ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Атемова Қ. Т.
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ» пәнінен
лекциялар жинағы
Түркістан, 2012
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
«Жалпы психология» кафедрасының 01. 09. 2012 ж. №1 хаттамасымен бекітілген.
Дайындаған, п. ғ. д., доцент Атемова Қ. Т.
Кафедра меңгерушісі: п. ғ. д., профессор ЖЖ. З. Торыбаева
Кіріспе
1-тақырып. VI-XV ғғ. Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы.
Профессор Қ. Жарықбаевтың қазактың тәлім-тәрбиелік ой-пікірі деген пе-риодизациясындағы казақтың тәлім-тәрбиелік ой-пікірі дамуы-ның екінші кезеңі. Осы ғалымның пікірінше, бірінші кезең - сонау VI-VII ғасырлардан басталып, сегіз-тоғыз ғасырға созылатын бүткіл түркі журтына ортақ тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің ілкі бастауы. Біздің зерттеуіміз ұлы даланы мекендеғен көшпенділердің өз алдына ел болып тарих сахнасында көрінген кезінде өз ұрпағын қалайша сегіз қырлы, бір сырлы азамат, жеке тұлға етіп калыптастырғаны жайлы мәселелерді қарастырады. Бұл кезең қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өзіндік ерекшеліктерімен дараланған кезеңі екендігінде дау жок, Өйткені казақ халқы сонау XV ғасырдың өзінде-ақ алғашқы феодалдық мемлекет, дербес ұлт болып қалыптасқандығы, мұны дәлелдейтін нақтылы деректердің бар екендігі зерттеуіміздің негізгі желісі болып табылады.
ХҮ ғасырдың соңына карай Жетісудағы казак, хандығы енді казақ халқының көп ғасырлардан бері Отаны болған Сыр өңірі мен Шығыс Қазақстан жерін қайтару мақсатын көздеді. Бұрын да олармен шаруашылық, этникалық және саяси катынастары жағынан тығыз байланыста болып келгендіктен ендігі жағдайда бірігіп, іргелі үлкен мемлекет болуды көздеді (20. ) . Бұл мақсатта Оңтүстік Батыс, Шығыс Қазақстанның ел басшылары бірыңғай пікірде болып ортақ мәмілеге келді. Әбден күшейіп алған қазақ хандары Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік үшін күреске араласты. Бұл кездерде билік үшін Темір ұрпақіары да Әбілкайырмен қақтығыса бастаған-ды. Осындай кезеңдерді күткен Монғол хандығы Керей мен Жәнібекке қосылып, Дешті Қыпшакка шабуылға шықты. Шайбанилар бір жағынан қалмақтарға, екінші жағынан Монғол еліне жиі-жиі басқыншылық жасаумен болды
2-тақырып. XV-XX ғғ. Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы
Бүгінгі таңдағы тәуелсіз Қазақстан жағдайында жергілікті ұлттың бұған дейінгі бұрмаланған бай тарихын, бағаланбаған бай мәдени мұрасын жалпы адамзаттық көзқарас арасында терең зерттеп, нәтижесін әлемдік өркениет өріне ұмтылған жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану - қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін киелі істерінің бірі.
Кеңес үкіметінің тұсында да алпауыт орыс еліне бодан болу әрмен қарай жалғасып, қазақ елі үш жүз жылға таяу кезеңінде ұлттық қасиеттерінен шеттеледі. Сол себепті ендігі жерде жас өскінді төл салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, мәдениетінің озық үлгілерімен уыздандыру үшін балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие жұмысында ұлттық педагогика мен психологиясын оқыту бағдармалары жасалынуда. Халқымыздың он төрт ғасырлық тарихында тұла бойы тұнған өнеге, тәрбие небір керемет толғаныстардан тұратын қазақтың өзіндік тәлім-тәрбие пікірлері енді ғана қолға алына бастады. XV-XX ғғ. аралығы қазақтың тәлім- тәрбиелік пікірінің ең бір сүбелі, ең бір шарықтау шегіне жеткен мезгілі. Мұнда қазақ ойшылдары ( Ө. Тілеуқабылұлы, М. Х. Дулати, Қ. Жалайри, Асан қайғы, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бит. б. ) имандылық тәлімдерінен сусындайтын ұрпақ тәрбиесінің мәселесі, халқымыздың көшпенді өмір жағдайында жас өскіннің тұлғасын қалай қалай қалыпттастыру қажеттілігі туралы (ақыл-ой, дене, сұлулық, еңбек т. б) ой-пікірлерін ұлттық тәрбиенің қайталанбас інжу-маржандары нақыл сөздерімен түсіндіріп берген.
XV ғасырдың бас кездерінде, дәлірек айтқанда, 30-шы жылдарда Дешті Қыпшақ мемлекеті құрылып, оны Әбілқайыр хан басқарған еді. Оның территориясы Сырдариядан бастап Сібір хандығына дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатыр.
Тақырып 3. Қазақ хандығы дәуіріндегі білім беру және көшпенділердің педагогикалық мәдениетінің дамуы
Қазак хандығы құрылғанға дейінгі кезеңдердің өр бұрылыстарында (XII-XIV ғғ. ) тәлім-тәрбие саласында сынды пікір айтқан ғүламалар аз емес. Олардың қатарына Жамал Қарши, Сүлеймен Бакырғани, Жамалладин Сунаки, Шайқы баба Ғибаттулла т. б. жатқызуга болады. Бұл жерде басқасын былай койғанда әл-Фараби есімді он екі ғұламаны айтсақ та жетерлік.
Көшпелі тұрмыс пен қатал дала табиғаты адамдарға қойылатын талап-тілектің де аса қатал болуын және оның мүлтіксіз орындалуын қажет етті. Мәселен, бала ес білгеннен бастап із кесіп, көшіп-қонар қоныс қарап, табиғаттың алуан құбылысын байқап-болжап, жүлдыз санап өскендіктен, оның көзі қырағы, көкірегі саналы болды. Аң аулап, мал баққан жас буын ақын-жыраулардың тағылымын, әншінің өлсңі мен әуенін, күйшінің күміс күйін көкейіне қондырып, ел аузын-дағы ұлағатты өсиет сөздерді, мақал-мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен толғауды, шежіре-жырларды жаттап, жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етті.
Көшпелі қауымда әр адамның қадір-қасиеті оның жасына, әлеуметтік ортадағы орнына қарай белгіленді. Осындай қоғамдық қатынастарды көріп өсксн жағдайда адамдардың мүдделестік, көзқарас бірлігі, кісілік қарым-қатынас нормалары айқындалып, жеке бастың қоғамдық норманы берік сақтауына, "психологиялық" хал-ахуалдың бірыңғай болуына мүмкіндік туғызды.
Тақырып 4. XV-XVII ғғ. ойшыл жыраулардың (Асан- Қайғы жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау т. б. ) шығармашылығындағы педагогикалық ойлар.
XV-XVIII гғ. қазақ даласындағы хандық дәуірмен байланысты Асанқайғы бастаған ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасы мен тұрмыс тіршілігін, ой-өрісін, тілек-мақсаттарын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпакка айтар өсиет-өнегесі өзекті орын алады. Оны XV ғасырдың орта кезіндс өмір сүрген қазақ даласыныц ұлы ойшылы, халкымыздың әлеуметтік ой-пікірінін көш-басшысы бола білгсн сәуегей данышпан ойшылы Асан-кайғы шығармашылығынан байқауға болады. Қазақ аңыздарында Асан қайғы құтты қоныс, жақсы жайлау - "Жсрұйыкты" іздегсн жиһангср. Халыктың сол замандағы хал-ахуалы мен келешегін тебірене сөз еткен Асанқайғы, М. Әуезов айтқандай, "халық мұңын арман еткен, алысты меңзеген . . . өзі үшін емсс, елі, жүрты үшін ізденген ел қам-қоры".
Асанқайғы қазақ қоғамының прогресі үшін барша жұртты бай, кедей деп бөлмей, адамгсршілікке, бірліккс, бауырмалдыкқа баулуды қажет деп санады. Оның ойынша, адамның мінез-құлқының жақсы болуы үшін айнала-сындағыларға жанашырлық, ізгі жүректілік білдіруі, қамқоршы бола білуі тиіс. Өзіне қажетті игіліктерді жасауда адамдар бірлесіп, қоғамдасып, бауырмалдық іс-әрекет жасауы керек, сонда ғана бақытқа қолы жетеді, басына бақ қонады деп ұқты.
Халық тағдырын, мемлекет мәселесін шешуде хандар-мен бірге XV-XVIII ғғ. өмір сүрген жыраулар да үлкен рөл атқарып келді. Академик жазушымыз С. Мұқанов: "Сыпыра жырау, Асанқайғы, Бұқар жыраулар XIX ғ. дейінгі қазақ ақындарының символы. Олар хан қасында отырып, батырларды жырлаумен катар, сол кездегі мемлекет мәселесін шешуге катынасқан. Абылай хан мемлекет мәселелерін шешердс Бұқар жыраумен үнемі акылдасып отырған", - дейді.
Марқасқа, Сыпыра жырау, Бұқар, Тәттіқара жыраулар заман, дәуір жайлы, ел басына түскен әр алуан уакиғалар жайлы үнемі толғау-жыр айтушы болған.
Ал Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді сияқты жыраулар өлең-жыр толғаумен бірге қолына найза алып, жауға шапқан жауынгер, батырлар да еді.
Д. Сүлскеұлы Шал ақын адам өмірінін әр алуан кезеңдсрі жайындагы өзінің ой топшылауын ортаға салып, "Жасөспірім бозбаланың үш түрі болады", - дей отырып, олардың әрқайсысына өзінше мінездеме береді. Кейбір бозбала болбыр, тогышар, көрсоқыр, жалқау келеді. Ол ас ішіп, аяқ босататын тірі жан. Мұндайларда айқын мақсат болмайды, болашагы бұлдыр жандар. Жастардың енді бір түрі - керенау, кердең, мешкей, мақтаншақ, өркөкірек, екіжүзді, пайдакүнем келеді. Оның еті тірі, өлермен. Мұндай жігітті ақын "ит жанды" дсп атайды да, оның мінез-құлқының басты ерекшелігі: күншілдік, тайыз ойлылық, қарақан басын күйттеу дсп ой түйіндейді. Жас адамның үшінші түрін ақын нағыз жігіт, яғни "жігіт жан" деп атайды. Оларға тон қасиет кең пейілділік, досқа өкпесін суырып беруге даяр - адал, қиядағыны көзі шалатын қырағы, өнерді үйрене білетін алғыр, өзін қай жерде қалай ұстауды білетін кемел жігіт. Мұндай адамның ең бағалы қасиеті: еңбек сүйгіштік, халқына адал қызмст ету, айналасындағыларға шапағат нұрын себе жүретін қайырымды, бауырмал азамат болу.
Тақырып 5. Қазақстанның Ресейге қосылуының білім беру мен педагогикалық ойлардың әсері.
XX ғ. басында қазақ елінің экономикасы мен мәдени-әлеуметтік өміріне елеулі өзгерістер ене бастады. Қазақстан патшалы Ресейдің отар аймағы болып, отарлау саясаты мүлде құрсаулап алғандықтан, Ресейде болып жатқан саяси жағдайлар Қазақстан даласына да өз дүмпуін тигізді.
1905-1907 жж. Ресейде болған буржуазиялық демократиялық орыс революциясы қазақ зиялыларының саяси сана-сезімінің оянуына ықпал стті. Екі ғасыр тоғысындагы аумалы-төкпелі дәуір мен саяси уақиғалар қазақ ұлтынын арасынан өз халқынын жоғын жоқтайтын саяси қайраткерлердің шығуына себеп болды. Олар "ұлтым-қазағым", - деп жар құлағы жастыққа тимей ел-жұрт мүддесін жоқтап газет, журнал шығарып, халықты өз алдына тәуелсіз ел болуға шақырған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, X. Досмұхамедов, М. Тынышбасв, М. Шоқай, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Сералин, С. Торайғыров, Қ. Кемеңгеров, М. Әуезов сықылды зиялы азаматтар еді.
Сонымсн бірге Қазақстанда отаршылдық қысым да күшейе бастады. Америка профсссоры Роберт Макнилдің "Патша мен қазак, "1855-1914 жылдар" (Оксфорд, 1987) атты және ағылшын ғалымы Альберт Ситонның "Даланын аттылы адамдары немесе қазақтар тарихы" атты еңбектерінде Қазан төңкерісіне дейінгі орыс және шетел деректеріне (мерзімді баспасөз материалдарына) сүйенс отырып, Қырым жәнс бірінші дүниежүзілік соғыс аралықтарында патша өкіметінің қазақ әскерлерін өз мақсаттарына қалай пайдаланып келгенін нанымды суреттеген. Онда казак-орыстардың Ресеймен шекаралас аз халықтарды жаулап алуда белсенді рөл атқарғаны, әсіресе, қазақ жерінде отаршылдық тәртіптің қарулы сақшысы болган Орынбор, Сібір, Жстісу т. б. казактарының озбырлық істсрі баянд
Тақырып 6 . Д. Бабатайұлы, М. Өтемісұлының шығармашылық мұралары.
XIX ғасырда қазақ даласында өмір сүрген ақын-жыраулардың көрнекті өкілдерінің бірі - Д. Бабатайұлы әдеби мұрасына, шығармашылық өмір жолына, дуниетанымына талдау жасау арқылы оның тәлім-тәрбиелік идеяларына баға берілді. Дулат Бабатайұлы -туған елінің тіршілік-тынысын шынайы жырлап өткен бірегей ақын. Ол патшалык Ресейдің казак өлкесін күштеп отарлау кезеңін, одан туған зорлык-зомбылықтар мен зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген, еліне айтулы күрескер адамдарының бірі болғандығы, оның шығармаларынан қапысыз аңдаймыз. Д. Бабатайұлының мұрасын өзіндік ерекшелікпен жаңа қырынан талдаған ғалым - Қ. Өміралиев. Ол өзінің зерттеулері арқылы Дулат шығармашылырына арналған бірнеше ғылыми еңбектер, атап айтқанда, „Дулат Бабатайұлы", „Абай афоризмі, „ХУ-Х1Х ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі " және т. б. жариялаған.
Махамбет Өтемісулының тілім-тәрбиелік идеялары. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Махамбеттің ақындық құдыретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды. « . . . Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ен бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы». Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген әділ баға деп білуіміз керек.
XIX ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген, ел өмірінде ерекше із калдырған ұлт-азаттық көтерілістің рухани көсемі, қазақ поэзиясының классигі Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның шешіміне сәйкес 2003 жылы Атырау мемлекеттік университетінде халықаралық деңгейде өткізілуінің тәлімдік және тағылымдық мәні орасан зор.
Қазақтың Махамбеттей бір туар ұлының 200 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуі егемен еліміздің еңсесін биіктете түсті.
Махамбет - қазақ халқының кегі, ызасы, намысы, жігері. қайтпас қайсарлығы, яғни, Махамбет-қазақ халқының кегі мен ызасынан, намысы мен жігерінен жаралған нар кескен рухани қару.
Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра
Махамбсттің жырлары - ерліктің, өрліктің Әнүраны, қайсарлықтың символы.
Махамбет өлендерінде ұрпақ тәрбиесіне катысты ғибратты, сан-алуан ойлары атап айтканда, адамгершілік-имандылық, сұлулық, ел-жандылық, экологиялық тәрбие туралы жан-жақты сөз болады. Махамбет шығармаларының жастардың бойында жағымды адами касиеттер мен қундылықтарды калыптастыруда алатын орны ерекше.
Тақырып 7. Қазақстан ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың педагогикалық мұралары мен іс-әрекеттері .
