Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы

Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы ТМД мемлекеттері арасында
мойындалып отырған, барынша бәсекеге қабілетті саласы. Дей тұрсақ та,
антимонополиялық заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер елдегі
екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің еншілестерінің қызметіне
қолайсыздық тудыруда. Алматыда өтіп жатқан конференция барысындағы
“Қазақстанның қаржы және банк секторы” деп аталатын мәжілісте “Қазақстан
Халық банкі” АҚ Басқарма төрағасы Григорий Марченко осындай пікір
білдірді.
Оның айтуынша, Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігінің пікірлері
ескерілмей ҚР Парламенті депутаттарының екі палатасынан өткен аталмыш заң
екінші деңгейлі банктердің кірісін азайтып, шығысын көбейтіп қана қоймай,
сыртқы, яғни халықаралық нарықтағы қатынастарды күрделендіріп отыр.
ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында жан басына шаққандағы инвестиция
тарту бойынша алдыңғы орында тұрған Қазақстанның ішіндегі банктер
арасында үлкен бәсекелестік бар. Бұл мемлекет үшін аса қолайлы жағдай,
деп атап өткен Г.Марченко елдегі инвестициялық климатты әлі де жақсарта
түсу керектігін ескертті.
Мәжіліс барысында баяндама жасаған ҚР Ұлттық Банкі Басқарма төрағасы
Әнуар Сәйденов, ҚР Қаржы вице-министрі Әлихан Смаилов және Commerzbank АҚ
Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Гельмут Фишер еліміздің қаржы және банк
секторының инвестициялық әлеуетін аса жоғары бағалап, оны әлі де
жетілдіре түсу керек екендігін ескертті.
Бір күндік конференция барысында Қазақстанның және халықаралық деңгейдегі
инвестициялық жобалардың таныстырылымы болды.
Конференцияның жабылуында сөз алған шараның ұйымдастырушысы Орталық
Азиядағы демократияны дамыту қорының президенті Еркін Тұқымов: “Осы
мәселе бойынша өзара пікір және тәжірибе алмасу мақсатында өткен
конференция негізгі міндеттерін орындаған секілді. Инвесторлар мен қаржы
салымдарын қажет ететін мекемелер арасындағы осы секілді диалог алаңын
ұйымдастыру үлкен нәтижелерге жеткізеріне сенімдімін” деп пікір білдірді.
Данияр Сейсенбаев, ҚазАқпарат, 05.07.2006ж., Алматы
Бейсенбек Зиябеков, экономика ғылымының докторы:
Банк секторы қоғам алдындағы өз міндетін атқарып отыр ма?
Кейбір мамандар елдің бәсекеге қабілетін валюталық бағам, пайыздық ставка
және бюджет тапшылығы секілді факторлармен басқарылатын макроэкономикалық
құбылыс деп қарастырады. Осы тұрғыда банк жүйесінің рөлі қандай болмақ?
– Жоғарыда айтқан макроэкономикалық көрсеткіштерді республикамыздың банк
жүйесінен бөліп қарау мүмкін емес. Өйткені аралық институттарды дамыту мен
нығайту экономикалық өсу саясаты мен азаматтардың жағдайын көтеруді жүзеге
асыруда аса маңызды құралдардың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстанның
ДСҰ-ға мүше болып кірер қарсаңында Ұлттық банк жүйесін одан әрі қарай
дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемалары аса өзекті мәселе
болып есептелуі тиіс. Ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру
арқылы еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуының маңызды мәселелерін
шешуге болады. Алдымен валюталық бағам режимі кезіндегі кейбір
макроэкономикалық көрсеткіштерге тоқтала кетейін. Әлемдік тәжірибе
негізінде валюталық саясатты жүзеге асыратын мынадай негізгі варианттарын
бөліп көрсетуге болады: еркін айналымдағы валюталық бағамдар, реттелетін
валюта айналымы, тұрақты фиксациялық бағам. Еркін айналымдағы валюталық
бағам, негізінен, нарықтық экономикасы дамыған және табысы жоғары деңгейлі
елдерде пайдаланылады. Оны табысты қолдану үшін мемлекеттің экономикалық
және саяси тұрақтылық болуы тиіс. Тұрақты макроэкономикалық ахуал және
инфляция мүлдем жоқ немесе өте төмен болуы тиіс. Реттелетін валюта
айналымы. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттің оған араласуы аздау
және күрт қысқа мерзімді тербелістердің тігісін жатқызу үшін қолданылады.
Сонымен қатар, экономика неғұрлым тұрақсыздау болса, валюталық резерв
солғұрлым көп болуы керектігін ескеру қажет. Реттелетін айналым мемлекет
үшін орасан шығындарды алып келіп, жоғары дәрежелі кәсіби шеберлікті талап
етеді. Тұрақты фиксациялық бағам. Валюталық саясаттың бұл варианты,
Батыстың алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, тұрақсыз
экономикадағы ішкі дағдарыстық ахуалда қолданылғаны дұрыс. Ол инфляцияның
ең төменгі қарқынын қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, ол валютаны алып-
сатарлыққа жол ашып, елде тұрақсыздықты дамыту қаупі бар. Қазақстандық
тауарлардың сыртқы рыноктарда бағалық бәсекеге қабілеттілігін сақтауға
ықпал ету мақсатында Қазақстанның еркін айналымдағы теңгенің айырбас
айналымы жүйесіне көшкені белгілі. Ұлттық банк ішкі валюталық рынокқа аз
мөлшерде қатысуды іс жүзіне асыра отырып, айырбас бағамына араласпайтынын
мәлімдеді. Ал шынтуайтына келгенде, Ұлттық банктің валюталық деңгейдегі
қимылын аз қатысуда деп айта алмайсыз. Сонымен, Ұлттық банк жылдың басынан
бері қарай биржалық рыноктан 4,5 млрд АҚШ долларын алды және елдің
халықаралық резервін 21 млрд АҚШ долларына жеткізді. Мұндай ахуал 2004 жылы
да қалыптасты. Нәтижесінде Ұлттық банк жылды 6,2 млрд теңгедей шығынмен
аяқтады. Егер ағымдағы жылы да Ұлттық банкте осындай жағдай қайталанатын
болса, яғни алтын-валюта резерві айналымдағы ақша массасынан бірнеше есе
артық болатын болса, Қазақстан Республикасының ақша ресурстары шет елдер
экономикасын қолдауға бағытталып, еліміздің қаржы игілігі резервтер
орналасқан шетелдік қаржы институттары мен мемлекеттік органдарының төлем
қабілетіне бағынышты болып қалады. Осылай ұзақ мерзімді жоспарда айналым
бағамының мұндай саясаты республика экономикасының тұрақты дамуына еш ықпал
ете алмайды.
– Яғни, вариантты өзгертуіміз керек пе?
– Біздің ойымызша, Қазақстанға аралас вариантты қолданған жөн болады. Ол –
валюталық бағамның үздіксіз өзгеруі кезінде реттелетін айналымның өте
бірқалыпты саясатын жүргізу және түзету енгізетін ел экономикасын
тұрақтандыру жөніндегі ішкі шараларды қолдану. Валюталық саясаттың мұндай
түрін таңдау инфляция қарқынын, төлем балансының ахуалын, несие үшін
пайыздық ставкалардың айырмашылығын, алып-сатарлық валюталық
операциялардың, теңгеге деген сенімнің Қазақстанның өзіндегі және әлемдік
валюталық рыноктардағы дәрежесін, яғни қазақстандық валюта рыногына ықпал
ететін факторларды ескерген кезде ғана мүмкін болмақ. Тұтастай алғанда,
біздің көзқарасымызша, еліміздің валюталық саясат варианттарын таңдау
кезінде нақты экономикамен байланыстырылған ғылыми негіз бен кешенді әдіс
жасалмаған. Сонымен бірге еркін айналымды валюталық бағамды кезең-
кезеңімен кіргізу қажет еді. Өкінішке қарай, валюталық саясатты жасаушылар
теңгенің валюталық бағамын тұрақтандыруға өте жоғары талап қойып, сонымен
бірге рыноктық бағам динамикасына ықпал мүмкіндігін шамадан тыс жоғары
бағалаған. Бұл жағдай басынан бастап-ақ тек ұлттық валюта эмиссиясына
бақылау жасаумен ғана емес, биржада валютаны сату-сатып алу процесін
басқару мүмкіндіктерімен де байланыстырылды. Осылай валюталық бағамды
қалыптастыру мәселесі әу баста-ақ елдегі экономикалық ортақ ахуалдан тыс,
тәуелсіз ретінде қарастырылған болатын. Осы күнге дейін монетарлық органдар
Қазақстан жағдайында мұндай көзқарастың проблемаға айналып шыға келуінің
мүмкін екендігін дәлелдеуде. Экстраваганттық ақша саясатының экономикалық
мақсаттылығы жөніндегі мәселе басқа әңгіме. Мысалы, Үкімет пен Ұлттық банк
жыл сайын инфляция себептерін қарастырған кезде ауыл шаруашылығы
өнімдерінің бағасының өскеніне сілтеме жасайды. Әсіресе, биылғы жылы
олардың түсініктемесі бойынша Ресейдегі қант бағасының өсуіне байланысты
(импорт инфляциясы) біздегі өнімнің осы түріне баға күрт көтерілді.
Көкөніске байланысты да осындай жағдай – ол Өзбекстаннан тасылатын
болғандықтан, тәуелдіміз. Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасы
тәуелсіз, қуатты мемлекет болып табылатындықтан, қоғамның тұрақтылығы мен
игілікті болуы көрші мемлекеттерден қант немесе көкөніс жеткізілетіндігіне
байланысты болмауы тиіс. Ол үшін Үкімет пен Ұлттық банк ақша-несие,
фискалды саясат құралдарын білікті пайдалана отырып, елдегі қант қызылшасы
мен көкөніс өндірісін ынталандыруы керек. Валюталық саясатты жүргізу
тактикасы бойынша дамыған нарықтық экономикасы бар елдер мен Қазақстан
Республикасының тәжірибесін салыстыру алдыңғы кезекте долларландыру деп
аталатын проблемадағы бірқатар айтарлықтай айырмашылықты көзге шұқып тұрып
көрсетерліктей мүмкіндік береді. Ұлттық валютаның өтімділігіне өту басқа
елдерде резиденттік емес заңдық және жеке тұлғалардан басталды, яғни сыртқы
өтімділіктен. Қазақстан Республикасы бастапқыда ішкі өтімділік жолымен
жүрді, әрбір азамат және кез келген заңдық тұлға доллар және басқа да
өтімді валютаны ешбір проблемасыз ала алды. Соның нәтижесінде, жеке
тұлғалардың долларлық жинағы 2006 жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда шамамен
жалпы көлемнің 38,9 пайызын құрады. Республикамызда о баста-ақ күшті
шетелдік валюта – АҚШ долларының жүру реформасы жіберіліп алынды. Басқа
елдерде сонымен бірге ұлттық рынокқа шетелдік валютаның түсуін барынша
шектеу қоюға және өз валюталарының дәрежесін көтеруге бағытталған әрекеттер
мен батыл шешімдер жасалды. Қазақстан болса, ішкі өтімділік жолына түсіп,
айырбас пунктері арқылы бүкіл аймақта долларлық жинаққа барлық жағынан жол
ашты. Мұндай жағдай бүкіл елді долларландыруға алып барды. Ел ішіндегі шет
ел валютасының айналымы экономикалық тәуелсіз мемлекеттің ұлттық валютасы
ретінде теңгенің күшін жоюда. Соның нәтижесінде, экономикасының кейбір
салалары әлі де шетелдік инвестицияға зәру Қазақстан әлемнің дамыған
елдеріне инвестор болу рөлін атқаруда. Бұл дегеніңіз, доллар бөтен шетелдік
валюта ретінде, республикамызда ақшаның барлық функциясын атқарып отыр
деген сөз.
– Несие пайыздық ставкасының шарықтауы валюта бағамына әсер етеді деген
кейбір экономистердің пікірімен келісесіз бе?
– Енді ақша-несие саясатының құралы ретіндегі пайыздық ставканың валюта
бағамына ықпалын қарастырып көрейік. Еркін айналыстағы валюталық бағам
кезінде оның көлемі шет ел валютасын анықтайтын сұраныс пен ұсыныс
факторларына тәуелді болады. Әрине барлық факторлардың ішінде эксперттік
және импорттық операциялар көлемі негізгі болып табылатыны сөзсіз. Сонымен
бірге халықаралық капиталдар ағынына ықпал ететін нақты пайыздық
ставкалардағы сақтандыру айырмашылықтары, сонымен қатар алып-сатарлық
себептері мен сақтықтар да валюта сұранысы мен ұсынысының динамикасында
орасан рөл атқарады. Бізде 2005 жылы несие үшін орта есеппен пайыздық
ставка 13 пайызды құрап, жеке тұлғаларға 17,3 пайыз, заңды тұлғаларға 12,2
пайыз болды. Инфляцияны есепке алғанның өзінде, 2005 жылы несие үшін
пайыздық ставканың 7,5 болуы еш ақылға сыймайды. Себебі, соңғы жылдар
көлеміндегі жайлы сыртқы экономикалық конъюнктура ақша қаражатының мол
қорын жасап үлгерді. Осындай пайыздық ставка бар кезде шетелдік инвесторлар
бос ресурстарын қазақстандық банк секторына салуға, әрине құштар болады.
Осылай тек 2005 жылдың өзінде ғана банк секторының ең соңында төлейтін
қарыздары (субординированные долги) 85 миллиард теңгеге өсіп, 184,7
миллиард теңгені құрап шыға келген. Және бұл қарыздың банк жүйесінің
жекеменшік капиталындағы үлесі 31,5 пайызды құрайды.
– Жалпы, банк пайызының деңгейі неге байланысты белгіленуі тиіс?
– Банк пайызының деңгейін белгілейтін факторлар өте көп. Мысалы, оның
қатарына мыналар жатады: • қарызға беретін қаражаттың сұранысы мен
ұсынысының ара қатынасы. Кез келген рыноктағы секілді, сұраныс ұсыныстан
артып кететін болса, пайыздық ставка көтеріледі, ал төмен болса, азаяды; •
банк секторындағы бәсеке; • Ұлттық банктің реттеу бағыты; • берілетін
несиенің мерзімі мен көлемі; • ссудалық капиталдың өзіндік құны; • қарыз
алушының несиені төлеу қабілеті. Банк ең төменгі пайыздық ставканы сенімді,
қаржылық жағынан аяғынан нық тұрған қарыз алушыға береді және керісінше; •
кепілдікке қойылған мүліктің өтімділік сипаты. Менің ойымша, банк
несиесінің пайыздық ставкасына тікелей ықпал ететін тағы бір ең маңызды
фактор бар. Ол банктің өзінің қаржылық жағдайы болуы керек. Өз+індік
капиталы жеткілікті көлемде қалыптаспаған және несиелік портфелінің
нашарлауы нәтижесінде табыс деңгейі төмен банктер агрессивті пайыздық
саясатты ұстанады. Банк пайызының деңгейіне, сонымен бірге инфляция да әсер
етеді, яғни инфляция өсіп отырса, соған сәйкес пайыздық ставка да өсіп
отырады. Бұдан шығатын қорытынды – банк несиесі үшін пайыздың жоғарығы шегі
рыноктық талаптарға қарай айқындалатын болса, төменгі шек банктің қызмет
көрсету ахуалына қарай болады. Қазақстанда ақша массасының көптігіне
қарамастан, несие үшін берілетін пайыздық ставка өзге елдермен
салыстырғанда неге соншама жоғары деген сауалға жауап беру үшін жоғарыда
айтылған екі бағытты терең зерттеген жөн. Әсіресе, төменгі шекке, яғни банк
қызметінің өзіндік құнына ерекше назар аударылуы тиіс дер едім. Бұл,
әсіресе, Қазақстанның алдағы уақытта ДСҰ-ға мүше болып кіруі мен шетелдік
банктермен филиалдар ашуға рұқсат алу мүмкіндігіне байланысты өте маңызды
мәселе болып табылады. Банк қызметінің бүгінгі бағасына қарап, болашақта
қазақстандық банктерден клиенттердің жаппай кетуі әбден мүмкін. Банк
жүйесінің бәсекеге қабілетті болуы дегенде, алдымен оның нарықтық
экономикасы дамыған елдердің банк жүйесімен бәсекеге түсе алатын қабілетін
айту керек. Сонымен бірге ел ішінде де олар бір-бірімен бәсекелес болғаны
дұрыс. Ойдан ой туады дейді, еліміздегі банктер арасында бәсеке бар ма?
Біздің түсінуімізше бәсеке 2 кезеңде бар. Бірінші кезеңде жүйені жасаушы
банктер арасындағы бәсеке, ал екінші кезеңде басқа банктер арасындағы
белгілі бір бәсекені айтуға болады. Тұтастай алғанда, республикамызда
реформа басталғалы бері тұрақты олигопольдық депозиттер және несиелер
рыногы қалыптасып келеді. Кеңестік Қазақстан кезінде де банк рыногында
мемлекеттік меншіктегі бес мамандандырылған банкке ғана басымдылық
берілетін. Банкаралық бәсекенің алдағы уақытта қалай дамуы көп жағдайда
банк жүйесін реттеу және оны дамыту жолдарын жасау мен жүзеге асыру
жөніндегі өкілетті органдардың практикалық қызметіне тікелей байланысты
болмақ.
– Бізде банк жұмысына ешкім араласпауы тиіс деген қағида жұрттың санасына
сіңіріліп тасталғаны соншама, қарапайым халық банкті мемлекеттен тыс дербес
күш ретінде қабылдай бастауда. Жалпы, әлемдік практикада банк жүйесін
реттеп отыратын белгілі бір концепция бар ма?
– Әлемдік практикада банк қызметін реттейтін органдар жүргізетін негізгі 3
концепция бар. Атап айтсақ, олар – қоғамдық мүдделер теориясы, бітісу
теориясы және қоғамдық таңдау теориясы. Реттеудің алғашқы концепцияларының
бірі қоғамдық мүдделер теориясы болып табылады. Бұл теорияны басшылыққа
алған реттеуші органдар бүкіл қоғам игілігі үшін жұмыс істейді. Өйткені
оның басшыларын жариялы түрде заңдық ұйымдардың депутаттары сайлап,
реттеуші ұйымдар қоғам мүддесін басшылыққа ала отырып шешім қабылдайды. Бұл
теория қоғамдық мүдделердің сақталуын бақылап отырған әр түрлі комиссия,
комитеттердің тәуелсіз қоғамдық мүддесіне қолдау ретінде жұмыс істеді. Ал
рыноктық құралдар бұл теорияға сай жұмыс істемеген жағдайда бақылау
органдары араласады да, банк қызметін пайдаланушылар мүддесін
қанағаттандыратын мәселелерді жүзеге асырады. Екінші реттеу теориясы –
бітісу теориясы деп аталады. Оның авторы Нобель сыйлығының лауреаты
Джордж Стиглер деген ғалым. Ол мұндай реттеу теориясын ұстанған елдерде
реттеуші органдар қоғамның емес, өзінің мүддесі үшін жұмыс істеп кететінін
дәлелдеп шыққан. Қоғамға мұндай реттеу тиімді емес, оның пайдасын тек ат
төбеліндей ғана бақылау объектілері ғана көреді. Ал шығынды оның өнімін
тұтынушылар шегеді. Бұл тұжырымдама бойынша реттелетін субъектілер бақылау
шараларынан пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz