеу, тексеру мақсатымен олардың оқуға дайындық мүмкіндігін және даму дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі. Зерттеу жұмысын жеке балалармен немесе топпен жүргізуге болады.
Психологиялық зерттеудің мынадай шарттары бар: Баланың мектепке даярлығын мектепке дейінгі мекеме немесе балалар емханасындағы дәрігерлер анықтайды. Бала мектепке бармайтын болса онда оны жергілікті дәрігер анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психо-физиологиялық шарттар бойынша анықтайды. Баланың оқуға даярлығын терең зерттеу мектепке баратын жылдың алдында қазан немесе қараша айларында өткізіледі. Балалардың алғашқы әр жақты медициналық психо-физиологиялық тексеру нәтижесінде олардың зерттеу тәжірибесінде олардың дәрігерлік даму қатарына түсіріледі. Денсаулығын нашар әр түрлі ауытқуға ұшыраған балаларға және емдеу шараларының комплексі белгіленеді. Мектептегі оқуға қажет функциялары жете дамымай кемістігі байқалған балалардың тілдегі және қолдың бұлшық ет қозғалысын дамыту үшін әртүрлі жаттығулармен шаралары ұсынылады. Мұндай емдеу сауықтыру шараларын балалар емханасының маман дәрігері жүзеге асырады. Баланың дыбыстарды айтудағы кемістіктерді жою сабақтарын логопед жүргізеді. Қолдың бұлшық ет қозғалысын дамытуға арналған сабақтармен жаттығуларды тәрбиешісі немесе ата - аналар жүргізе алады, атап айтқанда сурет салуды тапсыру. Құрастыру конструкциялық ойындар, әр түрлі жазу емлелерін жазып үйретуге болады. Осы психологиялық зерттеудің барысында мынадай нәтиже көрсетіледі.
Бала ақыл - ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен есте сақтау, елестету танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез - құлық нормаларын игеруі, білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. 5 жасында бала көрнекі - әрекеттік ойлаудан көрнекі - бейнелі ойлауға ауысады және 6 жасқа қарай ауызша - логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі - бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі - схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнеленеді. Ол құбылыстар мен заттардың тек және қасиеттерін ғана емес неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, схема бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әртүрлі кеңістікті елестете алады, оларды ойша орнынан ауыстыра алады. Бұл кітаптағы тапсырмалар мазмұны қоршаған орта қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерді қамтиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп- салдарды, кеңістік, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді. Ол сөздерді еркін қолдануды, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды.
Баланың ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы саусақтарының ұсақ бұлшық еттерімен, қолдарының қимыл үйлесімділігімен тығыз байланысты екенін ескерген жөн. Суретті жақсы салатын және әдемі жазатын балалардың байланыстырып сөйлеу және ауызша- логикалық даму деңгейлерінің жоғары болатыны белгілі. Бала саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту үшін әр түрлі заттарды саусақтармен теру, алуан түрлі және әр түрлі көлемдегі тығындар мен бұрандаларды бұрау, илеу, жапсыру, сурет салу, үзік сызық сызу сияқты түрлі жаттығуларды пайдалануға болады. Аталмаған жаттығулар ішінде қарындашпен сурет салу мен үзік сызық сызудың мәні зор. Кітабымыз тапсырмалардың осы түрлерін ұсынады. Оларды орындай отырып бөбек қолдарының қимыл үйлесімділігі мен саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге ерікті зейінін, есте сақтау, көру және ойлау қабілеттерін дамытады және қағаз бетінде бағдарлау мен өз әрекетін бақылауды үйреніп, алдына қойылған міндеттерді орындау барысында тапжылмай жұмыс істеуге дағдыланады, ынтасы, талабы артады. Қоршаған орта құбылыстары, заттар туралы түсінігі тереңдеп, өз қабілет мүмкіндігі сезінеді.
Графикалық тапсырмаларды орындау барысында балаға үзік сызық сызу мен сурет салуға қойылатын талаптарды қатаң сақтау және үзік сызықты көрсетілген бағытта ғана сызуды, олардың арасында бірдей қашықтық сақтауды, сурет шегінен шығып кетпеуді ескерту керек. Мұндай тапсырмаларды орындау үшін балаға жақсы ұшталған түрлі-түсті қарындаштар қажет.
Бала суреттерді мұқият қарап, тапсырманы орындау кезінде тәжірибесін пайдаланып, бейнені толықтыра түседі. Ол жағдаяттарды қиыстырып, өз үлесіне икемдейді. Нәтижесінде оның өзіндік ішкі позициясы, негіздей алатын пікірі туады. Мұндайда ересектердің міндеті баланың сөзін бөлмей оны тоқтатпай, асықпай тыңдау өз әрекетіне өзінің баға беруіне мүмкіндік жасау. Баланың шығармашылақ белсенділігіне қолдау көрсетіп, тіпті елеусіз деген табыстарын ескеріп отырыңыз.
Әр беттегі материал бір сабаққа есептелген. Әр сабақтан соң балаға парақ соңындағы жолақты өзі қалаған түске тапсырылады. Таңдаған түсіне қарап, сол сәттегі эмоционалдық - психикалық күйін аңғаруға болады. Ол сіздің баламен әңгімеңізге дұрыс бағдар береді. Кітап - дәптер бақылау тапсырмаларына құрылған. Бала оларды ересектердің көмегінсіз орындап болған соң өз жұмысына өзі баға береді. Егер жұмысын өте жақсы орындалды деп есептесе қызыл түспен, егер жақсы деп есептесе жасыл түспен бояйды.
Сабақ мерзімін естен шығармаңыз, ол 20 - 30 минут созылуы мүмкін. Бұл баланың жасына, екеуіңіздің көңіл күйіңізге байланысты. Жұмысты баланың көңіл күйіне жағымды ықпал арқылы бастағаныңыз жөн. Әйтпесе сіздің жайсыз күйіңіз балаға кері ықпал етеді. Сондай-ақ, баланы жиі мақтаңыз. Титтей жетістігінің өзіне шын жүрегіңізден қуантуыңызды қаблеттілігіне сеніміңізді ашық білдіріңіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz