Этнопсихология туралы жалпы түсінік



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Этнопсихология туралы жалпы түсінік
2. Шетел және Ресей этнопсихологиясының дамуы
3. Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлардың даму тарихы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі этникалық психологияның қарастыратын сұрақтарын бір тақырып
төңірегінде талдап, зерттеу мүмкін емес.
Бүгінгі полиэтникалық Қазақстанда этностардың даму динамикасын,
ұлттық ерекшеліктерді зерттеу өте өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезге
дейін қарастырылып келе жатқан этнопсихологиялық тұжырымдамалардың
барлығы дерлік жеке сипатқа ие. Л.Н.Гумелев этногенез концепциясы бүгінгі
күні аса қызығушылық танытады.
Өз теориясында этнос, этностың дамуы, оның толығымен жоғалуы
мәселелерін қарастырды. Теориясының негізі ретінде этностың табиғи-
биологиялық сипатын алып, белгілі бір ұлттың қалыптасып, өсіп-өркендеуіне
әсер ететін факторына географиялық және климаттық жағдайларды шарттады.
Оның пікірінше, биосфераның негізгі бөлігі бола отырып, этностар ондағы
болатын процестерге араласып, оның заңдылықтарына бағынуы керек.
Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде
Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. Қазақ топырағында
этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады.
Қазіргі тәуелсіз елімізде қазақ ұлтының өзіне тән ерекшеліктерін жан-
жақты зерттеумен көптеген ғалымдар айналысуда. Олардың ішінде:
Қ.Жарықбаев, С.Жакупов, С.Бердібаева, Н.Елікбаев және т.б.
Сонымен, ұлттық мінез – құлық дегеніміз халықтың қоғамдық -
өндірістік тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан машығы мен
әдетінің жиынтығы, әрі жалпы (барлық халыққа тән) және ерекше
қасиеттердің бірлігі деп ұғамыз. Еліміздегі ұлттардың мінез-құлқын,
мәдениет пен тұрмыстан, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлерден байқай аламыз.

Этнопсихология туралы жалпы түсінік

Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына
береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана 
функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық 
аспектілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар халықтар психологиясы
ағымында дамыды. Олардың өкілдері  М.Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған.
Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос  бір-бірімен
ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған
дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып
табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы.
Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат,
географиялық жері бар.
Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары
мен әлеуметтік қатынастарда нақты-психологиялық-әлеуметтік стериотиптері
бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі
макроорганизм жасайды.
Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі
жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті  айтады, солайша санасыз
жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз
етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос
жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын 
басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын
көбейтеді.
В.Г. Крысько бша этнопсихология пәні- әр-түрлі этникалық
қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл
ғылым әр-түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін
өзгерте жүріп, қалыптасты.
Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті
өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық
жиынтық - сәтті түрде талданатын анықтамаларға жатады,- дейді Г.М.
Андреева.
Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу
жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына
синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология кіреді.
Нақты бір мазмұны бар этнопсихологиялық құбылыстардың құрылымы екі
тенденция әсеріне ұшырайды. Бірінші-бұл құрылым элементтері жалпы және
әлеуметтік психологиямен байланысқан компоненттерден тұрады. Қандай да бір
ұлттың мінез, темперамент, сезім, ерік және т.б ерекшеліктері. Екінші
этнопсихологиялық феномендердің мазмұны мен формасын құрайтын адамдардың
ұлттық мінезі, ұлттық психикасының жалпы және ерекше сипаттарын зерттеуді
білдіреді.Бұл екі тенденция да өте күрделі.
Этнопсихология деген не? Сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен
халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден
этнос терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл
түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның
сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды,
сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден
этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып
табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің халықтар
психологиясы, психологиялық антропология, салыстырмалы-мәдени
психология зерттеушілеріміз деп есептейді.
Этнос - халық, психология - жан туралы ғылым. Этнопсихология
этнология мен психология деген ғылымдардың біреуінен пайда болған.
Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:
1. Антропологиялық психология;
2. Кросс-мәдени психология.
Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты
қарастырады.
Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.
Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана
функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық
аспектілері.
XIX ғасырда этнопсихологияның идеялары халықтар психологиясы соңына
таман дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вундт болды.
Этнопсихологиялық идеялар дамуының тарихи аспектісі. Ресейдегі
этнопсихологияның пайда болуы. Кеңес уақытындағы этнопсихологиялық
зерттеулер. Этнопсихология аймағындағы қазіргі уақыттағы зерттеулер.
Батыстағы этнопсихологияның ғылым ретіндегі дамуының негізгі кезеңдері. 60-
80 жылдардағы кеңес уақытындағы ұлттық психология мәселелері. Ұлттық
психологиялық қойма ерекшеліктерінің қалыптасу жағдайлары. Ұлттық сана-
сезім мен ұлттық мінез ұлт психикасының маңызды құрамдас бөліктері ретінде.
Әлеуметтік және ұлттық мінез. Ұлттық сана-сезімнің көріну формалары,
құрылымы және функциялары. Ұлттық мінез бен ұлттық темперамент ұғымдарының
ара-қатынасы. Ұлттық темперамент этностың психикалық сипаттамаларының бірі.
Мінез-құлықтағы ұлттық темперамент рөлі. Тұлғааралық өзара әрекет құрылымы.