Шоқан Уалиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин(1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904) орыстың демократиялық халықшылдық идеясын жақтаған интеллигенттерімен дос болуды көздеді. Олардың шығармаларын оқып нәр алды. Мысалы, Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлерін зерттеп тұңғыш еңбек жазғаны, қазақтарға әділ баға беруге тырысқан А. Левшиннің “Қырғыз, қайсақ ордаларының сипаттамасы” атты еңбегін оқып, өзінің шығармасында атап өтуі, революцияшыл идеяны жақтағаны үшін Қазақстанға жер ауып келген Ф. М. Достоевский, С. Ф. Дуров, А. Н. Майковтармен достық қарым-қатынаста болып үнемі хат жазысып тұруы сондай-ақ ұлы ақын Абайдың революционер-демократ ғалым П. Е. Михаэлис, Н. Н. Долгополов, А. Леонтев, С. Гросстармен достық қарым-қатынаста болуы тектен-тегін емес.
Қаламынан "Қазақ хрестоматиясы", "Қазақтарға орыс тілін үйрстудің бастауыш құралы", "Мұсылмандық белгісі" атты оқу құралдарын жазып қалдырған ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннін қазақ мәдениетінен алар орны ерекше. Ол көшпелі елдің балаларына дүнияуи ғылым-білім, өнер үйретуді армандады. Қазақ даласында тұңғыш орыс-қазақ мектептерін
ашып, оларға оқу құралдарын жазып ұсынды.
Тақырып 8 . Қазақстандағы педагогикалық теория және білім берудің қалыптасуы мен дамуы( XX ғғ. басынан бүгінге дейінгі Қазақстандағы педагогикалық теория негіздерінің әлеуметтік -саяси талаптарының пайда болуы) .
XX ғ. алғашқы ширегінде ағартушылық жолға бар өмірін бағыштаған қазақ зиялыларыыың бірі Ахмст Байтұрсынов (1873-1937) болды. Оның ағартушылық ой-пікірлерін 1911-1915 ж. Троицкідс шыққан "Айқап" журналы мен 1913-1917 жж. Орынборда шыққан "Қазақ" газетінде (ол 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын коруге болады. 1911 ж. "Айқап" журналында жарияланған "Қазақтың өкпссі" атты мақаласында. "Өзге жүрт ілгері басқанда, қазақ кері басқан. Хандары надан, халқы надан, жұрты мықты мемлекет жанында өз алдына хандық құрып түра алмайтын болғандықтан . . . хандарымыз халқымен Ресейге қосылған", - деп шындыктың бетін аша келіп, ұлы ұстазы Абайша қалың еліне "Шаруанды түзет, жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет! Көсіп үйрен, тер ток . . . Қаранған қармап қалар!" деген қазақтың мақалын ұмытпа! Дүниеде елге тендік, кемге кендік беретін, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді үйренейік, ағайын!", - деп өсиет айтып көпке жар салды. "Қазақ басқа жұрттың өнерін қымбатқа сатып алып отыр.
Тақырып 9 . 20-30 ж. Қазақстандағы ғылыми - педагогикалық білімнің даму жүйесі.
Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде педагогика және психология ғылымдарының XX ғасыр-дың 20 ж. бергі дамуын үш кезеңге бөліп карастыруға тура келеді: І. Ұлттық тәлім-тәрбие ғылымдарының туу кезеңі (1920-1935) . 2. Аз жылдық тоқыраудан кейінгі ғылыми жүйемен қайта өрлеу, даму кезеңі (1940-1990) 3. Егемен, тәуелсіз ел болумен байланысты (1991) дамудың демократиялық сара жолына түсу кезендері.
Ұлттық тәлім-тәрбие ғылымының туып қалыптасуына мерзімді басылымдардың да белгілі ықпалы болды.
Қазақ мәдениетін өркендетуге белсене ат салысқан зиялылар тобы XIX ғ. аяғында тарихи аренаға газет, журналдар арқылы халыққа таныла бастады.
Алғаш қазақ зиялылары Ә. Бөксйханов, А. Байтұрсынов, Ш. Кұдайбердиев, Ә. Дивасв, М. Дулатов, X. Досмүхамедов, С. М. Торайғыров, F. Карашев, М. Тынышбаев, М. Шоқай, М. Сералин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Дөнентаев, М. Әуезов, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров т. б. өздерінің патша өкіметінің, кейін Кеңестік өкіметінің саясатына деген көзқарастарын "Дала ұәлаяты" (1880), "Түркістан уөлаяты" (1870) газсттері мен "Айқап" (1911-1917), "Абай" (1918), "Мұғалім" (1919) журналдарында, "Қазақ" (1911-17), "Қазақстан" (1911-13), "Серке", "Алаш" газеттерінде "Уақыт", "Төржіман", "Шора", "Ақ жол", "Сана" т. б. журналдарда ашық біл-діріп отырды)
Тақырып 10 . 40-60ж. Қазақстандағы педагогика теориясы дамуының негізгі мәселелері .
Ұлы Отан соғысынан кейін жалпыға бірдей міндетті жетіжылдықты іске асыру, ал одан кейін сегізжылдық білімді және орта мектептердің жүйесін дамыту шараларымен қатар жалпы білім берудің мазмұнын жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Жаңартылған бағдарламалар эксперимент түрінде байқап көру іске асты.
Төмендегі мәселелер ең негізгі мәнге ие болып табылады:
Мектепке оқыту үшін міндетті оқу материалын іріктеп алудың ғылыми теориялық негіздерін жасау, жалпы дидактикалық сипатта екі мәселені шешумен байланысты:
Оқу пәндерінің және негізгі меңгеруге тиісті дәйектердің, ұғымдардың, Зандардың, теориялық анық логикалық құрылымын орнату;
Жалпы білім берудің, еңбек және политехникалық оқытудың және оқушыларды кәсіптік даярлаудың арақатынасы мен өзара байланысының ғылыми негізделген шешімі;
Оқытудың дамытушылық сипатының күшейтілген жолдарын іздестіру және материалдық және формалдық білім берудің бірлігіне жету;
Оқушылырдың оқу жұмысы мен еңбеғінің тәрбиелік мәнін арттырудың тиімді шарттары мен тәсілдерін аңықтау.
Тақырып 11 . Р. Г. Лембергтің ғылыми мұраларындағы педагогикалық мәселелері .
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымсн бұрынғы КСРО Ғылым академиясынын Қазақстандық бөлімшесі негізінде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы (1946) құрылды. Қ. Сәтбасв, М. Әуезов, М. Сильчснко, Қ. Жұма-лисв, Т. Б. Дарханбаев, Ә. Бектұров, Т. Тәжібаев, А. Жұбанов, Н. Базанова бастаған ондаған ғылым докторлары академияның толық мүшелігіне сайланды.
1950-1970 жылдардың арасында педагогика, психология ғылымдары біршама өркендеді. Осы салада Р. Г. Лембсрг, Ә. Сыдықов, Т. Тәжібаев, А. І. Сембаев, Қ. Бержанов, С. Қиерабасв, М. Ғабдуллин, К. Құнантаева, И. Мадин, М. Мүқанов, Т. Сабиров, т. б. ғалымдар елеулі еңбек етті. Олардың қаламынан ондаган монографиялық еңбектер жарық көрді. Бұлардың арасынан Т. Тәжібаевтыц "XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы" (1957), Ә. Сыдықовтың "Ы. Алтынсариннің оқу-ағарту ісі және педагогикалық ой-пікірлері" (1948), Қ. Бержановтын "Оку-ағарту ісіндсгі халыктар достығы" (1965), М. Мұқановтың "Ақыл-ой өрісі" (1968) атты еңбектерін атауға болады.
Тақырып 12 . 60-90ж. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріндегі педагогикалық теория және білім беру мәселесі.
60-90ж. аралығында жалпы білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Міндетті оқудың мерзімі қысқарды:
Бастауыш мектеп және толық орта мектептің арасында аралық саты қалыптасты, мемлекеттік емес жекеменшік оқу орындары пайда болды.
Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрды:
- саты бастауыш мектеп 3-4 жыл;
- сатысы негізгі жалпы білім беру мектебі 5-6 жыл;
- сатысы толық орта мектеп 8-12 жыл.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz