Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші
кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастарды жұмыс істеуінің негізі
және тиісті ұйымдық құрылымының өндіріс қүлдырауы тоқтатылып және алға
қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік
өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев „Қазақстанның егемен мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" деген еңбегінде былай деп атап
көрсетті: „...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп
кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...". „Ауыл, селоны
және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары тура-лы" Заң
қабылдау да осы мақсаттарға арналдыл
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика
үкіметінің қабылдаған к.аулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауыл
шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары „Қазақстан Республикасы
агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға
дейінгі тужырымдық Бағдарламасын" жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген объек-тивтік факторлар еске
алынды:
— егемен мемлекетті қүру;
— материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;
табиғи аймақтардың потенциальдық биоклиматтық мүмкіидіктері;
аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;
— ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі.Бағдарламада
жергілікті жағдайда азық-түлік және өнеркәсіп үшін шикізат өндірудің
тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару және
сырттан алу мумкіндіктері ғылыми түрғыдан объективті және қатаң түрде
талданды.
Түжырымдық Бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық
әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде
сындарлы жағдайда қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақүлданды. Сөйтіп,
мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.
Бұл Бағдарламаның орындалуы Республика агроөнеркәсіптік өндірісінің
дағдарысқа түскен қолайсыз жағдайында жүріп жатыр. Оның басты себептері
төмендегідей:
материалдық-техникалық ресурстар, шикізат және азық-түліктің республика
ішінде, әсіресе ТМД елдерінде қозғалу арнасының бұзылуы;
меншік, баға және несие саясатына қатысты реформаның жүйелі іске
асырылмауы;
шаруа еңбегінің мүддесін қоғамдық өндірістен жеке өндіріске қайта
бағдарлау; іскерлік үлгідегі жаңа тауар өндірушілер қалыптасу кезеңін
бастан өткізуде, ал өндірістік қүрылым мен меншіктік қатынастар
түбірімен реформаланбаған рынок жағдайында кеңшарлар мен
ұжымшарлар беймсіздік танытуда;
— нарықтық қатынастарды игеруді тежейтін басқарудың
әкімшіл-әміршіл жүйесінің қалып қойған құрылымдарындағы консерватизм.
Ішкі көздердің есебінен өндіріс қүлдырауын тоқтату, экономикалық
жағдайды тұрақтандыру және ауыл шару-ашылық өнімін өндіруді арттыруды
қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міңдеттерді шешу үшін
Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:
1) меишік қатынастарын қайта қүру, жекешелендіру тәсілдері мен
қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін
көпукладты экономиканы қалыптастыру және агроөнеркәсіптік
өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар
бағытына түзетулер енгізу;
2) агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін
қамтамасыз ететін тиісті к.аржылық-несиелік және баға
жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім
үсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін,
монополист - кәсіпорындар өнімінің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны
тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау
және жүзеге асыру;
3) тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік
беретін және соның негізінде рынок сыйымдылығы, баға конъюнктурасы мен
өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын агроөнеркәсіп кешенінің
қазіргі заманғы инфрақүрылымын қүру;
4) агроөнеркәсіп кешенінің терең қүрылымдық жаңғыруын
төмендегідей бағытгарда жүзеге асыру:
— республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын
олардың зкологиялық жүйе талаптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-
өзі камтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі
құрылымының әлемдік рынок конъюнктурасына сәйкестендірілуі;
ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалык. потенциалын әрбір табиғи
аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану;
агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру мак.сатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын
қүру;
— қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу
өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін к.алыптастыру;
— экономиканың және жеке меншіктің пайда болуын есепке ала
отырып, селодағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
5) агроөнеркәсіптік кешен араласатын экожүйелердің барлық
элементтерінің экологиялық қауіпсіздігіне эконо-микалық, қуқықтық және
техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер қүру.
а) Егіншілік салаларын дамыту
Республикадағы егіншіліктің негізгі саласы астық өндіру болып
табылады. Тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанды астықты ірі
өндірушілердің қатарына қосты. Қазақстан жан басына астық өндіру (2 тоннаға
жуық) жөнінен де дүние жүзінде күні кешеге дейін каналадан кейінгі екінші
орынды иеленіп келді (1-кестені қараңыз)
ток.татылды. Алайда, Республиканың кейбір облыстарында (Павлодар,
Семей, Қарағанды. Жезқазған, Торғай және Ақтөбе) дәнді дак.ылдар ішінара
ашық к.оңыр және сур қүба топырақты шөл далалық аймақта орналасты-рылған.
Бұл жерлерде өнімділік гектарына 5-6 центнер-ден аспайды. Ақмола, Ақтөбе,
Павлодар және басқа кейбір облыстарда жеңіл механикалық қурамдағы топы-
рақты жерлерді жырту да басы артық дүние болып шықты. Сондықтан да
тужырымдық бағдарламада құнарсыз жерлердегі дәнді дақылдар егістігі көлемін
бірте-бірте қысқартып, гектарына 8 центнерден өнім беретін жерлердің өзін-
өзі ақтауы мен шығынын жабу мақсатыңда астық өндірісі экономикасының
қазіргі заманғы жай-күйіне жақындастыру қарастырылған.
Күш-жігер мен қаржылық-материалдық көздерді барынша қолайлы аудандарда
астық өндіруге шоғырландыру арқылы дәнді дақылдар егістігінің көлемін
қысқарту ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге, нарықтық экономика
жағдайында анықтаушы күш болып табылатын саланың өзін-өзі жалпы ақтауы
арқылы астықты шетелге шығаруға да мүмкіндік береді.
Егістік көлемін қысқарту нусқасы бойынша егіс көлемі, өнімділігі,
жалпы тусім және астық қажеттілігінің балансы.
Қазақстандағы егіс көлемінің, астық өнімділігі мен жалпы тусімнің өсу
қозғалысы
Жылдары Егіс
алқабы
млн. ға Топырақты өңдеу млн. ға Өнімділік
цға Өнімділік
өсуі
цға Жалпы өнім млн.т. Жалпы
өшмнін,
өсуі млн.т. 1946-1955
-1956-1965
1966-1975
-1976-1985
-1986-1990

7,0
24,6
23,8
25,3
24,1

6.9
15,3
22.0
22.6

5,6
7,0
8,9
9,6
10.0

1,4
1.9
0.7
0,6

3,9
7,2
1,2
24,3
24,1

13,
3,0
3,1
0,2


Қазақстанның солтустік облыстарындағы көптеген аудандардың топырақтық-
климаттық жағдайы тұрақты астық өндіруді қамтамасыз етеді. 60-жылдардың
ортасында топырақтың эрозияға ұшырауы егіншілік топырақ қорғаудың ғылыми
негізделген жүйесін қолдану арқылы
Дәнді дақылдар алқабын теңдестірілген қысқартудың тиімділігі мұныменен
шектелмейді. Біріншіден, өнімді аз беретін 6,5 миллион гектар жерді 7-8 жыл
ішінде бірте-бірте қысқарту жердің желдік эрозияға үшырамауына мүмкіндік
беріп, топырақтың қүнарлылығын қалпына келтіреді. Екіншіден, жайылымдар мен
шабындықтарда мал азығын көбірек өндіруге мүмкіндік береді. Үшіншіден,
құрамында 14-18% және одан да көп белок бар, жай астыққа қарағанда бағасы
30-50% қымбат жоғары түрдегі бидайдың бағалы сорттарын кепілдікпен өсіруге
объективті жағдайлар пайда болады.
Жаңғыру егіншіліктің басқа салаларында да қарастырылған. Халықтың жан
басына шаққанда 10,2 килограмм орнына бар-жоғы 3 килограмм өсімдік майын
өндіретін Қазақстанда бұл өнімнің тапшылығы май дақылдары тұқымы
өндірісінің арттырылу қажеттілігін ту-дырып отьф. Түрғындардың қажеттілігін
толық қамтамасыз ету үшін май дақылдарының жалпы түсімін 792 мың тоннаға
жеткізіп және 170 мың тоннадан астам май шығару керек. Бул үшін 1992 жылғы
462 мың гек-тар май дақылдары егістігін 2000 жылы 606 мың гек-тарға дейін
кеңейту қарастырылып отыр. Егістікті қөбейту күнбағыс жәые рапс есебінен
Семей, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, рапс және қыж
есебінен Республиканың солтүстігі мен баты-сында, мақсары және -қытайбүршақ
есебінен оңтүстік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары
Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Ауылшаруашылық өнімнің дамуы
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Пәндер