Шетел және Ресей этнопсихологиясының дамуы

Этнопсихология - адамдардың этникалық психика ерекшеліктерін,
ұлттық мінез, ұлттық өзіндік сананың қалыптасу заңдылықтар мен
функцияларын, этникалық стереотиптерді және т.б. зерттейтін психология
саласы. Халықтар психологиясы атты 1860 жылы жарық көрген М.Лацарус
және Х.Штейнталь еңбектерінен бастау алады. Өз еңбектерінде бір ұлт
өкілдеріне қатысты индивидтердің психикалық ұқсастықтарын, өзіндік
саналарын тіл, мәдениет, миф, адамгершілік қасиеттерін зерттеп,
салыстырмалы түрде мазмұнын ашуды ұсынды.
Антикалық кезеңнен бастап тарихшы, философ, саясаткерлер адамдар
арасындағы айырмашылықтарға көңіл аударған. Этнопсихологиялық білім
элементтері Гиппократ, Платон, Тацит, Плиния, Страбон еңбектерінде
көрініс береді. Ағартушылық дәуірде Ш.Монтескье, Д.Юм, Г.Гегель
еңбектерінде халықтар психологиясына философиялық ой-толғаулар беріледі.
Ең алғаш халықтарды психологиялық бақылау пәні ету талпыныстары ХVІІ
ғасырда болды. Адамдар арасындағы айырмашылықтың болуын түсіндіруші
фактор климат жағдайы және орта болды. Интеллекттегі айырмашылықтардың
болуын климат жағдайымен түсіндіріп, Орта Шығыстың және Батыс Еуропаның
қалыпты климаттық жағдайы интеллекттің дамуына жағдай жасайды, соған
байланысты цивилизацияның өркендеуіне әсер етеді деген тұжырымдар жасалды
[6, 150 б.].
ХVІІІ ғасырда француз ағартушылары халық рухы деген ұғымды
енгізіп, мәселені географиялық фактормен түсіндірмек болды. Географиялық
детерменизді түсіндіруші француз философы Ш. Монтескье болды. Оның
ойынша, адамдарды көптеген факторлар басқарады: климат жағдайы, дін,
заңдар, басқару принциптері, адамгершілік нормалары, дәстүрлер. Осындай
факторлар нәтижесінде бүкілхалықтық рух пайда болады. Көп факторлардың
ішінен климаттық факторды басқы орынға қояды. Климаттық жағдайдың
тәуелділігіне байланысты халықтардың дәстүрлері мен салты құрылып,
халықтың өміріне әсер етеді.
Ағылшын философы Д.Юмның Халықтар мінезі еңбегіндегі позициясы
қызық болып табылады. Юмның ойынша, қауымның өмірінің табиғи факторлары
мінез, темперамент, еңбек дәстүрі және өмір сүру салтына әсер етеді.
Бірақ ұлттық мінездің қалыптасуына Юмның ойынша, әлеуметтік факторлар
әсерін тигізеді. Оған әлеуметтік – саяси қатынастар жатады.
Ұлттың мінезі жайлы білімдердің дамуына үлкен үлес қосқан неміс
философы Г.Гегель еңбектері. Рух философиясыында ұлт және нәсіл
мінезін қарастырады. Ұлттық мінез Гегельдің ойынша, әртүрлі табиғи
жағдайлардағы субъективті рухтың көрінуі, мәнділігі бойынша нәсіл мен
ұлттың мінезін анықтайды. Соған байланысты нәсілдік және ұлттық
айырмашылықтар – бұл белгілі жағдайда жалпы табиғи рухтың көрінуі болып
табылады. Мінез сипатына Г.Гегель өмір сүру бейнесін, дене дамуын,
айналысатын іс-әрекет түрлерін, ақыл – ой және ерік бағыттылығын
жатқызады. Гегель кейбір методологиялық мәселелерді де қарастырады.
Мінез және темпераментті бір қатарға қойып қарауға қарсы шықты. Оның
ойынша, ұлттық мінез – жалпы халықтық сипат болса, темперамент –
индивидуум сипаты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында этникалық психологияның дербес ғылым
ретінде дамуындағы жаңа кезең басталды. Бұл кезең Х.Штейнталь, М.Лацарус,
В.Вунд, Г.Лебон есімдерімен байланысты [6, 153 б.].
Х.Штейнталь және М.Лацарус концепцияларында халық психологиясы
нақты емес, мистикалық сипатқа ие. Авторлар халық психологиясындағы
динамикалық және статистикалықтың қатынасын анықтай алмады. Бірақ соған
қарамастан олардың көзқарастарындағы позитивті жақтар көп. Штейнталь
және Лацарус пікірінше, халық психологиясы екі бөлімнен тұрады:
1. Абстрактілі – халық психологиясы не деген сұраққа жауап беріп,
оның элементтерін қарастырады;
2. Прагматикалық – нақты халықтарды зерттеумен айналысады.
ХХ ғасырдың басында халықтар психологиясы В.Вунд еңбектерінде
жалғасын тапты. Халықтар психологиясын Вундт халықтың нақты тарихи
өнімдері:халықтың психологиялық аймағын құрайтын тіл, миф, дәстүрлер
негізінде қарастыруды ұсынды. Оның пікірінше, индивидуалды психологияда
тіл – ақылға, мифтер – сезімге, ал дәстүрлер – ерікке теңестіріледі.
В.Вундттың қосқан үлесі халықтар психологиясын тек теориялық негізде ғана
емес, сонымен бірге нақты тіл, миф, халықтарды зерттеу жұмыстарын да
жүргізді. В.Вундттың идеяларын Ресейде Н.Н.Ланге және Г.И.Челпанов
дамытты.
Халықтар психологиясын зерттеген ғалымдар қатарын атағанда Г.
Лебонның есімін атамауға болмайды. Лебонның этнопсихологиялық
зерттеулерінің мақсаты нәсілдердің тарихи құрылымдық психологиясын
зерттеп, халықтың тарихын және цивилизация деңгейін анықтау болды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Этнопсихология туралы түсінік
Этнопсихология туралы жалпы түсінік туралы
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейде дамуы
Этнопсихологиядағы эксперименттік зерттеулерге анкета құрастыру, зерттеу әдістерін дайындау
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Тұлға проблемасы
Пәндер