Қазақстанның 1921-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы

1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең
идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы
социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің
екі үлгісі: бірі коммунизмге секіріп өту мүмкіндігі болған, шаруаларға
одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік
де-мократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ын-тасын
арттыру қағидасына, тауарлы-ақша катынастарын жан-жақты дамыту идеясына
негізделген НЭП-тік үлгісі болған еді. Болыпевизм басшыларының қай-қайсысы
болмасын индустриялан-дыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени
рево-люцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар
социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының
кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде
әрқилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешудің
қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстанымы болған жоқ.
Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра
бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею
теңденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде
қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады.
Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы
бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат
сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920
жылы қазақтар бар-лық өнеркәсіп жүмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады.
Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана
қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы
саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.
1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды
ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР- іне біріктіру жолымен
өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын күру әрекеті орталық
өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті
таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және
мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің қателіктерін
ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика
басшылығына қайтып оралды.
30-жылдардың басында сталиндік аппарат миды шаюдың неше түрлі
әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез
келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын
өзіндік шамшырақтар жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа
аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек
өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т. б. есімі шебер пайдаланылды.
Ми шаюдың шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың
есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен идеялар үшін
өгей әкесін үстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл
жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен үстап беруге ашық
итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі
жаулардың тіміскі әрекеттерінен сақтандыруға шақыр-ған плакаттар барлық
жерде ілулі түрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе
абайсызда айтылған сөз жүмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы
жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде адамдардың бір-
біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы
орнады.
БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық
идеялардың көріністерін қуғындау неғұрлым қатаң түр ала бастады. Ұлт
зиялыларының өкілдері ұлтшылдықпен, басмашылармен байланысымен, Кеңес
өкіметін құлатуға ұмтылуымен айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922
жылы басшылық қызметтегі Алаш партиясының барлық бұрынғы мүшелері
орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан
Орталыққа шақыртылып алынды.
Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі
сол дәуір оқиғалары: В. И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий
және басқалардың ара-сындағы билік, саяси көсемдік үшін тайталаспен
ерекшеленді. Со-нымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық пен жаппай қуғын-
сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды
қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты
жүргізілген саяси қуғын-сүргінінде өз көрінісін тапты.
Халықтың есінде 30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз
миллиондаған адамдардың емірін әкет-кен сталинизмнің үлы бетбұрыс кезеңі
мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін
Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. Республика
жүртшылығына қысым жасау саясаты әсіресе 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ
өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И. Голощекиннің келуімен
катаң сипат ала бастады. Биліктің барлык демократиялык көріністерінен
айырылған партия үйымдарының өздері орнатылған жүйенің кепілдігіне айналды.
20-жылдардың екінші жартысында Қазақ-станның коғамдық-саяси омірінде шұғыл
өзгерістер болып отті. 1925 жылы желтоқсанда откен V партия
конференциясының ауылды кеңестендіру жөніндегі шешімдері жағдайды бірден
шиеленістіріп жіберді. Жаңа революцияның бастамашысы мен дем берушісі Ф.
И. Голощекиннің пікірінше, Қазақстандағы кеңес-тер байлар мен олардың
қүйыршықтарымен былыққан, бұл ауыл-дағы таптық күрестің күшеюіне қолайлы
жағдай жасайды-мыс. Күшпен ұжымдастыру кезеңі мен одан кейінгі 1937-1938
жыл-дардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде қазақ халқын сансыз қайғы-қасірет
пен апатқа әкелген Кіші Қазанды жүзеге асырудың иде-ологиялық базасы
жасалды.
Өлкелік партия комитетінің үйымдастыру-нүсқаушылық бөлімінің меңгерушісі
болып тағайындалған Н. Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе
түсті.
20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдар-дың бір-біріне
деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және . ұлттық
республикалардағы троцкийшіл-зиновьевтік оппозиция-мен және оңшыл
оппортунистермен күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы
қуғын-сүргін үйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында буржуазияшыл
ұлтшылдар атанған - Алашорданың бұрынғы қайраткерлерінен 44 адам түтқын-
далды. Алаш партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген
айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын
мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы
мүшелері түтқындалды. Мысалы, Алашорда мүшелеріне қарсы сот процесін
бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен үмыты-лып кеткен Қаратай
Өубәкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, А. Байділдин, Д.
Әділевтер атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың
кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза тапты, қалғандары (А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын өтегенімен, 1937 жылы Алашорданың
қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық
зиялылар өкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж.
Досмұхамедов, Ж. Ақбаев, т. б. бар басқа бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың
қыркүйек-қазан айларында түтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і (М.
Тынышбаев, Ж. Ақбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмүхамедов, Қ. Кемеңгеров т.
б.) Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы
дерлік 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады.
20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-
экономикалық дамуындағы дағдарыстың асқына бастауына сай әр түрлі
зиянкестерді, кінәлі халық жауларын, жасырын ұйымдар мен арандатушы
антикеңестік элементтерді іздестіру кең өрістеді. Қазақстанда жауларды
өшкерелеуді ұлттык нұскасында жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның
Жаңа Конституциясының жобасын талкылау болып өтті. Конституция 1936 жылы 5
желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкіл-одақтың төтенше съезінде қабылданды.
Жаңа Конституция бой-ынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одактас
республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ
КСР-інің Конституциясын бекітті. 1937 жылы 12 желтоқсанда рес-публиканың
Жоғарғы Кеңесіне сайлау болып өтті. Сайлау демок-ратиялық сипатта өтпей,
адамдар ұсынылған кандидаттарға ғана дауыс берді.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айнала-сындағылардың
халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың қажеттігі
жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Ңоғамдық сананы басқа бағытқа
бұрудың нәтижесінде бүкіл елде (оның ішінде Қазақстанда да) өткен бұқа-
ралық митингілерде халық сотталғандардың орындығына отырғызылған Н. И.
Бухарин, А. И. Рыков т. б.-ды өлім жазасына кесуді талап ете бастады.
Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын
оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республика-ларда да біржолата
талқандауды ұйғарды. Бұған 1937-1938 жыл-дары қуғынға ұшыраған ұлтшыл-
фашистер атанғандарға қарсы жүргізілген іс куә болды. Жалған айып
тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына
байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін
қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар,
Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды
облысының Ә. Асылбеков, Н. Нұрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының
үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты.
Алайда халық жауларының негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының
Әскери Алқасының мәжілістерінде, екілік пен үштік атанғандар мен НКВД-
ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет
және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай
орескел бұзып, аяққа тап-тауы болды. Бұл заң бүзушыльщ қуғын-сүргін
саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдык негіз бен
жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулар-мен
бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше
қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің
ерекше белімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-
сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды.
Азаматтарды халық жауы деп жариялап, азаматтык құкықтардан айыру,
мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен
айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.
Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды
әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыру-ын талап ету сияқты ажырамас
қүқығын да теріске шығарды. 1919 жылғы 17 ақпанда БОАК-нің Бүкілресейлік
Төтенше Комиссия туралы декретінің өзінде қарулы қарсылық
(контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға
тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру қүқығын сақ-таған
ереже бекітілді.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшыла-ры деген айып
тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың мойындауы ешқандай дәлелдеусіз
жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен
туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-
насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz